Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет8/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168

АҚТАЛУ  Ақтал  етістігінің  қимыл 

атауы. 

34

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АҚТАМАҚ з а т. б о т. Ылғалды, сулы 

жерлерде  өсетін  құнарлы  шөп.  Қиғаш 

өзенінің  тамағында  пайда  болған  шағын 

аралдарда а қ т а м а қ, іржəнік, қырықбуын 

т.б.  құнарлы  шөптер  көп  өседі  (Коммун. 

еңбек, 13.02.1968, 1). 

АҚТАМЫР з а т. б о т. Тамыры аппақ, 

ірі өсімдік; ақрауғаш (Т. Мұсақұлов, Бота-

ника, 170). 



АҚТАҢДАҚТАНУ  Ақтаңдақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚТАҢДАҚТЫ с ы н. т а р. Ұмытылған 

кезеңі,  зерттелмей  қалған  тұстары  бар 

(тарих). Бүкілодақтық оқырман еліміздің 

арғы-бергі тарихының «а қ т а ң д а қ т ы»

тұстарына талай барлау жасады (Қаз. əдеб., 

18.03.1988, 6). 



АҚТАҢЛАҚТАН  е  т.  Ақтаңлақ  болу, 

таңлақ-таңлақ  болып  қалу,  теңбілдену. 

Көгілдір тартқан шуаққа сөгіліп сала берген 

ақ дала а қ т а ң л а қ т а н ы п, төбешіктердің 

күнгей  беті  кəдімгідей  қарабайырланып 

қалды (Лен. жас, 13.04.1973, 2). 

АҚТАҢЛАҚТАНУ  Ақтаңлақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚТАР... 2. а  у  ы  с.  Ішкен-жегенін 

қайта  шығару,  құсу. – Мен  бар  ішкен-

жегенімді а қ т а р ы п тастадым, – деді 

ақ көңіл Семен Зонин (Ғ. Мүсірепов, Қаз. 

солдаты, 122).



АҚТАР: Ақтар көбейсін. Тары ақтап 

жатқандарға айтылатын тілек. 

А Қ ТА Р М А Л АТ У   А қ т а рм а л а т 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚТАРМАЛАУ Ақтармала етістігінің 

қимыл атауы. 

А Қ ТА Р Ы С Т Ы Р Ғ А Н С У   А қ т а -

рыстырғансы етістігінің қимыл атауы.

АҚТАРЫСТЫРҒАНСЫ е т. Ақтарған 

болу, күйбеңдеу. Газеттерді а қ т а р ы с т 

ы р ғ а н с ы п, хат пен суретті мыжыдым 

(Қ. Əбілқайыр, Ұмыт., 105).



АҚТАРЫСТЫРУ   Ақт арыстыр 

етістігінің  қимыл  атауы.  Өлі  аруақтың 

сүйегін қорлап, өлі қорғандарды а қ т а р 



ы с т ы р у д ы ң қажеті жоқ (Ə. Əлімжанов, 

Отырар., 240). 



АҚТАРЫСУ  Ақтарыс  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚТАУ¹  Ақта  (тарыны)  етістігінің 

қимыл атауы. Ал а қ т а у – дəнге жабысқан 

қауыздан тарыны толық тазарту (Қ. Толы-

баев,  Бабадан., 255). Бір  түйім  тарының 

мөлшері 80-90 проценті ақталғанда тегешке 

салып, кебегін ұшыратын, мұны «қаралау», 

екінші  рет  түйіп,  барлығын  қауызынан 

арылтуды  «а  қ  т  а  у»  деп  атар  еді  (Қаз. 

əдеб., 01.03.1985, 14). 



АҚТАУ² с ы н. Сəл ғана ақ, ақшыл. 

АҚТАШЫ  з  а  т.  Айғыр  пішетін,  оны 

күтетін арнайы адам. 

АҚТОЛҒАЙ  з  а  т.  Шын  ниетімен 

толғана айтылған сөз. Жалпы, а қ т о л ғ 

а й деген сөз – ағынан жарыла толғау, жан 

сырын жасырмай жеткізу дегенді білдіреді 

(Қаз. əдеб., 09.11.1990, 4). 

АҚТОН  з  а  т.  Жаңа  туған  жас  төл 

денесінің сыртындағы ақсары түсті жұқа 

қабыт (Қазақша мал атаулары, 38). 

АҚТОРҒЫН с ы н. Нəзік, ақшыл түс. 

Бүгін айнала əлпеті өзгеріп, қоянжонданған 

белдер а қ т о р ғ ы н шымылдығын жамыла 

түскен (Лен. жас, 21.12.1973, 2). 



 АҚТОРЫҚ з а т. к ө н е . 1. Патшалық 

Ресей  əскерлері  қазақтардан  тартып 

алған  жерді  қазақтардың  өздері  жалға 

алуы. 2. Сол  жерді  пайдаланғаны  үшін 

қазақтардың  түтін  басына  төлейтін 

салығы. 3. Өз  жайлауларына  жету  үшін 

қазақтар өздерінен тартып алған жерді 

басып өткені үшін төленетін төлем (Қаз. 

этнография., 1, 133). 



АҚТӨС з а т. з о о л. с ө й л. Сусар. Су-

сарды а қ т ө с деп те атайды; оның тамағы 

мен  омырауында  ірі  ақ  теңбілі  болады 

(Марқакөл, 123). 



АҚТӨСТЕН е т. Қар түсіп, дөңестеу 

жерлердің  ағарып  көрінуі.  Мамырдың 

жылы желі есіп жөнелді. Қарлы дала аз күн 

ішінде а қ т ө с т е н і п, бой жаза бастады 

(Ж. Кəрменов, Ғашық., 17). 



АҚТӨСТЕНУ  Ақтөстен  етістігінің 

қимыл атауы.

А Қ Т УЛ А Қ   з   а   т.   Ш ө б і   қ ур а п , 

тықырл анып,  қатып  қалған  жер. 

Осы  қалай-ау  деген  жердің  бəрін  адақ-

тап  шықты,  бəрі  де  шөбі  əлдеқашан 

қурап, шаңы бұрқыраған а қ т у л а қ бо-

лып  қалыпты  (К.  Ахметбеков,  Ақдала, 

2, 447). 



АҚТУША з а т. з о о л. Мұртты уақ 

балық (С. Арзымбетов, Аш. сөзд., 248). 

АҚТҰМА  с  ы  н.  п  о  э  т.  Аппақ,  тұ-

нық.  Міне,  қазір  Шəуілдір  даласының 

а  қ  т  ұ  м  а  таңы  атып  келеді  (Лен.  жас, 

10.03.1976, 2). 



35

Байынқол Қалиев

АҚТҰМСЫҚ з а т. з о о л. с ө й л. Ақ-

тұмсық  қарға.  А  қ  т  ұ  м  с  ы  қ – топта-

нып  тіршілік  ететін  құс.  Сай-салалы, 

ойлы-қырлы,  суы,  ағашы  бар  жерлерде 

мекендейді. Ауыл шаруашылығына пайда-

сы өте зор. Жау шегірткелерді, шекшектерді 

жейді (Жетісу, 11.11.1981, 4). 



АҚТҰШ о д. Бала түшкіргенде айты-

латын тілек сөз. – А қ т ұ ш! – Ақ сиырдың 

сүтін  іш!  Ақ  сүт  берер  саған  күш.  Шым-

шым мөлдір суға түс, Тұмау тисе, қуа түс! 

(Ғажайып., 16). 



АҚТҮЙМЕШ  з  а  т.  Қауын  қағы  мен 

талқанды келіге түйіп жасалатын тағам 

(Қаз. этнография., 1, 133). Сыр елінде «а қ т 



ү й м е ш» деп қауынның қағы мен тарының 

талқанын араластырып, келіге салып түю 

арқылы дайындаған асты атайды (Ана тілі, 

15.08.1991, 8). 



АҚТҮНЕК с ы н. п о э т. Көз аштырмас, 

қарлы (боран). Кешеден бері ұйтқи соққан 

а қ т ү н е к боран бүгін түс ауа ғана тола-

стады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1969, 8, 42). 



АҚТЫ с ы н. Ақ түсті, ағы бар, ақты-

лы.  Бозторғай  əн  шырқасып  күйге  ба-

сып, Шыбын-шіркей, соналар ызыңдасып.



А  қ  т  ы,  көкті,  жасылды  қызғалдақпен, 

Салтанатын  санап  тұр  сай  жарасып 

(И.Байзақов, Құралай., 102). 

АҚТЫҚ з а т. б о т. Қыр шөбінің (селеу, 

көде  т.б.)  жалпы  атауы;  ақот.  Мына 

жайлаудан қыс ызғары əлі көтерілген жоқ. 

Жас төлге қазір салқындау болады. Жəне 

шөбі де бірыңғай а қ т ы қ тұз көп керек (С. 

Бегалин, Уақыт., 77). Жайлауымыз таулы, 

қатқақ жер. Негізі шөптері а қ т ы қ, жу-

сан, ебелек, бұйырғын, изен (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1970, 7, 57). Ыстық түссе а қ т ы 



қ т ы ң шөбі қурап, буыны қата бастайды 

(Қызыл ту, 27.06.1958, 2). 



Ақтық байлау. э т н. Киелі деп танылған 

ағаш, бұта, тал, терек т.б. жерлерге ақ 

шүберек  байлап,  тілек  тілеу  рəсімі  (Қаз. 

этнография., 1, 133). 



Ақтық салу. э т н. ж е р г. Батаоқыр. 

Марқұмның  құда-жегжаттары  бір  алтын 

жетелеп, бір қатын өңгеріп, кездеме, шай, 

т.б. нəрселерін алып барады. Бұл «а қ т ы қ



с  а  л  у»  деп  аталады  (А.  Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 5, 97). 



АҚТЫЛЫ  с  ы  н.  Ақ  араласқан,  ағы 

бар, ақ түсті. Балалар дағдыланып қалған 

жұмысына қайта кірісті. А қ т ы л ы , ала-

лы, қызыл, жасыл киімді балалар қопарып 

тастаған қара жердің сəнін кіргізіп тұр (Ж. 

Өмірбеков, Қызыл су, 170). 

АҚТЫРНАҚ з а т. з о о л. Күйкентайдың 

бір  түрі,  дала  күйкентайы.  Қыран 

құстардың  Қазақстанда  ителгі,  бөктергі, 

тұрымтай, жағалтай, лашын, а қ т ы р н а қ,

күйкентай,  сұңқар  деп  аталатын  түрлері 

кездеседі  (Шаңырақ, 426). Қазақстанда 

күйкентайдың  тағы  бір  түрі – а  қ  т  ы  р 



н а қ немесе дала күйкентайы мекендейді 

(Ж. Төреходжаев.., Жыртқыш құстар, 38). 



АҚТЫШҚАН  з  а  т.  з  о  о  л.  Кішірек 

келген, ақ түсті, терісі бағалы аң. Əйтеуір 

құр қайтпайды, ең болмағанда не а қ т ы ш 



қ а н, не борсық алып қайтады (З. Ақышев, 

Ақбел асуы, 10). 



АҚТІКЕНШЕ  з  а  т.  б  о  т.  Ақтікен 

өсімдігінің  бір  түрі.  Өзі  кішірек  келеді. 

Алайда шырмауық, тікен-қурай, а қ т і к е н 



ш е сияқты терең тамырлы арамшөптерден 

арылтуға  қазіргі  қолданылып  жүрген 

арготехникалық  шаралар  көңілдегідей 

нəтиже бермей келеді (Қазақст. ауыл шару-

аш., 1971, 1, 20). Колхоздың танаптарында 

кекіре, мия, қарасұлы, а қ т і к е н ш е көп 

кездеседі (Семей таңы, 13.08. 1968, 3). 

АҚҰНТАҚ¹ з а т. ж а ң а. Кір жуатын 

ақ түсті ұнтақ (парошок). 

АҚҰНТАҚ²  з  а  т.  х  и  м.  Майдалап 

уатылған ақ түсті улы зат. Сол а қ ұ н 

т а қ т ы конвертпен аттандырып жүрген 

адам АҚШ азаматы болып шықты (Ана тілі, 

10.01.2002, 3).

АҚҰРЫҚ¹ з а т. б о т. Түсі ақ, қабығы 

жұқа,  дəмі  тəтті,  үлкен  қауын.  Мы-

нау  жатқан  қауын  осының  бірде-біріне 

ұқсамайды.  Бəлкім  сырт  пішіні  жағынан

а қ ұ р ы қ т а р тұқымына келер де. Бірақ 

түсі,  түгі  тіпті  келмейді  (Т.  Əлімқұлов, 

Күрең өзен, 41). 

АҚҰРЫҚ²  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əскербасы-

ларының  өздерімен  бірге  көшіріп,  алып 

жүретін  қатын-балалары.  Ескендір 

Зұлқарнайынның  əскерінде  біздердікін-

дей қатын баласын тиеп, соңдарында жүр-

ген  а  қ  ұ  р  ы  ғ  ы - көші  болмаған

(І. Есенберлин, Алтын Орда, 1, 23). Қатын-

балаларын а қ ұ р ы қ етіп соңынан ертіп 

жүрген  Жебе  мен  Сүбетей  басқарған 

моңғол қосындары өздерінің күшіне сен-

бей  Лашаймен  соғысуға  беттемеген  (Бұл 

да, 1, 171). 



36

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АҚШАҒИ:  Ақшағи  көрпе.  а  у  ы  с. 

п о э т. Ақ қар. Қарлы адырлар ұлы өмір 

шуылынан  бейхабар.  Айқара  жамылған 

а қ ш а ғ и  к ө р п е с і н бұйығы бүркенеді 

(О.Бөкеев, Мұзтау, 214). 



АҚШАҒЫЛТАҚ с ы н. ж е р г. Ақша-

ғырмақ. Бұл көзін ашып алды. А қ ш а ғ ы л 

т а қ ай сəулесі түскен бөлме іші бозамық 

екен (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 213). Қанша 

қараса  да  көзі  ауып  бара  жатқан  а  қ  ш  а 

ғ ы л т а қ ай сəулесіне ұсталып қала береді 

(Бұл да, 215). 



АҚШАҚҰМАРЛЫҚ  з  а  т.  Ақшаға 

көзі  тоймайтындық,  ақшажандылық. 

Қызғаныштық,  сараңдық,  а  қ  ш  а  қ  ұ  м 



а  р  л  ы  қ,  атаққұмарлық  секілді  кесапат 

қасиеттердіғ  түп-тамырында  «өзім,  өзім 

ғана»  жатқаны  ешкімге  де  құпия  емес

(Т. Əбдікұлы, Парасат., 41).



АҚШАЛ  з  а  т . з  о  о  л.  Құстың  бір 

түрі. Дегенмен де Қарқаралы атырабында 

əлі  де  арқар,  елік,  қасқыр,  түлкі  сияқты 

аңдар, дуадақ, тырна, а қ ш а л, құр, қаз, 

үйрек  тəрізді  құстар  кездеседі  (Лен.  жас, 

18.10.1977, 3). 

АҚШАЛҒЫН з а т. б о т. Тау бөктер-

лерінде биік болып өсетін шөп. Тауқонақ, 

шайшөп,  маңқа,  құлынембес,  Сүттіген, 

еңлік,  мейіз,  киізкиік,  А  қ  ш  а  л  ғ  ы  н, 

көкемарал,  бетеге,  раң,  Жапырақтеңге, 

бұйра  қисықиық,  Балдырған,  уқорғасын, 

атқұлақты Елік жүр сонысында соны қиып 

(І. Жансүгіров, Шығ., 164). 

АҚШАМ:  Ақшам  əлетінде.  Ақшам 

кезінде, ақшам мезгілінде. Осылай алдау-

сыратып тұрған бұлыңғыр күн а қ ш а м



ə л е т і н д е шырт бұзылды (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1962, 7, 28). 



АҚШАМДАС  е  т.  п  о  э  т.  Ауыл 

ақсақалдарының кешке қарай төбе басын-

да бас қосуы. Мезгіл – ауыл ақсақалдары 

төбе басында а қ ш а м д а с а р дүниенің сүт 

сəулеге бөленген əсем шағы (А. Мекебаев, 

Жезтырнақ, 100). 



АҚШАМШЫҚ  з  а  т.  э  т  н.  Ұлттық 

ойындардың бір түрі; сақина салу. Қимыл-

əрекет ойындарына жататындар: ақсүйек, 



а қ ш а м ш ы қ, шыттастау, көрші-көрші

(татумысың, аразбысың), қызбөрі, қасқұлақ, 

айдап  сал,  инемді  тап,  қарамырза  т.б. (Б. 

Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 70). «А қ ш а м 



ш ы қ» немесе «сақина тастау» ойынына 

жиналғандар  дөңгелене  отырысады  (Бұл 

да, 79). А қ ш а м ш ы қ т а қыздар жағы 

тек сақина салушы ғана болады (Ана тілі, 

20.03.2013, 11).

АҚШАҢДАҚ з а т. Ақ шаң, аппақ шаң. 

АҚШАҢДАҚТАН е т. Ақ шаң басқандай 

болу.  Құрбанның  кезерген  еріндері  кебек 

жалағандай а қ ш а ң д а қ т а н ы п кетіпті 

(Р. Райымқұлов, Түйелі адам, 31).

АҚШАҢДАҚТАНУ  Ақшаңдақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚШАҢДАН е т. Ақ шаң сияқты бұр-

қырау. Жел көтерген қалың қар а қ ш а ң

д а н ы п жер жүзін көзден тасалады (Ə. 

Жылқышиев, Мешін жылы, 50). 



АҚШАҢДАНУ Ақшаңдан етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚШАҢДАТУ Ақшаңдат етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚШАТАУ з а т. б о т. Биіктігі 30-100 

см-дей  бұта.  Құмда  өседі.  Жақсы  мал 

азығы (Аймақ. сөзд., 44). 

АҚШАТЫР з а т. б о т. х а л қ. Тобылғы 

басындағы  ақ  гүліне  қарай  кейде  осылай 

да аталынады (Т. Мұсақұлов, Биол. сөзд., 

1, 66). 


АҚШЕГІР з а т. Қыран құстың тегіне 

қарай қойылған атауларының бірі. А қ ш 

е г і р, күйшіл, сабалақ, шəулі, сары сүмбі 

тағы  басқаша.  Бұларды  құстың  тегіне 

қарай қойылған аты дейді (А. Сейдімбеков, 

Ақиық, 87). 



АҚШЕЛ з а т. м е д. Көздің қарашығын 

ақ шел басу ауруы. 

АҚШЕЛДЕН е т. Ақшыл тəрізді ағару, 

ақшылдану. Тауықтар күн ыстығында сол 

түйежапырақтың арасына кіріп, көздері а қ 



ш е л д е н і п, рахат түс көріп ұйқыға кетеді 

(Ш. Мұртазаев, 41-ші жыл., 201). 



АҚШЕЛДЕНУ  Ақшелден  етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚШЕШЕК  з  а  т.  б  о  т.  Сабағы  жу-

андау, ақ гүлді бұта. Айнала долана мен 

тобылғы, а қ ш е ш е к бұтасы қалың өскен 

қия  бет  (Е.  Тұрысов,  Алақай, 131). ... 

Жеке ауыз шитіні жамбасқа басып, а қ ш е



ш е к келте шоқпарды басқа жастап, көне 

шекпенді  жамылып  жатып  қалдым  (Бұл 

да, 110). 

АҚШЕШЕКТІ с ы н. Ақшешек өскен, 

ақшешегі мол. Ол əлдененің сырын ұққысы 

келгендей  бəйшешекті  далаға  құлағын 

түрді. А қ ш е ш е к т і ақ жиек жанып-өшіп 

жайқалып тұр (Қ. Қазиев, Ақ бантик, 8). 



37

Байынқол Қалиев

АҚШИЮ  Ақши  етістігінің  қимыл 

атауы

АҚШОҚАН з а т. б о т. Батпақты жер-

де, өзен-көл жағаларында өсетін, биіктігі 

50-150 см-дей көпжылдық өсімдік. Сабағы 

жұмыр, жапырақсыз. Басында шатырша 

гүлшоғыры  бар  (С.  Арзымбетов,  Ауыл. 

шар. сөзд., 236). 



АҚШОМДЫ  с  ы  н.  Ақшом  үшін 

шығарылған,  астық  артқан  (керуен). 

Автордың  бұрын  аз  қолданылып  немесе 

тіпті  қолданылмай  келген.  а  қ  ш  о  м  д  ы 

керуен, делі, пісəс, қандағай, күріген, тезік, 

қондыгер,  чуаш,  ақтажы  бояр,  шашқап 

бөрік,  шолақ  садақ,  марлат  деген  сөздері 

сол XXI ғасырдан теріп, жинап, тапқандары 

(Қаз. əдеб., 02.04.1982, 7). 



АҚШЫЛ: Ақшыл қызыл. Қылаңдау 

қызыл түс (Л. Будагов, Салыст. сөзд., 2, 55). 

АҚШЫЛДАНУ Ақшылдан етістігінің 

қимыл атауы. 

АҚШЫЛДАУ с ы н. Сəл ғана ақшыл, 

ақшылырақ. 

АҚШЫЛЫРАҚ  с  ы  н.  Ақшылдау, 

ақшылтым. 

АҚШЫРАЙ е т. Көзі шарасынан щығу, 

ақию. Басы арқанмен ағашқа таңулы тағы 

аңның көзі қанталап, а қ ш ы р а й ы п, ойнақ 

қағады (Ə. Асқаров, Өр Алтай., 195).

АҚШЫРЫН  з  а  т.  б  о  т.  Жемісі  ірі, 

əрі тіл үйіретін дəмді алма сорты. Аязға 

төзімді  келеді.  –  Анау  жайнап  тұрған 

«Пепин  шафран»  деп  аталатын  алма.  

Бұл  алманың  бір  қасиеті – суыққа  өте 

төзімді, сонсоң жемісі ірі болады. Мынау 

өздеріңізге  таяу  өскен  «А  қ  ш  ы  р  ы  н». 

Бұл да аязыңа шыдамды, ал алмасы тіліңді 

үйіріп əкететін дəмді келеді (Комм-зм туы, 

31.05.1966, 4). 



АҚШЫТЫР з а т. б о т. Шаршы гүлдер 

тұқымдасына  жататын  біржылдық 

өсімдік.  Қазақстанда 9 түрі  кездеседі. 

Тау бөктерлерінде, сортаң жерлерде, жа-

йылымдарда өседі. Көктемде мал сүйсініп 

жейді (ҚСЭ, 1, 165). 

АҚЫИЕ з а т. қ ұ қ ы қ. Зəбір шегушінің 

сөзін сөйлеп, ар-намысын қорғайтын, кегін 

қуатын  ең  жақын  жанашыр  адам  (Қаз. 

этнография., 1, 138). 



АҚЫҚ: Ақық сырғаАқық көзді сырға. 

Осы  тəрізді  тас  түріне  сəйкес  аталатын 

гауһар сырға, а қ ы қ  с ы р ғ а деген сырға 

түрлері бар (Қаз. этнография., 2, 614). 



АҚЫЛ:  Ақылы  табанына  түсті. 

Ақылынан  айырылды,  ақымақ  болды.  Ол 

жұрт бопсалап жүргендей а қ ы л ы  т а б 



а н ы н а  т ү с к е н түлей емес (Б. Мұқаев, 

Жалғыз жаяу, 79). 



АҚЫЛАҚТЫ с ы н. ж е р г. Ақылды. 

Əке  ұлының  пəк  екенін,  а  қ  ы  л  а  қ  т  ы 

болып өскенін құдаларға көрсеткісі келді 

(Ана тілі, 10.10. 1996, 7). 



АҚЫЛГӨЙСУ... – Бұл сөздер а қ ы л г ө 

й с у емес, жəй бір бейуақыттағы толғаныс 

тəрізді (Тоғызыншы шежіре, 26). 



АҚЫЛДЫЛАУ  с  ы  н.  Ақылдырақ, 

ақылы  көптеу.  Ол  табиғи  болмысын 

өзгертпеген, өзгертейін-ау, сұстылау неме-

се  а  қ  ы  л  д  ы  л  а  у  көрінейін-ау  деген-

ді  қаперіне  алмаған  қарапайым  адам

(М. Қаназов, Арна, 63). 

АҚЫЛЖАНДЫ с ы н. с ө й л. Ақылды. 

Осының бəрі мені Шыңғыс хан туралы «ол 



а қ ы л ж а н д ы адам» деп ой түйіндеуге 

мəжбүрлейді (А. Əшімұлы, Шығ. жин., 5, 

92). 

АҚЫЛҚОСШЫ з а т. с ө й л. Ақылшы

Шаяхмет қария баласына а қ ы л қ о с ш ы

болса,  көз  жұмып-ақ  сенгенің  мақұл 

(Жұлдыз, 1974, 6, 154). ... Сондықтан да мен 

Нұртайды жарыстасым ғана емес, а қ ы л қ 

о с ш ы м да болсын деп отырмын (Бұл да). 

АҚЫЛМАНДЫҚ  з  а  т.  Ақылдылық, 

ақылгөй. Аудармашының өз жанынан қосқан 

жолдарын,  шексіз  бұрмалаушылықты, 

жалаң а қ ы л м а н д ы қ т ы оқығанда 

ұяттан кірерге тесік таппайсыз (Қаз. əдеб., 

15.04.1983, 6). 

АҚЫЛМАНСУ  Ақылмансы  етістігі-

нің қимыл атауы.  Буынсыз жерге  пышақ 

ұрып, а қ ы л м а н с у ниетінен аулақпыз 

(Ана тілі, 18.10.1990, 7). 

АҚЫЛМАНСЫ  е  т.  Ақылды  болып 

көріну, ақыл айтқансу. 

АҚЫЛНАМА  з  а  т.  Ақыл  айту  ісі. 

Өйткені мынау дидактика, яғни а қ ы л н а 



м а. Ақын жұртқа ақылгөйсімеуі керек (Қаз. 

əдеб., 12.12.1973, 3). 



АҚЫЛСЫЗДАН е т. Ақылынан адасу, 

ақылынан айырылу; ақымақ болу. 

А Қ Ы Л С Ы ЗД А Н У   А қ ы л с ы з д а н 

етістігінің қимыл атауы. 

АҚЫЛСЫЗДАУ  с  ы  н.  Ақылы  аздау, 

ақылы кемдеу. А қ ы л с ы з д а у болса, «Əй, 

неге олайсың» деп бəрібір мойнына қойып 

салып,  жөнге  түсіре  алмасың  тағы  анық


38

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

(Ж.  Əлмашұлы,  Тар  дүние, 142). Гүлжім 

аспан  əлеміне  айбатты,  Қайратына 

тамсандырған  аймақты,  Қайсар  қыран 

тағдыры  А  қ  ы  л  с  ы  з  д  а  у,  бірақ  адал 

кемпірдің Пышағында ойнапты (М. Шаха-

нов, Мəңгүрт., 90). 

АҚЫЛШАЙ  з  а  т.  э  т  н.  Бір  нəрсеге 

ақылдасуға,  кеңесуге  арналған  шай  (ас). 

Қабанбай ауылы осы төңіректегі туыстарын 



а қ ы л ш а й ғ а шақырды (Қ. Жұмаділов, 

Дарабоз, 2, 213). 



АҚЫЛШЫЛ  с  ы  н.  Ақылды  көп 

айтқыш (адам). 

АҚЫЛШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Ақылшыл 

болғандық, ақыл айтқыштық. 

АҚЫМ...  Батырлыққа  бейімі  бар 

ержүректері  арнайы  а  қ  ы  м,  мəлду 

аудандарға  топтастырылады  (А.  Сатаев, 

Бəрі де., 42). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет