МҰЗ з а т. с ө й л. Бұршақ. Асының
даласына егілген егіндер өсіп, жарым
фут болғанда, июннің жетінші күні м ұ з
жауып, бəрін ұрып кетіпті («Түркістан»
газеті, 547).
МҰЗАЛИМ з а т. к ө н е. д і н и. Қызмет
дəрежесі. «Түсіп қалған м ұ з а л и м н і ң
биігі жаман, тоят ала алмаған əйелдің күйігі
жаман» деген (І.Есенберлин, Алмас., 198).
МҰЗАРАЛ з а т. ж а ң а. Айсберг
(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 212).
МҰЗДЫШАРЫҚ з а т. Су бетінде
жаңадан қата бастаған мұз. Қарақас-
Арқас каналының қос қапталы қарабарқын
тартып, жыбырламай шымырлаған
күрең судың бетінде м ұ з д ы ш а р ы қ
қылаңытқандай көрінді (М. Байғұт, Бұла
бұлақ, 11).
МҰЗҚАНТ з а т. с ө й л. Сырты жыл-
тыр (мұз сияқты) кесек қант; науат. Оған
м ұ з қ а н т (науат) қосып талқандайды
(Ана тілі, 09.07.1998, 11). Ертеректе кесек-
кесек болып келетін м ұ з қ а н т болған
(Қаз. этнография., 3, 440). Диуана жатқан
үйдің əйеліне екі қадақтай ұн, жарты
қадақтай м ұ з қ а н т беріп, дəліздегі алаша-
сын сұрап алды да, ертең жолға шығамыз
деген түні қоржын етіп тігіп Тұңғыштың
басына қойды (Д.Исабеков, Тіршілік, 86).
МҰЙЫҚ з а т. Қолдан басылған киіз
етік; ұйық. М ұ й ы қ т ы одан кейін кеп
ағашқа кигізіп, оқтаумен ұрғылап, аяқкиім
пішініне келтіреді (Ана тілі, 08.09.1994, 5).
– Апа, м ұ й ы қ деген немене? – Аяқ киім
ғой, қарағым, киізден басып қыста киеді.
Кейде «ұйық» деп те айта береді (Бұл да).
МҰҚАЛҒЫШ с ы н. Беті қайтқыш,
мұқалып қалғыш. Қарабайыр жылқыға
қарағанда қас жүйріктердің ерекше күй
таңдағыш, сол себепті тез м ұ қ а л ғ ы ш,
тез жүдегіш мінезінен ол хабардар еді
(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 4).
430
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
МҰҚАМБАРА з а т. ж е р г. Ысырап.
Ұлы жоспар (тың игеру) жолында қазақ да-
ласын м ұ қ а м б а р а етіп, құнарын кетіріп,
топырағын тоздырдық (А.Нысаналин: Қаз.
əдеб., 30.03.1990, 10).
МҰҚАТЫС... Тіпті жаңа ғана асты-
үстіне түсіп күтіп жіберген мейманымен
м ұ қ а т ы с а бастады (Х.Арғынбаев, Қаз.
халқы, 07).
МҰҚЫРЛАУ с ы н. Аздап мұқыр,
мыртықтау; мықырлау. Жастау кездегі əрі
мұғал нəзік саусақтары бұл кезде м ұ қ ы
р л а у болған (Қаз. əдеб., 02.03.1984, 12).
М Ұ Қ Ы - ТА Қ Ы ү с т. ж е р г.
Өйтіп-бүйтіп, əрең-пəрең. Зəктенген,
зардамданған қоржын тамда м ұ қ ы-
т а қ ы күн өткізуден əбден заразаптанып,
мұғдарсыз жолға беттеп келе жатқаны мы-
нау (М.Байғұт, Бұла бұлақ, 11).
МҰНАНАЙ з а т. к ө н е. 1. Теңге жа-
сайтын сарай. 2. Айырбас сарайы. Қазақтар
«м ұ н а н а й» атап кеткен айырбас сарайын
да барып көрген (Қ.Тоқмырзин, Керзаман,
3, 14). 1743 жылы Орынборда, 1750 жылы
Тройцкіде сауданы ұлғайту үшін м ұ н а
н а й л а р салынды (Т.Шонанұлы: Соц.
Қаз. 20.03.1991, 3). Қазақтар ол кезде ақша
айырбастап, сауда-саттық жасайтын «моно-
вый дворды» «М ұ н а н а й» деп атағаны
белгілі (Қаз. əдеб., 20.12.1985, 13).
МҰНДАНАҚ з а т. с ө й л. Монданақ.
Отырғандар «онда кетті, м ұ н д а н а қ, мұн-
да кетті «м ұ н д а н а қ» деп ортадағыны
адастырумен болады (Ұ.Доспанбетов, Едл
есінде, 224). Бұл да сөйтіп, «м ұ н д а н а қ т ы»
тапқанша көптің соққысына ұшырайды
(Бұл да).
МҰҢЛАНДЫР Мұңлан етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. Бұл дыбыс
музыкаға да, сызылтып салған əнге де,
м ұ ң л а н д ы р ы п салған жоқтауға да
ұқсамайтын, анық табиғаттың өз əні!
(Шəкəрім, Шығ., 508).
М Ұ Ң Л А Н Д Ы Р У М ұ ң л а н д ы р
етістігінің қимыл атауы.
МҰҢШЫ з а т. Мұңданғыш, мұңшыл.
Баяу қоңырлаған бейбақ домбыра, қаяулы
қыз жанының жалғыз м ұ ң ш ы с ы н
д а й күрсіне өксіп кеуана гөй-гөйлейді
(С.Елубай, Ақ боз., 40).
М Ұ РАП П А . . . – Б а л а қ а н , б ұ л
таңқурайдың м ұ р а п а с ы. Көп ауруға мың
да бір ем (К.Сегізбаев, Біз қалада., 178).
МҰРАПШЫЛЫҚ з а т. Мұрап ісін
атқарушылық, мұрап болғандық. Атқа
мініп жүрген м ұ р а п ш ы л ы қ бір басқа
да, сумен араласып, жерге бауырын төсеп
жүрген м ұ р а п ш ы л ы қ бір басқа
(Ш.Айтматов, Ақ кеме, 313).
МҰРАТАЛЫ з а т. з о о л. Құс аты.
Ол біздің жаңағы үннен секем алып
қалғанымызды біліп, «байғыз, м ұ р а т а
л ы, тентек үкі сияқты құстардың үндері
адамның даусынан аумайды» - деп, қайдағы
бір жоқты айтып қояды (Қ.Қазиев, Ақ
бантик, 34). Жылаған əйелдей əупілдек
сыңсыды. Оған қосылып, м ұ р а т а л ы
шыңғырды (Жалын, 1973, №6, 94).
МҰРАХАТ з а т. ж а ң а. Мүлкін
біреуге (баласына, қызына) мұра ретінде
қалдыруды растайтын хат. Қазақ м ұ р
а х а т қалдыруды үйрене алмай жатыр
(Айқап, 05.06.2008).
МҰРТАЯҚТЫ: Мұртаяқты шаяндар.
з о о л. Теңізде, теңіз жағалауларында
тіршілік ететін шаянның бір түрі. М ұ р
т а я қ т ы ш а я н д а р теңіздерде ғана
тіршілік етеді. Ол су түбіндегі заттарға
жабысып, бір орнынан қозғалмайды
(Р.Сəтімбеков.., Қызықты биология, 53).
МҰРТТАН ... 2. Астықтың масағына
қылтан шығып, пісе бастауы. Ертеңгі
күні күн шуағымен сары м ұ р т т а н ы п
пісіп тұратын бадана дəн бастарына ком-
байн қалбағайын қиялай саламыз-ау деген
оймен желпініп жүрміз қазір (Лен. жас,
04.06.1974, 1).
МҰР ТТЫ: Мұртты қоңыздар.
Қоңыздың сүйір денелі, көк ала түсті,
ұзын мұрттары бар бір түрі. М ұ р т
т ы қ о ң ы з д а р қураған ағаштардың
шіруін тездетіп, орманда маңызды қызмет
атқарады (Жəндіктер, 28). М ұ р т т ы
қ о ң ы з – орманда тіршілік ететін зи-
янкес қоңыз. Ол ағаштың тамырын,
қабығын, жапырағын жейді (Қарқаралы,
172). Солардың ішінде орманның қауіпті
зиянкестері тамыржегіш пен м ұ р т т ы қ
о ң ы з сияқтылар да бар (Бұл да).
МҰРЫН з а т. г е о г р. Мұрын сияқты
дөңкиген шолақ дөң. ≈ Мына м ұ р ы н н а н
айналсаң болды, ауылды табасың.
МҰРЫН: Мұрнымен жер қазды.
Мұрнынан тіреле құлады, етпетінен
түсті. Жанкештілік пен жақындап келе
жатқан фашистер м ұ р ы н д а р ы м е н
431
Байынқол Қалиев
ж е р қ а з у ғ а кірісті (М.Құмарбекұлы,
Жер иесі,и 294).
Мұрнынан құрты түспеген. Жап-жас
сəби. Қайныңның кескіні мынау, м ұ р н ы н
а н қ ұ р т ы т ү с п е г е н сəби (З.Шүкіров,
Қиын түйін, 14).
Мұрнынан тірелді. Шаршап шал-
дықты, титықтады.
Мұрнын шелпек етті. Мұрнын бұзды,
мұрнын бет қылды. – М ұ р н ы м д ы ш е
л п е к е т п е к п і с і ң? – деп мырс-мырс
етті (Қ.Омарұлы, Əке, 59).
Мұрын орамал с ө й л. Бет-орамал.
Шақшаңдағы бір жағыңа, м ұ р ы н о р
а м а л ы ң д ы бір жағыңа тығып, үстіңе
көрпеңді жамыласың (Жұлдыздар отбасы
2010, №5, 10).
МҰРЫН ЖОЛДЫ л и н г в. Мұрын
қуысы арқылы жасалатын (дыбыстар).
М ұ р ы н ж о л д ы дыбыстарға М, Н, Ң
дыбыстары жатады (Қазіргі қаз. тілі., 18).
МҰРЫНШАҚ ... – «Бұ төңіректі
шолған қасқырдың өтетін қылтасы»,- деп
м ұ р ы н ш а қ төбенің айналасына жет-
кенде тізгін тартады (А.Сейдімбеков, Тауға
біткен., 19).
МҰСТАҚЫЛ е с і м. ж е р г. Бүкіл, бар-
лық. Айнала қоршап отырған жиендерінен
де ұялмастан, м ұ с т а қ ы л Өзбекстан
жəмиғатының тым тақуа келетіндігін көріп-
біле тұра еңіреп тұрып жылады (М.Байғұт,
Бұла бұлақ, 64).
МҰСЫЛМАН: Мұсылман таразы.
а с т р. с ө й л. Таразы. Үшарқардың қазақ-
ша аты көп. Ол таразы, Үлкен таразы, М ұ с
ы л м а н т а р а з ы, Шідер деп те аталына
береді (С.Сəрсенбаева, Қаз. тіл. астрон.
термин, 76).
МҰХАРАМА з а т. а р. ж е р г. Терезе
перде. Зеңгір сырмен сырланған үлкен
терезелерден көк жібек м ұ х а р а м а л а р
көрінеді (С.Шаймерденов, Таңд. шығ., 1,
20). Жұқа ала м ұ х а р а м а қысқа етжеңді
ақ саусақтармен жартылай қайырылды да,
ар жағынан ақ сары толық бетті бір əйелдің
басы көрінді (Бұл да, 23).
МҰШАҚАТ..? Ойылды алса – ойды
алар, Ойлашы, сонда не қалар? Қара
мауыты м ұ ш а қ а т Бүтін тоғай жерді
алар (Қазтуған: Нар заман., 15).
МҮДДЕЛЕ ... Мен мұнда дүниеде
қазақ деген ірі халық бар екенін мейлінше
паш ете беруді м ү д д е л е г е н адаммын
(Ш.Мұртаза: Егем. Қазақст., 03.10.1991, 3).
МҮДУАР ... – Ойпырым-ай! Бұ немене
екен? М ү д у а р қылмай айтшы, жеңеше!
(Ж.Аймауытов, Шығ., 266).
МҮДІРЛІК қ. Директорлық. Қазір ол
гимназияның м ү д і р л і г і н е н түсіп, жай,
қатардағы мұғалім ретінде тарихтан сабақ
беріп жүрген (Қ.Жұмаділов, Тағдыр, 86).
МҮЙЕТ з а т. Жараның, жауырдың
бетін ашық қалдырып, төңірегіне қоралап
қойылған зат (кепілдік). Қазақ тілінде
қандай жара, жауыр болса да оның бетін
қалдырып, төңірегін қоралап қоятын зат
– м ү й е т аталынады (Ж.Бабалықұлы:
Ер қанаты, 263). М ү й е т – ат арқасы
жауыр болса, соған ішпек тиіп қажамау
үшін жауырдың төңірегін қоралай қоюға
лайықталған, ортасы тесік киіз. Ол тер-
лік пен ішпек арасына қойылады (Ата
салты., 112)
МҮЙІЗ: Мүйіз көзілдірік. Қапсырма-
сы (оправасы) мүйізден жасалған көзілді-
рік. Тура өзі. Селдір шашы, м ү й і з к ө з
і л д і р і г і, қамыт аяғы, еңкіш жауырыны
көзіме оттай басылды (Б.Омарұлы, 11-ші
қаламұш, 95).
Мүйіз салығы. т а р. Халыққа
ауырпалық, қиыншылық туғызу үшін
арнайы ойлап табылған салық түрі.
Голощекин «кіші қазан төңкерісі қажет»
деген сылтаумен өз күнін əзер көріп
отырған қарапайым шаруаға арнап 16 түрлі
салық ойлап шығарады. Соның бірі əр үйге
4-5 килодан м ү й і з с а л ы ғ ы еді. Салық
жинағандар əлгі мүйіздерді көрсетпей
үстіне май құйып өртеп жіберіп отырды
(Жас Алаш, 20,01,2011).
МҮЙІЗАТАР қ. Рогатка. Садықтың
сары резинкадан істелген м ү й і з а т а р ы
бар (Б.Соқпақбаев, Балалық., 18). Қолында
м ү й і з а т а р ы бар, дембелше, ақсары
бала, қасыма келді (Бұл да, 201).
МҮЙІЗДЕГІШ с ы н. Мүйіздей беретін,
тиіскіш. Маңайындағыларды м ү й і з д е г
і ш оған тақап кетсе жайсызданып, бойын
аулақтау ұстауға тырысатын (Т. Қосуақ,
Мəрмəр., 34).
МҮЙІЗДЕС ... М ү й і з д е с к е н
сиырдай, Байласаң, басжіп жетер ме?
Еңбегің – еш, тұзың – сор, Қайратың селге
кетер ме? (Д.Бабатайұлы: Нар заман., 206).
МҮЙІЗДЕУ ... 2. Мүйізбен сəндеу, əрлеу.
Бұған қарағанда құранды ерлерді сүйектеу
432
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
не м ү й і з д е у ісі үстіміздегі ғасырда
мүлде сиреген тəрізді (Х.Арғынбаев, Қаз.
ер-тұрман., 187).
МҮЙІЗДІ: Мүйізді қоңыз. з о о л.
Қоңыздың қышқаш тəрізді мүйізі бар
ең ірі түрі. М ү й і з д і қ о ң ы з д а р
д ы ң аналықтары жұмыртқасын кəрі
ағаштардың қабығана немесе томарға
салады (Жəндіктер, 27).
Мүйізді торғай. з о о л. Басында мүйіз
сияқты шошайған қауырсыны бар торғай.
Мұнда негізінен солтүстіктен келген
сібірлік құстар: полярлық ақ жапалақ, м ү
й і з д і т о р ғ а й жəне сарнауық торғай,
жамансары жəне басқалар қыстайды
(Қорғалжың, 23).
МҮЙІЗСЫМАҚ з а т. Қысқа, əлсіз
мүйіз. Тұштиған м ү й і з с ы м а ғ ы қағып
түсіріліп, қазір топты қойдың тозаңын
жұтып жүр (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 216).
МҮЙІЗТОРСЫҚ з а т. э т н. Екі иіні
қошқармүйізденіп келген сəнді торсық. М ү
й і з т о р с ы қ т ы ң беті шимайторсық секілді
шауып өрнектеледі, күміс шытыралармен
əшекейленеді (Шаңырақ, 190).
МҮЙІЗТҰМСЫҚ: Мүйізтұмсық құс.
Тропиктік ормандарда тіршілік ететін,
тұмсығы өте үлкен құс. Азиялық жəне
африкалық тропиктеріндегі ең көрікті
құстардың бірі – м ү й і з т ұ м с ы қ қ ұ с
(птица-носорог) (Тірі табиғат, 36).
МҮЙІЗТІС з а т. и х т и о л. Жотасы
дөңестеу (жота қанаты жоқ), құйры-
ғы аша емес, сүйір, бірақ жалпақ, ұзын-
дау балық түрі. (ҚСЭ, 2, 144-145). Ала-
бұға, тұқы, жайын, оңғақ, лақа, қаяз,
м ү й і з т і с, аққайран, қарабалық,
майшабақ атаулы шыбын жаны шырқырап
жəрдемге шақырғандай ма (Қаз. əдеб.,
30.09.1983, 8).
МҮКƏМАЛ з а т. а р. Қазына байлық,
дүние мүлік; мүкəммал. Соғыстан алып
қайтқан бар м ү к ə м а л ы м ы з ажалдан
аман қалған қор соқа басымыз (Ə.Əзиев,
Шұғыл тапсырма, 61). Бірақ, о керемет,
менің жыл бойы тірнектеп жинаған м ү
к ə м а л ы м н а н түк қалмады (Жұлдыз,
1973, №5, 54).
МҮКƏМБАРА: Мүкəмбарасын
шығарды. ж е р г. Тас-талқан етті, быт-
шытын шығарды. Біліп тұрып əдейі істедің
бе, жоқ əлде саға астынан кеткен судың
тоғаннан асып, м ү к ə м б а р а с ы н ш ы
ғ а р а т ы н ы н а ол кезде көзің жетпеді
ме? (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 130). Баласы
əуелде осылай қиялап соғудың орнына,
жалпағынан шауып екі кетпеннің м ү к ə м
б а р а с ы н ш ы ғ а р д ы (О.Сəрсенбаев,
Жақсының көзі, 33).
МҮЛІК з а т. и х т и о л. ж е р г. Шабақ.
Кез келген балықтың өте майда түрін Арал
балықшылары күркін дейді. Мұны Каспиде
– мəлек, Қорғалжыңда – м ү л і к, Зайсан
көлінде – қортқа дейді (Вопросы ист. и
диал. каз. яз. Вып. 1. 1958, 104).
МҮНƏФЫҚ з а т. д і н и. Ең ауыр күнəлі
адам; күнəһар. Ислам діні қағидалары
бойынша құдай кешірмейтін ең ауыр күнə
осы м ү н ə ф ы қ т а р д ы ң мойнына
жүктеледі екен (О.Сəрсенбай, Шығ., 5,
212). Бізді қазір кілең м ү н ə ф ы қ т а р
басқарып отыр (Бұл да).
МҮҢКІМЕ з а т. с ө й л. Сасық иіс. –
Шошқа қорасының м ү ң к і м е с і əбден-ақ
ұнаған екен мұрныңа! (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолында, 336).
МҮРДЕ ... Өліктер арасында баланың
м ү р д е с і жоқ екен (Қорқыт ата., 62).
МҮРИТТІК з а т. Мүрит болғандық. Бір
жаратушыға шəк келтіріп, күпірлік етпесем
де, бұрынғыдай көзсіз м ү р и т т і к т і
азайттым (Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 89).
МҮРСІНДЕЙ с ы н. Мүрсін сияқты,
мүрсін тəрізді (С.Жүнісов, Ақан сері,
2, 228).
МҮСƏЛЛА з а т. к ө н е. Құрбан
айт кезінде берілетін арнайы сусын.
Бұрын Бөрібек зəуі түсіп келгенде осынау
нағашылары кезектесіп, жорабозаға
шақырушы еді. Енді көпіршіген м ү с а л
л а ұсынады (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 35).
МҮСІНДЕМЕ ... Бейнелеу өнерінің
негізгі түрлері – графика, көркемсурет
(живопись), м ү с і н д е м е. М ү с і н д е
м е – бейнелеу өнерінің өте ежелден келе
жатқан түрі (Пионер, 1983, №2, 22).
МҮСІНКЕР з а т. с ө й л. Мүсінші.
Күнтуар зерттеуде өзін м ү с і н к е р ретінде
сезінетін. Неғұрлым жөндеген сайын сол
еңбек-мүсіннің ажарлана түсетінін ол
білетін (І.Есенберлин, Алтын,. 369). Мұның
бəрі жас жігіттің тəжірибесіздігінен, бұрын
тас қашап төселмегендігінен, м ү с і н к е р
білімі жоқтығынан (Бұл да, 415).
МҮСІНТАС з а т. Бір нəрсенің мүсіні
бейнеленген сынтас, балбал. Бағанағы
433
Байынқол Қалиев
м ү с і н т а с т ы ң қасында ойнап жүр-
ген балалар қонақтардың үстіне келді
(М.Разданұлы, Алтай., 198).
МҮТАЛИМ з а т. а р. Медресе оқушысы.
Майкөт медресеге м у т а л и м болып
қабылданады (Қаз. əдеб., 31.08.1984, 10).
МҮТƏРƏ з а т. ж е р г. Сусын құюға
арналған брезент дорба. Шөлдеп қалатын
болдың-ау, ə, .. мə, мына м ү т ə р ə д а н
сусын іш – деп көлеңкеде ілулі тұрған
кендір дорбасын маған ұсынды (Лен. жас,
20.06.1973, 4). Ашамайға біздің тілмен
«м ү т ə р ə» деп аталатын қолдан тігілген,
брезент дорбаға 10-15 литрдей салқын суы
құйып алып, қоржынына азығын салып,
таңғы 6-ға дейін жайылымда болады (Оңт.
Қазақстан, 26.11.1967, 2).
МҮТТƏЙІМДІК з а т. Мүттəйім
болғандық, зəлімдік, сұм. Шын жадырап
қуанбайтын, шын күліп жарылмайтын
м ү т т ə й і м д і г і «ешкіні апа, текені
жезде» деп үйренген монтанылықтан
қалған (Қ.Ысқақ, Ақсу., 248).
МҮТТƏЙІМСУ Мүттəйімсі етіс-
тігінің қимыл атауы.
МҮТТƏЙІМСІ е т. Мүттəйім болып
көріну, бұзықсыну. Тым м ү т т ə й і м с
і п, жанарын тіктей қарады К.Сегізбаев,
Беласқан, 231).
МҮТТƏЙІМШІЛДІК з а т. Залымдық,
сұмдық, зұлымдық. Түлек, Тезек төренің
алдынан шығып: - Қызталақ, Орман ел-
жұртының м ү т т ə й і м ш і л д і г і
н і ң асқан-ай! Кенесары, Наурызбайды
өлтірген Орман ханды біз өлтірсек, бізге
жаза қолданғалы сізді алып келіпті, - дейді
(М.Қалдыбай, Елім деген., 5).
МҮШЕ з а т. ж е р г. Бел. Бекболат ішкі
жұқа мақпал бешпентті күміс дəндекулі
кісемен м ү ш е с і н е н буынып алыпты
(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 216).
МҮШЕЛЕН ... Оның м ү ш е л е н
і п, айқындалған тұлғасы сырт көзге
сымбаттана түсті (Лен. жас, 15.06.1976, 2).
МҮШТАРЫ з а т. к ө н е. а с т р.
Есекқырған. Орысша «Юпитер», қазақша
М ү ш т а р ы деген планета бар (Шəкəрім:
Ана тілі, 07.06.1990, 6).
МЫЖҒАУ с ы н. ж е р г. Мыжыма.
– Туу, қандай м ы ж ғ а у с ы ң, тегі. –
Мойындаймын. Между прочим, м ы ж ғ а у
деген мен мыжғылау дегеннің түпкі атасы
бір (Б.Нұржекеев, Күй толғау, 107).
МЫЖЫҚ с ы н. с ө й л. Мыжырайған,
мыж-мыж. Жер төлеге беттеп еді, м ы ж ы қ
мұржадан будақтап шығып жатқан түтінді
көрді (Ə.Кекілбаев, Үркер, 500).
Мыжық құлақ. Құлағы мыжылған,
қиқы-жиқы. М ы ж ы қ қ ұ л а қ қара
сұр жігіт. Шамасы күреспен айналыса-
тын болуы крек (Д.Бейсенбекұлы, Əулие-
ағаш., 20).
МЫЖЫМА с ы н. Мыжып көп сөй-
лейтін, не болса соны айтатын, мезі
ететін.
МЫЖЫМАЛЫҚ з а т. Мыжып көп
сөйлейтіндік, сөзуарлық. Аздаған м ы ж
ы м а л ы ғ ы болмаса жақсы жігіт. Пікірге
құлақ қоя алады (Қарақат тер., 36)
МЫЖЫРАЙЫҢҚЫ с ы н. Аздап
мыжырайған, көріксіздеу. Сырт тұрқы
м ы ж ы р а й ы ң қ ы көрінгенмен іші кең,
талайды көрген қатпарлы адам сияқты
(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 121).
МЫЖЫРЫҚ с ы н. Мыжырайған,
мұжылған, мыжық. Салдырлақ машина
көзді ашып-жұмғанша балықшылар
аулының жел жағында жотасы күдірейіп
жатқан м ы ж ы р ы қ ескі тау – Бел-Аранның
кезеңінен асып түсті (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 19). Жағасын түріп, м ы ж ы
р ы қ қалпағын көзіне түсіріп киіпті
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 23).
Достарыңызбен бөлісу: |