Жауапты редакторлар


НАБАТ  з  а  т.  а  р.  Өсімдік



Pdf көрінісі
бет105/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   168

НАБАТ  з  а  т.  а  р.  Өсімдік.  Біздіңше, 

күллі өсімдіктер əлемі қазақ тілінде н а б 



а т (н ə б а т) деп аталса керек (Ана тілі, 

20.09.1990, 6).



НАҒАШЫЛАТ Нағашыла етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Ең  бастысы – 

Мұрат-Мұхамедті н а ғ а ш ы л а т п а қ 

(М.Мағауин, Аласапыран, 337).

Н А Ғ А Ш Ы Л АТ У   Н а ғ а ш ы л а т 

етістігінің қимыл атауы. Енді міне, ауыл 

араласып, иек астына қонғанын естігенде



н а ғ а ш ы л а т у ы м н ы ң басты себебі 

де осы қағылез қаншық еді (А.Сейдімбеков, 

Тауға біткен., 33).

НАҒАШЫЛЫ-ЖИЕНДІ  с  ы  н. 

Нағашы  болып,  жиен  болып,  туыстық 

қатынаста болу. Арғы аталарында н а ғ а 

ш ы л ы-ж и е н д і ілік шатысы болса болар, 

ал өз басы осы сұмырай түлкімен туыс десе 

де сенеді (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 116).

НАДАНДАУ  с  ы  н.  Ақылы  аздау, 

түйсіксіздеу.  Моп-момақан,  жұп-жуас, 

тоң  мойын,  н  а  д  а  н  д  а  у  жануарлар 

қалбаңдап,  мұрындарын  бір-бір  тартып 

қойды (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 278).



НАЖАҒАЙЛЫ  с  ы  н.  Нажағай 

ойнаған, нажағай жарқылдаған. Аусар ой

миын  тырнап  мазалайды: «Салт  бұздың, 

құдай  сені  жазалайды».  Алды-артын 

орағытып  шырмайды  кеп,  Нөсердей  бо-

рай соққан  н а ж а ғ а й л ы (С.Омаров, 

Сəукен, 19).



НАЖАСАТ з а т. а р. Нəжіспен тең, арам 

д.м. Арақ пен нашамен əуестенгендерді дін 

де  кінəлəп,  оларды  «н  а  ж  а  с  а  т»  деп 

атаған (Алм. ақшамы, 02.12.1941, 3).

НАЗАЛАНУ Назалан етістігінң қимыл 

атауы.  Атамыз  н  а  з  а  л  а  н  у  дегенді 

білмейтін еді (Ө.Қанахин, Құдірет, 290).



НАЗАР: Назар жықты. Назар салды, 

қарады. Сосын екеуіне алма-кезек н а з а р

ж  ы  ғ  а  отырып: - Сөзіңнің  жаны  бар, 

Зұлқа, - деді (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 49). 

Қыз-келіншек,  əйел  атаулыға  мəн-маңыз 

қаузап, н а з а р ж ы ғ ы п, қарауды қойған 

(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 29).

Назар қыдырттыНазар салды, назар 

жықты.  Қараңғыға  көзі  үйренген  соң, 

қуықтай бөлме ішіне н а з а р  қ ы д ы р т 



т ы (С.Елубай, Ақ боз., 280).

Назар  тіктеді.  Назар  салды,  қарады. 

Уаңға  дейінгі  сөз  түйінін  тарқатар  осы 

қария болса керек, отырғандар лəм деспей 

Ошыржапқа  н  а  з  а  р    т  і  к  т  е  г  е  н 

(К.Сегізбаев, Беласқан, 34).

НАЗАРИЯ з а т. а р. Теория.

НАЗАРКЕРДЕ  з  а  т.  э  т  н.  Қараған 

кісісіне  көзі  тиетін,  көзі  жаман  адам. 

Қазақтың  ұғымы  бойынша  жол  жүйрік 

атқа  көз  тиеді.  Ондай  адамдарды  «көзі 

бар»  немесе  «н  а  з  а  р  к  е  р  д  е»  дейді 

(С.Кенжеахметұлы: Ана тілі, 03.07.1997, 8).

НАЗЫМНАМА з а т. Назым стилімен 

айтылған ақыл сөз, ой. Мұндай н а з ы н а

м а н ы өзің түгіл, ит қашқын, ата-бабаң көр-

меді (Құланаян Құлманбет, Сөзімнің., 59).



НАЙ з а т. с ө й л. Махорка. Қашан да

түтін сасып тұрар аядай бөлмеге осы ауыл-

дың тамам жұмысшысы лықа толып алып 

н а й тарттатын (О.Бөкеев, Мұзтау, 68, 236). 

НАЙЗА: Найза қандау. э т н. Соғыста 

бірінші өлтірген адамның қанын найзасына 

жағу дəстүрі. Ол кезде ұрыс басталғанда

н а й з а  қ а н д а у салт екен (Ел аузынан, 

308). 


НАЙЗАҒАЙ: Найзағайға нан пісіріп 

алатын.  Қиын  істі  орындап  шығатын, 

пысық,  жұлымыр.  Сол  жолдастарының 

бірі, н а й з а ғ а й ғ а  н а н  п і с і р і п  а л 



а т ы н жұлымыр журналист М.Тоқтағазин 

еді (Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 213).



НАЙЗАЛЫ:  Найзалы  мылтық. 

Ұшында  найзасы  (штык)  бар  мылтық. 

Бала жалаңбас. Арқасында н а й з а л ы  м ы 



л т ы қ, қолында қара домбыра (Балдырған, 

1972, №4, 7) 



НАЙЫБИМАН з а т. д і н и. Исламның 

орынбасары, көмекшісі. Ең бірінші муфти, 

оны шахислам деп те атайды. Одан кейін – 

қази, сосын – хатиф, имам, н а й ы б и м а м, 

азаншы, қари. Қаридың міндеті құран оқып 

отыру (Алматы ақшамы, 09.12. 1991, 2).

НАҚ  з  а  т.  Ханның  ақылшы  адамы; 

ақылшысы.  Ханның  ақылшы  адамдарын, 

н а қ дейді, баласының тəрбиешісін аталық 

деп атайды (Жас алаш, 10.09.2005, 4).



НАҚЫЛНАМА з а т. Нақыл сөз, ақыл 

сөз. «Сүмбіледе су суиды», «Сұмырай келсе 

су құриды» деген н а қ ы л н а м а л а р соны 

меңзейді (Лен. жас, 03.10.1973, 3). 

Н


439

Байынқол Қалиев

НАҚЫСТАН  Нақыста  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Оның ə дегенде 

аңқып асқақтай шығып, толқынды иіндей 



н а қ ы с т а н а т ы н үні ғажап бір ырғау 

иіндеді (Жұлдыз, 1973, №5, 42).



НАҚЫСТАНУ Нақыстан етістігінің 

қимыл атауы. 

НАҚЫШСЫЗ  с  ы  н.  Нақышы  жоқ, 

нақышталмаған.  Басындағы  н  а  қ  ы  ш 

с  ы  з  ақ  қалпағы  күнге  күйіп,  ескіріпті 

(Т.Əлімқұлов, Шежірелі сахара, 110).



НАЛЫҒЫШ с ы н. Нали беретін, жиі 

налитын (адам). Қысы-жазы далада болу 

оны зеріктіріп жібереді, уайымға батырады. 



Н а л ы ғ ы ш, кейігіш боп алады (Жалын, 

1974, №5, 105).



НАЛЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  налу, 

ренжіңкіреу.  Жұрттың  аузында  жүретін 

молданың  əңгүдіктігі  тап  қазір  мына 

шаруаға кесе-көлдене тұрғанына Ұлан н а 

л ы ң қ ы р а п та еді (Ұ.Доспанбетов, Ел 

есінде, 262).



НАЛЫҢҚЫРАУ  Налыңқыра  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

НАМАЗХАНА з а т. Мешіттегі намаз 

оқитын  арнаулы  орын  (зал).Бес  жүз  адам 

қатар тұрып сиып кетердей мешіттің үлкен 



н а м а з х а н а с ы н а бастап келе жатқанда 

Ізбасардың  иығынан  қыз  оң  қолын  алған 

жоқ-ты  (Т.Нұрмағамбетов,  Жер  иісі, 239). 

Ру  басылар,  билер,  батырлар,  сұлтандар 



н а м а з х а н а ғ а кіріп, жаршылардың жар 

шашқанын  күтіп  тұр  (Ə.Кекілбаев,  Үркер, 

165). Олар сағана маңында басталған ірі ке-

шен құрылысын (н а м а з х а н а, медресе т.б.)

таяу арада бітірмек ойда (Айқын, 14.05.2009).

НАМБҰТ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Имандай. – 

Міне, күн батып бара жатыр, н а м б ұ т 

құдайға шыным ... (Т.Əбдіков, Өліара, 5).

НАМЫ  е  с  і  м.  Бүкіл,  бүткіл,  күллі. 

Онда ол өңменімнен итеріп: «шайтан ай-

налдырған  қожа»  деп,  н  а  м  ы  қазаққа 

масқара  етпе с  те-ау  (А.Мекебаев, 

Жезтырнақ, 178).

НАМЫСҚОЙСЫН  е  т.  Намысқой 

болғансу,  намыстану. – Егер  бір  де  бір 

қалмақ батырсынып, н а м ы с қ о й с ы н ы п,

қолына  қару  алса,  ісім  сонымен  болады 

(К.Сегізбаев, Беласқан, 86).



НАМЫСҚОЙСЫНУ  Намысқойсын 

етістігінің қимыл атауы. 

НАН:  Нан  жауғыр.  Жеңіл  мағыналы 

қарғыс. Мына н а н  ж а у ғ ы р не сандалып 

жүр? – деп  ойлады  шал  (О.Сəрсенбаев, 

Жақсының көзі, 27). – Тоқташы, ей, н а н 

ж а у ғ ы р, əңгімесінің аяғын естиік, - деді 

əкем (Қ.Əжікеев, Саят, 18).



Н а н   же с і с т і .   э   т   н .   Е к і   а д а м 

серттескенде  жасалатын  салт.  Доспыз 

деп төс қағыстырып, н а н  ж е с і с п е с е 



де жан жақындығын екеуі де бірден сезген 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 338). 



НАНСАЛМА ... Түннің бір мезгілінде 

табақтар толы, буы бұрқыраған н а н с а л 



м а тартылды (Е.Тұрысов, Құралай., 17).

НАНСОҒАР  з  а  т.  Тек  тамақ  ішуді 

ғана  білетін  адам.  Қасыңдағы  көмекшісі 

кежегесі  кейін  тартқан,  н  а  н  с  о  ғ  а  р 

біреу  екен,  құтыла  алмай  жүрмін  деді 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 216).



НАНТАБАР з а т. Өз міндетін жөнді 

атқармайтын, жалақы үшін ғана жұмыс 

істейтін  адам.  Ондайлар  фильм  текстін 

аударуды оңай ақша табудың көзі ретінде 

қарайды. Н а н т а б а р халтурщик кəдімгі 

(Б.Соқпақбаев, Таңд., 330).



НАНҒЫЗ  Нан  етістігінен  жасалған 

өзгелік  етіс.  «Ол  сенікі»  деп  мені  н  а  н 

ғ  ы  з  а  алмас,  Жүз  əулие,  мың  бір  кеп, 

милағанмен.  Жан  қимақ  пен  жар  қимақ 

бəрі  бір  бəс,  Қидым,  қидым,  амал  жоқ, 

қимағанмен  (С.Торайғыров,  Таңд.  шығ., 

208).

НАНҒЫЗУ Нанғыз етістігінің қимыл 

атауы.

НАНДУ з а т. з о о л. Түйеқұс сияқты 

ірі денелі (салмағы 30 кг), ұзын сирақты, 

оңтүстік Америка далаларында тіршілік 

ететін  боз  түсті  құс.  Мұндай  жерлерде 

көзге алып құстар əлемі – аяқтары жылдам 

түйеқұстар,  н  а  н  д  у  л  а  р,  эмулар  көзге 

бірден шалынады (Құстар, 6).



НАНҚАП з а т. Нан салып қоятын қап 

(дорба).  Т.Жайлаубаева  жасаған  сырмақ 

пен тұскиізді, н а н қ а п пен айнақапты, 

шашқап пен тұсқаптарды көргенде қатты 

қайран қалдым (Қаз.əдеб., 08.06.1990, 12).



НАНОМЕТР ... Жарық толқындарының 

ұзындығы  миллимикронмен   (млк) 

өлшенеді. Қазіргі атауы – н а н о м е т р 

(нм) (Ə.Қайыров, Сырға толы., 9).



НАНТАЛАП  з  а  т.  Жатып  ішер, 

арамтамақ,даярға маяр. Сен өзің неткен 

н а н т а л а п едің? (Қ.Сəрсекеев, Қызыл 

жасау, 2, 42). – Менің байқауымша Танабек 

те  сен  сияқты  н  а  н  т  а  л  а  п,  -  деді  ол 


440

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

(Жалын, №5, 1972). Қала берді қазақ елін 

жем қылғысы келген саудагерлер мен н а н 

т а л а п т а р да жерімізді отарлай бастаған 

(Соц.Қаз., 16.02.1991, 7).

НАНТҮЙМЕ з а т. с ө й л. Пельмен. – 

Мынау Нəзікен өзі жақсы көретін н а н т ү й 



м е еді, суып қала ма деп үлкен кесеге салып 

əкелдім. (Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 286). – Мə,

мынау н а н т ү й м е. Екі-үшеуін əрең жеді.

- Кейінірек жылытып тағы берерсің (Бұл да).



НАНУШЫ з а т. Нанған, сенген адам. 

–  Қиын  не  бар  осыдан? – Н  а  н  у  ш  ы 

болса  сөзіме,  Біреуге  айтып  мен  əзір. 

Курортыңның  өзінде  Жатқандаймыз  біз 

қазір (Қ.Аманжолов, Шығ., 2, 215).

НАР:  Нар  бота.  Нардан  туған  бота 

(Ана тілі, 20.09.1990, 8).



Нар  бура.  Нар  қоспақтың  не  бір-

туманың келеге түсетін еркегі (Ана тілі, 

20.09.1990, 8).



Нар  келі.  Ішіне  бірнеше  шелек  тары 

салып  түйетін  үлкен  келі.  Ел  арасында 

келінің мынандай түрлері кездеседі: ағаш 

келі, темір келі, бəйбіше келі, тоқал келі,

н а р  к е л і т.б. (Шаңырақ, 520).

НАРА з а т. к ө н е. Жапон халқының 

ежелгі  аты.  Жақында  сол  елді  жаулап 

алмаққа теңіздің ар жағынан н а р а л а р 

келе бастапты (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 110).

НАРАДУ  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Нəтижесіз, 

нашар; көмескі, күнгірт; нарау. Кеңестің 

түбі  н  а  р  а  д  у,  Нəлет  біздің  жүріске! 

(Асанқайғы: Нар заман., 9).

НАРАЗЫЛЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Ешқандай 

қарсылықсыз,  ренжусіз.  Сондықтан 

ешқандай  н  а  р  а  з  ы  л  ы  қ  с  ы  з  жəне 

басқадай жол жоралғысыз-ақ басына түскен 

дағдырға  көндігетін  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

халқы., 177).

НАРДЕК з а т. Қарбыз балы. Н а р д е к 

біздің елімізде көп тараған мəдени дақыл 

– қарбыздан алынады (Ара шаруаш., 107).

НАРҚОБЫЗ  з  а  т.  м  у  з.  Қазақ  хал-

қының  байырғы  саз  аспаптарының  бірі. 

Осындай  қобыздың  «қылқобыз»,  «н  а  р 



қ  о  б  ы  з»  сияқты  үлгілері  музейіміздің 

экспонат  қатарын  молайтты  (Қаз.  əдеб., 

14.10.1983, 10). Əбушəкір сазген, н а р қ о б 

ы з аспаптарын жасап, мұрамызға қомақты 

үлесін қосқан аспапшы (О.Қаймолдаұлы: 

Алматы ақшамы, 30.01.1989, 3).

НАРМАЯ  з  а  т.  Айыр  мен  үлектің 

будандасуынан туған түйе тұқымы. Бура 

мен маядан мырзақоспақ туып, оның сүтті 

көп  беретіні,  ал  үлек  пен  айырдан  н  а  р

м а я туып, оның жүнді көп беретіні кімге 

де болса белгілі (Оңт. Қазақст. 15.11.1962, 

3).  Шымкент  облысының  совхоздарынан

н а р м а я, аруана, лөк сатып алса тіпті жақ-

сы болар еді (Еңбек туы, 1.08.1966).



НАРТ з а т. к ө н е. 1. Ер жігіт, батыр. 

Тұсындағы  болған  н  а  р  т  ы  ң  қорлама, 

Тұсыңдағы болған н а р т ы ң қорласаң, 

Табылмас-ты  керекте  (Шалкиіз  жырау: 

Нар  заман, 26). 2. Түмен  басы.  Майқы 

бабамыз  дүниедегі  ғақылды,  оқымысты 

адамдардың  айтқандарын  тізіп  қойып, 

соны күне н а р т т а р ы н а, дүбірлеріне 

жеткізіп, сіңіріп отыратын болған (Қазыбек 

бек, Түп-тұқиян., 57). Бұл Наурызбайдың 

түмен басы – н а р т болып белгіленгеннен 

кейінгі алғашқы соғыстары еді (Соц. Қаз., 

16.02.1991, 4).

НАРТАЛАП с ы н. Талапты, талабы 

зор. Осы құмшағылдың бір н а р т а л а п

жігіті  ел  аралап  жүріп,  мынау  Ұлытау 

жақтағы елдің бір байының қызына ғашық 

болады (Қ.Салғарин, Соқпақ., 95).



НАРТƏУЕКЕЛШІЛ  с  ы  н.  «Нар-

тəуекел»  деп  іске  кірісіп  кеткіш,  нар-

тəуекелге  бел  буғыш.  Менің  апатайым 

қырын  қараған  күйі  басын  тік  ұстап, 

əлденеге берік бекінген н а р т ə у е к е л 

ш і л сыңай танытады (К.Сегізбаев, Жап-

жасыл., 410). 



НАРТТЫҚ з а т. к ө н е. Түмен басылық, 

қолбасылық. Екі түменді Бөгенбай н а р т

т ы ғ ы н а берудің де ыңғайы келмеді (Соц. 

Қаз., 16.02.1991, 4).



НАС ... Атпаңдар,  тіл  алсаңдар, 

насыбайды!  Н  а  с  атсаң,  нас  боласың 

басыбайлы.  Желді  күн  «түп»  деп  жерге 

түкіргенде ,  Боқт ай -ақ   бет -аузыңа 

шашырайды (Жеті ғасыр., 2, 419).

НАСАЙ-ТОПЫР:  Насай-топырын 

шығарды. Опыр-топырын шығарды, ту-

талақайын  шығарды.  Қалыпты  мінезінің 

ығымен кетсе, арындап жөнеліп, н а с а й-



т о п ы р ы н  ш ы ғ а р а р ы кəдік еді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 220).



Н А С АТ Т А Н Д Ы Р   Н а с а т т а н 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. Өткен 

түннің  астамшылығы  мен  тəкаппарлығы 

жуан рудан шыққан Тəттімбет Қазанғаповты 

н а с а т т а н д ы р а д ы (Т.Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 31). 



441

Байынқол Қалиев

НАСАТТАНДЫРУ  Насаттандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

НАСИХАТТАЛУ ... Республикалық 

газетке шыққалы отырсыз, күллі елге н а 



с и х а т т а л у д ы ң мүмкіндігі туып тұр 

(Қ.Əбілқайыр,Ұмыт., 72).



НАСРІТ ..? Бұл  сөзім  алты  алашқа 

таныс  болсын,  Азамат  ермін  десе,  намыс 

болсын! Құдайым н а с р і т берсе, дұшпан 

оңай,  Көптігі  тұмадағы  қамыс  болсын! 

Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 4, 37).

НАСЫБАЙ ... 2.  а  у  ы  с.  Шүметей. 

–  Иə,  құлыншағым, «н  а  с  ы  б  а  й  ы  ң» 

əбден жазылсын, сосын тайыңды мінесің 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 232). Н а с ы б 



а й ы н ұлының Жар салғандай жалғанға, 

Атқызып жұртқа мақтанған (М.Ахмет-төре, 

Ақ-қара, 36). 

НАСЫБАЙ:  Насыбай  үкті.  Темекіге 

күл қосып езді, майдалады! Табанға қысып 

тастағын, Н а с ы б а й  ү г і п қушиып, 

Тобылғы  күлін  қосатын  Қалампыр  езген 

су қосып (Б.Ысқақ, Тастағы., 17).



НАСЫБАЙЛАНЫП  ү  с  т.  Насыбай 

жағылып,  насыбай  жұғып.  Мен  əсіресе, 

мынау жирен аттың үстінде мұртының ұшы 



н а с ы б а й л а н ы п, жалбиып отырған 

əкемді  көріп  оянатынмын  (Жалын, 1972, 

№6, 5).

НАСЫБАЙЛЫ  Насыбай  атқан, 

насыбайы бар. 

НАСЫБАЙЛЫҚ  с  ы  н.  Насыбай 

жасауға  жарамды,  насыбай  боларлық

Шай мен кездеменің, н а с ы б а й л ы қ 

көк  темекінің  Алтайдың  өзінен  табылға-

нына  шүкірлік  етеді  (М.Разданұлы, 

Алтай., 57).

НАУ ... Таразы сөзді өлшейтін шындық 

керек, Кейбіреу дауға шебер н а у болады. 

Кезінде ушықтырмай шешпеген іс, Үгіліп 

бара-бара  тау  болады  (Егем.  Қазақст., 

03.08.1991, 6).

НАУАЛАН  е  т.  Науа  сияқты  ортасы 

шұңқыр болу. Н а у а л а н ы п қалған қасат 

жолдан  шығысымен-ақ  торы  бие  оппаға 

шөкелей  кіріп  жатып  алды  (Лен.  жас., 

31.12.1974, 3). 



НАУАЛАНУ  Науалан  етістігінің 

қимыл атауы.

НАУБАЙ:  Наубай  нан.  Наубайхана-

да  пісірілген  нан.  Үстел  үстіне  мол  етіп, 

қызарып піскен н а у б а й  н а н ы н əкеліп 

турады (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 319).

НАУҚАНБАСТЫЛЫҚ з а т. с ө й л.

Науқаншылық. Ауылдың қазір н а у қ а н

б а с т ы л ы ғ ы н, маусымдық істердің ки-

м е л е п   б а р а   ж ат қ а н ы н   т ə п т і ш т ед і 

(Т.Тілеуханов, Біздің əке. 14). 

НАУҚАНСЫРА е т. Қауырт жұмысты 

аңсау, науқангершілікті сағыну.

НАУҚАНСЫРАУ  Науқансыра  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

НАУҚАСТАНЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап 

ауыру, ауырыңқырап қалу. – Жай, шал н а у

қ а с т а н ы ң қ ы р а п жатқан соң, əлде 

қайтеді  деген  ойлары  да  (К.Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 14). 

НАУҚАСТАНЫҢҚЫРАУ  Науқас-

таныңқыра етістігінің қимыл атауы. 

НАУРЫЗ:  Наурыз  батасы.  э  т  н. 

Наурыз  мерекесінде  берілетін  бата. 

Наурыз  мерекесі  күні  кəрі-жас,  ер-əйел, 

бала-шаға үй-үйді қыдырып жүріп, наурыз 

көже ішіп, н а у р ы з  б а т а с ы н береді 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 4, 13).

НАУРЫЗГҮЛ з а т. б о т. Наурыз айында 

гүлдейтін  ақ  түсті  гүл.  Үй  өсімдіктері 

кливия  мен  амариллис  көбіне  көктемде 

гүлдейді. Олардың гүлдері ірі, түсі қызыл 

сары жəне қызыл болады. Сол кезде н а у



р ы з г ү л де гүлдейді (Ботаника, 129).

НАУРЫЗКӨКЕК з а т. з о о л. Жылы 

жақтан наурыз айында ұшып келетін құс; 

сасықкөкек. Жер бетінде сүйкімді құс н а у 

р ы з к ө к е к т е р тынымсыз жортақтайды 

(Лен. жас. 13.06.1974, 3).



НАУРЫЗНАМА  з  а  т.  Наурыз  күні 

өтетін үлкен ойын сауық; мейрам. Н а у р 

ы з н а м а д а көкпар, қыз қуу, аударыспақ, 

балуан  күресі,  алтыбақан  сияқты  ойын-

сауық болып, жиналған жұрт мол қуанышқа 

бөленеді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 

5, 30). Қазақтың  аты  қазақ  болғанда 

өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз 

мейрамы  –  н  а  у  р  ы  з  н  а  м  а  (Мəшһүр 

Жүсіп, Алматы ақшамы, 26.03.1990, 3).



НАУРЫЗТОРҒАЙ ... Күн ызғары сəл 

сынысымен,  н  а  у  р  ы  з  т  о  р  ғ  а  й  ерте 

көктемді  қанатымен  көтеріп  əкелгендей 

(Соц. Қаз., 02.04.1991, 4). 



НАУШАРУАН  з  а  т.  Адал,  əділ  адам; 

шындықты  айтушы,  турашыл.  Бəрі  де 

н а у ш а р у а н ғ а тізгін берді, Төрелік 

айтқаныңыз  сіздің, - деді.  Қабылдап  хан 

да олардың талаптарын, Айтылар билігінің 

жөнін терді (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 



442

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

19).  Осылай  бұл  жолаушы  аман  қалды, 

Қисса да осыменен тəмəмдалды. Қиуадан 

қылыш дүзі билік айтқан, Ғадыл хан, - дейді 

екен бұл н а у ш а р у а н д ы (Бұл да, 2, 20).

НАХАЛ з а т. с ө й л. Ұялмайтын, дөкір, 

əдепсіз  адам.  Қалқан  құлақ  сары  ұлдар 

шағыр  көз  қызыл  күрең  шалды  сойып 

қаптағандай,  нойыстау,  шетінен  н  а  х  а  л 

екен (Қ.Ысқақ, Ақсу., 201).



НАҺАН ... Н  а  һ  а  н  жайын  ба  екен, 

əлде айдаһар ма? (Қ.Омаров, Əке, 78). Үнді 

мұхитында  шомылып  жүріп,  əрбір  дем 

алғанда ішіне 150 тонна су жұтатын н а һ 



а н балықтың аузына тап болып қалыппын 

(Қаз. əдеб., 28.01.1977, 4). 



НƏБИ  з  а  т.  Бестастың 12-кезекте 

ойналатын  түрінің  атауы.  Он  екінші, 

яғни ақырғы ойын – н ə б и. Бұл ойында 

сол  қолдың  басбармағы  мен  сұқ  қолын 

жерге тіреп тұрып, оң қолмен сол қолдың 

сыртынан бес тасты алдыға иіріп тастайды. 

Қақпа  тасты  алғаннан  кейін,  н  ə  б  и 

сайланады. Н ə б и ең соңында өткізіледі 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 49). Ойыншы 

басқа  тастарды  н  ə  б  и  г  е  тигізіп  алмай, 

бір-бірлеп өткізу керек (Бұл да). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет