ОЙСОҚТЫ с ы н. Көп ойланғандықтан
шаршап жүретін, сүл есоқ. Райхан
дүниеден қайтқан күні-ақ менен алыстап
бара жатқаныңды о й с о қ т ы қалпыңнан
аңғарғанмын (Т.Жұртбаев, Бесқарагер, 20).
ОЙСОҚТЫЛЫҚ з а т. Көп ойланып
шаршағандақ, ойсоқты болғандық.
Сəкеннің өңінен əлдебір о й с о қ т ы л ы қ
сезіледі (Ə.Байбол, Теміржол., 21). Барлық
іс басқаша қарап, ауыр о й с о қ т ы л ы қ
қ а түсіріп тастады (К.Мұқажанұлы,
Ортеке, 192).
ОЙТАМАҚ ... Абай одан: «Бүгін не
бергелі жатырсың?» деп сұрап еді: - «О й
т а м а қ» деген тамақ берем бүгін! – деді
(М.Əуезов, Таңд. шығ., 2, 259).
ОЙТАҢ с ы н. Ойлы-қырлы, шоқырақты
(жер).
ОЙТАҢДАУ с ы н. Ойлы-қырлылау;
кедір-бұдырлау. Ойқастырып бөкенше,
Оқтын-оқтын жаздырып, О й т а ң д а у
жерден аңтармай (Базар жырау: Қаз. əдеб.,
27.04.1990, 12).
ОЙТОЛҒАМ з а т. Ой арқылы толғану,
белгілі бір түйінге келу. Жаңа жинақтарда
мұндай ғибараттар, о й т о л ғ а м д а р мол-
молынан екен (Ə.Ыдырысов, Тұлға., 202).
451
Байынқол Қалиев
ОЙТҮЙІН з а т. ə д е б. Көркем шы-
ғарманың бір сөйлеммен айтылған басты
идеясы; эпиграф.
ОЙШЫ з а т. Көп ойлайтын адам,
ойқұмар. Кезінде қойшы да, тойшы да
болдық, бүгінде о й ш ы болып отырмыз
(Жұлдыз, 1974, №5, 185). Мен терең о й
ш ы болмасам да, ойыма келген бірнеше
пікірлерімді көптің ортасына салғым келеді
(«Айқап» газеті, 82).
ОЙЫҚ: Ойық ен. э т н. Құлақтың
шетін ойып қоятын ен (Қаз. этнограф.,
2. 50).
ОЙЫН: Ойын жолы. Бір жолға
кешіру д.м. – Солай, Таңжарық ақын, бұл
жолы саған ойлануға рұқсат берейін. Бірақ
ескертемін, мұндай «о й ы н ж о л ы» енді
болмайды (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 226).
ОЙЫНСЕРІК с ы н. Бірге ойнайтын,
ойнағанда серік болатын. Райымбек бір топ
о й ы н с е р і к балалармен шағын арналы
өзенше бойына келеді (Ж.Тұрлыбаев,
Тамыз таңы, 37).
ОЙЫНХАНА з а т. ж а ң а. Рулетка,
карта сияқты құмар ойындары өткізілетін
орын: казино (Терминол. анықт., 10, 168).
Жасырын о й ы н х а н а əшкере болды
(Егем. Қазақст., 22.07.2008). Заңсыз о й ы н
х а н а жабылды (Бұл да).
ОЙЫНШЫЛЫҚ з а т. Ойыны,
ойнағыштығы, ойнауы. Халел бильярдты
көп жұрттан жақсы ойнайды екен. О й ы н
ш ы л ы қ мəдениеті де, сезімталдығы да күшті
(Б.Соқпақбаев, Таңд., 438). Халелдің о й ы н
ш ы л ы ғ ы н а қарап тұрған жұрт та риза
болды, мен де риза болдым (Бұл да, 439).
ОЙЫСТА е т. Ойға қарай жүру, еңістеу.
Жүгірді ол о й ы с т а й да, қиыстай да, Пана
болар сиқы жоқ жыныс талда. Көрінді көз
ұшында бір ақ орда, Жетсе араша сұрап ол
тыныстар ма?! (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин.,
2, 17).
ОЙЫСТАУ Ойыста етістігінің қимыл
атауы.
ОЙЫСТЫР е т. Қиюластыру, оюлас-
тыру. Алғашқыда ақ жəне қара түсті
киіздерді бір-біріне əртүрлі мəнермен о й
ы с т ы р а т ы н болған олар (Лен. жас,
14.05.1976, 3).
ОЙЫСТЫРУ Ойыстыр етістігінің
қимыл атауы.
ОКУЛИС з а т. м е д. Көз дəрігері. Мү-
гүлсімге кейде өз мамандығы – педиа-
трлықпен ғана емес, терапевт та, о к у л и с
т е, акушерка да болып жұмыс істеуге тура
келді (Абзал жандар, 128).
ОҚА з а т. Көзілдіріктің əйнегі қыс-
тырылатын əдемі темір қапсырмасы
(оправа). Өңшең бір қолға түспес о қ а л
а р д ы ң бірін алып, бірін салып жатыр
(Э.Төреханов, Таудан түс., 128).
ОҚАҒАШ ... Терте орнына бұнда
о қ а ғ а ш пайдаланылып, ол жерағаштың
төменгі ұшына жақын бекітіледі (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1967, №1, 29).
ОҚАҚ-СОҚАҚ е л. Қисық-қыңыр,
бірі үлкен, бірі кіші. – Дұрыс! - деп иығы-
нан қағып қойды. Секесі о қ а қ-с о қ а қ
турамыштаған қиярдан аузына салып
жатып (Ə. Байбол, Теміржол., 107).
ОҚАЛЫ с ы н. Оқасы бар, оқасы
əдемі. Хасан қисыны келген əдемі о қ а л ы
көзілдіріктерді қалт жібермей, минус-плюс,
үлкен-кішісіне қарамай жинай береді екен
(Э.Төреханов, Таудан түс., 129).
ОҚАПТЫ с ы н. Оқабы бар; ойлы-
қырлы, кедір-бұдырлы. Жыртқыш-
тар қашанда биіктікті не қылған! Олар
қопалы, қамысты, о қ а п т ы, ыңғыл-
жыңғыл жерлерге əуес (Коммунизм туы,
20.06.1970, 4).
ОҚАРЫҚ з а т. Егістікке дейін келе-
тін үлкен арық (ҚазССР ҒА Хабарлары.
Қоғ. сер. 1971,№2, 68).
ОҚБАҚЫР з а т. к ə с і б. Металл
қорытатын арнаулы ыдыс. Дұрысында бұл
атаулардың аудармасы былай болуы керек:
тигель – о қ б а қ ы р (металл қорытатын
ыдыс), штамп-қалып (Д.Шоқпарұлы: Қаз.
əдеб., 22.06.1984, 14).
ОҚБАСЫ з а т. Ядролық қарудың
(снарядтың) жарылатын басқы бөлігі
(боеголовка). Бірақ артынан кемеде бір
емес, екі ядролық о қ б а с ы н ы ң болғаны
мойындалды (Қ.Олжай, Қанат байла., 87).
ОҚИҒАЛЫ с ы н. Оқиғаға құралған,
оқиғаға бай. Эпикаға, о қ и ғ а л ы өлеңге
оңтайлылық бұл ақынның ерте танылған
тартымды да татымды қыры (М.Əлімбаев,
Көңіл күнд., 236).
ОҚИҒАЛЫҚ з а т. Оқиғаға молдық,
оқиғаға толылық. Маған өлеңнің о қ и
ғ а л ы ғ ы, сюжеттілігі, əрі сол арқылы
нақтылығы мен ықшамдылығы, бостекі,
басы артық сөзден атымен адалығы да
ұнайды (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 90).
452
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ОҚИЯС ... Омар да араласты бұл
ойынға О қ и я с болар деген жоқ ойында.
Мертіліп, бір иығы шығып кетіп, Жұмысқа
жарамды ай бойына (Қ.Тоғызақов, Сібір
Омар, 102).
ОҚҚОЙМА з а т. Мылтық ұңғысының
оқ (жез) салынатын жері. Жез кіретін о қ
қ о й м а ғ а бесатардың оққойма ұңғысын
салып, оны бесатардың оғымен оқтауға
болатын (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 6).
Мерген бір оқты мылтықтың о қ қ о й м
а с ы н а қондырып, қалған төртеуін сол
қолдың саусақтарының арасына бір-бірден
тізіп алды (Бұл да, 117).
ОҚПАҚТАЙ с ы н. Оқпақ (құс)
сияқты, оқпақ тəрізді. Бөденеше бұғып,
түнде ұшатын қорқақ о қ п а қ т а й
жасырын тіршілік еткенге өз өзінен ұялып,
қорланатын болды (С.Жүнісов, Ақан
сері, 2, 291).
ОҚПАН з а т. з о о л. Əупілдек (выпь).
Оның «əуп-əуп» деген үніне қарай о қ п а н д ы
кейде əупілдек десе, кейде өкірген тəрізді
үн шығаратын болғандықтан халық оны
көлбұқа деп те атайды (Қ.Аймағамбетова,
Табиғаттану., 50).
ОҚПАНА з а т. Жаудан қорғану үшін
қазылан ор; окоп. Сөйтіп, қазір Орбұлақ
аталып кеткен жерде о қ п а н а қазып
қалмақ қолын қырды (Ж.Жəмеңке, Əкелер,
160). Қазақтардың ор (о қ п а н а) қазып
соғысуы, оның айтуынша, 1843 жылы
болған (Егем. Қазақст. 07.11.1992, 4).
ОҚСАТЫП ү с т. Мəніне келтіріп,
келістіріп. Содан соң бұрылып кетіп
бара жатып: - Өй, əкеңнің аузын! – деп,
о қ с а т ы п бір боқтады (О.Сəрсенбай,
Шығ., 5, 358). Ет пісіп қалыпты, өте дəмді
екен. Итіміз екеуміз о қ с а т ы п тойдық
(Ш.Өтепов, Таушелекте туған., 39).
ОҚСАУЫТ з а т. Оқ салатын сауыт.
Жалпақ кемер белдікке қыстырылған тек
о қ с а у ы т қана емес, сүңгі, қы-
лыш, семсер де бар (Ж.Тұрлыбаев, Тамыз
таңы, 939).
ОҚТЫҚ з а т. Мылтық ұңғысының
оқ салатын жері; оққойма. Жездің бірін
мылтықтың о қ т ы ғ ы н а қондырып,
шүріппені қайырған (К.Сегізбаев, Жап-
жасыл., 10).
ОҚТІЗЕР з а т. Оқталған жездерді
тізіп салып қоюға арналған сауыт (белдік)
(Г.Бегалиев, Қаз. орыс. сөзд., 130).
ОҚШАНТАЙЛЫ с ы н. Оқшантайы
б а р , о қ ш а н т а й т а қ қ а н . Б е л і н д е
Харрын құсханасының қолдан илеген
былғарысынан жасалған кексалымен
зерлеген шытырмақты, о қ ш а н т а й л ы,
кіселі қайыс белбеу (Д.Сапаров, Өткен
күн., 34).
ОҚШАНТАЙЛЫҚ с ы н. Оқшантай
жасауға жарарлық, оқшантай боларлық.
– Аспаннан былғары жауса, құлға о қ ш а н
т а й л ы қ тимейтіннің кері болды қатын
(О.Бөкеев, Үркер, 112).
ОҚШАС с ы н. с ө й л. Ұқсас. Маған
жусап жатқан қойға немесе қар басқан
бабаларының қабіріне көбірек о қ ш а с а т
ы н д а й (О.Бөкеев, Қайдасың., 138).
ОҚШАУЛАҒЫШ з а т. Қылмыскерді
уақытша (сот шешімі шыққанша)
қамайтын орын. Бүгінде ол чешен
Республиксы ІІМ уақытша ұстау о қ ш а
у л а ғ ы ш ы н а қамалды (Егем. Қазақст.,
31.10.2008).
ОҚШАШАР ... – Шиті мен бесатардың,
айбалта мен о қ ш а ш а р д ы ң (пулемет)
алғашқы айқасын өзім бастаймын, -
деп осы жолды тосты (Қ.Əбдіқадыров,
Əңгім., 68). Тасаға құрылған о қ ш а ш а р
ондаған жанның өмірін үзді (Егем. Қазақс.,
08.01.2003, 6).
ОҚЫҒАН-ТОҚЫҒАН с ы н. Көп
оқыған, көп тоқыған, көп білген (адам).
Сол жігіттің о қ ы ғ а н-т о қ ы ғ а н ы н а
қоса, өзінің де ақыл-парасаты мол-ау деп
қалдым (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 259).
Елдің салтын ұмытқан, о қ ы ғ а н-ш о қ ы
ғ а н сендер емеспісіңдер (К. Ахметбеков,
Қасірет, 1, 32).
ОҚЫҒЫШСЫ е т. с ө й л. Көп оқитын
адамсу, оқи алатынсу. Қанша о қ ы ғ ы
ш с ы п жылдамдатса да, Кəрімнің өзіне
де қиын соғайын деді (Ж. Тілебергенов,
Ізбасар, 105).
ОҚЫҒЫШТЫҚ з а т. Кітапты жақсы
оқитындық, тез оқығандық. Менің о қ ы
ғ ы ш т ы қ өнеріме олар да риза болды
(Б.Соқпақбаев, Таңд., 140).
ОҚЫМЫСТЫСЫМАҚ з а т. Нағыз
оқымысты емес, бірақ өзін оқымыс-
тылардың қатарына қосатын адам. – Ол
жігітіміз де сырттай қарағанда зиялы əрі
о қ ы м ы с т ы с ы м а қ болып жүргенімен
де, пəле-жала атаулы ішінде қойша өріп
жүр (Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 122).
453
Байынқол Қалиев
ОҚЫРМАНДЫҚ з а т. Оқырман
болғандық, көп оқитындық. Ешкім де сіз
үшін сіздің адамшылық та, о қ ы р м а н-
д ы қ та тағдырыңызды жасай алмайды
(Сен жəне сенің кітабың, 3).
ОЛИМПИЙКА з а т. Олимпиадаға
қатысушы спортшылар киетін əдемі
кəстөм. Үстіне ақ жолақ о л и м п и й к а
киген ақшыл өңді бір жігіт ағасы екі-
үш иіліп кешірім сұрады (Ə.Асқаров,
Таңд., 43).
ОЛИМПИЙКАЛЫ с ы н. Олимпиийка
киген, үстінде олимпийкасы бар. О л и м п и
й к а л ы кісі ыңғайсызданғанын сездіріп,
бірдеңе деп мұрын астынан міңгірлеген
болды (Ə.Асқаров, Таңд., 44).
ОЛУШ з а т. з о о л. Ұзын құйрықты,
жарғақ табанды, тұмсығы мен аяқтары
көк түсті теңіз құсы. О л у ш т а р биіктіктен
өте тез жылдамдықпен төмен құлдилап,
судағы балықтар мен кальмарларды оп-
оңай қолға түсіреді (Құстар, 19).
ОМ: Ом заңы. ф и з. Өткізгіштегі
тоқ күшінің осы өткізгіштің ұштары
арасындағы кернеумен байланысын
анықтайтын заң. О м з а ң ы н 1826 ж.
неміс физигі Г.Ом (1787-1854) ашқан (ҚҰЭ,
7, 130).
ОМАҚ з а т. Əскер ұстау үшін бөлінген
арнайы жер. Тек Барақ қана өзі басқарып
отырған Шағатай ұлысының əскерін
ұстайтын о м а қ сұраған. Құрылтайдың
шешімі бойынша оған Мауранахрдың
үштен екі бөлігі берілген (І.Есенберлин,
Алтын орда, 1, 248).
ОМАҚАЛАН з а т. Омақала етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Өткен ғасырда
Ресей мен Қытай арасында шекара о м
а қ а л а н ғ а н д а көп халық, мол өңір
шығыстағы көршінің қол астына қала берді
(Егем. Қазақс., 19.04.1995, 2).
ОМАҚАЛАНУ Омақалан етістігінің
қимыл атауы.
ОМАНАҒАШ з а т. к ө н е. Жер жыр-
татын ағаш соқа. О м а н а ғ а ш ы н
өзіне сүйретіп, иен далаға шыққан диқан
Төлеге кездесе кетеді (Ел аузынан, 33).
ОМАР з а т. з о о л. Тропиктік жəне
субтропиктік теңіздерде тіршілік ететін
дене тұрқы ірі шаян. О м а р л а р – теңіздің
ірі шаяндары. Ол өзен шаянына сырттай
ұқсас, бірақ салмағы 20 келіге жетеді (Су
асты. тіршілік., 32). О м а р д ы ң алдыңғы
жұп аяқтарында қысқыштары болады, оны
корегін бөлшектеп кесуге пайдаланады
(Р.Сəттімбеков, Қызықты биология, 56).
ОМАРТАШЫЛЫҚ з а т. Бал арасын
өсірушілік, омартамен айналысушылық.
Кейін ел іргесі тыншыған соң екеуі о м а р
т а ш ы л ы қ кəсіпке ауысты (Қаз. əдеб.,
20.10.1978, 4).
ОМАШ: Омаш көже. Ұннан жасалған
көже; ұмаш. Техникум күніне бір рет
мұғалімдерге о м а ш к ө ж е береді, мен
сол көжені ішпей, үйге əкеліп балаларға
ішкіземін (Қаз. əдеб., 10.06.1988, 13).
ОМБАЙ-ДОМБАЙ с ы н. а у ы с. Дене
бітімі жараспаған; көріксіз. ≈ Қызы о м
б а й-д о м б а й бірдеңе.
ОМПАЙ е т. с ө й л. Томпай. Түнгі от-
тың сəулесі қамыс ішінен сəл о м п а я
қарауытқан үйіндінің бергі бетін алақан
құсап аялайды (Жұлдыз, 1972, №5, 93).
ОМПЫ з а т. с ө й л. Омпа. Шоқан
Бурабай бойын армансыз аралап, асық
ойынының тілімен айтқанда, бүгесі мен
шігесін, алшысы мен тəйкесін, о м п ы с ы
мен шомпысын түгел көрді (СМұқанов,
Аққан жұлдыз, 2, 475). Жалпы асықтың
тұрыстары о м п ы, шомпы, алшы, тəйке
болып, жатыстары бүк, шік деп бөлінеді
(Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 85).
ОМЫРАУ з а т. 1. Кеуде. 2. а у ы с.
Емшек. Əйелдер емшектегі балаларын
ала келіп, жыласа, о м ы р а у л а р ы н
жарқыратып ашып емізіп отырғанын
көресің (Б. Соқпақбаев, Өлгендер., 84).
ОМЫРАУҚҰР з а т. Қамыттың
орнына көліктің омырауына кигізілетін
жалпақ құр. Қысы-жазы ершік пен о м ы
р а у қ ұ р д а н босап көрмеген жануардың
жаны рақатқа бір батар еді (З.Ақышев,
Ақбел асуы, 19).
ОМЫРАУЛЫ с ы н. а у ы с. Биік
дəрежелі, мықты; айбынды. Облаткомның
о м ы р а у л ы төрағасының қызметтен
кету себебі де қызық (О.Сəрсенбай, Шығ.,
5, 363). Билік тізгінін ұстаған азамат
қаншама қызу қанды, білікті, о м ы р а у л ы
болғанмен, аз уақытта оңайлықпен еш
нəрсе оңала қоймайды (Бұл да. 5, 376).
ОМЫРАУША з а т. с ө й л. Кеудеше,
жеңсіз, шолақжең. Мана шешесі «тоңасың,
тер қатады» деп жеңі жоқ, кішкенай о м ы р
а у ш а н ы зорлап кигізген еді (С.Байжанов,
Ақ маржан, 30). Ол жалаң аяқ, көйлекшең,
454
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ақ о м ы р а у ш а киген, қос бұрымды,
шашына даланың гүлін қыстырып жүреді
(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 181).
О М Ы Р Т Қ А : О м ы р т қ а қ а з ы .
Омыртқаның айналасындағы майдан
жасалған қазы. Ішінен екі қыртыс қазы
шықты. Бұның өзі кіндік қазы, тел қазы,
жая қазы, о м ы р т қ а қ а з ы, қабырға
қазы боп тарайды (Қаз. əдеб., 28.11.1986, 9).
ОМЫРТҚАША ү с т. Омыртқа тəріз-
ді, омыртқа сияқты. Батыстан шығысқа
қарай бір-бірімен о м ы р т қ а ш а
жалғасқан маяжон төбелерден көзге
оқшау көрінетіні де – Қосшоқы (Лен. жас,
30.04.1977, 2).
ОН: Он алтыншы мылтық. Оққой-
масының көлемі 16 миллиметрлік мылтық.
Оның есесіне, балаң кездегі таудың кекілік
шілін қуалап, «о н а л т ы н ш ы» м ы л
т ы ғ ы н таңқылдатып жүргені келе-келе
өнерге айналды (К.Сегізбаев, Жап-жасыл.,
29). Құрақбай о н а л т ы н ш ы опырма
м ы л т ы қ т ы алып, аттап-бұттап сырт-
қа шығып кетті (Т.Мəмесейіт, Таудан., 192).
Он бір жылдық мектеп. Оқушылар-
ды он бір жыл оқытатын мектеп. Мен
о н б і р ж ы л д ы қ м е к т е п т і сырттан
оқып бітірген едім (Лен. жас, 04.06.1974, 2).
Он екі ай. Бір жыл д.м. О н е к і а й д
а айналып Бір келермін, жар-жар-ау! (Ай-
тыс, 1, 18). Аулымның қонған жері шым
балады, Толғанда о н е к і а й ғ а жыл
болады (Айтыс, 2, 50).
Он екі қанат үй. Он екі керегеден
құралған үлкен үй. Ауылдың төр жағындағы
о н е к і қ а н а т ақбоз ү й д і ң айналасы
айырықша абың-гүбің (Т.Мəмесейіт,
Таудан., 22).
ОНДАЛАУ е т. ж е р г. Аунақшу,
дөңбекшу. Ол түнгі халімді ешкімнің
басына бермесін. Төсекте түнімен о н д а
л а у да о н д а л а у, простиням шираты-
лып шұлғау боп қалды. Тек таң алдында
кірпігім ілінген екен (Б.Аманшин, Гүл
көтерген, 80).
ОНДЫҚ з а т. м а т е м. Онға дейінгі
сандар тобы. Ал бастауыш кластарда о н
д ы қ есептеулерден жүздік есептеулерге
көшу дұрыс шешім (Білім жəне еңбек, 1974,
№10, 17).
ОНДЫҚ-МҰНДЫҚ е с і м. с ө й л.
Анау-мынау. Тек Нəзира əкпем ғана о н д
ы қ-м ұ н д ы қ шаруа істеген боп, өзіміздің
үйдің алдында жүр (С.Мұратбеков, Жабайы
алма, 35).
ОНКҮНДІК з а т. Оқушылардың
он күнге созылған демалысы. Үйлері
Ертайлармен бірге екен. О н к ү н д і к т е
д е, алтыкүндікте де барды (Жалын, 1973,
№6, 28).
ОНЛАЙН з а т. ж а ң а . Интернет ар-
қылы ақпарат алу немесе қызмет көрсету
мүмкіндігі.
ОН-ОҚ з а т. Тайпа атауы. Батыстағы о н-
о қ т а р, түркештер, теріскейдегі қырғыз бен
тоғыз-оғыздар, шығыстағы қытандар тұр-
ғанда іргемізді бүтіндеп, белбеуімізді бекі-
туіміз керек (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 294).
ОҢ: Оң жамбасына келді. Ыңғайына
келді, сəті түсті. Осы жолдардың биік
қасиеті атақты сазгер Шəмшінің о ң ж а
м б а с ы н а к е л е к е т к е н і тегін емес
(Қазақ., 17.08.2012, 5).
Оң қабақ көрсетпеді. Ұнатпады,
жақтырмады; жақсы қарсы алмады
(О.Сəрсенбаев, Бақыт құсы, 97).
ОҢҒАҚ... Тірлік ащыны да, тұщыны да
таттыррып, ... алдамшы адамгершілікке, о ң
ғ а қ достыққа бой алдырып, күнін өткізбек
білем (Д.Рамаданов, Тас түлектер, 21).
ОҢҒАҚТАН е т. Оңып кету, өңін
(түсін) жоғалту. Жиек-жиегі қырқылған,
əрі көне-тоздықтан түсіне дейін о ң ғ а қ т а
н ы п, қазір не қара, не қоңыр екені белгісіз
терсіңді малақайын қағып-сілкіп басына
киді (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 95).
ОҢҒАҚТАНУ Оңғақтан етістігінің
қимыл атауы.
ОҢҒАР з а т. э т н. Қазіргі венгер
халқының көне атауы. О ң ғ а р л а р
дегеніміз – венгерлер (В.Ян, Шыңғыс хан,
293, 337).
ОҢҒЫ: Оңғы бояр. т а р. Жасы
үлкен, сыйлы құрметті бояр. Бастарына
қыпшақы сүйір төбелі түлкі тымақ, қарсақ
бөрік киген Гаврил басқарған орұсуттың
бір топ о ң ғ ы б о я у л а р ы қалаға кірді
(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 51).
Достарыңызбен бөлісу: |