Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет110/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   168

ОТ-АНА з а т. э т н. Оттың иесі, киесі. 

Қазақтар  жер-ана,  су-ана  жəне  о  т-а  н  а 

рухына  сыйынды.  Өмірде  əсіресе  отқа 

(о  т-а  н  а)  табыну  үлкен  роль  атқарды 

(ҚазССР тарихы, 2, 376).

ОТАНДАСУ  Отандас  етістігінің 

қимыл атауы. 

ОТАУ з а т. ж е р г. Шөмеледен үлкен, 

үймектен  кіші  шөп  үйіндісі.  Шіркін! 

Оған  шілденің  шіліңгірінде  қолмен  шөп 

шаптырып,  айырмен  о  т  а  у  үйгізсе 

(Ə.Асқаров, Таңд., 56). Қолдарының қаруы 

барлары  о  т  а  у  үйеді,  сүйретпеге  шөп 

салады (Ə.Асқаров, Өр Алтай., 382). Əрине, 

олар дедектеп сүйретпенің соңынан жүгіре 

алмайды, жерде тұрып о т а у д ы ң басына 

айыр-айыр  шөп  лақтыруға  шамалары 

келмейді (Бұл да, 383). 



ОТАУЖАБАР  з  а  т.  э  т  н.  Күйеу  мен 

келіннің  отауын  тігер  (жабар)  алдында 

күйеуден  алынатын  кəде.  Үй  тігіскен 

əйелдер  күйеуден  «о  т  а  у  ж  а  б  а  р», 

«шаңырақ  көтерер»  кəделеріне  малдай, 

ақшадай немесе тігулі киімдей сыйлықтар 

алады (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 203). 

ОТАУЖЫҒАР  з  а  т.  э  т  н.  Ұзатылар 

алдында  қыздың  отауын  жыққаны  үшін 

берілетін кəде. Бұл арада тағы да бірқыдыру 

кəделер берілу керек. Мəселен, төсекбұзар, 

шымылдықшешер, о т а у ж ы ғ а р деген 

кəделер үшін ақша берілетін (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халқы., 219). 

ОТАУЛА  е  т.  Шабылған  шөпті  үю, 

отау  жасау.  Күні  бойы  шөп  жинаймыз,

о т а у л а й м ы з, сүрлем саламыз, сүдігер 

жыртамыз (Ə.Асқаров, Таңд., 308). 



ОТАУЛАН е т. Отау сияқты шошаю. 

Бауырында шашылған бір кəлем шөп жоқ, 

күннен  күнге  басылып,  о  т  а  у  л  а  н  а 

шөккен шошақтың төбесі желге қопсымай, 

суағарланып жаншыла түскен (С.Жүнісов, 

Ақан сері, 2, 35). 



ОТАУЛАНУ  Отаулан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ОТАУЛА  е  т.  Отау  етіп  бөлек  шы-

ғару. Қазақ болған соң, біреудің «қыз ұза-

тамыз» деп, біреудің «ұл о т а у л а й м ы з»

деп  жиған-тергені  болмай  қоя  ма? 

(М.Разданұлы, Алтай., 290). 



ОТАУЛАУ  Отаула  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ОТАУЛЫҚ з а т. Отаудың (отау үйдің) 

міндетін  атқарушылық.  Бұдан  кейінгі 

балалары жеке отау тігіп жатса да, осы тұң-

ғыш отау өзінің үлкен о т а у л ы қ қалпын 

сақтайды (Қ.Толыбаев, Бабадан., 29).



ОТАУСЫЗ  с  ы  н.  Отау  етіп  бөлек 

шығармай,  отау  тікпей.  Ұя  басар 

кенжемізді  о  т  а  у  с  ы  з  үйлеп,  үлкен 

үйдің ортақ асын бөліп ішетін болғанбыз 

(М.Разданұлы, Алтай., 41). 



ОТБАСЫЛЫ  с  ы  н.  Отбасы  бар, 

үйленген. Екеуміз о т б а с ы л ы болған 

алғашқы жылдары ол маған тым түзу қабақ 

танытпай  жүрді  (Т.Əлқанұлы,  Тірліктен., 

350).


ОТЖАҚПАС  з  а  т.  х  а  л  қ.  Сəуір 

(көкек)  айы.  Хасенғали  мақаласында «23 

айы», «о  т  ж  а  қ  п  а  с»  аталған  екі  ай

бұрынғы  зерттеушілердің  назарына  ілік-

пеген көрінеді (Қаз. əдеб., 04. 12. 1991, 6). 



ОТКЕМЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Параход. 

Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң 

хабар  алғызып  тұрған – ғылым,  отарба, 

о  т  к  е  м  е  л  е  р  д  і  жүргізген – ғылым 

(А.Байтұрсынұлы:  Алаш., 52). Өнер-

білімнің, сауда-кəсіптің отарба, о т к е м е н і ң

тоғысатын кіндігі – Семей (Ж.Аймауытов, 

Шығ., 300). Адам  баласының  қолымен 

істелген отарба, о т к е м е л е р д і һəркім 

біледі («Қазақ» газеті – 1914, 89). 

ОТҚАРУ з а т. ə с к. Зеңбірек. – Бүкіл 

батыс жұртының қолайына жаққан о т қ а 



р у д ы ң сырын алмасаң, күндердің күнінде 

өз  басыңа  зобалаң  туар  (М.Мағауин, 

Аласапыран, 2, 13). Олар ойраттарды о т қ а 

р у м е н жарақтандырып, қазақ ауылдарына 

жауып кеп жібереді (Қ.Жұмаділов, Таңғаж. 

дүние, 10). Қалмақты  жүрген  жоқпыз 

жаңа көріп, ырқына жібереміз неге көніп? 

Бөрідей шулап жатқан көрінеді, Орыстың

о т қ а р у ы ы н ала келіп (Н.Айтұлы, Ту, 117). 

ОТТАҚЫ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Оттаған, 

пышыраған (сөз). – Бұл қандай о т т а қ ы

сөз?! – деп  Жарбосынов  сыпайылықты 

ұмытып,  даусын  көтеріп  шыға  келді 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 244). 



ОТТАН е т. с ө й л. Көзі оттай жайнау. 

Осы  оқиғаны  аузы  жыпылдап.  Сəбира 

айтып  бергенде  Құралайдың  көзі  о  т  т 

а  н  ы  п  қатты  таң  қалды  (Жұлдыз, 1973, 

№2, 69). 



460

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ОТТАС е т. 1. Бірге жүру, бірге жайылу. 

2. а у ы с. Не болса соны айту, ұрсысу. Енді 

мұндай шығудан қалған бірен-саран сырт 

буын ақ бас қарттарды орталарына алып, 

əлі о т т а с ы п жүр (Ғ.Мүсірепов, Өмір 

жорығы, 5). 



ОТТАУБАЙ с ы н. с ө й л. Оттаған, 

пышыраған  (сөз). – Е,  о  т  т  а  у  б  а  й 

сөз  ғой!  Облыстық  ауыл  шаруашылығы 

басқармасының  бастығы  «өйтті-бүйтті» 

деп былжырайды да (О.Сəрсенбай, Шығ., 

5, 87). – Оспанның о т т а у б а й ы талай 

уақыттарымызды  ұрлады  (О.Бөкеев,  Өз 

отыңды., 69). 

ОТТЫ: Отты қару. к ө н е. Зеңбірек. 

Мұның діні, тілі жат, түсі де бөлек, бірақ



о т т ы  қ а р у ы бар біраз жұртқа ұна-

ғандай  (К.Жүністегі,  Едіге, 196). Витовт 

қайта күшейді. О т т ы  қ а р у əр əскерінде 

бар (Бұл да, 370). 



ОТТЫСУ з а т. п е р и ф р. Арақ. Ал-

дарында  о  т  т  ы  с  у,  ішіп  ап  көн  бет 

жердің  көлінде  көлбеген  қасқалдақтай, 

қыт-қыт  етіп  тілдері  күрмеліп  отыр 

(Қ.Құрманғалиева, Атырау., 94). 

ОТХАНА з а т. с ө й л. От жағатын 

бөлме, қазандық. Қамбатша апа күйеуінің 

жеңінен тартып, о т х а н а жаққа қарай 

сүйреді (Қаз. əдеб., 12. 02. 1988, 15). 

ОТШАШУ з а т. Мейрам күндері түнде 

түрлі түсте оттарды аспанға шашу өнері. 

Біраз жылдан бері сəнге кірген қытайдың 



о  т  ш  а  ш  у  л  а  р  ы  н  ы  ң  қызыл-жасыл 

ұшқыны көз арбайды (Қ.Əбілқайыр, Ұмыт., 

152).  Жанартау  алыстан  бақылағандарға

о т ш а ш у (фейерверк) сияқты əсер етеді 

(Егем. Қазақст., 30. 07. 2008). 



ОТЫЗ:  Отыз  екінші  мылтық. 

Оққоймасының  көлемі 32 миллимерт-

лік мылтық. ≈ Қолында о т ы з  е к і н ш і 

м ы л т ы ғ ы бар. 

ОТЫЗДАҒАН  с  а  н.  Отыз  шақты, 

отызға жуық. Ал талай жылдар өткен соң, 

ондаған,  жиырмалаған,  о  т  ы  з  д  а  ғ  а  н 

жылдардан кейін сол ұмытылмағандардың 

өзі де ұмыт болады əлі (С.Мұратбеков, Дос 

ізде., 134). 

ОТЫНШЫЛ с ы н. Орманға барғыш, 

отын алып келгіш. Əсіресе кенже келіннің 

аяқ астынан о т ы н ш ы л болып кеткенінен 

көңілге күдік алды (Ə.Сарай, Атырау, 356). 

ОТЫР... 2. а у ы с. Жұмыртқалап кету, 

тышу.  Шіркейіңе  керек  малдың  қотыры, 

Маса  жұрттың  жүр  мазасын  кетіріп.  Көк 

шыбынға жас ет керек жаюлы, Жақсылап 

бір кету үшін о т ы р ы п (Қ.Мырзалиев, 

Қорамсақ, 175). 

ОТЫР: Отырып қалды. Аты болмай, 

үйден  шыға  алмады.  Кертаңдақ  енді 

тақымыңа  тие  қоймас.  Бəлем,  о  т  ы  р  т 



ы п  қ а л д ы деген осы (Р.Аманкелдиев, 

Батырдың., 43). 



ОТЫРҒЫЗ... 2. а  у  ы  с.  Машинаның 

аккумуляторын  істен  шығару.  Ол 

бəрібір  стартермен  оталмайды.  Құр 

аккумуляторыңды  о  т  ы  р  ғ  ы  з  а  с  ы  ң 

(З.Шүкіров, Қиын түйін, 67). 



ОТЫРҒЫЗ  е  т.  а  у  ы  с.  Сөзге  жығу, 

сүріндіру. Сөйтіп алғыр шешен топас төрені 

бір о т ы р ғ ы з ы п т ы (Бабалар сөзі, 79 

т., 118). 

ОТЫРМАҚ...  Барсақ  қаптаған  қыз-

келіншек. «О т ы р м а қ жасап жатырмыз» 

дейді  (Қ.Тоқымырзин,  Керзаман, 3, 68).

О т ы р м а қ дəл қызған кезде нағашысы-

ның  баласы: - Биғайша,  сені  шешең 

шақырады, - деді  (Қ.Құрманғалиева., 

Атырау, 65). 



ОТЫРМАЛЫ:  Отырмалы  жапы-

рақ.  б  о  т.  Сабаққа  сағақсыз  орналасқан 

жапырақ.  Сағақсыз  жапырақ  сабаққа 

жапырақ алақаны арқылы бекиді. Мұндай 

жапырақты – о т ы р м а л ы  ж а п ы р а қ 

дейді (Ботаника, 65). 



ОТЫРЫҚТАСТЫР  Отырықтас 

етістігінен жасалған өзгелік етіс.

ОТЫРЫҚТАСТЫРУ  Отырықтас-

тыр етістігінің қимыл атауы. 

ОТЫРЫҚТАСТЫРЫЛ  Отырық-

тастыр  етістігінен  жасалған  ырықсыз 

етіс.  Шекара  асып  кетіп,  соңында 

қалғандардың  барлығы  шектеліп,  ойдағы 

Еміл бойына о т ы р ы қ т а с т ы р ы л д ы

(Ғ.Білəл, Ғасырлық., 65). 



ОТЫРЫҚТАСТЫРЫЛУ  Отырық-

тастырыл етістігінің қимыл атауы. 

ОЧЕРКШІ з а т. Очерк жазғыш, очерк 

жазуды  кəсіп  етуші.  Сөйтіп,  бізге  мəлім 

емес Майлин осындай ойлы сыншы, озық 



о ч е р к ш і, оқшау фельетоншы (Қаз. əдеб., 

06. 05. 1988, 7). 



ОШАҒАНДЫ  с  ы  н.  Ошаған  өскен, 

ошағаны мол. Қойды жабағы жүні үстінде 

жүрген  кезде  о  ш  а  ғ  а  н  д  ы,  шеңгелді, 

тікенегі  бар  жерге  жаюға  болмайды 

(Коммунизм  таңы, 05. 04. 1958, 3). Бұл 



461

Байынқол Қалиев

кезде тікенді, о ш а ғ а н д ы участоктер 

қойдың  жүніне  өте  зиянды.  Сондықтан 

мұндай өріске қойды əсте жолатпау керек 

(Көкшетау правдасы, 05. 07. 1968, 3). 

ОШАҚ

1

... 2. а у ы с. м е т о н. Үй, отау. 

Өз о ш а ғ ы н ы ң есігін ол ештеме ойламай-

ақ,  шіміркенусіз,  тітіркенусіз  келіп  аш-

ты  (С.Шаймерденов,  Өмір  нұры, 404).

Оны бүкіл ел қарғап отыр, оның зияны тиме-

ген о ш а қ бар ма? (Ш.Өтепов, Таушелек-

те., 53).

Ошаққа  тас  болды.  Үйге  ие  болды, 

шаңырақты  ұстап  қалды. – Бейшара-ау,

о ш а қ қ а  т а с  б о л ғ а н қызды қайда кө-

ріп ең? (С.Мұқанов, Мөлдір., 58). 



Ошақ  табақ.  э  т  н.  Ошақ  басында 

жүріп,  қол  ұшын  берген,  көмектескен 

кісілерге  тартылатын  арнайы  табақ. 

Той-томалақ,  нəзір-құзыр  əзірлігі  кезінде 

ошақ жасап, отын түсіріп, үй тіккендерге 

арналған  табақты  о  ш  а  қ    т  а  б  а  қ  деп 

атаған (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 16). 

Ошақ табан. э п и т. Тұяғы үлкен, тиген 

жерін ошақтай етіп қазып кететін (ат). 

Қалың  əскердің  алдында  торлы  сауытты, 

құрыш  дулыға,  нардай  биік,  жалы  жерге 

төгілген,  о  ш  а  қ    т  а  б  а  н  көк  бурыл 

тұлпар мінген Мамайдың өзі (І.Есенберлин, 

9, 286). Иранға  қарай  борт-борт  желген 

қыпшақтың  тоқпақ  жал,  құлаш  құйрық,

о ш а қ  т а б а н сəйгүлік жүйріктері (Бұл 

да, 145). 



ОШАҚ

2

  з  а  т.  в  е  т.  Ірі  қара  малда 

(сиырда)  болатын  індет;  қараталақ. 

Бұл індет жылқыда – жамандат, түйеде – 

қарабез,  ақшелек,  ірі  қарада – қараталақ, 

о ш а қ, қойда – топалаң, ылаң, ешкіде – 

шекшек  деп  аталады  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

этногр., 108). Қазіргі əдебиеттерде топалаң 

(жамандат, қарабез, ақшелек, қараталақ, о ш 



а қ, ылаң, алаң) ауруы оның түрлі белгілері, 

жолдары  жан-жақты  (Білім  жəне  еңбек, 

1986, №1, 33). 

ОШАҚ

3

  з  а  т.  Ойыншылар  екі  топқа 



бөлініп,  бір  топ  төрт  бұрышты  үлкен 

сызықтың  ішінде,  екінші  топ  сыртында 

тұрады. Сырттағылар іштегілерді доппен 

ұрады. Доп кімге тисе, сол адам сыртқа 

шығады. О ш а қ ойынында іштегілер допты 

денесіне  тигізбеудің  амалын  жасайды 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 124). 

ОШАҚБАСЫ  з  а  т.  э  т  н.  Көп  адам 

жиналған  жерде  табаққа  салар  еттің 

(сыбағалардың)  жайын  жақсы  білетін 

басшы  жігіт.  Жіліктің  ыңғайы  мен 

табақтың оңтайын білетін жігіт ағасы отыз 

еркек о ш а қ б а с ы болады (Ə.Кекілбаев, 

Дала баллада., 117). 



ОШАҚҚАЗАР з а т. э т н. Ұрын келген 

күйеу баладан алынатын кəделердің бірі. 

Бұл  сенен  алған  қызкөрсетерім  болсын. 

Əлі асықпа, іргебасар, шашсипатар, о ш а қ

қ а з а р, бозапұл дейтіндер толып жатыр 

(Қ.Тұрсынқұлов, Анды-Қарақыз, 145). 



ОШАҚТА е т. с ө й л. Ошақ ауруымен 

ауру, ошақ болып қалу. Айдар көздерін о ш 

а қ т а ғ а н сиыр құсатып жіберді де: - Е, 

маған не ғыл деп тұрсың? – деп дүрс еткізді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 169). 

ОШАРСЫЗ с ы н. с ө й л. Хабарсыз. 

Атам жоғарыға барып ізденем, ақтап алам 

деп, буырылға мініп кеткен. Əлі жоқ, о ш 

а р с ы з (О.Бөкеев, Үркер, 19). 

ОШАРЫЛЫС  Ошарыл  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Сықасып  отырған 

жұрт сең бұзылғандай дүркірей о ш а р ы 



л ы с т ы (Қаз. əдеб., 06. 01. 1987, 8). 

ОШАРЫЛЫСУ Ошарылыс етістігінің 

қимыл атауы.

ОЯЗДАТ  е  т.  Құсты  арықтату, 

майынан  айыру.  Сонан  соң  етін  о  я  з 

д  а  т  п  а  й  бабымен  қайырып,  қарнын 

ашырып,  жүрегін  қарайтып  ұстау  керек 

(Ғ.Оралбаев,  Ақиық, 96). Бұл  оның  əлін 

қашырып, етін о я з д а т ы п, ат үстінде 

отыруға дағдыландырады (Ж.Сатылғанов, 

«Қауырсын» клубы, 105). 



ОЯЗДАТУ  Ояздат  етістігінің  қимыл 

атауы.

ОЯЗСУ  Оязсы  етістігінің  қимыл 

атауы.

ОЯЗСЫ  е  т.  Етінен  аздап  арылу, 

арықтау;  оязы.  Сыздық  болса  алғаш  жа-

насып, сипаған күні-ақ құстың саны о я з-



с ы п босай бастағанын жаза баспай таныған 

(А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 129). 



ОЯЗЫ е т. Еті азаю, арықтау. – Мына 

құлантұяғыңның  (ат)  еті  о  я  з  ы  п  кетіп-

ті.  Жиреніңді  мініп  кет  (Ғ.Мүсірепов, 

Ұлпан, 94). 



ОЯЗЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  арықтау, 

жүдеңкіреу. Атшының астындағы еті о я з ы 

ң қ ы р а п қалған бүкір қарагер бие болатын 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 140). 



ОЯЗЫҢҚЫРАУ  Оязыңқыра  етіс-

тігінің қимыл атауы.

462

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ОЯҢ с ы н. ж е р г. Арық. Мəселен, еті 

өте о я ң құс қояны көтере алмауы мүмкін 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 53). 

ОЯҢДА е т. ж е р г. Арықтау, аздап еті-

нен арылу. 

ОЯҢДАТ Ояңда етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Егер құс өте семіздіктен түле-

мей отырса, оның етін о я ң д а т ы п, сонан 

соң түлекке отырғызу керек (Ж.Бабалықов, 

Қыранды, 35). 



ОЯҢДАТУ Ояңдат етістігінің қимыл 

атауы.

ОЯП  з  а  т.  Істің  реті,  жөні,  ыңғайы, 

əдіс-тəсілі. Жас бала шаруаның о я б ы н

біле  бермейді  (Д.Досжанов,  Жолбарыс, 

350). Нəдірбеков Сембай қойды жаюдың, 

семіртудің о я б ы н алған шопан (Қаз. əдеб., 

31. 08. 1984, 13).

Оябын тапты. а) Ретін келтіріп, жөнін 

тапты. Ортақ істің о я б ы н т а п с а ң 

жақсы болар еді (Қаз. əдеб., 07. 01. 1977, 

3). Кісінің жанын ұғады, шаруаның о я б ы 

н т а б а д ы деп Балтабайды жақсы көру-

ші  еді  (Қаз.  əдеб., 15. 04. 1988, 12). 

ə)  Көңілін  тапты,  ойынан  шықты. 

Жасы  алпыстан  асқанша  талай  əкім-

нің алдын көріп, о я б ы н т а у ы п үйрен-

ген  ол  аудан  мен  ауыл  арасындағы  есеп-

қисапқа  кемдігі  жоқ  еді  (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 108). 



Ө

ӨБІСТІРМЕ з а т. Жауын-жашыннан 

қорғайтын жамылғыш, қарапайым əдіспен 

тігілген тыс киім. Аба немесе ө б і с т і р 

м е көбінесе жылқы терісін түгін сыртына 

қарата тұтас тігілген сулық яғни жамылғыш 

(Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 281). 

ӨБІ-ТƏБІ с ы н. ж е р г. Əдеттен тыс, 

өзгеше. Бұл Қаратау теріскейі үрдісінде ө б і 

– т ə б і тойхана (Қаз. əдеб., 29. 09. 1972, 3). 

ӨГІЗ:  Өгіз  балуан.  Күші  мол,  үлкен, 

дөңкиген  балуан.  Осынау  тың  үрдісті 

төренің қолдағанын көрген ауқаттылардың 

ішінен «ө г і з  б а л у а н ғ а» бəйге тіккендер 

де болды (К.Сегізбаев, Беласқан, 256). 



Ө г і з   қ а м ы т.   Ө г і зд і ң   м о й н ы н а 

салынатын  қамыт.  Қамыттың  ат  қамыт, 

түйе қамыт, ө г і з  қ а м ы т деген сияқты 

түрлері бар (Шаңырақ, 34). 

Өгіз торы. Шабан жүретін торы ат, 

қой торы. – Қой баққан! – деді Əнуар сұқ 

саусағын  жоғары  көтеріп. – Кəдімгідей,



ө г і з  т о р ы ғ а мініп (М.Мағауин, Таңд. 

шығ., 1, 296). 



ӨЖІРЕКТЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Өршелену, 

езеуреу.  Білімі   асып -төгіліп   бара 

жатпағанымен  өзінің  өрккөкірек,  ө  ж  і 



р  е  к  т  е  г  е  н  мөжен-топай  пікірін  қара 

пиғылына  бүркемелеп  ұсына  беретін 

(О.Бөкеев, Қайдасың., 66). 

ӨЖІРЕКТЕУ  Өжіректе  етістігінің 

қимыл атауы.

ӨЗ:  Өз  жұрты.  э  т  н.  Адамның  əкесі 

жағынан  есептелетін  алыс-жақын  аға-

йындары; елі. Туыстық қатынастар жүйе-

сін  үш  негізгі  топқа  бөлуге  болады:  ө  з



ж ұ р т ы, нағашы жұрты жəне қайын жұр-

ты (Қаз. этнография., 2, 394). Əрбір адам-

ның үш жұрты болады: бірінші - ө з  ж ұ р

т ы, екінші – нағашы жұрт, үшінші – қайын 

жұрт (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 100). 



Өз қазаным өз бауырымда. Өз еркім 

өзімде,  өзіммен  өзім;  ешкімге  тəуелді 

емеспін д.м. – Мені қойшы, ө з  қ а з а н ы м

ө з  б а у ы р ы м д а емес пе. Өз тірлігің 

ше? (Жалын, 1973, №6, 76). 



Өзі  дегенде  өзегіңді  суырып  алады.

Өз  пайдасы  үшін  неден  болса  да  та-

йынбайды. Нағыз ем қонбайтындардың өзі. 

Ө з і  д е г е н д е  ө ң е ш і ң д і  с у ы р ы п

а л у ғ а даяр (Ш.Айтматов, Ақ кеме, 61). 

Өзім  білермендік.  Өзім  білем  деу, 

менменсу;  тəкаппарлық.  –  Бұл  қалай! 

Күллі  республика  алдында  дақпырттап 

жар  салып  жатқаның.  Қайдан  шыққан

ө з і м  б і л е р м е н д і к?! (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 435). - Əй, сен қайдан шыққан 

тоңмойын, ө з і м  б і л е р м е н д і к с і ң! 

–  деп  шылбырына  жармасып,  қамшымен 

басынан ұра берем дегенде, Сыпатай шаба 

жөнеледі (М.Қалдыбай, Елім деген., 6). 



Өзім  білермендікке   с а лынды . 

«Өзім  білем»  деп  дандайсыды;  ешкімді 

тыңдамады. Нəртас кенішінің бас инженері 

азамат Данаев ө з і м  б і л е м д і к к е  с а 



л ы н ы п, өндіріске орасан зиян келтірді 

(Ш.Мұртазаев, Қара маржан, 193).



Өзіне-өзі қол салды. Өзін-өзі өлтірді, 

қол  жұмсады. – Тезірек  жындыханаға 

463

Байынқол Қалиев

жатқызып емдеу керек, əйтпесе ө з і н е - ө з і



қ о л  с а л ы п жүруі мүмкін (І.Есенберлин, 

Махабб., 14). 



Өзін қоярға жер таппады. Не істерін 

білмеді, зар қақты. – Байқұс зар илеп, ө з 

і н  қ о я р ғ а  ж е р  т а п п а й жүр екен, 

мен  барған  соң-ақ  жаны  терезе  тапты 

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 131).

ӨЗБЕК з а т. 1. Көшпелі халық (қазақ).

2.  Ежелгі  отырықшы  халық. 3. Қар-



лұқ,  оғыз,  моңғол  т.б.  тайпалар  бірлес-

тігі. Ө з б е к т е р үш халықтан: 1) шай-

банилықтардан  (отырықшы), 2) қазақ-

тардан  (көшпелілер), 3) маңғыттардан 

(қарлұқ, оғыз, маңғол) тұратындығы атап 

көрсетілген  (Қаз.  əдеб., 22. 06. 1990, 11). 

Шежіре деректері бойынша ө з б е к т е р

92  баулы  (рулы)  деп  аталады.  Оларды 

бүгінде  о сы  этнонимді  басы  бүтін 

иемденген ө з б е к ұлтымен шатастыруға 

болмайды (Бұл да). 



ӨЗГЕЛЕНДІР  Өзгелен  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс  (Р.Ниязбеков, 

Отағасы, 128). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет