Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет113/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   168

ПƏЛСАПАШЫЛ с ы н. Пəлсапақұмар, 

пəлсапа соққыш. – Бұл жақта сұрамсақтар 

тіпті  көп  екен.  Олардың  бəрін  асырай  да 

алмассың, - дейді  енді  қыз  баладан  гөрі 

п  ə  л  с  а  п  а  ш  ы  л  əйелге  тəн  қылықты 

үнмен  (Ə.Əлімжанов,  Отырардан., 142). 

Мəнді  сөздің  майталманы  парасатты

п ə л с а п а ш ы л Мəшһүр Жүсіп болса, 

-  Əбусейітовтердің  аталасы  ғана  емес, 

ағайындасы (Қаз. əдеб., 19. 12. 1975, 4). 

ПƏЛСАПАШЫЛДЫҚ з а т. Пəлсапашы 

болушылық;  терең  ойлылық. – Сапеке, 

соның бəрі сіздің шежіреші п ə л с а п а ш ы 



л д ы ғ ы ң ы з д а, ақылгөй абыздығыңызда 

(Ə.Ыдырысов, Тұлға., 132). 



ПƏЛТЕ з а т. Қалың матадан тігілген 

қысқы сырткиім (пальто). Оның қисайып 

кеткен тымағын түзеп кигізіп, бауын бай-

лап, өңірін қымтап, өзі де п ə л т е с і н і ң

түймелерін салып, автобустан түсуге дайын-

дала бастады (Т.Мəмесейіт, Таудан., 207). 

ПƏМИЛЕ з а т. с ө й л. Фамилия. – Қа-

рағым, п ə м и л е с і н Сейдінов деп жаз. 

Сөйт, шырағым (К.Сегібаев, Жап-жасыл., 

395). Енді оқи алмасына көзім қалтқысыз 

жеткен соң, сонда есімін п ə м и л е етуге 

бекер-ақ келіскен екенмін деп те ойлаймын 

(Бұл да, 395). 

ПƏНƏЙІ:  Пəнəйі  себеппен.  Белгілі 

бір себеппен. – Жаман айтпай жақсы жоқ, 

əкімдер п ə н ə й і  с е б е п п е н елге орал-

са қайтеміз? – деді Бименде (Т.Əлімқұлов, 

Ел мен жер, 68). 



ПƏНДІ з а т. с ө й л. Қарулы, қарақшы; 

банды. – П  ə  н  д  і  л  е  р  қайта  шығыпты 

472

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

дейтін болды-ау! – деді Алжанбай мазасыз-

данып (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 36). - Əй, 

мені орта жолда тонап кететін п ə н д і деп 

пе ең? (Э.Төреханов, Таудан түс., 173). 

ПƏНШІ  з  а  т.  Дінге  сенбейтін  адам 

(бұл дүниелік адам). П ə н ш і дейді: «Қайда 

тəңірі?» Дінші дейді: «Менде тұр!» Екеуі 

де  сөзге  нанды,  Таза  ақылдан  жоқ  сұрақ 

(Шəкəрім, Шығ., 204). П ə н ш і мен дінші 

тыңдамас, Жиреніп мұны ұнамас. Өйткені 

олар бірезу Əдетін тастап, шыдамас (Бұл 

да, 232). 

ПƏНШІЛ  с  ы  н.  Құдайға  сенбейтін; 

құдайсыз. Осыған нанған есерлер, Ойы кем, 

сөзге шешендер, Ақылмен жанды тексер-

мей, Денешіл, п ə н ш і л кеселдер Дəлелсіз 

сөзбен ілгіштер (Шəкəрім, Шығ., 226). 



ПƏПІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Екпін,  қарқын, 

арын.  Бастауын  «американдық  ұлттан» 

алатын «қазақстандық ұлт» идеясы кезінде 

үлкен қарсылыққа жолығып, п ə п і г і ба-

сылып қалып еді. Қазіргі кезеңде бұл идея 

қайта  алға  тартылып  отыр  (М.Шаханов, 

Мəңгүрттенбеу.., 36).



ПƏР з а т. ж е р г. Жарық, қызу. Ошақтағы 

өшуге айналған оттың соңғы п ə р і көңіл 

кеңістігінің аясын тарылтып, жүректі сыз-

датады (А.Мекебаев, Жезтырнақ, 197). 



ПƏРБІ  з  а  т.  Ұшына  төрт  қырлы  бо-

лат  үскі  орнатылған  кергіге  тағылған, 

ысқымен  ерсілі-қарсылы  қимылға  келіп, 

ағашты тесіп шығатын құрал (Қаз. этно-

графия., 2, 85). 



ПƏРЕ з а т. с ө й л. Пəрек. Сонан соң 

суды  науаға  бұрды.  Сарқырап  аққан  су



п ə р е н і зулатып жіберді. Сөйтіп əп-сəтте-

ақ гүрілдеп, диірмен жүріп кетті (Жалын, 

1977, №3, 9). 

ПƏРЕЗЕ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Емдəм;  дие-

та. ≈ Біз күйеуіміз екеуіміз де п ə р е з е 

сақтаймыз. 



ПƏРЕЗЕЛІК с ы н. Емдəм; диеталық. 

Кешке  оның  тамақ  ішпей  ұйықтағанын 

есіне  алды  да,  тездетіп  екі-үш  жұмыртқа 

мен п ə р е з е л і к боп-боз колбасаны майға 

қуырып, шəйін демдеп, дастарханын даяр-

лады (М.Сқақбаев, Ұят тур., 222). 



ПƏРЕК  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Диірменнің 

су  ағысының  күшімен  айналатын  шы-

ғыршық.  Зиялы  дейтін  азаматтарымыз-

дың жел диірмен п ə р е г і н д е й айнал-

малы əрекетін, екі сөйлейтін тұрақсыздығын 

қайтерсің (Егем. Қаз., 22. 06. 1991, 3). 



ПƏРЕМІШ з а т. с ө й л. Пəрмеш. П ə р 

е м і ш, самсы, тұшпара, кəтлет дейтіндер 

болады екен (Ж.Аймауытов, Шығ., 309). 



ПƏРМЕНДЕН Пəрменде естістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. 

П Ə Р М Е Н Д Е Н Д І Р   П ə рм е н д е н 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. (Еңбек 

–  романдағы  бірден-бір  негізгі  тұлға, 

оның  ең  басты  лейтмотиві.  Жазушы 

жалпыхалықтық  еңбектің  əрбір  адамды 

қуаттандырып, п ə р м е н д е н д і р і п

оның  дұшпанға  қарсы  күресте  өз  ор-

нын  табуға  көмектесетіндігін  көрсетеді. 

(Қ.Нұрмаханов, Дос лебізі, 101). 



ПƏРМЕНДЕНДІРУ  Пəрмендендір 

етістігінің қимыл атауы.

ПƏРМЕНДЕНУ  Пəрменден  етістігі-

нің қимыл атауы.

ПƏРМЕНЕ з а т. с ө й л. Паруана (Қаз. 

мектебі, 1969, №3, 80). 



ПƏРМЕШ з а т. Ішіне ет салып майға 

пісірген дөңгелек нан; пəрамаш, пəреміш. 

Меймандос, құрметіне болды дайын, Хош 

алып, п ə р м е ш п е н берді шайын. Жо-

лаушы есін жинап алғаннан соң Түп-түгел 

баяндады  келген  жайын  (Қ.Тоғызақов, 

Сібір  Омар, 35). Күрке  тауық  еті,  самса, 

сиыр  етінен  жасалған  п  ə  р  м  е  ш,  қоян 

етінен  пештің  табында  пісірілген  бəліш, 

балмен  қатырылған  шəк-шəк  (Ж.Мусин, 

Туған үй., 94). 



ПƏРТІРЕТ з а т. Адамның бет бейнесін 

салатын  бейнелеу  өнері  (мүсін,  графика, 

фото т.б.). Рəзия апама жіберу үшін Ха-

сенмен бірге түскен п ə р т і р е т суреттімді 

əзірлеп,  жаныма  қойдым  (Ж.Аймауытов, 

Таңд. шығ., 311). 



ПƏРУАЗ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Паруаз.  Осы 

мезетте п а р у а з д а н сұр жылан шығып, 

өрмелей бастады. Оны көрген жан болмады 

(Т.Əлімқұлов: Қаз. əдеб., 25. 12. 1981, 9). 



ПƏРУАНА... 2. а у ы с. Жан-тəнімен, 

біржола,  мүлдем  берілген.  Көкесінің 

тірісінде  серігі  болған  қанжарды  қасиет 

тұтып, п ə р у а н а мұсылманның құран 

сүйгеніндей  құрмет  көрс еткен  еді 

(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 6). Ахаттың 

Тұрарға  п  ə  р  у  а  н  а  берілгеніне  риза 

болмай,  Дəу  Омар  үн-түнсіз  бұрылып, 

табалдырықтан аттады (Бұл да, 82). 



ПƏРУАНАЛЫҚ  з  а  т.  Пəруана 

болғандық, мүлдем берілгендік (О.Бөкеев, 

Қайдасың., 194). 



473

Байынқол Қалиев

ПƏРУЕЙ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Пəруай. 

Дұшпаны жоқ, жаттың кім екенін білмейтін 

Қарашелектің п ə р у е й і н е ол кезде ти-

намдай түйсік кірсе не қылсын (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 312). 

ПƏРІК  з  а  т.  ж  е  р  г. 1. Өсімдіктің 

бұтағы. Біздің енді көретініміз гүлзарларда 

сəл қыңыр өскен жапырақтар мен п ə р і к 



т е р і қырқылып тезге түскен раушандар 

мен райхандар (Соц. Қаз., 02. 04. 1991, 4). 2



Жапырақтың, жемістің жіңішке сабағы. 

Жеміс атаулының бəрінде жапырақ, п ə р і к

болады да, пəлек қауын-қарбызда болады 

(Егем. Қазақст., 02. 12. 1992, 4). 



ПƏРІН  з  а  т.  Лашын  мен  сұңқардың 

ш а ғ ы л ы су ы н а н   ту ғ а н   қ ы р а н   қ ұ с . 

Дəулетпақтың  торына  бүгін  көк  шəулі 

ілінді. Ал Құлман бір ителгі, бір п ə р і н 

ұстапты (Ə.Жылқышиев, Дауылд. кейінгі., 

7).  П  ə  р  і  н  тұнжырға  ұқсас,  яки  ителгі 

пішіндес  келеді.  Қанаты  сүйір  (Лен.  жас, 

30. 06. 1977, 3). 

ПƏСТЕН... 2. Аласару, кішірею. Қызыл 

кірпіштен  өрілген,  темір  шайырлы  тапал 

үй  со  қалпында  екен.  Аз  ғана  еңкіш  тар-

тып,  п  ə  с  т  е  н  е  түскендей  (Қ.Қазиев, 

Иманжапырақ, 61). 

ПƏСТЕНУ Пəстен етістігінің қимыл 

атауы.

ПƏСТЕТ Пəсте етістігінен жасалған 

өзгелік  етіс.  Артымдағы  зелімді  байқап, 

қарқынын п ə с т е т т і (Қ.Қазиев, Үркер, 

70). 

ПƏСТЕТУ Пəстет етістігінің қимыл 

атауы.

ПƏТЕРШІ  з  а  т.  Пəтерді  жалға 

беруші.  П  ə  т  е  р  ш  і  кемпір  отаныма 

қандала  қаптатып,  үйімді  кітапханаға  ай-

налдырмаймын деп безеріп отырып алды 

(Д.Досжанов, Жолбарыс, 6). 



ПƏТКЕРДЕ:  Пəткерде  қылды.  Ай-

ыпты  қылды,  күнəқар  етті.  Өмірге 

көзқарасының бөлектігіне бола адамдарды 



п ə т к е р д е қылудың жөні жоқ (Қаз. əдеб., 

11. 08. 1989, 4). Біз бұл жерде қайдағы бір 

идеялық кемшілік іздеп, жас талапты п ə т 

к е р д е  қ ы л м а қ емеспіз (Лен. жас, 16. 

05. 1974, 3). 



ПƏТПЕЛЕК з а т. ж е р г. 1. Батпырауық. 

Ол түрегеп, есікке жеткенше қағаз п ə т п 



е  л  е  к  сияқты  ойнап,  дөңгелене  ұшып, 

сыртқа  кетті  (Жалын, 1977, №1, 117). 2. 



Жалп-жұлп  еткізіп,  қаңғалақ  қақтырып. 

Жел қатқақ жерден құм бората алмай, сонда 

да  көкайылданып  шөп-шаламды  ұйқы-

тұйқы п ə т п е л е к ұшырды (С.Оспанов, 

Бақытты., 22). Ұстап үлгере алмады. Жел 

бір  жапырақ  қағазды  п  ə  т  п  е  л  е  к  ғып 

ұшырып əкетті (С.Оспанов, Сопы., 152). 

ПƏТУАЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Пəтуада 

тұрушылық, тиянақтылық. Эссе дегеніміз 

ішке  ештеңе  бүкпей  оқырманмен  еркін 

сырласу. Бұның да түпкі қазығы – п ə т у а 

л ы л ы қ, инабаттылық (М.Əлімбаев, Көңіл 

күнд., 202). 



ПƏШПІРТ: Пəшпірті бітті. с ө й л. э к 

с п р. Саудасы бітті, еш нəрсеге жарамай 



қалды.  –  Мына  құдайдан  безген  тағы  не 

бүлдіріп жүр, - деп діншіл шалдар мен п ə ш 



п і р т і біткен бұқпантай молдалар сырттан 

күңкілдеседі (С.Омаров, Дала қызы, 39). 



ПЕДИАТРЛЫҚ з а т. Балалар дəрігері 

(педиатр) болғандық. Мүгүлсімге кейде өз 

мамандығы – п е д и а т р л ы қ п е н ғана 

емес, терапевт те, окулис те, акушерка да 

болып  жұмыс  істеуге  тура  келді  (Абзал 

жандар, 128). 

ПЕЙІЛДЕСТІК з а т. Пейілі бірлік, ниет-

тестік (А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 43). 

ПЕЙІЛДЕСУ з а т. Пейіл білдіру, ниетін 

ашық айту ісі. Осы ашық п е й і л д е с у д і ң

өзі-ақ  көп  нəрсені  аңғартып  жатпай  ма?! 

(Ж.Бейсенбаев, Жасын-тағдыр., 226). 

ПЕЙІЛДІЛІК  з  а  т.  Адал  пейілдік,  ақ 

ниеттілік.  Есен  мен  зайыбының  ашық 

қабақ, ақ көңілмен сыйлағанның өзі кең п е 



й і л д і л і к т і ң, жомарттықтың белгісіндей 

болды (Ж.Тұрлыбаев, Семсер, 165). 



ПЕНДЖАБ  Үнді  жерінде  тұратын 

халықтардың  бірі.  Міне,  біреу  əңгімеге 

ұрду  тілінде  араласты,  онан  соң  п  е  н  д 



ж а б тілінде сөйлеп кетті (Ə.Əлімжанов, 

Отырардан, 180). 



ПЕНДІР  з  а  т.  Уақ  мал  сүтін  ұйыту, 

тұздау арқылы жасалған тағам; брынза. 

ПЕРЕЗЕ з а т. ж е р г. Диета, режім. 

Ауылға  қайтып,  ағарған  ішіп,  п  е  р  е  з  е 

сақтап  күтініп  жүрсе,  еншалла,  шойы-

рылып  үйде  отырып  қалмайтын  шығар 

(О.Сəрсенбаев,  Жақсының  көзі, 44). 

Бір  білгіш  адыраспанды  қазанға  қайна-

тып,  жапырағын  жинап  алып  ауырған 

жерге  таңып  тастаса,  сосын  жеті  күн 



п е р е з е сақтаса, құлан таза айығып кету-

ге  болады  депті  (О.Сəрсенбаев,  Бақыт 

құсы, 216). 


474

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ПЕРЕН с ы н. ж е р г. Ерекше, керемет. 

Риаз ұстаның қалауы, п е р е н оюшының 

өрнегі,  даңғыл  шебердің  қол  таңбасы  əлі 

де  шертіп  қалсаң  дыңылдап  əнге  салып 

кететін  сияқты  (А.Сейдімбеков,  Күңгір-

күңгір., 204). Əкеден қалған бозжорғаның 

шабысы п е р е н, қолтығын сөге жөнелген 

(О.Бөкеев, Өз отыңды., 207). 



ПЕРИЗАТТЫҚ с ы н. Перизатқа тəн 

(қасиет);  сұлулық,  пəктік  (Ө.Қанахин. 

Құдірет, 172). 



ПЕРИФРАЗДА  е  т.  л  и  н  г  в.  Пери-

фраз жасау, перифразбен атау.

ПЕРИФРАЗДАУ  Перифразда  етіс-

тігінің  қимыл  атауы.Қазақтың  байырғы 

əдеби тілінде өмірді, өлімді п е р и ф р а з



д  а  у  жиірек  кездесетін  (Р.Сыздықова, 

XVIII-XIX ғ. Қаз. əдеби тілі., 227). 



ПЕРИФРАЗДЫҚ  с  ы  н.  л  и  н  г  в. 

Перифразға  тəн,  перифразға  қатысты. 

Қазақ поэзиясы тілінде п е р и ф р а з д ы қ 

құбылыстың өте əсерлі үлгісіне Абайдың 

ұлғайып  қартаң  тартқан  шағын  «сұрғылт 

тартқан бейуақ» деп бейнелеуін жатқызуға 

болады  (Р.Сыздықова, XVIII-XIX ғ.  қаз. 

əдеби тілі., 228). 

ПЕРНЕТАҚТА  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Ком-

пьютердің  əріптер  мен  түрлі  таңбалар 

жазылған  алдыңғы  бөлігі.  Ол  үшін 

компьютердің п е р н е т а қ т а л а р ы н

басуды  үйрен  (Б.Омарұлы,  Қаратерең., 

87). Жаңа атаулар мен қолданыстар: кілт-

сөз  (пароль),  қасбет  (фасад),  п  е  р  н  е-

т а қ т а т.б. орыс тіліндегі сөздерге бала-

ма  ретінде  қолданылып  жүр  (Ана  тілі, 

07. 02. 2013, 4). 

ПЕРУЗА з а т. Асыл тастардың бірі; 

бирюза. Олар бұрын киелі деп есептелген 

жақұт, інжу, п е р у з а, ақық, маржан секілді 

асыл  тастардан  жасалған  (Қаз.  əдеб., 13. 

04. 1984, 12). 



ПЕРІЛІК з а т. Пері болғандық, перінің 

ісін істегендік. Серілігі мен п е р і л і г і 

қатар  жүретін  Бауыржан  досым  іркілген 

жоқ (Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 21). 

ПЕСО з а т. э т н. Филиппин, Уругвай, 

Боливия,  Куба,  Чили  елдерінің  ақшасы 

(Білгенге маржан, 119). 



ПЕЧЕНЕГ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Осы  күнгі 

қарақалпақтардың  көне  атауы.  Содан 

кейін  түрік  тұқымдас  төркі,  п  е  ч  е  н  е  г 

елдерін қуып, Дон мен Еділ өңіріне беттеп 

барған (І.Есенберлин, Алмас., 58). 



ПЕШКЕШ... 2. а у ы с. Міндет, борыш, 

салық.  ≈  Жасаған  жақсылығыңды  п  е  ш

к е ш қылма! 

ПЕШКІ з а т. ш а х м. Шахмат ойы-

нындағы күші жағынан ең төменгі фигура. 

Ол ақ п е ш к і н і, бір емес екі айырбастан 

кейін екінші жолға түскен пешкіні жетелеп 

жүріп жетінші қатарға жеткізді (Қ.Олжай, 

Қанат байла., 186). 

ПЕШТАҚ з а т. Кесененің биік болып 

қаланған  алдыңғы  жағы;  қасбеті.  Мазар 

он екі қырлы пирамида іспеттес күмбезден 

жəне алып п е ш т а қ т а н тұрады (Қаз. 

əдеб., 02. 12. 1988, 11). П е ш т а қ т ы ң

ойығы  садақша  иілген  аркамен  біткен

(Бұл да). 



ПЕШІЛ з а т. к ө н е. Білтелі мылтық. 

«Шіркін, осындай бес зеңбірек, бес жүз п е 



ш і л болса ғой» деп ойлады Ораз-Мұхамед 

(М.Мағауин, Аласапыран, 300). П е ш і л 

саны төрт жүздей ғана екен, Ораз-Мұхамед 

азырқанбады (Бұл да, 2, 281). 



ПИЖАМАЛЫ с ы н. Пижамасы бар, 

пижама киген. Басында қабат-қабат мамық, 

ала  шайы  п  и  ж  а  м  а  л  ы  Еркебұлан, 

аяқтарын  айқастыра  шалқасынан  жатқан 

(Ə.Тарази,  Қиян  соқпақ, 115). Қыз  жаны 

соншалықты бір түршігіп, п и ж а м а л ы

тоқпейіл  жігітке  арналған  ашуын  төгіп-

төгіп жіберді (Бұл да, 131). 

ПИЛОТКАЛЫ с ы н. Пилотка киген, 

пилоткасы бар. Жалаң бас бала жалмажан 

сұр п и л о т к а л ы баланың кеудесіне мініп 

алып,  аузын  басты  (Ғ.Мүсірепов,  Өмір 

жорығы, 91). 



ПИМА:  Пима  басу.  Жүннен  пима 

басып  шығару  ісі;  қолмен  пима  жасау. 

Байпақ басу əдісі дами келе п и м а  б а с 



у д ы ң негізі болғаны анық (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 229). 



ПИМАЛЫ  с  ы  н.  Пимасы  бар,  пима 

киген. – Осы  нəубеттен  жан  қалса,  мал 

табылар, - деді ол бастықтың ақ п и м а л 



ы аяғын құшып жатып (К.Сегізбаев, Жап-

жасыл., 135). 



ПИМАШЫ з а т. Пима басушы адам. 

Сонымен аржақта затонды, тоншы, п и м а 



ш ы, былғары заводының жұмысшыларын 

аралаған (М.Əуезов, Таңд. шығ., 4, 359). 



ПИРƏШКЕ  з  а  т.  Қамырдың  ішіне 

ет,  картоп  орап  пісірген  тағам.  Біздің 

үйдің балалары соның п и р ə ш к е с і мен 

бəлішіне  əуес  (Ұ.Доспанбетов,  Шығ., 4, 


475

Байынқол Қалиев

38). П и р ə ш к е с і де, бəліші де – бəрі де 

құрысын дедім (Бұл да). 

ПИРОП з а т. м и н. Алмас бар жер-

де  кездесетін  қызыл  түсті  тас.  Мына 

қызыл тастарды п и р о п деп атайды. П и 



р о п алмастан егіздің сыңарындай бір де 

ажырамай қатар жүреді. П и р о п кездессе, 

алмасты іздей беруге болады (Білім жəне 

еңбек, 1985, №10, 34). 



ПИЯЗШЫҚТЫ  с  ы  н.  Пиязшығы 

бар,  пиязшық  өскен.  Желайдар,  інжугіл 

–  тамырсабақты  өсімдіктерге,  сарғалдақ, 

хохлатка – түйнекті өсімдіктерге, қазжуа, 

жауқазын – п и я з ш ы қ т ы өсімдіктерге 

мысал бола алады (Ботаника, 126). 



ПИЯЛА  з  а  т.  Жетілік  немесе  ондық 

шамның басына кигізілетін шиша. Жетілік 

шам  бас  жағына  шығып  кетіпті.  Жап-

жарық.  Төбесіне  ұзын  мойын  п  и  я  л  а 

қонжиған  (М.Қабанбаев,  Жиһанкез., 99). 

Семейден  сары  майдай  сақтап,  он  қабат 

шүберекке орап əкелген п и я л а н ы Шаһиға 

апай  өлдім  десе  де  ешкімге  берген  емес 

(Бұл да). 



ПИЯЛАЛЫ с ы н. Пиялайы бар, пиялай 

салған. Бір күнде он жұмысқа жегіліп сан, 

Түссе де сырын бермес шегініп жан. Жиы-

лып қара шайды тартып отыр, Ортада п и я 

л а л ы жетілік шам (Б.Ысқақ, Тастағы., 92). 

ПИЯНКЕШ с ы н. с ө й л. Ылғи мас 

болып жүретін, араққұмар. – Қамысбай п и 

я н к е ш əйел əкеліпті, - деп бүкіл ауыл шу-

лап жатыр екен (Таң нұры, 147). - Əне, əне! 

Сенің п и я н к е ш көкең келді! (Жұлдыз, 

1973, №2, 99). 



ПИЯНКЕШТІК з а т. Арақ ішкіштік, 

мастық, араққұмарлық. – Бастықтар келсе 

жайымыз  жаман  болмас  еді,  тек  ондайда 

əдемі сұхбаттың п и я н к е ш т і к п е н 

тарқайтыны  жараспайды-ақ  (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 308). 

ПЛАГИАТШЫ з а т. с ө й л. Плагиа-

тор (Соц. Қаз., 14. 02. 1980). 

ПЛАЗМАЛЫҚ  с  ы  н.  Плазмаға  тəн, 

плазмаға қатысты. Ертеде халықтар дүние 

4 түрлі элементтен тұрады деп есептеген. 

Олар:  жер,  су,  ауа  жəне  от.  Осыларды 

байқасақ, су, ауа заттың қатты, сұйық, газ 

күйлерін білдіреді де, ал от біздің сөз еткен 

төртінші ерекше – п л а з м а л ы қ күйге 

сəйкес келеді (Лен. жас, 06. 01. 1976, 4). 

ПЛАСТИД  з  а  т.  б  и  о  л.  Өсімдік 

жасушасында  болатын  майда  денешік. 

Өсімдік клеткаларының цитоплазмасында 

толып жатқан майда денешіктер - п л а с т 

и д т е р болады. П л а с т и д т е р д і ң 

түсі əртүрлі: жасыл, сары, қызғылт, түссіз 

(Биология, 71). 

ПОДХОЗ з а т. Белгілі бір мекеме қыз-

меткерлері үшін ғана өнім өндіретін арна-

улы шаруашылық. Совхоз деп атасақ, облыс 

алып қоятын болғасын п о д х о з деп ұстап 

отырмыз.  Тоғыз  п  о  д  х  о  з  бүкіл  қаланы 

асырайды (Ə.Тарази, Тасжарған, 21). 



ПОЙЫЗ  з  а  т.  Локомотивке  тіркел-

ген, адамдар отыратын немесе жүк та-

ситын вагондар тізбегі. Сол күні Ағыбай-

дың көмегімен 7-класты бітірді деген қағаз 

алып, келесі күні түскі п о й ы з б е н бұ-

лар  елге  жүріп  кетті  (Т.Əбдікұлы,  Пара-

сат., 90). – Мам, біз қашан үйге барамыз?

– П о й ы з д ы ң бəрі кеткен соң (Ə.Байбол, 

Теміржол., 5). 

ПОЙЫЗШЫЛ с ы н. Пойызға мінгіш, 

пойызқұмар. Адамдардың біразы қазір п о 

й ы з ш ы л болып алған. Əрлі-берлі ағылып 

жүріп жатқан солдаттардың вагоніне мініп 

алып, қалаған жеріне барады (М.Дүйсенов, 

Меймандар, 24). 



ПОЛУТОРКА з а т. Онша көп жүк си-

майтын алғашқы кезде шыққан шағын жүк

машинасы (Б.Дəулетбаев, Сүмбілшаш, 166). 

ПОНИ  з  а  т.  Бойы  аласа,  дене 

мүшелерінің көлемі шағын ат. Бұл тағының 

дене мүшелерінің көлемі п о н и д е й-а қ

алайда  бас  сүйегі  қазіргі  жылқылардан 

кем  емес  екен  (Білім  жəне  еңбек, 1985, 

№10, 28). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет