ӨРІМ з а т. Жас жағынан балашықтан
үлкен, сілегеннен кіші, жіңішке əрі ұзын
жас қарағай.
ӨРІСТІК... Оя - малдың ө р і с т і г і
н і ң төңірегі (Соц. Қаз., 09. 04. 1991, 4).
Геморой - ө р і с т і к к е қан қатудан ісіп
жарылатын ауру (Бұл да).
ӨСЕК: Өсек сөзге қалды. Өсекке
ілінді, жаманатқа қалды. Тоңбайдың қызы
Томпышпен əмпей-жəмпей болып жүріп,
аяғында ө с е к с ө з г е қ а л ғ а н бала –
сол Жасан (Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 18).
ӨСПЕ з а т. с ө й л. Өскін. Бұған
мұрын ішіне өскен ө с п е н і алуға болады
(С.Қалиев, Емдік рецеп., 239).
ӨСТЕН з а т. Су жеткізу үшін
қолдан арнайы қазылған үлкен арна;
оман, канал. Алматы мен Жамбыл облыс-
тары өңірлерінде су жүретін жыра-
ның үлкенін ө с т е н, кішірегін тоған, ең
кішісін арық деп атайды (Қаз. этнография.,
1, 200).
ӨСІК з а т. с ө й л. Өсінді. Сондағы көк-
тің ө с і г і-а й! Қойлардың аяғы оралып,
жүре алмайды (Жұлдыз, 1972, №2, 168).
Сондай-ақ ұрықтандырылған саулықтардың
журналдағы номерлері мен күйектен
өткен күні шатастырылуы салдарынан
елтірілердің 5 проценті жарғақ, 20 проценті
ө с і к болуына жол беріледі (Еңбек туы,
17. 04. 1968).
ӨСІМДІК: Өсімдік биті. з о о л.
Өсімдік жапырақтарымен қоректенетін
өте кішкентай жəндік. Ө с і м д і к б и
т і н і ң (тля) жұмыртқалары жұмыртқа
жолында дамып, тірі туады (Р.Сəтімбеков,
Қызықты биология, 77).
ӨСІМПҰЛ з а т. ж а ң а. Қарызға ал-
ған ақша уақытысында қайтарылмаған
жағдайда қосымша төленетін үстеме
ақша. Ө с і м п ұ л д ы қалай есептейді?
(Жас қазақ, 22. 08. 2008).
ӨСІМШІ з а т. Қарызға ақша
беру арқылы пайда табушы; банкир
(Р.Сыздықова: ҚазССР ҒА-ның Хабарлары,
1975, №1, 35).
ӨСІМШІЛ с ы н. Қарызға өсіммен
ақша беруші (адам). Бір саудагер – ө с і м
ш і л бай, Оны сойды аналардай. Сасығанда
шыдай алмай, Дедім мен «Астапыралда-
ай») (Шəкəрім, Шығ., 259).
ӨСІҢКІЛІК з а т. Біртіндеп өскендік,
өсе түскендік. Солай болса, белгінің я
жетімсіздігін, я бəсеңдігін, я ө с і ң к і л і г
і н білдіретін формалардың бəрін бір топқа
үйіріп, салыстырмалы шырай формалары
деп таныған дұрыс (А.Ысқақов, Қазіргі
қаз. тілі, 277).
ӨСІРМЕЛЕ е т. Бір нəрсені өсіріп
айту, бағасын көтеру. Тірлігінде соры
қайнаған жігітті өлгеннен соң өстіп ө с і р
м е л е п, мін-мүлтіксіз əулиеге айналдырып
жіберіпті (О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 94).
ӨСІРМЕЛЕУ Өсірмеле етістігінің
қимыл атауы.
ӨСІРМЕШІЛ с ы н. с ө й л. Өсіріп
жіберетін, өсіргіш. Пендешіліктің
батпағына батқан тұстарда Тоқтарбай
468
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
өзінің ө с і р м е ш і л, күдікшіл мінезіне
қарауыл қоя алмас еді (О.Сəрсенбай,
Шеңбер, 220).
ӨТЕШЕК з а т. Өтелуге тиісті зат. ≈
Ө т е ш е г і ң д і қашан бересің?
ӨТКЕЛ з а т. ж е р г. Үлкенірек
арықтардан өту үшін жасалған жеңіл-
желпі, кішкене көпір. – Мына арықтарға
ө т к е л салып жіберсеңдер қайтеді, - деді
(Қ.Омаров, Əке, 174). Көкем: «Көпірлер
мен ө т к е л д е р д і ң ағашын отын етуге,
қора-қопсы салуға болмайды», - деп айтып
отыратын (Бұл да).
ӨТКЕРМЕ: Өткерме жағалы. Ары-
бері өткермелеп бекітіп қоямын жағасы
бар, алмалы-салмалы жағалы. Үстінде
қара ө т к е р м е ж а ғ а л ы қаптал шапан
(И.Байзақов, Таңд. шығ., 2, 97).
Өткерме тігіс. Кесте тігудің инені
ары-бері өткере тігу тəсілі. Кесте түрлері
көп. Соның бірі - ө т к е р м е т і г і с
(Шаңырақ, 402).
ӨТІЛ... Еңбек ө т і л і м кейбіреулерінен
артық. Бірақ оны назарға алып жатқан
ешкім жоқ (Егем. Қазақст., 07. 10. 2003, 4).
ӨТІЛ: Өтіл сұрады. Рұқсат сұрады,
өтінді. Ертең өзі барып, өкінішін айтып,
ө т і л с ұ р а р - а у (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан,
30). Төрде отырған билерден Бозмұнай ө т
і л сұрайды (Ер Сайын, 156).
ӨТІНІШХАТ з а т. р е с м и. Əр түрлі
өнім, олардың бағасы, қызмет түрлері
туралы ақпарат алу үшін жазылатын
құжат. Ө т і н і ш х а т т а р бірінші
жақтың жекеше, көпше түрінде жазылады
(Ə.Хазимова, Іс қағаз., 72).
ӨШКІНДЕ е т. с ө й л. Өшу, бəсеңдеу.
Бізде ұлттық сезімнің ө ш к і н д е г е н і
анық. Сондықтан елге, ұлтқа, Отанға,
жерге сүйіспеншілік те солған (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 100).
ӨШКІНДЕТ Өшкінде етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Сырттан таңылған
бірыңғай бағынышты тəрбие тəртібі санаға
қысым түсірді де, ұлттық сезімді ө ш к і н д
е т т і (Қ.Толыбаев, Бабадан., 98).
ӨШКІНДЕТУ Өшкіндет етістігінің
қимыл атауы.
ӨШКІНДЕУ Өшкінде етістігінің
қимыл атауы.
П
ПАГОНДЫ с ы н. Пагоны бар, пагон
таққан. Оның үстінде қызыл тік жағалы,
қызыл п а г о н д ы сұр шинелі бар еді
(Ж.Бисенбаев, Жасын-тағдыр., 90).
ПАДАПҰЛ з а т. Жекеменшік сиырларды
баққаны үшін берілетін ақы. - Əй, саған не
жетпеді? Əлде біз п а д а п ұ л д ы аз бердік
пе, а? (Қ.Ботбай, Егіз қауашақ, 78).
ПАЙҒАМБАР СУ Пайғамбарсы
етістігінің қимыл атауы.
ПАЙҒАМБАРСЫ е т. Пайғамбар
болғансу, ақылдысыну. П а й ғ а м б а р
с ы п көрмедім, Жан сырымды ұғыңдар,
Жұмыр басты пендемін, Ертең жоқ та,
бүгін бар (Иранбек Оразбаев: Қаз. əдеб.,
16. 02. 1990, 5).
ПАЙДА-ЗИЯН з а т . Тигізер пайдасы
мен зияны, екеуі де. Əр дақылдың жерге
берер, одан алар п а й д а-з и я н д а р ы н
бақылау ешкімнің де ойына кіріп шыққан
емес (Р.Райымқұлов, Жапанда., 152).
ПАЙДАКӨС с ы н. с ө й л. Пайдақор,
пайдакүнем. Адал еңбек жолынан безіп,
билік иелеп, ырғынға бату жолында
жанын салатын п а й д а к ө с т е р əлемді
былықтырады деп түсінеді (Ғ.Білəл,
Ғасырлық., 286).
ПАЙДАШЕРІК... Туған нағашысы
«өтеуі» деудің орнына «бодауы» дейді,
«ширек» деудің орнына «əшмөңке» дейді,
«бөліс» деудің орнына «п а й д а-ш е р і к»
дейді (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 36).
ПАЙЛА... 2. Байқау, қарау. – П а й л а п
жүріп, тəуір жерден қыз айттырып қойсақ
та теріс болмас еді (Д.Исабеков, Тіршілік,
43). Шаншар жерін п а й л а д ы Анда-санда
бұрқ етіп, Шіреп ұстап найзаны Жүректен
шаншып Насырды, Көтеріп алды қолына
(Марғасқа жырау: Ана тілі, 31. 05. 1990, 5).
ПАЙПҰЛЫ з а т. Пай үшін төленетін
ақша. Ауданымызда «п а й п ұ л ы» деген
пəле шықты. Біз жақта 80 сом пұл төлеп,
пай кітапшасын алу міндетті (Соц. Қаз.,
20. 09. 1991, 2).
ПАЙЫ-ЖЕЛІМ з а т. Малдың сіңірін
қазанға қайнату арқылы жасалған желім.
469
Байынқол Қалиев
Осыны (ерді) қара қазанда қайнатылған
п а й ы-ж е л і м м е н сылап біріктіремін
(А.Сатаев, Бəрі де., 38). – Бұл ісіме
қызығушылардың бірі – сенің атаң
Монжық, - деді Сəмір ердің сүйегіне п а й ы
-ж е л і м д і жағып отырып (Бұл да, 39).
П А Й Ы М П АЗ с ы н . с ө й л .
Пайымдағыш, пайымдай білетін. Он екі
мүшеге біткен кеселді адамның жалғыз
кірпігінен, «үһ» дегендегі демінен біле
қоятын көреген де п а й ы м п а з ретінде
сипатталады ол (Ел аузы., 279).
ПАЛЫ з а т. ж е р г. Айып. 1938 ж.
қылышымнан қытай үкіметіне айыпты
болып, бір миллион сом п а л ы тарттым
(Қалибек Хакім., 182).
ПАМДАТ з а т. а р. д і н и. Таң намазы,
пандат. «Намаз тағылымында» тəулігіне
бес рет оқылатын намаздың аттары – таң
намазы (п а м д а т), түскі намаз, бесін
(түстен кейінгі) намазы, кешкі намаз
(мағриб), түнгі намаз да келтірілген (Егем.
Қазақст., 14. 12. 1991, 6).
ПАНДА з а т. з о о л. Басы ақ, көзінің
айналасы қара, өзі момын, аю тектес
жануар. Халықаралық “Қызыл кітапқа”
енген, сирек кездесетін аңдардың бірі –
п а н д а (Тірі табиғат, 93).
ПАНДАР з а т. м у з. Шешен халқының
саз аспабы. Шешен жерін қырып келген
əскербасыларынан Ақсақ Темір «сендер
олардың п а н д а р деген саз ойнайтын
аспабын тартып алдыңдар ма?» деп
сұраған-мыс. Əскербасылар «Жоқ» деп
бастарын шайқапты (Қ.Олжай, Қанат
байла., 240). Сонда əмірші: «Вайнахтан
п а н д а р д ы тартып алмасаңдар,
оларды қырып тастауларың мүмкін, бірақ
бағындыруларың мүмкін емес» депті (Бұл
да, 241).
ПАНТЫ з а т. Бұғының сүйектенбеген
жас мүйізінің қаны. Маралдың дəмді етінен
басқа, ең бағалы өнімі – сүйектенбеген
жас мүйізі п а н т ы с ы. Пантыдан
пантокрин дəрісі жасалады (Лен. жас,
14. 12. 1983, 4). Байлық емей немене.
Бұғы-марал п а н т ы л а р ы – еліміздің
дəрі-дəрмек жасайтын өнеркəсібі үшін аса
бағалы шикізат. Демек п а н т ы д а н құнды
дəрілер жасалады (Орталық Қазақстан, 03.
06. 1967, 4).
ПАҢҚОЙЛЫҚ з а т. с ө й л. Паңдық.
Қала адамында жоқ п а ң қ о й л ы қ ауыл
адамдарының бойында мен мұндалап
ұшырасатыны бар (Ана тілі, 27. 11. 2008).
ПАПАЙЯ з а т. б о т. қ. Қауын ағашы
(ҚСЭ, 7, 306).
ПАПАҚТЫ с ы н. Басында папағы
бар, папақ киген. Бетпе-бет келген тағы
біреуінің п а п а қ т ы басы аттардың аяқ
астына домалап кетті (З.Иманбаев, Ақ
семсер).
ПАПАЛАУ... Жантуар міне отыздан
асып барады. Өзі «п а п а л а у д а н»
қалғалы талай заман. Ал күні бүгінге
дейін мұны «папалаған» бір пенде жоқ
(С.Шаймерденов, Өмір нұры, 142).
ПАРАБАЙЛА е т. с ө й л. Негізгі
аттың жанына қосымша ат жегу
(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 162).
ПАРАБАЙЛАТ Парабайла етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. Екі күрең
төбелді п а р а б а й л а т ы п, жалпақ
сəлекті, күймелі шанамен Аламан аулына
келгенде ел пысықтары қалтырап кетті
(Жұлдыз, 1972, №6, 99).
ПАРАБАЙЛАУ Парабайла етісітігі-
нің қимыл атауы.
ПАРАБАЙЛЫ с ы н. Қосымша ат
жегілген, парабайы бар. Қара шиыр керуен
жолымен п а р а б а й л ы күйме жеккен
Ыбырай құлан иекті құм-тақыр тұсқа
құлап келе жатты (Ж.Молдағалиев, Алғ.
қоңырау, 44).
ПАРАҚТАС Парақта етістігінен
жасалған ортақ етіс.
ПАРАҚТАСТЫР Парақтас етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс. Осы кезде
кітабын п а р а қ т а с т ы р ы п, бұ-
ның фамилиясын тауып алған. Үркімбай
орнынан көтерілді (К.Ахметбеков, Егіз
ала, 420).
ПАРАҚТАСТЫРУ Парақтастыр
етістігінің қимыл атауы.
ПАРАҚТАСУ Парақтас етістігінің
қимыл атауы.
ПАРАҚША з а т. Бір нəрсені үгітте-
ген бір бет қағаз (листовка). Бұл п а р а қ
ш а бізді үлкен əңгіме айдынына шығарды
(Қазақстан-Zaman, 24. 07. 2008).
ПАРАЛЛЕЛЬ: Параллель жүйкелі
жапырақтар. б и о л. Жүйкелері па-
раллель жатқан жапырақтар. Кейбір
ө с і м д і кт е рд і ң ж ап ы р а қ т а р ы н д а ғ ы
жүйкелер біріне-бірі қатарласа, параллель
орналасқан. Мұны п а р а л л е л ь ж ү й к
470
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
е л і ж а п ы р а қ т а р деп атайды (Био-
логия, 128).
ПАРАНЖЫСЫЗ... Мұнда əйелдер п а р
а н ж ы с ы з жүреді, тақпақтар да тараңдық
көрмейді (Ə.Əлімжанов, Махамбет., 63).
ПАРАШЫ з а т. Пара алушы адам.
П а р а ш ы л а р д а н салықшы қалыптасып
жарытпаса, парақорлардан мемлекеттік
қызметкер шықпайды (Нұр Астана, 13. 11.
2008).
ПАРАШЫЛДЫҚ... Сөйтіп, п а р а ш ы
л д ы қ т ы ң түрлі сатылары мен санаттары
пайда болады (Нұр Астана, 13. 11. 2008).
ПАРДА..? Тұлпардың толмайды оясы
Сұлулыққа сүйеп п а р д а м е н Тізгінін
орап қаңтармай (Базар жырау: Қаз. əдеб.,
27. 04. 1990, 12).
ПАРЛА е т. Егістік жерді ауыспалы егіс
танабына айналдыру, пар етіп егу.
ПАРЛАУ Парла етістігінің қимыл
атауы. Топырақты өңдеуде ең тиімді тəсіл
– оны п а р л а у (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1971, №1, 20).
ПАРСАҚ з а т. к ө н е. Ұзындық өлшемі;
шақырым д.м. Шекарасының ұзындығы се-
гіз мың п а р с а қ (Ана тілі, 26. 12. 1991, 4).
ПАРСЫШЫЛА е т. с ө й л. Пар-
сы тілінде сөйлеу, парсыша сөйлеу
(Ғ.Мүсірепов, Суреткер, 19).
П А Р С Ы Ш Ы Л АУ П а р с ы ш ы л а
етістігінің қимыл атауы.
ПАРТАЛАСТЫҚ з а т. Бір партада
отырғандық. Мүмкін п а р т а л а с т ы қ,
жолдастық ұялатқан жанашырлық болар
(М.Қуанышбаев, Тайталас, 76).
ПАРУА з а т. к ө н е. Ханның шашбауын
көтеруші діни адам. Бас найып Қастеп
би мен ауыз үйде күтіп тұрған басқа п а
р у а л а р үн-түнсіз соңынан ере берді
(І.Есенберлин, Алмас., 186).
ПАРУАНА з а т. к ө н е. Отқа түсетін
жынды көбелек (Ə.Тəңірбергенов: ХХ ғас.
бас. қаз. ақын., 67, 69).
Паруана болды. Бəйек болды, асты-
үстіне түсті. Ажар п а р у а н а б о л ы п:
- Қарашығым, қай қаланыкісің? – дейді
(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 70).
ПАРША... Күн жылуымен бөлшектенген
мұз п а р ш а л а р ы сансыз көп, су
ағынымен бірін-бірі сумаңдатып тықсырып
келеді (Ж.Орманбаев, Тұзақталған., 54).
ПАРЫЗСЫЗ с ы н. Парыз емес, парызы
жоқ (А.Бекбосынов, Ауылым, 71).
ПАРЫҚТАЛ... Былайша айтқанда, ке-
зекте ер мен əйел барған сайын п а р ы қ т
а л м а й т ы н болып барады (Т.Əлқанұлы,
Тірліктен., 92).
ПАСЫБАН з а т к ө н е. Күзетші. Ерке,
тентек бала есік алдында тұрған п а с ы б а
н д а р ғ а, үй іші толған бек, сұлтан, əмір,
хакім, батырларға қарамастан өзгелерді
баса көктей алтын тақтың жанына бір-ақ
жетті (І.Есенберлин, Алмас., 43). Батыр
Саян жанындағы екі п а с ы б а н ы м е н е н
қашып кетті (Бұл да, 84).
ПАСЫЛ ү с т. ж е р г. Қайтара, мəрте,
рет. Атасы хан Абылай – дегдар, асыл
Тараған тұқым шашып неше п а с ы л.
Əуелден хан баласы еленген бе, Солардан
келе жатқан төре Нəсіл (Нысанбай жырау:
Нар заман., 175).
ПАТАНАТОМ з а т. м е д. Пата-
натомия маманы. П а т а н а т о м
хирургінің міндеті – өлікті сою, оның
неден, қандай аурудан қайтыс болғанын
анықтау (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 241).
ПАТАНАТОМИЯ з а т. м е д. Өлген
адамды сойып тексеретін ғылым. Қайтыс
болған адамның үй іші оның бейнесін
ескерткіш етіп алып қалғысы келсе, өлген
жанды сойып тексеретін п а т а н а т
о м и я ассистенті Əбілқас арқылы мені
шақыртады (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1,
219). Төр жақта осы қаланың белгілі ада-
мы, былтыр ана Алматыдағы кафедрасын
тастап келген п а т а н а т о м и я профес-
соры – Шерубай отыр (Бұл да, 223).
ПАТАНАТОМИЯЛЫҚ с ы н. Пата-
натомияға қатысты, соған арналған.
Онымен кейде п а т а н а т о м и я л ы қ
бөлмеде, кейде мүрдеханада кездесіп
қаламын (І.Есенберлин, Ғашықтар, 11).
ПАТША: Патша көңіл. Ақ ниет, дар-
хан көңіл д. м. Əлде өзінің өзімшіл, п а т
ш а к ө ң і л і н е солай көріне ме екен?
(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 111). Айхай-ай, ой,
айхай арман! Төсегін п а т ш а к ө ң і л,
төрге жайған. Түн қайда жұмағына бірге
барған, Қыз-күлкі қызығына кімдер тойған
(М.Ахмет-төре, Ақ-қара, 77).
ПАТШАБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Суық
суларда тіршілік ететін, екі бүйірінде
қызыл жолағы бар балық; чех форелі.
Қасында таудың суын бұрып жасаған
кішкене көл бар. Онда бықыған п а т ш а б
а л ы қ (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 114).
471
Байынқол Қалиев
ПАХАН з а т. с ө й л. Сотталған
адамдардың үстінен қарайтын адамды
жазасын өтеушілер осылай атайды. –
«П а х а н» ертең дəлізге шыққанда сенімен
сөйлесемін дейді əлгі жүзі жүдеу бейтаныс
(Ə.Байбол, Теміржол., 315).
ПƏГӨНШІК з а т. Атпен, өгізбен
үймекке шөмеле тартып беретін адам.
Жас балалар атқа мініп, п ə г ө н ш і к бо-
лады (Ə.Асқаров, Өр Алтай., 382).
ПƏДІМӨШКІ з а т. ж е р г. Егінге жер
астынан көтерілетін су. Арамшөптен
аяқ алып жүргісіз. П ə д і м ө ш к і болып
жатқаны анау (Ə.Сараев, Тосқауыл, 224).
ПƏЙКЕ... Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай! Қолтығы ала
бұғының П ə й к е с і н д е й Бөгенбай!
(Үмбетей жырау: Нар заман., 60).
ПƏЙНЕК з а т. Құс жұмыртқасының
сүйірлеу жағы. Əсіресе жұмыртқаның
п ə й н е к жағына секпілі жиі түскен
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 158).
ПƏЙІЗ з а т. к ө н е. Жақсылық, парық.
Жақсыда п ə й і з қалмады, Шамал қаққан
шырақтай (Майлықожа: Қаз. əдеб., 14. 06.
1984, 14).
ПƏКИЗАТТЫҚ з а т. Тазалық, пəктік.
Біз ұлттық рухты өз деңгейінде ұлықтап,
ақты-ақ, қараны-қара деп шынайы п ə к и з
а т т ы қ п е н айтып жүрміз бе? (Ана тілі,
28. 06. 2009, 8).
ПƏКІЗЕЛЕ... Малды п ə к і з е л е п
сойып, боқты-ішегіне дейін тазалап
қоржынға салып алады (Қ.Жұмаділов,
Соңғы көш, 14).
ПƏЛЕКЕШ с ы н. с ө й л. Пəле, қу.
ПƏЛЕКЕШТІК з а т. Қулық, пəле-
лік. Тек озып қана қоймаймын. П ə л е
к е ш т і г і м ұстап, Рамазанды неше
саққа жүгіртіп мазақ етем (Б.Соқпақбаев,
Бабалық., 16).
ПƏЛЕНБАЙЫНШЫ е с і м. Пəленінші,
түгенінші д.м. Өйткені олар қыз баланың
қолында əлдебір құпия көк дəптердің п ə-
л е н б а й ы н ш ы бетінде бар екенінен ха-
барсыз еді (Ж.Қорғасбек, Үлпілдек, 6). Ол
қағазға «п ə л е н б а й ы н ш ы жылы, пə-
ленбай айдың, п ə л е н б а й ы н ш ы
жұлдызында дүние есігін ашты» деп жа-
зылды (Қ.Əбілқайыр, Текес, 119).
ПƏЛЕ-ПƏТІР з а т. Анау-мынау
жəндіктер. Ойпырмай, тағы да сол п ə л
е-п ə т і р л е р д і ң етін жеп, сорпасын
ішетінге айналдым-ау деп қатты қиналды
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 20).
ПƏЛСАПАЛАП ү с т. Пəлсапаға айнал-
дырып, астарын іздеп. Инаш Шорманов
пен Марат Шормановтың бастан кешкен
тауқымет оқиғаларын өз ауыздарынан
айтқыза отырып, олардың ойын өзіңіз п ə л
с а п а л а п, фактілермен дəлелдеп беріпсіз
(Ə.Ыдырысов, Тұлға., 131).
П Ə Л СА П А Ш Ы з а т. Д ү н и е
құбылыстарын ақылға салып түсінуші;
философ. Ылғи бір қиын кейіпкерлер: п
ə л с а п а ш ы ана, соқыр күйші, сəтсіз
махаббат (Ж.Əлмашұлы, Тар дүние, 266).
Гректің көне замандағы п ə л с а п а ш ы
с ы Плиний «Үлкен құлақты адам ақымақ
болады дейді екен (І.Есенберлин, Шығ.
жин., 1, 224).
Достарыңызбен бөлісу: |