БЕЙҚҰТТАУ с ы н. Берекесіздеу;
уайымсыз, қайғысыз. Балғожа барқыра-
ған айғайы көп, елге тынымсыз, берекесі
жоқ б е й қ ұ т т а у жігіт еді (Жалын,
1977, 3, 96).
БЕЙҚҰТТЫҚ з а т. Бейбіт өмір,
тыныштық заман. Шаршағандарын енді
ғана сезінген екі жасөспірім бала бұл б е й
қ ұ т т ы қ т ы ң рақатына кенеліп тұр
(Ақсұңқар., 43).
БЕЙҚҰТШЫЛЫҚ з а т. Бейбіт өмір,
тынышшылық. Б е й қ ұ т ш ы л ы қ қ а
үйреніп қалған адамдар оған бірі сеніп, бірі
сенбей, ырғалып-жырғалып жүреді (Соц.
Қаз., 16.02.1991, 4).
БЕЙМАҒҰЛЫМДЫҚ з а т. Бей-
мəлімдік, белгісіздік. – Милион жұмыс бар,
інішек. Құдай көрсетпесін, - деп, жаңағы
105
Байынқол Қалиев
б е й м а ғ ұ л ұ м д ы ғ ы н а кешірім
сұрағандай болды (Жетісу, 23.06.1972, 4).
БЕЙМЕЗГІЛДЕУ с ы н. Уақтылы
емес; мезгілсіздеу. Көңіл көзі сенгіштеу
кезіне бір. Кездейсоқтау кездесіп қала
ма деп. Тыныш күйде ұйықтаған бал
көңілді, Б е й м е з г і л д е у оятып ала ма деп
(Ж. Смақов, Мың махабб., 26).
БЕЙНАҚАҚ с ы н. Күнəсыз, нақақтан-
нақақ. Ұлы Бабам өзіне қарсы келмеген
аламандарын б е й н а қ а қ қырған жоқ
(О. Бөкеев, Мұзтау, 24).
БЕЙНАМЫС с ы н. Намыссыз, намы-
сы жоқ. Баяғыда біреудің баласы шолжың
өскен екен. Бетімен кеткен б е й н а м ы с
бүйен майды мойнына орап жүреді екен
(М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 161).
БЕЙНƏМ з а т. к ə с і б. Сусыз жерге
егілген егін. Тау-таудың етегіне, қыр-
қыратқа, жота-жотаға егілген астық б е й
н ə м аталады. Суарылмайды. Көктемде
сеуіп тастап, күзде орып алады (Қ. Толы-
баев, Əсет, 237). – Бізше суармайтын жерді
«б е й н ə м» дейді. Ол «нəмсіз», «ылғалсыз»
деген сөз. Ендеше сол б е й н ə м жерге
егіннің шығуы жауған жаңбырға байла-
ныста болады (Ж. Тұрлыбаев, Семсер, 99).
Көктемде б е й н ə м ғ а шамасы келгенше
егінін егіп тастайтын да, күзде ел қатарлы
астығын орып жинап алатын (Қ. Толыбаев,
Бабадан., 30).
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ... Жол қозғалысы
е р е же с і н і ң б ұ з ы л у ы н т і р кеу м е н
автоматтандырылған б е й н е б а қ ы л а у
құралдары қолданылады (Егем. Қазақст.,
18.11.2008).
БЕЙНЕБАЯН з а т. ж а ң а. 1. Бейнені
көрсетіп тұрып баяндап беру тəсілі. 2.
Əннің мазмұнына аша түсетін түсірілім
(видеоклип). Өзімнің орындауымдағы
«Сен» деген əнге түсірілген б е й н е б а я н
телеарналардан көрсетіліп жүр (Жас Алаш,
12.08.2008).
БЕЙНЕЖАЗБА з а т. Таспаға жазылған
əн мен күй. Сонау Дина əжеміз, Күлəш
апамыздың көзден бұл-бұл ұшатын б е й н е
ж а з б а л а р ы н (видеозапись) айтпағанда
осы күнгі өнер шеберлерінің пленкаларына
зəруміз (Қаз. əдеб., 17.05.1974, 2). Бұл аз
десеңіз б е й н е ж а з б а н ы қоса жіберген
(Жас Алаш, 13.01.2008).
БЕЙНЕКӨРСЕТІЛІМ з а т. Бейне-
ге түсірілгендерді көрсету ісі. Осының
арқасында б е й н е к ө р с е т і л і м д е р
д і ң сапасы елəуір жақсарып қалды (Егем.
Қаз., 29.01.2003, 4).
БЕЙНЕКӨРІНІС з а т. ж а ң а.
Бір нəрсенің кескін-келбеті бейнеленіп
көрсетілген көрініс. Бұл мұражайдың
мақсаты – оның ерекше тылсым қасиеті
мен тамаша құдіретін жұртқа б е й н е к ө
р і н і с т е р түрінде таныстыру сияқты
(М. Құдайқұлов, Құпия., 4). Шұрайлы
тілмен əдемі өрілген мəтін б е й н е к ө р і н і с
т е р д і (видеосюжетті) ерекше жайнатып
жіберген (Айқап, 12.02.2008).
БЕЙНЕЛІ: Бейнелі сөз. Бейнелеп
айтылған сөз.
БЕЙНЕМАТЕРИАЛ з а т. Магниттік
таспаға бейнелеп жазылып алынған нəр-
се. Тележурналистиканың газет-журнал
мен радиодан айырмашылығы б е й н е
м а т е р и а л ы н д а (Егем. Қазақст.,
29.01.2003, 4).
БЕЙНЕСУРЕТ з а т. ж а ң а. Компьютер
немесе қалтателефон арқылы көрсетілетін
сурет. Конференция шеңберінде тəуелсіз
Қазақстанның өмірінен фото, б е й н е с у
р е т көрмесін өткізу де жоспарланып отыр
(Егем. Қазақст., 25.04.2009).
БЕЙНЕСЮЖЕТ з а т. Сюжет бойын-
ша бейнелеп көрсету ісі. Қазір біз «бейне-
баян» атты мəтіні жоқ б е й н е с ю ж е т
т е р д і жиі пайдалана бастадық (Егем.
Қазақст., 29.01.2003, 4).
БЕЙНЕТ: Бейнет белдемше. э т н.
Ірі қараны союшыға еңбек ақысы үшін
берілетін кəде-ет. Соғым союға келгендер
еңбегінің ақысына ірі қарадан «азап арқа»,
«б е й н е т б е л д е м ш е» деп аталған
мүшелерден қоңдылау етіп кесіп алады
(Ата салты., 130).
БЕЙНЕТТЕС с ы н. Бірге еңбек ет-
кен, бейнетті бірге көрген (адам). Көп
жылдан бері б е й н е т т е с, серіктес боп
келе жатқан жазықсыз жануар екі көзін
Қаңтарбайдан алмады (З. Ақышев, Ақбел
асуы, 21).
БЕЙНЕТҮСІРІЛІМ з а т. ж а ң а.
К ө п ш і л і к о р ы н д а рд а ( б а н кт е рд е ,
дүкендерде т.б.) автоматты түрде
түсіріп тұратын құрылғы. Банкоматта
орнатылған б е й н е т ү с і р і л і м бойын-
ша қылмыскерлердің суреттері жасалып,
облыстық ҚБД қызметкерлеріне тапсыры-
лады (Егем. Қаз., 20.12.2008).
106
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
БЕЙНЕФИЛЬМ з а т. Бір нəрсені бей-
нелеп суреттеген фильм. ≈ Əкем туралы
б е й н е ф и л ь м түсірдім.
БЕЙПІЛ с ы н. с ө й л. Көп, мол, ырғын.
Қызыл нар боталағалы бері үйде ағарған б е
й п і л болып қалды (Ө. Қырғызбаев, Қырда.,
129). Сүлеймен Тұтқышұғлы екі қойды
Бірін – түнде, біреуін күндіз сойды. Кемпір-
шал, жаман-жəутік қасымдағы Кенеліп б е
й п і л асқа əбден тойды (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 4, 154).
БЕЙПІЛАУЫЗДЫҚ з а т. Бейпілауыз
болғандық, былапыт сөзділік, дөрекілік.
Талғам-тұшымның жоқтығынан дөрекілік
пен б е й п і л а у ы з д ы қ қ а да ұрынып жүр-
ген жайымыз бар (Қаз. əдеб., 22.02.1974, 3).
БЕЙРƏСІМДІК с ы н. с ө й л. Бей-
ресмилік. Осындай жаңа сөздердің
қатарына уағдаластық (договоренность),
сындарлылық (конст руктивно сть),
кеудемсоқтық (амбиция), б е й р ə с і м
д і к (неформалный) жəне т.б. жатқызуға
болады (Ана тілі, 12.04.1990, 7).
БЕЙРЕСМИЛЕУ с ы н. Ресми еме-
стеу; сыпайы. – Оу, Ерсəлімұлы қайда?
– деп, сонсоң барып, сəл б е й р е с м и л е у,
жұмсақтау райға түсіңкіреді (М. Байғұт,
Бұла бұлақ, 5).
БЕЙСІ з а т. к ө н е. ж е р г. Чин пат-
шалығы кезіндегі ең жоғарғы төрт
шеннің (лауазымның) үшіншісі; мансап
аты. Керейдің кеңесінде сөз бастайтын
шешендігі бар ол б е й с і д е н жоғары
отырды (Қ. Мұқажанұлы, Ортеке, 87).
Темірхан б е й с і Сарбасқа қадала кетті:
- Сен не бітіріп жүрген жан иесісің? (Бұл
да). Зəкəрия төренің бел баласы Сағдолла
б е й с і г е 1933 жылдың жазында басына
іс түсіп, Уи Жыңгоның құзырына барады
(М. Разданұлы, Алтай., 311).
БЕЙСІЛІК з а т. Бейсі болғандық,
бейсі мансабына ие болғандық. Зəкəрия
Бейжиңге барып, б е й с і л і к мансап алып,
шенді шекпен киіп қайтты (М. Разданұлы,
Алтай., 311).
БЕЙТАРАПТАУ з а т. Қышқылға
негіз қосып қышқылдық қасиетті жою
немесе керісінше. Б е й т а р а п т а у
өндірісте жəне лабораториялық, химиялық
жұмыстарда кеңінен қолданылады (ҚСЭ,
2, 240).
БЕЙТƏРТІПТІК с ы н. с ө й л.
Тəртіпсіздік. Қылмысты іс (Чилидегі)
жеке бір əскери қызметкерлердің құрғақ
желпінісі, олардың б е й т ə р т і п т і к
істерінің нəтижесі ғана ма еді? Жоқ! (Лен.
жас, 04.06.1974, 2).
БЕЙҺУДА ү с т. ж е р г. 1. Бостан-бос,
бекер, босқа. Жұрттың білетіні – Мүбəрəк
əйтеуір б е й һ у д а босқа сөйлемейді
(О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 76). 2. Уайым-
сыз, қайғысыз. Əлгі Қозыбақтың інісі
үйленіп, екі-үш күннен бері соның шаш-
пауын көтеріп дегендей, той-думанның бел
ортасында б е й һ у д а жүріп жатқанбыз
(О. Сəрсенбаев, Жақсының., 139).
БЕЙІЛДЕС с ы н. с ө й л. Пейілдес.
Қаройға бекінген Мақамбеттің қара
шаңырағын б е й і л д е с елмен астар-
ластырушы Ықылас (Т. Əлімқұлов, Сырлы
наз, 12).
БЕЙІМДЕЛГІШТЕУ с ы н. Бір нəрсеге
тезірек бейімделіп кететін; ыңғайланғыш,
икемделгіш. Құрбыңыз мына сізге қарағанда
ашық, жайдары, б е й і м д е л г і ш т е у
екен (Т. Əбдікұлы, Парасат., 60).
БЕЙІМСІЗДЕУ с ы н. Бейімі аздау,
икемсіздеу. Ол кіммен қалай сөйлесуді көп
біле бермейтін , өмірге б е й і м с і з д е у
жан (Қаз. əдеб., 31.03.1978, 3).
БЕКБАТША з а т. Қос өркешті түйенің
бурасы аруанаға шағылысуынан пайда
болған нар. Бұл қоңыр бұйра, тығыз
жүнді келеді. Əрі сүтті, əрі күшті бола-
ды. Сирақтары жуан, əлді келеді. Өркеші
шудалы болады (Қаз. мал. атау., 50).
Мəселен, таза қанды үлек пен айыр түйе
арасынан туған түйенің еркегін б е к б а т
ш а, ұрғашысын – қолбатша дейді (А.
Сейдімбеков, Серпер, 87).
БЕКБИКЕ... Өйткені осы күнгі ақсақал
атанып жүргендердің көпшілігі жаңа
заманның диірменінен өткен, жиырма-
сыншы-отызыншы жылдардың белсенді
б е к б и к е л е р і емес пе? (О. Сəрсенбай,
Шығ., 5, 248).
БЕКЕ¹ з а т. в е т. Ыстық-суықты бол-
ған аттың қаны сыртына шығып кете-
тін ауру. Бұл ауру Арал маңында б е к е,
Көкшетауда қантыстау деп аталады
(О.Нақысбеков, Ауыс. гов., 102).
БЕКЕ² з а т. ж е р г. Шалшық, лай, жа-
ман су. Құда болып қыз бермей, Жөнімді
сұрап нетесің? Мен тастан аққан тас бұлақ,
Сен борластан шыққан б е к е с і ң (Айтыс,
2, 151).
107
Байынқол Қалиев
БЕКЕРЛЕ е т. Бекер деу, жоққа шығару.
Қожа-молдаларды, ишандарды батыл
аяусыз əшкерелеп отырады, бірақ ислам
дінінің негізін б е к е р л е м е й д і (Алматы
ақшамы, 30.01.1990, 4).
БЕКЕРЛЕУ Бекерле етістігінің қимыл
атауы.
БЕКЕТҮЙ з а т. Бекетті жерлерге
жолаушылар үшін салынған үй. Талқы
асуындағы Сайрам көлдің жағасына келіп
қондық. Осында б е к е т ү й бар екен (Қ.
Жұмаділов, Таңғаж., 172).
БЕКЛЕРБЕК з а т. к ө н е. Бектердің
бегі, бектердің басшысы. Ханнан кейінгі
екінші адам – б е к л е р б е к Əлібекке кісі
шаптырды (К. Жүністегі, Едіге, 112). Өз
қолынан да билік кеткенін сезген Əлібек
б е к л е р б е к өз сөзін дəлме-дəл жеткізетін
адам таба алмай, Мамайға өзі барды (Бұл
да, 113).
БЕКМЕЗ з а т. к ə с і б. Қауын гүлінен
жиналған бал. Қауын балы (б е к м е з)
мəдени өсімдік – қауыннан алынады (Ара
шаруаш., 108).
БЕКПАТША з а т. с ө й л. Бекбатша.
Б е к п а т ш а – бура мен аруанадан туған
будан (Қаз. этнография., 1, 467). Қолын
кессең бық етпес, Б е к п а т ш а қызыл
нар едің (Н. Ахметбеков, Аманкелді, 48).
БЕКСАУЫТТЫ с ы н. ж е р г. Əбден
қаруланған, қару-жарақ асынған. - Өздері
елші емес, бүтін бір б е к с а у ы т т ы
қол ғой (Ə. Кекілбаев, Үркер, 359). Онда
орыстың б е к с а у ы т т ы қолы кіші
жүздің іргесіне емес, орта жүздің іргесіне
шаһар салып, қан базар қылып жатпас па
еді (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 284).
БЕКТЕР: Бектер бегі. Бектердің бас-
шысы; ең жоғарғы бек; беклербек. Салор
Қазанның «хан», «бек» лауазымына қоса
«беглер бегі», «б е к т е р б е г і» деген
де шені барын оқимыз (Егем. Қазақст.,
08.05.2003, 6).
Бектер сауыт. Тек бектер киетін са-
уыт. Үстіне жеңіл б е к т е р с а у ы т киген
(Қ. Жұмаділов, Дарабоз., 107).
БЕКІТПЕ з а т. Бекітіп қоятын тетік.
Көңілімнің лекітпесі секілді, Шідерімнің
б е к і т п е с і секілді. Отау үй боп құралған-
да ең алғаш Көрші берген кетік кесе секіл-
ді... (Ж. Нəжімеденов., Кішкентай, 108).
БЕКІТУІНСІЗ с ы н. а у ы с. Құптамай,
қолдамай; бекітпей. Тəуке хан оның
келісімінсіз, б е к і т у і н с і з мемлекеттік
маңызы бар шешім қабылдауға құқы
болмаған (Н. Мыңбатырова, Төле би., 26).
БЕЛ з а т. Тоғызқұмалақ тақтасндағы
солдан оңға қарай санағандағы бесінші
отау. Əр ойыншының отаулары солдан
оңға қарай; арт, тектұрмас, атөтпес, атсы-
ратар, б е л, қандықақпан, көкмойын, маң-
дай деп аталады (Ə. Ақшораев, Тоғыз-
құмалақ., 12).
БЕЛ: Бел көтерді. с ө й л. Бел жазды.
– Кəне, жігіттер, енді сусындап, сəл б е л
к ө т е р і ң д е р (Қ. Толыбаев, Бабадан., 31).
Белі бекіп, буыны қатпаған. Əлі есейе
қоймаған, жап-жас; тəжірибесіз. Əлі б е л і
б е к і п, б у ы н ы қ а т а я қ о й м а ғ а н,
онжылдықты жаңа ғана бітірген кез еді-ау
(Бал дəурен, 99).
Белін жазды. Бойын тіктеп, бүгілген
белін түзеді. Сонан соң шопандар б е л д е
р і н ж а з ы п, үйге қайтуға қам қылады
(Лен. жас, 16.04.1972, 2).
Белін тартқызды. Босанатын əйелдің
белін ұстап, оған көмектесті. Мұндай
жеңіл-желпі шараларды орындағанмен
əйел босана қоймаса, қарулы əйелдерге
немесе қайын інілерінің біріне оның б е л
і н т а р т қ ы з а д ы (Х. Арғынбаев, Қаз.
халқы., 89).
БЕЛБАСАР з а т. Тоғызқұмалақ
т ақт асындағы солдан оңға қарай
санағандағы алтыншы отау. Алтын-
шы отау – б е л б а с а р. Қарсы жақтың
соңғы құмалағы көбіне осыған дəл
жетеді (Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 48).
Тоғызқұмалақшының біреуі көкмойыннан,
біреуі ортадан, кейбіреуі атаспастан, б е
л а с а р д а н бастаймын деп кезек алып,
алғашқы боп көшеді (Лен. жас, 08.11.1988).
БЕЛБЕУ з а т. с п о р т. Таэквондодағы
жетістіктері үшін берілетін атақ. Спорт-
та, оның ішінде таэквондода басқа тəртіп
бар. Əр жетістігіңе орай алдымен б е л б е
у, соңынан дан беріледі (Қ. Олжай, Қанат
байла., 153). Таэквондода басқаша. Б е л
б е у і ң е қарап жолыңды білесің, даныңа
қарап бағаңды береді (Қ. Олжай, Қанат
байла., 153).
БЕЛГІЛЕС Белгіл е етістігінен
жасалған ортақ етіс. Бұлар барған соң
бір күн тыныстап, ақыл түйісіп, басшы
б е л г і л е с е д і де ертеңінде жүріп кетеді
(А.Сейдімбеков, Қыр хикая., 58).
108
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
БЕЛГІЛЕСУ Белгіле етістігінің қимыл
атауы.
БЕЛГІТАС з а т. ж а ң а. Қайтыс болған
адамның аты-жөні жазылған тас. Алаш
көсемі Аймауытовтың ұлына б е л г і т а с
қойылды (Айқын, 30.05.2009).
БЕЛДЕУЛІК: Белдеулік баға. э к о н.
Белгілі-бір белдеулерге орналасқандар
үшін азық-түлікке, өндіріс бұйымдарына
қойылатын баға. Б е л д е у л і к б а ғ а н
ы ң белгіленуі белгілі-бір өнімдерді өндіру
жəне оны жеткізу шығындарының əр түрлі
болуына байланысты (ҚСЭ, 2, 252).
БЕЛДІК з а т. а у ы с. Күштілік, қуат-
тылық, мықтылық. Лезде босап жігерінің
б е л д і г і, Күңгүрт тартты халқымыздың
елдігі. Егер бүгін күреспесек тіл үшін
Ертең ұлт боп қалмасымыз белгілі (М.
Шаханов, Мəңгүрт., 44). Намыстансаң, түзу
бол, қыл елдікті, Салыстырма, бұрынғы
қой, б е л д і к т і. Ай құйрығын шолақ
қып жұлатұғын, Тастаңдар қара бүрген,
шеңгелдікті (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 248).
БЕЛДІКТЕМІР з а т. Есіктің сырты-
нан белдеулеп қойып, оған құлып салатын
темір. Қаңылтыр қаптаған ауыр есіктер-
дің сыртына білектей б е л д і к т е м і р
өткізіп, оған зілдей шойын құлыптар
салыпты (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 9).
БЕЛДІЛІК з а т. Белі мықтылық,
күштілік, əлділік. Аттардың да жүйріктігі,
жорғалығы, жуастығы, күштілігі, б е л д і
л і г і, əдемілігі сияқты қасиеттері бойынша
таңдалуын қажет етеді (А. Сейдімбеков,
Серпер, 204).
БЕЛЕСЕБЕТ з а т. с ө й л. Велосипед.
Қаланың біраз бозбаласы б е л е с е б е т
к е мініп келген екен (Қ. Жұмаділов,
Таңғажайып., 51). Теп-тегіс асфальтқа та-
бан тиген соң б е л е с е б е т і м н і ң жүрісі
түзеліп, өзімнің де көңілім көтеріліп сала
берді (Н. Ораз, Сиқырлы., 254).. Оның б е
л е с е б е т і н мен тебе алмаймын, аяғым
жетпейді (Қ. Əбілқайыр, Ұмыт., 94).
БЕЛЖАЗАР з а т. Киімшең қисая кетуге
арналған төсек, сəкі. Жүзі кертпіш тартқан
əйел жалдамалы ғұмырында рахатты б е л
ж а з а р ы м деп алакөлеңке сəкісіне жан-
таяды (С. Ордашева, Кек жуған, 76).
БЕЛЖЕМДІ с ы н. а у ы с. Жақсы,
үлкен, тəуір. – Мені ағаш кесуге жіберген
безбүйректердің өзін жұмсайтындай бір
б е л ж е м д і оқудың шаужайына бір-ақ
жармассаңшы, əйтеуір (А. Əшімов, Шығ.
жин., 1, 43).
БЕЛКЕСПЕ з а т. к ə с і б. Бекіренің
жон еті. Жайын тəрізді ірі балықтардың
семіз, майлы жон етін бөлек кесіп алады,
оны «жаңса» деп, бекіренің жон етін «б е л
к е с п е» деп бөлек сақтайды (Қаз. этно-
графия., 1, 409).
БЕЛКИІЗ з а т. Түйенің беліне салынған
киіз. Əжекең түйесінің б е л к и і з і н
қолтықтап, есікке беттеді (Ж. Нəжімеденов,
Кішкентай, 78).
БЕЛКӨТЕРЕР з а т. э т н. 1. Ұзақ
жасаған қарияға арнап, шайнамай-ақ жей
беруге болатын құнарлы ас. Б е л к ө т е р е
р д і көңіл жақын жандар арнайы дайындап,
қарияға алып келеді (Қаз. этнография., 1,
469). 2. Наурызнама күні қарияларға жа-
салатын сый табақ, кəде. Наурызнамада
қарияларға «б е л к ө т е р е р» деп, өгіздің
қос шекесі салынған сый табақ тартылады
(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 31).
БЕЛЛЕТРИСТИКАЛЫҚ з а т. Бел-
летристикаға тəн, соған қатысты. Оқу-
шыны жеңіл қызықтыру жолын қуып, б е л
л е т р и с т и к а л ы қ əдістерді артық
қолданудың хауіптерін мен жоғарыда ай-
тып өттім (Қаз. əдеб., 21.03.1975, 3).
БЕЛОРАҚШЫ з а т. ж е р г. Белорақпен
шөп шабушы; шалғышы. Қолорақшылар мен
б е л о р а қ ш ы л а р, бау байлаушылар алыс-
қа ұзап кеткен( Тоғызыншы шежіре, 38).
БЕЛОРУС¹ з а т. Белорус мемлекетінің
негізгі халқы. Қойтас аймағында мотор
жүрегін соқтырып, қырманды қыздырып,
шаруашылықты өршітіп жатқан жұрттың
бірі орыс, бірі қазақ, бірі татар, бірі б е л о р
у с, ингуш, чечен, болғар, тіпті сыған да жүр
осылардың ортасында (Ғ. Сланов, Домбыра
күйі., 157). Біздің ауданымызда көп ұлттар
өкілі тату-тəтті тұрып жатыр. Қазақтар мен
орыстар, украиндар мен немістер, татарлар
мен б е л о р у с т а р, өзбектер – барлығы
жиырмаға жуық ұлт өкілдері бірігіп, еңбек
етеді (Лен. жас, 07.06.1972, 3).
БЕЛОРУС² з а т. т е х н. Резеңке
дөңгелекті жеңіл трактор. Көптен
көрінбей кеткен бригадир Татан күн көзі
тұсау бойы көтерілгенде, көк «Б е л о р
у с ы н» селкілдетіп танап басына келді
(М.Мəжитов, Аманғали, 232).
Достарыңызбен бөлісу: |