Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет25/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   168

БЕЙҚҰТТАУ  с  ы  н.  Берекесіздеу; 

уайымсыз,  қайғысыз.  Балғожа  барқыра-

ған айғайы көп, елге тынымсыз, берекесі 

жоқ  б  е  й  қ  ұ  т  т  а  у  жігіт  еді  (Жалын, 

1977, 3, 96). 



БЕЙҚҰТТЫҚ  з  а  т.  Бейбіт  өмір, 

тыныштық заман. Шаршағандарын енді 

ғана сезінген екі жасөспірім бала бұл б е й



қ  ұ  т  т  ы  қ  т  ы  ң  рақатына  кенеліп  тұр 

(Ақсұңқар., 43). 



БЕЙҚҰТШЫЛЫҚ з а т. Бейбіт өмір, 

тынышшылық. Б е й қ ұ т ш ы л ы қ қ а 

үйреніп қалған адамдар оған бірі сеніп, бірі 

сенбей,  ырғалып-жырғалып  жүреді  (Соц. 

Қаз., 16.02.1991, 4). 



БЕЙМАҒҰЛЫМДЫҚ  з  а  т.  Бей-

мəлімдік, белгісіздік. – Милион жұмыс бар, 

інішек. Құдай көрсетпесін, - деп, жаңағы



105

Байынқол Қалиев

б  е  й  м  а  ғ  ұ  л  ұ  м  д  ы  ғ  ы  н  а  кешірім 

сұрағандай болды (Жетісу, 23.06.1972, 4). 



БЕЙМЕЗГІЛДЕУ  с  ы  н.  Уақтылы 

емес;  мезгілсіздеу.  Көңіл  көзі  сенгіштеу 

кезіне  бір.  Кездейсоқтау  кездесіп  қала

ма  деп.  Тыныш  күйде  ұйықтаған  бал 

көңілді, Б е й м е з г і л д е у оятып ала ма деп

(Ж. Смақов, Мың махабб., 26). 

 БЕЙНАҚАҚ с ы н. Күнəсыз, нақақтан-

нақақ.  Ұлы  Бабам  өзіне  қарсы  келмеген 

аламандарын  б  е  й  н  а  қ  а  қ  қырған  жоқ

(О. Бөкеев, Мұзтау, 24). 

БЕЙНАМЫС с ы н. Намыссыз, намы-

сы жоқ. Баяғыда біреудің баласы шолжың 

өскен екен. Бетімен кеткен б е й н а м ы с 

бүйен  майды  мойнына  орап  жүреді  екен 

(М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 161). 



БЕЙНƏМ з а т. к ə с і б. Сусыз жерге 

егілген  егін.  Тау-таудың  етегіне,  қыр-

қыратқа, жота-жотаға егілген астық б е й 



н  ə  м  аталады.  Суарылмайды.  Көктемде 

сеуіп тастап, күзде орып алады (Қ. Толы-

баев, Əсет, 237). – Бізше суармайтын жерді 

«б е й н ə м» дейді. Ол «нəмсіз», «ылғалсыз» 

деген  сөз.  Ендеше  сол  б  е  й  н  ə  м  жерге 

егіннің  шығуы  жауған  жаңбырға  байла-

ныста болады (Ж. Тұрлыбаев, Семсер, 99). 

Көктемде б е й н ə м ғ а шамасы келгенше 

егінін егіп тастайтын да, күзде ел қатарлы 

астығын орып жинап алатын (Қ. Толыбаев, 

Бабадан., 30). 

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ...  Жол  қозғалысы 

е р е же с і н і ң   б ұ з ы л у ы н   т і р кеу   м е н 

автоматтандырылған б е й н е б а қ ы л а у 

құралдары  қолданылады  (Егем.  Қазақст., 

18.11.2008).

БЕЙНЕБАЯН з а т. ж а ң а. 1. Бейнені 

көрсетіп  тұрып  баяндап  беру  тəсілі. 2. 

Əннің мазмұнына аша түсетін түсірілім 

(видеоклип).  Өзімнің  орындауымдағы 

«Сен» деген əнге түсірілген б е й н е б а я н 

телеарналардан көрсетіліп жүр (Жас Алаш, 

12.08.2008).



БЕЙНЕЖАЗБА з а т. Таспаға жазылған 

əн  мен  күй.  Сонау  Дина  əжеміз,  Күлəш 

апамыздың көзден бұл-бұл ұшатын б е й н е 



ж а з б а л а р ы н (видеозапись) айтпағанда 

осы күнгі өнер шеберлерінің пленкаларына 

зəруміз (Қаз. əдеб., 17.05.1974, 2). Бұл аз 

десеңіз б е й н е ж а з б а н ы қоса жіберген 

(Жас Алаш, 13.01.2008).

БЕЙНЕКӨРСЕТІЛІМ  з  а  т.  Бейне-

ге  түсірілгендерді  көрсету  ісі.  Осының 

арқасында б е й н е к ө р с е т і л і м д е р 



д і ң сапасы елəуір жақсарып қалды (Егем. 

Қаз., 29.01.2003, 4). 



БЕЙНЕКӨРІНІС  з  а  т.  ж  а  ң  а. 

Бір  нəрсенің  кескін-келбеті  бейнеленіп 

көрсетілген  көрініс.  Бұл  мұражайдың 

мақсаты – оның  ерекше  тылсым  қасиеті 

мен тамаша құдіретін жұртқа б е й н е к ө 

р і н і с т е р түрінде таныстыру сияқты

(М.  Құдайқұлов,  Құпия., 4). Шұрайлы 

тілмен əдемі өрілген мəтін б е й н е к ө р і н і с

т е р д і (видеосюжетті) ерекше жайнатып 

жіберген (Айқап, 12.02.2008).



БЕЙНЕЛІ:  Бейнелі  сөз.  Бейнелеп 

айтылған сөз.

БЕЙНЕМАТЕРИАЛ з а т. Магниттік 

таспаға бейнелеп жазылып алынған нəр-

се.  Тележурналистиканың  газет-журнал 

мен  радиодан  айырмашылығы  б  е  й  н  е 



м  а  т  е  р  и  а  л  ы  н  д  а  (Егем.  Қазақст., 

29.01.2003, 4). 



БЕЙНЕСУРЕТ з а т. ж а ң а. Компьютер 

немесе қалтателефон арқылы көрсетілетін 

сурет.  Конференция  шеңберінде  тəуелсіз 

Қазақстанның өмірінен фото, б е й н е с у 



р е т көрмесін өткізу де жоспарланып отыр 

(Егем. Қазақст., 25.04.2009).



БЕЙНЕСЮЖЕТ з а т. Сюжет бойын-

ша бейнелеп көрсету ісі. Қазір біз «бейне-

баян» атты мəтіні жоқ б е й н е с ю ж е т 



т  е  р  д  і  жиі  пайдалана  бастадық  (Егем. 

Қазақст., 29.01.2003, 4). 



БЕЙНЕТ:  Бейнет  белдемше.  э  т  н. 

Ірі  қараны  союшыға  еңбек  ақысы  үшін 

берілетін кəде-ет. Соғым союға келгендер 

еңбегінің ақысына ірі қарадан «азап арқа», 



«б е й н е т  б е л д е м ш е» деп аталған 

мүшелерден  қоңдылау  етіп  кесіп  алады 

(Ата салты., 130). 

БЕЙНЕТТЕС  с  ы  н.  Бірге  еңбек  ет-

кен,  бейнетті  бірге  көрген  (адам).  Көп 

жылдан бері б е й н е т т е с, серіктес боп 

келе  жатқан  жазықсыз  жануар  екі  көзін 

Қаңтарбайдан алмады (З. Ақышев, Ақбел 

асуы, 21). 

БЕЙНЕТҮСІРІЛІМ  з  а  т.  ж  а  ң  а.

К ө п ш і л і к   о р ы н д а рд а   ( б а н кт е рд е , 

дүкендерде  т.б.)  автоматты  түрде 

түсіріп  тұратын  құрылғы.  Банкоматта 

орнатылған б е й н е т ү с і р і л і м бойын-

ша  қылмыскерлердің  суреттері  жасалып, 

облыстық ҚБД қызметкерлеріне тапсыры-

лады (Егем. Қаз., 20.12.2008).


106

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БЕЙНЕФИЛЬМ з а т. Бір нəрсені бей-

нелеп суреттеген фильм. ≈ Əкем туралы 

б е й н е ф и л ь м түсірдім. 

БЕЙПІЛ с ы н. с ө й л. Көп, мол, ырғын. 

Қызыл нар боталағалы бері үйде ағарған б е 



й п і л болып қалды (Ө. Қырғызбаев, Қырда., 

129).  Сүлеймен  Тұтқышұғлы  екі  қойды 

Бірін – түнде, біреуін күндіз сойды. Кемпір-

шал, жаман-жəутік қасымдағы Кенеліп б е 



й п і л асқа əбден тойды (Мəшһүр Жүсіп, 

Шығ., 4, 154). 



БЕЙПІЛАУЫЗДЫҚ з а т. Бейпілауыз 

болғандық,  былапыт  сөзділік,  дөрекілік. 

Талғам-тұшымның жоқтығынан дөрекілік 

пен б е й п і л а у ы з д ы қ қ а да ұрынып жүр-

ген жайымыз бар (Қаз. əдеб., 22.02.1974, 3). 



БЕЙРƏСІМДІК  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Бей-

ресмилік.  Осындай  жаңа  сөздердің 

қатарына  уағдаластық  (договоренность), 

сындарлылық  (конст руктивно сть), 

кеудемсоқтық  (амбиция),  б  е  й  р  ə  с  і  м 



д  і  к  (неформалный)  жəне  т.б.  жатқызуға 

болады (Ана тілі, 12.04.1990, 7). 



БЕЙРЕСМИЛЕУ  с  ы  н.  Ресми  еме-

стеу;  сыпайы. – Оу,  Ерсəлімұлы  қайда?

– деп, сонсоң барып, сəл б е й р е с м и л е у,

жұмсақтау  райға  түсіңкіреді  (М.  Байғұт, 

Бұла бұлақ, 5).



БЕЙСІ з а т. к ө н е. ж е р г. Чин пат-

шалығы  кезіндегі  ең  жоғарғы  төрт 

шеннің  (лауазымның)  үшіншісі;  мансап 

аты.  Керейдің  кеңесінде  сөз  бастайтын 

шешендігі  бар  ол  б  е  й  с  і  д  е  н  жоғары 

отырды  (Қ.  Мұқажанұлы,  Ортеке, 87). 

Темірхан б е й с і Сарбасқа қадала кетті: 

- Сен не бітіріп жүрген жан иесісің? (Бұл 

да). Зəкəрия төренің бел баласы Сағдолла 



б е й с і г е 1933 жылдың жазында басына 

іс түсіп, Уи Жыңгоның құзырына барады 

(М. Разданұлы, Алтай., 311).

БЕЙСІЛІК  з  а  т.  Бейсі  болғандық, 

бейсі  мансабына  ие  болғандық.  Зəкəрия 

Бейжиңге барып, б е й с і л і к мансап алып, 

шенді шекпен киіп қайтты (М. Разданұлы, 

Алтай., 311).



БЕЙТАРАПТАУ  з  а  т.  Қышқылға 

негіз  қосып  қышқылдық  қасиетті  жою 

немесе  керісінше.  Б  е  й  т  а  р  а  п  т  а  у 

өндірісте жəне лабораториялық, химиялық 

жұмыстарда  кеңінен  қолданылады  (ҚСЭ, 

2, 240). 



БЕЙТƏРТІПТІК  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Тəртіпсіздік.  Қылмысты  іс  (Чилидегі) 

жеке  бір  əскери  қызметкерлердің  құрғақ 

желпінісі, олардың б е й т ə р т і п т і к 

істерінің нəтижесі ғана ма еді? Жоқ! (Лен. 

жас, 04.06.1974, 2). 

БЕЙҺУДА ү с т. ж е р г. 1. Бостан-бос, 

бекер, босқа. Жұрттың білетіні – Мүбəрəк 

əйтеуір  б  е  й  һ  у  д  а  босқа  сөйлемейді

(О.  Сəрсенбай,  Шығ., 5, 76). 2. Уайым-

сыз,  қайғысыз.  Əлгі  Қозыбақтың  інісі 

үйленіп,  екі-үш  күннен  бері  соның  шаш-

пауын көтеріп дегендей, той-думанның бел

ортасында б е й һ у д а жүріп жатқанбыз

(О. Сəрсенбаев, Жақсының., 139). 

БЕЙІЛДЕС  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Пейілдес. 

Қаройға  бекінген  Мақамбеттің  қара 

шаңырағын  б  е  й  і  л  д  е  с  елмен  астар-

ластырушы Ықылас (Т. Əлімқұлов, Сырлы 

наз, 12). 

БЕЙІМДЕЛГІШТЕУ с ы н. Бір нəрсеге 

тезірек бейімделіп кететін; ыңғайланғыш, 

икемделгіш. Құрбыңыз мына сізге қарағанда 

ашық, жайдары, б е й і м д е л г і ш т е у 

екен (Т. Əбдікұлы, Парасат., 60).

БЕЙІМСІЗДЕУ  с  ы  н.  Бейімі  аздау, 

икемсіздеу. Ол кіммен қалай сөйлесуді көп 

біле бермейтін , өмірге б е й і м с і з д е у 

жан (Қаз. əдеб., 31.03.1978, 3). 

БЕКБАТША з а т. Қос өркешті түйенің 

бурасы  аруанаға  шағылысуынан  пайда 

болған  нар.  Бұл  қоңыр  бұйра,  тығыз 

жүнді келеді. Əрі сүтті, əрі күшті бола-

ды. Сирақтары жуан, əлді келеді. Өркеші 

шудалы  болады  (Қаз.  мал.  атау., 50). 

Мəселен,  таза  қанды  үлек  пен  айыр  түйе 

арасынан туған түйенің еркегін б е к б а т

ш  а,  ұрғашысын – қолбатша  дейді  (А. 

Сейдімбеков, Серпер, 87). 



БЕКБИКЕ... Өйткені осы күнгі ақсақал 

атанып  жүргендердің  көпшілігі  жаңа 

заманның  диірменінен  өткен,  жиырма-

сыншы-отызыншы  жылдардың  белсенді 



б е к б и к е л е р і емес пе? (О. Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 248). 



БЕКЕ¹ з а т. в е т. Ыстық-суықты бол-

ған  аттың  қаны  сыртына  шығып  кете-

тін ауру. Бұл ауру Арал маңында б е к е,

Көкшетауда  қантыстау  деп  аталады 

(О.Нақысбеков, Ауыс. гов., 102). 

БЕКЕ² з а т. ж е р г. Шалшық, лай, жа-

ман су. Құда болып қыз бермей, Жөнімді 

сұрап нетесің? Мен тастан аққан тас бұлақ, 

Сен борластан шыққан б е к е с і ң (Айтыс, 

2, 151). 



107

Байынқол Қалиев

БЕКЕРЛЕ е т. Бекер деу, жоққа шығару. 

Қожа-молдаларды,  ишандарды  батыл 

аяусыз  əшкерелеп  отырады,  бірақ  ислам 

дінінің негізін б е к е р л е м е й д і (Алматы 

ақшамы, 30.01.1990, 4). 

БЕКЕРЛЕУ Бекерле етістігінің қимыл 

атауы. 

БЕКЕТҮЙ  з  а  т.  Бекетті  жерлерге 

жолаушылар  үшін  салынған  үй.  Талқы 

асуындағы Сайрам көлдің жағасына келіп 

қондық. Осында б е к е т ү й бар екен (Қ. 

Жұмаділов, Таңғаж., 172). 



БЕКЛЕРБЕК з а т. к ө н е. Бектердің 

бегі, бектердің басшысы. Ханнан кейінгі 

екінші адам – б е к л е р б е к Əлібекке кісі 

шаптырды  (К.  Жүністегі,  Едіге, 112). Өз 

қолынан  да  билік  кеткенін  сезген  Əлібек



б е к л е р б е к өз сөзін дəлме-дəл жеткізетін 

адам таба алмай, Мамайға өзі барды (Бұл 

да, 113).

БЕКМЕЗ з а т. к ə с і б. Қауын гүлінен 

жиналған  бал.  Қауын  балы  (б  е  к  м  е  з) 

мəдени өсімдік – қауыннан алынады (Ара 

шаруаш., 108). 

БЕКПАТША з а т. с ө й л. Бекбатша. 

Б е к п а т ш а – бура мен аруанадан туған 

будан  (Қаз.  этнография., 1, 467). Қолын 

кессең бық етпес, Б е к п а т ш а қызыл 

нар едің (Н. Ахметбеков, Аманкелді, 48). 



БЕКСАУЫТТЫ с ы н. ж е р г. Əбден 

қаруланған, қару-жарақ асынған. - Өздері 

елші емес, бүтін бір б е к с а у ы т т ы 

қол  ғой  (Ə.  Кекілбаев,  Үркер, 359). Онда 

орыстың  б  е  к  с  а  у  ы  т  т  ы  қолы  кіші 

жүздің іргесіне емес, орта жүздің іргесіне 

шаһар салып, қан базар қылып жатпас па 

еді (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 284). 

БЕКТЕР: Бектер бегі. Бектердің бас-

шысы; ең жоғарғы бек; беклербек. Салор 

Қазанның  «хан», «бек»  лауазымына  қоса 

«беглер бегі», «б е к т е р  б е г і» деген 

де  шені  барын  оқимыз  (Егем.  Қазақст., 

08.05.2003, 6). 

Бектер  сауыт.  Тек  бектер  киетін  са-

уыт. Үстіне жеңіл б е к т е р  с а у ы т киген 

(Қ. Жұмаділов, Дарабоз., 107). 



БЕКІТПЕ з а т. Бекітіп қоятын тетік. 

Көңілімнің  лекітпесі  секілді,  Шідерімнің 



б е к і т п е с і секілді. Отау үй боп құралған-

да ең алғаш Көрші берген кетік кесе секіл-

ді... (Ж. Нəжімеденов., Кішкентай, 108). 

БЕКІТУІНСІЗ с ы н. а у ы с. Құптамай, 

қолдамай;  бекітпей.  Тəуке  хан  оның 

келісімінсіз, б е к і т у і н с і з мемлекеттік 

маңызы  бар  шешім  қабылдауға  құқы 

болмаған (Н. Мыңбатырова, Төле би., 26). 



БЕЛ з а т. Тоғызқұмалақ тақтасндағы 

солдан  оңға  қарай  санағандағы  бесінші 

отау.  Əр  ойыншының  отаулары  солдан 

оңға қарай; арт, тектұрмас, атөтпес, атсы-

ратар, б е л, қандықақпан, көкмойын, маң-

дай  деп  аталады  (Ə.  Ақшораев,  Тоғыз-

құмалақ., 12). 

БЕЛ: Бел көтерді. с ө й л. Бел жазды. 

– Кəне, жігіттер, енді сусындап, сəл б е л



к ө т е р і ң д е р (Қ. Толыбаев, Бабадан., 31). 

Белі бекіп, буыны қатпаған. Əлі есейе 

қоймаған, жап-жас; тəжірибесіз. Əлі б е л і

б е к і п,  б у ы н ы  қ а т а я  қ о й м а ғ а н, 

онжылдықты жаңа ғана бітірген кез еді-ау 

(Бал дəурен, 99). 

Белін жазды. Бойын тіктеп, бүгілген 

белін түзеді. Сонан соң шопандар б е л д е 

р і н  ж а з ы п, үйге қайтуға қам қылады 

(Лен. жас, 16.04.1972, 2). 



Белін тартқызды. Босанатын əйелдің 

белін  ұстап,  оған  көмектесті.  Мұндай 

жеңіл-желпі  шараларды  орындағанмен 

əйел  босана  қоймаса,  қарулы  əйелдерге 

немесе қайын інілерінің біріне оның б е л 



і н  т а р т қ ы з а д ы (Х. Арғынбаев, Қаз. 

халқы., 89). 



БЕЛБАСАР  з  а  т.  Тоғызқұмалақ 

т ақт асындағы  солдан  оңға  қарай 

санағандағы  алтыншы  отау.  Алтын-

шы отау – б е л б а с а р. Қарсы жақтың 

соңғы  құмалағы  көбіне  осыған  дəл 

жетеді  (Ө.  Жолымбетов,  Айгөлек, 48). 

Тоғызқұмалақшының біреуі көкмойыннан, 

біреуі  ортадан,  кейбіреуі  атаспастан,  б  е 



л а с а р д а н бастаймын деп кезек алып, 

алғашқы боп көшеді (Лен. жас, 08.11.1988). 



БЕЛБЕУ з а т. с п о р т. Таэквондодағы 

жетістіктері үшін берілетін атақ. Спорт-

та, оның ішінде таэквондода басқа тəртіп 

бар. Əр жетістігіңе орай алдымен б е л б е 

у, соңынан дан беріледі (Қ. Олжай, Қанат 

байла., 153). Таэквондода  басқаша.  Б  е  л 



б е у і ң е қарап жолыңды білесің, даныңа 

қарап  бағаңды  береді  (Қ.  Олжай,  Қанат 

байла., 153). 

БЕЛГІЛЕС  Белгіл е  етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Бұлар  барған  соң 

бір  күн  тыныстап,  ақыл  түйісіп,  басшы



б е л г і л е с е д і де ертеңінде жүріп кетеді 

(А.Сейдімбеков, Қыр хикая., 58). 



108

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БЕЛГІЛЕСУ Белгіле етістігінің қимыл 

атауы. 

БЕЛГІТАС з а т. ж а ң а. Қайтыс болған 

адамның аты-жөні жазылған тас. Алаш 

көсемі Аймауытовтың ұлына б е л г і т а с 

қойылды (Айқын, 30.05.2009).

БЕЛДЕУЛІК: Белдеулік баға. э к о н.

Белгілі-бір  белдеулерге  орналасқандар 

үшін  азық-түлікке,  өндіріс  бұйымдарына 

қойылатын баға. Б е л д е у л і к  б а ғ а н 

ы ң белгіленуі белгілі-бір өнімдерді өндіру 

жəне оны жеткізу шығындарының əр түрлі 

болуына байланысты (ҚСЭ, 2, 252). 

БЕЛДІК з а т. а у ы с. Күштілік, қуат-

тылық, мықтылық. Лезде босап жігерінің 

б е л д і г і, Күңгүрт тартты халқымыздың 

елдігі.  Егер  бүгін  күреспесек  тіл  үшін 

Ертең  ұлт  боп  қалмасымыз  белгілі  (М. 

Шаханов, Мəңгүрт., 44). Намыстансаң, түзу 

бол,  қыл  елдікті,  Салыстырма,  бұрынғы 

қой,  б  е  л  д  і  к  т  і.  Ай  құйрығын  шолақ 

қып  жұлатұғын,  Тастаңдар  қара  бүрген, 

шеңгелдікті (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 248). 



БЕЛДІКТЕМІР з а т. Есіктің сырты-

нан белдеулеп қойып, оған құлып салатын 

темір.  Қаңылтыр  қаптаған  ауыр  есіктер-

дің сыртына білектей б е л д і к т е м і р

өткізіп,  оған  зілдей  шойын  құлыптар

салыпты (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 9). 



БЕЛДІЛІК  з  а  т.  Белі  мықтылық, 

күштілік, əлділік. Аттардың да жүйріктігі, 

жорғалығы, жуастығы, күштілігі, б е л д і 



л і г і, əдемілігі сияқты қасиеттері бойынша 

таңдалуын  қажет  етеді  (А.  Сейдімбеков, 

Серпер, 204). 

БЕЛЕСЕБЕТ з а т. с ө й л. Велосипед. 

Қаланың біраз бозбаласы б е л е с е б е т



к  е  мініп  келген  екен  (Қ.  Жұмаділов, 

Таңғажайып., 51). Теп-тегіс асфальтқа та-

бан тиген соң б е л е с е б е т і м н і ң жүрісі 

түзеліп, өзімнің де көңілім көтеріліп сала 

берді (Н. Ораз, Сиқырлы., 254).Оның б е 

л е с е б е т і н мен тебе алмаймын, аяғым 

жетпейді (Қ. Əбілқайыр, Ұмыт., 94).



БЕЛЖАЗАР з а т. Киімшең қисая кетуге 

арналған төсек, сəкі. Жүзі кертпіш тартқан 

əйел жалдамалы ғұмырында рахатты б е л 



ж а з а р ы м деп алакөлеңке сəкісіне жан-

таяды (С. Ордашева, Кек жуған, 76). 



БЕЛЖЕМДІ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Жақсы, 

үлкен, тəуір. – Мені ағаш кесуге жіберген 

безбүйректердің  өзін  жұмсайтындай  бір 



б е л ж е м д і оқудың шаужайына бір-ақ 

жармассаңшы, əйтеуір (А. Əшімов, Шығ. 

жин., 1, 43). 

БЕЛКЕСПЕ з а т. к ə с і б. Бекіренің 

жон еті. Жайын тəрізді ірі балықтардың 

семіз, майлы жон етін бөлек кесіп алады, 

оны «жаңса» деп, бекіренің жон етін «б е л

к е с п е» деп бөлек сақтайды (Қаз. этно-

графия., 1, 409). 



БЕЛКИІЗ з а т. Түйенің беліне салынған 

киіз.  Əжекең  түйесінің  б  е  л  к  и  і  з  і  н 

қолтықтап, есікке беттеді (Ж. Нəжімеденов, 

Кішкентай, 78). 

БЕЛКӨТЕРЕР  з  а  т.  э  т  н.  1.  Ұзақ 

жасаған қарияға арнап, шайнамай-ақ жей 

беруге болатын құнарлы ас. Б е л к ө т е р е 

р д і көңіл жақын жандар арнайы дайындап, 

қарияға алып келеді (Қаз. этнография., 1, 

469). 2. Наурызнама күні қарияларға жа-

салатын сый табақ, кəде. Наурызнамада 

қарияларға «б е л к ө т е р е р» деп, өгіздің 

қос шекесі салынған сый табақ тартылады 

(А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 31). 



БЕЛЛЕТРИСТИКАЛЫҚ  з  а  т.  Бел-

летристикаға тəн, соған қатысты. Оқу-

шыны жеңіл қызықтыру жолын қуып, б е л 



л е т р и с т и к а л ы қ əдістерді артық 

қолданудың  хауіптерін  мен  жоғарыда  ай-

тып өттім (Қаз. əдеб., 21.03.1975, 3). 

БЕЛОРАҚШЫ з а т. ж е р г. Белорақпен 

шөп шабушы; шалғышы. Қолорақшылар мен 

б е л о р а қ ш ы л а р, бау байлаушылар алыс-

қа ұзап кеткен( Тоғызыншы шежіре, 38). 



БЕЛОРУС¹ з а т. Белорус мемлекетінің 

негізгі  халқы.  Қойтас  аймағында  мотор 

жүрегін соқтырып, қырманды қыздырып, 

шаруашылықты  өршітіп  жатқан  жұрттың 

бірі орыс, бірі қазақ, бірі татар, бірі б е л о р 



у с, ингуш, чечен, болғар, тіпті сыған да жүр

осылардың ортасында (Ғ. Сланов, Домбыра 

күйі., 157). Біздің ауданымызда көп ұлттар 

өкілі тату-тəтті тұрып жатыр. Қазақтар мен 

орыстар, украиндар мен немістер, татарлар 

мен б е л о р у с т а р, өзбектер – барлығы 

жиырмаға жуық ұлт өкілдері бірігіп, еңбек 

етеді (Лен. жас, 07.06.1972, 3). 



БЕЛОРУС²  з  а  т.  т  е  х  н.  Резеңке 

дөңгелекті  жеңіл  трактор.  Көптен 

көрінбей  кеткен  бригадир  Татан  күн  көзі 

тұсау  бойы  көтерілгенде,  көк  «Б  е  л  о  р 

у  с  ы  н»  селкілдетіп  танап  басына  келді 

(М.Мəжитов, Аманғали, 232). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет