Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет28/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168

БОЗАПҰЛ з а т. э т н. Ұрын келген күйеу 

баладан  алынатын  кəделердің  бірі.  Бұл 

сенен  алған  қызкөрсетерім  болсын.  Əлі 

асықпа, іргебасар, шашсипатар, ошаққазар, 

б  о  з  а  п  ұ  л  дейтіндер  толып  жатыр  (Қ. 

Тұрсынқұлов, Анды-Қарақыз, 145). 



БОЗАРЫТ е т. с ө й л. Бозар. Үркер... 

Жарлы үйдің ошағының басындағы болма-

шы күлдей сұйқылт б о з а р ы т ы п ша-

шылып жатыр (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң. 9). 



БОЗАРЫС Бозар етістігінен жасалған 

ортақ  етіс.  Ол  екінші  аяғын  тартып 

алғанда  аяқтай  бөлмені  аударып  тастай 

жаздап,  бақырып-шақырып  азан-қазан 

қылды.  Отырғандардың  шақшадай  басы 

шарадай болып б о з а р ы с ы п, қуарысып, 

орындарынан  тұрып  дүрлігіп  кетті  (Б. 

Қыдырбекұлы, Ұрының еншісі, 143). 

БОЗАРЫСУ  Бозарыс  етістігінің 

қимыл атауы, 

БОЗБАСТЫЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Боз-

бастық. Одан беріректе, б о з б а с т ы л ы қ

т  ы  ң  жолымен  Нəпектер  домбыра  тар-

тып, əн қосса, гармонт шалып, би билесе, 

шеткеріректен ыржалаңдап тұратын Тотай 

емей кім еді (Соц. Қаз., 07.07.1974, 4). 



БОЗБАСША ү с т. Бозбас балаша, боз-

бас бала тəрізді. Күні кеше аюотының асы-

лынан дəм татқан Мəкеңнің б о з б а с ш а 

жынданғанына кемпірі куə! (Т. Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 115). 



БОЗБАШ з а т. т а ғ а м. Қой еті мен 

бұршақты  жеке-жеке  пісіріп  алады 

да,  екеуін  қосып,  пияздап,  бұрыштап 

əзірленетін тағам. Б о з б а ш т ы табақ-

қа  құйып,  дастарқанға  қоярда  ұсақталған 

петрушканы  себеді  (И.  Сариев,  Дастар-

қан, 38). 



БОЗБҰҒА з а т. Дəрілік шөптің тамы-

ры (дəрі ретінді пайдаланылады). Қырық 

аяқ сумен ұшықтау, б о з б ұ ғ а, сарбұға, 

жеті  түрлі  дəрі-дəрмектің  басын  қосып, 

емдеу ме, не керек, əйтеуір осылар секілді 

қазақ  емдері  қалмады  (С.  Торыайғыров, 

Таңд. шығ., 261). 



Б О З Ғ Ы Л Т ТА Н У   Б о з ғ ы л т т а н 

етістігінің қимыл атауы. 

БОЗДАҚ:  Боздақ  жүн.  Жаңадан 

шыққан  жүн,  ұлпа.  Сапасына  қарай  жүн

биязы  жүн,  ит  жүн,  жабағы  жүн  (өлі 

жүн),  б  о  з  д  а  қ    ж  ү  н  (тірі  жүн),  ұяң 

жүн,  қылшықты  жүн  болып  бөлінеді  (Ж. 

Қоқанова, Түк жəне тері., 10-11). 

БОЗДЫ с ы н. 1. Ішінде боз түстісі де 

бар,  боз  араласқан.  Бидайықта  ақ  татыр 

Ақты, б о з д ы қой жатыр (Алпамыс, 79). 

2. Боз аты бар, боз ат мінген. Бұлардың 

əңгімесін шаңдақ бөлді, «Бұл не?» деп көзін 

сүзіп олар төнді. Қос б о з д ы н ы көрді де 

«Жау келеді, Сұлушаш, Ермекпенен аттан 

енді!» (С. Мұқанов, Таңд. шығ., 12, 63). 

БОЗҚАРАҒАН  с  ы  н.  Бозқарағаннан 

жасалған. Қолында ағаш күрегі бар, б о з

қ а р а ға н сыпыртқысы бар (Октябрь өрен-

дері, 222). 



БОЗҚАРАҒАНДЫ  с  ы  н.  Бозқараған 

өскен, бозқарағаны мол. Ұзын-ырғасы үш 

шақырымдай жол жүрген соң, б о з қ а р а 



ғ а н д ы түбекті кесіп өтіп, сай табанына 

құлдиладық (Ж. Аупбаев, Жанарымда., 5). 

Дегенмен ол осынау б о з қ а р а ғ а н д ы 

бозалаң  даласын,  мынау  ата-бабасынан 

мирасқа  қалғандай  көрінетін  сандық  тас 

жатқан аймақты қия алмайды (К. Сегізбаев, 

Ашылм. сыр., 37). 

БОЗҚЫРАУЛАН е т. Үстін боз қырау 

басқан.  Ақшағыл  қар,  ақшаңқан  дала, 

аппақ белдер, б о з қ ы р а у л а н ғ а н қой 

үсті – бəрі  аппақ-ау,  аппақ  (Лен,  жас, 

28.02.1973, 2). 



БОЗҚЫРАУЛАНУ   Бозқыраул ан 

етістігінің қимыл атауы.

БОЗӨКПЕ з а т. к ə с і б. Қыран құсты 

жүдету  үшін  берілетін  жем  (негізінен 

118

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

малдың өкпесі). Мəселен, ақжем мен б о з

ө к п е н і құсты жүдету үшін берсе, тартпа-

ны шынықтыру үшін, қансоқта мен қызыл-

ды семірту үшін береді (Саятшылық, 80). 

БОЗТАЙЛАҚ з а т. а у ы с. Ер азамат, 

боздақ. Ауылдағы білімді əрі ақылды небір 

жігіттің б о з т а й л а қ т а р ы қара жұмыс 

істеп жүр (О. Бөкеев, Қайдасың, 88). 

БОЗШУЛАН  с  ы  н.  Боз,  бозғылт, 

бозғылтым. Жыңғыл арасынан қылт етіп, 

тасаға қайта сіңген б о з ш у л а н мақұлықты 

көзі шалып, тік жарға жарқанаттай жабыса 

қалды (А. Мекебаев, Жезтырнақ, 97). 



БОЗЫМ з а т. Бозбала, жап-жас жігіт. 

Қызға қарағанда есейгені, б о з ы м шақтан 

да өтіп кеткені есіне түседі (Ш. Мұртазаев, 

Қара  маржан, 37). Б  о  з  ы  м  жігіттердің 

көкпарда құлап, жұлыны үзіліп кеткенінің 

куəсі болдық (Ш. Мұртаза, Не жетпейді, 9). 



БОЗЫМБАЙ з а т. э к с п р. Тəжірибесіз 

жас; боз өкпе д.м. Болат тым б о з ы м б а й.

Мынандай алмағайып заманда тізгінге ие 

болып жүре алса жарар еді (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 164). 



БОЙ: Бой жіп. э т н. Өрмектің ұзына 

бойына  созылып  жатқан  ұзын  жіптері. 

Есептаяқ – адарғының  алдында  тұратын,



б о й  ж і п т е р д і санап, байлап қоятын 

таяқ. Оны ел ішінде серу ағаш деп те атай-

ды (С. Қасиманов, Қаз. қолөнері, 78). 

Бойы  ауыр  тартты.  Денесі  ауырлап, 

дəл-сал күй кешті. ≈ Б о й ы м н ы ң  а у ы р

т а р т ы п тұрғаны. 

Бойындағы тікенінен арылды. Аман-

есен босанды д. м. Үш күн бойы қиналып 

толғатып  тұрған  тұмса  əйел  Қалдекең 

босаға аттай берісімен б о й ы н д а ғ ы  т і 

к е н і н е н  а р ы л ы п т ы (М. Разданұлы, 

Алтай., 154).



Бойын  тіктеді.  Бойын  тік  ұстады, 

еңсесін  көтерді.  Жөткірініп,  жаңағы  бір 

жайсыздың шырмауынан босап, б о й ы н 



т і к т е д і (Лен. жас, 20.07.1974, 2). 

БОЙДАҚ:  Бойдақ  қой.  а)  Тарт-

тырылған  еркек  қой.  ə)  Қысыр  қалған 

саулық.  Біздің  б  о  й  д  а  қ    қ  о  й  (ту  қой) 

деп  жүргеніміз – қысыр  қалған  саулық

(Н. Қазыбеков, Дала., 33). 

БОЙДАҚШАЙ з а т. Басқа тамақ жоқ, 

тек  қана  шай  д.м.  Жігіттер  ойнап-күле 

отырып  Есеннің  қызыл  шырайлы,  ашаң 

жүзді келіншегінің «б о й д а қ ш а й ы н» 

қанып ішті (Ж. Тұрлыбаев. Семсер, 164). 



«Б о й д а қ ш а й» деп əлгінде дастарқан 

жайылғанда Есен өзі айтқан. Ол дастархан 

үсті жұпыны, нан, қант, майға толы емес 

дегені еді (Бұл да).



БОЙЖЕТКЕНСУ   Бойжеткенсі 

етістігінің қимыл атауы. 

БОЙЖЕТКЕНСІ е т. Өзін бойжеткен 

санау,  бойжеттім  деп  есептеу.  Ол  б  о  й 

ж е т к е н с і п, үстіне киген киімін түзей 

бастады (М. Қаназов. Арна, 109). 



БОЙРА е т. ж е р г. Жасу, үгітілу, күйреу; 

салы суға кету. Өз басының бақытсыздығын 

ұмытқан. Қапелімшіл қасіретті емініп, б о й



р  а  п,  бүлініп  қалмаған  (І.  Есенберлин, 

Алтын ат., 278). 



БОЙСОҚТЫ:  Бойсоқты  болды. 

Денесі дел-сал болды, сүлесоқ күйде жүрді. 

Төкеннің  махаббатқа,  қыздарға  деген 

сенімін  жоғалтып,  орны  толмас  өкінішке 

ұрындырып, б о й с о қ т ы  б о п жүргенімен 

Фариданың  шаруасы  жоқ  (Лен.  жас, 

05.07.1974, 3). 



БОЙСҰНДЫРЫЛ  Бойсұндыр  етіс-

тігінен  жасалған  ырықсыз  етіс.  Қазақ 

тілінің дыбыс жүйесіне б о й с ұ н д ы р ы л



ғ  а  н  сөздердің  қатары  анықталған  (Ана 

тілі, 06.11.08). 



БОЙСҰНДЫРЫЛУ  Бойсұндырыл 

етістігінің қимыл атауы. 

БОЙСҮЙЕУ: Бойсүйеу етті. Аз да бол-

са қорек болды, жүрек жалғауға жарады. 

Кешке ауылына түлкі құрсақ боп қайтқан 

отарына шамалы шөп шашып б о й с ү й е у

е т т і (Лен. жас, 06.07.1973, 3). 

БО Й Т Ұ М А Р :   Б о й т ұ ма р   а л қ а . 

Бойтұмар пішінді əшекейлі алқа. Б о й т ұ 

м а р  а л қ а – тұмарлы алқа; əшекейленген 

тұмардың өзі (Қаз. этнография., 2, 614). 



БОКСЕРСЫМАҚ с ы н. Өзін боксермін 

деп есептейтін, бокспен аздап айналысқан 

(Д. Исабеков, Тіршілік, 214). 



БОКСЕРШЕ  ү  с  т.  Боксер  сияқты, 

боксер  тəрізді. – Жақындама!  Өлтірем! 

– дейді. Жұдырықтарын түйіп, б о к с е р 



ш е тұр (М. Мағауин, Таңд. шығ., 1, 383). 

Бердібек қайтадан сол қолын алға соғып,



б о к с е р ш е тұра қалды (Бұл да). Қайтерін 

білмеген Асан жеңілген б о к с е р ш е алыс 

майданынан шегініп шықты (Т. Əлқанұлы, 

Тірліктен., 3,17). 



БОҚ: Боғымды бермес. Бермей көрсін, 

бергенде  қандай  д.м.  –  Егер  бермеді  бар 

ғой, қамшының астына алыңдар. – Б о ғ ы м



119

Байынқол Қалиев

д ы  б е р м е с... (Ж. Аймауытов, Шығ., 

1989, 46). 



Б о қ қ а   б ат ы р д ы .   А р а н д а т т ы , 

ұрындырды. Онда ар-иман жоқ, сені де бір 

күні б о қ қ а  б а т ы р а д ы. Сондықтан 

ондай  иттерден  аулақ  жүр  (Д.  Рамазан, 

Жылап аққан., 95). 



БОҚАТ...  Балқыған  темірдей  қып-

қызыл  б  о  қ  а  т  тас  қабырғаға  найзадай 

қадалып, тас еденген ұсақ-ұсақ жұлдыздай 

шашырап  түсті  (Ғ.  Мүсірепов,  Оян.  өлк., 

209). Оттан екі тарау бұлақ ақты, бұлақтың 

бірі – шойын, бірі – б о қ а т (Ғ. Мұстафин, 

Жиырма бес, 28). 

БОҚТАЛ Боқта етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. Арқаның атақты боқтампазы 

Ысқақ шалдың алдына барып, б о қ т а л 



ы  п  қайтқандар  оның  сөзіне  риза  болып, 

көпке  дейін  езуі  жиылмай  жүреді  екен 

(Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 13). 

БОҚТАЛУ Боқтал етістігінің қимыл 

атауы. 

БОҚТАМПАЗДЫҚ  з  а  т.  Боқтай 

бергіштік,  боқтағыштық.  Зады  есіңде 

сақта, бел сындыратын ерлігің болмаса, б о қ



т а м п а з д ы қ т ы кəсіп етпе (Ə. Əзиев, 

Шұғыл., 92). 



БОҚТАН з а т. к ө н е. Қыран құстың 

қарнындағы қыл-қыбыр, артық ет. Жетісу 

еліндегі Жалайыр Шорадан кейінгі құсты 

қатты қайыратын, б о қ т а н ы н алып бап-

тайтын осы Жолмамбет болатын (Қазыбек 

бек, Түп-тұқияннан., 75). 

БОҚТАҢҚЫРА  е  т.  Аздап  қана  боқ-

тау, боқтай сөйлеу. Кəдімгі қарт кісілер-

дің  əдетімен  Жəкең  де  (Жамбыл)  б  о  қ  -



т а ң қ ы р а п сөйлейтін (Жұлдыз, 1975, 

4, 196). 



Б О Қ ТА Ң Қ Ы РАУ   Б о қ т а ң қ ы р а 

етістігінің қимыл атауы. 

БОҚТЫ с ы н. Боғы бар, боқ толған. 

Тон дегенің бір тоқтышақтың терісі шығар, 

ат дегенің сырты түкті, іші б о қ т ы бір тай 

шығар (Шешендік сөздер, 108). 



БОҚТЫҚ  з  а  т.  Құйысқанның  ат 

күнтимесіне ілінетін жері (бөлшегі). Б о қ 

т ы қ жұмсақ қайыстан жасалады да, оған 

былғарыдан не жұмсақ иленген қайыстан 

жұмыр қолқа тігіледі (Ата салты., 105). Б о қ

т  ы  қ  ұзындығы  ат-көлік  құйысқанының 

күнтимес  мөлшерінде  болады  да,  оған 

өткізілетін  қолқа  да  сол  мөлшерде  жаса-

лады (Бұл да). 



БОҚТЫШАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Асқазан, 

қарын. Сейтек жеті атасынан бері б о қ т ы 

ш а ғ ы толмаған жетімек ұлдай ішті, жеді... 

ұйықтады (М. Мағауин, Аласапыран, 165). 



БОЛ: Болайын деп тұрған. Келешегі-

нен үміт күттіретін, пысық (бала). «Т ұ р

е к е н мына бала б о л а й ы н  д е п, Дауы-

сын  құбылтады  талай  түрлеп?! – Деп 

отыр іштен, ырза саңлақ ақын, - Естіртпей 

арқасынан  қағайын  тек» (М.  Əлімбаев, 

Көңіл күні, 10). 

БОЛАСНАЙ з а т. с ө й л. Болыснай. – 

Кəне, не қыл дейсің, б о л а с н а й шырағым? 

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 166). 

БОЛБЫРЛАН е т. Болбыр тарту, бол-

бырау (Т. Иманбеков, Тұт ағашы., 70).

БОЛБЫРЛАНУ  е  т.  Бол бырл ан 

етістігінің қимыл атауы. 

БОЛҒАР қ. Болгар. Оның (О. Бөкеевтің) 

қаламынан  туған  повесть,  əңгімелер 

ағылшын, неміс, б о л ғ а р, венгер, чех, сло-

вак, араб жəне туысқан республикалардың 

көптеген  тіліне  аударылды  (Лен.  жас, 

07.09.1983, 3). 



Болғар бұлғарысы. Болғардан əкелін-

ген  бұлғары.  Беліндегі  алтын  белбеуінің 

жасыл б о л ғ а р  б ы л ғ а р ы с ы сан түрлі 

жақұт,  гауһар  тастарымен  əшекейленген

(І. Есенберлин, Алтын орда, 1, 82). 



Б ОЛ Ғ А Н - ТОЛ Ғ А Н СУ   Б ол ғ а н -

толғансы етістігінің қимыл атауы.

БОЛҒАН-ТОЛҒАНСЫ  е  т.  Болып-

толған адам болып көріну. Əншейінде бұл 

төбесімен көк тірегендей боп, б о л ғ а н-



т о л ғ а н с ы п жүруші еді-ау  

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 335). 



БОЛЖАМГЕР з а т. Болжағыш адам, 

болжай  білетін  кісі.  Бүгінгі  таңда  б  о  л

ж а м г е р л е р көбейіп барады деп ешкімді 

таңғалдыра  алмайсың  (Алм.  ақшамы, 

29.11.1991, 6).

БОЛПЫШ с ы н. Болбыр, болпақ, бос. 

Кең,  момын,  б  о  л  п  ы  ш,  салғырт-салақ 

жайлау бұл күндерде бой жасаған баладай 

(М. Əуезов: Жұлдыз, 1974, 8, 86). 



БОЛЫҚ з а т. с ө й л. Болған, толған, 

бай адам. Сен де көбіне өзіңе ұқсаған б о л 

ы қ т а р ғ а ғана төгіліп-шашылатынсың. 

Қай  мүсəпірдің  басынан  сипап,  бағып-

қағып  өсіріп  едің? (О.  Сəрсенбай,  Шығ., 

4, 152). 



БОЛЫМДЫЛЫҚ  з  а  т.  Болғандық, 

істелгендік.  Б  о  л  ы  м  д  ы  л  ы  қ  та, 

120

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

болымсыздық  та  етістіктің  лексикалық 

байлығына жатады (Н. Сауранбаев, Қазақ 

тілі, 120). 



БОЛЫМДЫРАҚ  с  ы  н.  Молырақ, 

үлкенірек, ауқымдырақ. Азды місе тұтпауға 

əдеттенген қу көңіл «белжемдірек, б о л ы м



д ы р а қ олжамды мылтық үнімен текке 

үркітіп, маңымнан бездіріп алармын» деген 

дəмемен  жүріп,  ақыры  бұратылып  аштан 

жатуға мəжбүр болған (К. Сегізбаев, Жап-

жасыл., 5). 

БОЛЫМСЫЗДАУ с ы н. с ө й л. Мар-

дымсыздау (О. Бөкеев, Мұзтау, 65). 

БОЛЫМСЫЗДЫҚ з а т. Болмағандық, 

істелмегендік.

БОЛЫП-ТОЛҒАНСУ Болып толғансы 

етістігінің қимыл атауы. 

БОЛЫП-ТОЛҒАНСЫ  е  т.  Болып-

толған адам сияқтану; кемеліне келгенсу. 

БОЛЫСҚАНСУ  Болысқансы  етіс-

тігінің қимыл атауы.

БОЛЫСҚАНСЫ  е  т.  Болысқан  болу, 

жəрдемдескенсу. Б о л ы с қ а н с ы п қо-

йын  қалтасына  қол  жүгіртті  де,  жүз 

теңгені суырып алып, алдына тастады (Т. 

Отарбектегі, Зауал, 196).



БОЛЫСҚЫШТЫҚ  з  а  т.  Көмек-

тескіштік,  жəрдемдескіштік.  –  Кісіні 

алдамауды, қайырымдылықты, басқаларға 



б о л ы с қ ы ш т ы қ т ы... – осының бəрін 

сенен  үйрендім,  Ербол  (Ə.  Нұршайықов, 

Махаб. жырл., 519). 

БОЛЫСНАЙ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Болыс 

(əкімшіліктің басшысы)Жігіттер Балуан 

шалды етпетінен жығып салып екі қолын 

артына байлады, екі аяғын тұсады, б о л ы с-

н а й д ы ң бұйрығы бойынша дүре салды 

(З.Ақышев,  Ақбел., 129). Ең  мүсіркеген 

адам Баянауланың б о л ы с н а й ы Шөкең 

болды  (З.  Ақышев,  Жаяу, 227). Оның  бір 

жағында  б  о  л  ы  с  н  а  й,  ауылнайдың  ең 

үлкен ісі осы болса керек еді («Түркістан» 

газеті, 36). 

БОМБЫЛАУШЫ  с  ы  н.  Бомбылай-

тын, бомбы тастайтын. Сірə, б о м б ы 

л а у ш ы ұшақтар да келіп қалған болуы 

керек (Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 81). 



БОМБЫЛАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Бомбы 

тастаушылық, бомбылағандық. 

БОМЖ з а т. Үй-жайы болмағандықтан 

кез-келген жерге қонып, тамағын көшеден 

тауып жеп жүрген бейшара адам. Көшеде 

қайыршылаған б о м ж д ы көргеніңіз бар 

ғой, қазақ тілінің тағдыры сондай-ақ шама-

да (С. Ордашева, Кек жуған, 81). 



БОН з а т. к ө н е. Ұсақ ақша (тиын) 

жетіспеген жағдайда оның орнын алмас-

тыратын төлем қағазы. Б о н д ы сатып 

алуға, төлем құралы ретінде пайдалануға 

болады  (Егем.  Қазақст., 09.08.1991, 2). 

1922-24 жылдардығы ақша реформасынан 

кейін КСРО-да б о н шығару тоқтатылды 

(Бұл да). 



БОНИТЕР  з  а  т.  в  е  т.  Малды  сорт-

таушы  маман.  Кейде  осеменатор,  кейде 

б  о  н  и  т  е  р  болып,  өз  қолымен  жұмыс 

істеп үйретуден де тайынбайды (Октябрь 

өрендері, 129). 

БОНИТИРОВКА з а т. Малды, жерді 

беретін өніміне қарай бағалау (сорттау) 

ісі (шарасы). Қозыларды б о н и т и р о в 

к  а  жасаған  кезде  менің  есеп  жүргізуіме 

жəне  отарға  басшылық  етуіме  тура  келді 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1960, 1, 58). 

БОНИТКРОВКАЛА е т. Бағалау, сорт-

тау. Олар қойларды б о н и т и р о в к а л а 

й д ы (сорттайды), яғни əрбір қойды жүні-

нің сапасына (биязылығына, ұзындығына 

т.б.)  қарай  бағалайды,  қай  класқа 

жататындығын анықтайды (Қазақст. ауыл 

шаруаш, 1960).

БОНТИРОВКАЛАУ  Бонтировкала 

етістігінің қимыл атауы. Аға шопанның 

б о н т и р о в к а л а у д а н өтпеген бір жəне 

екі күндік қозыларына уақытша бекітілген 

сақманшы көмектеседі (Қазақст. ауыл ша-

руаш., 1960, 1, 58). 



БОПА

1

 з а т. с ө й л. Бапан. Қамыстың 

басындағы үкісі, ұлпасы. Қамыстың б а п 

а с ы аяғының шуашы бар адамға пайдалы 

болады (Диал. сөзд., 53). 



БОПА

2

 з а т. ж е р г. Бөтелкенің тығыны. 

Ең аяғы «пробканы» б о п а деп атаған екен, 

қазақтікі болса қабыл еттік (Алаш., 206).



БОПАҚАН з а т. э м о ц. Бөпе. Бəріміз 

қаумалап б о п а қ а н д ы еркелетіп жатыр-

мыз (Қ. Əбілқайыр, Текес., 82). 

БОПАЛА е т. Қыран құсты «по-по» деп 

шақыру. – Алтын құс болып келсең, б о п 

а л а п қолыма қондырам (Ж. Тұрлыбаев, 

Тамыз таңы, 312). 



БОПАЛАУ Бопала етістігінің қимыл 

атауы. 

БОПАН з а т. с ө й л. Бапан. Қоскөлдің 

жиегіндегі  б  о  п  а  н  ы  н  ұшырған  сидам 

қамыс қара желмен ысылдап, əр түбі бір-бір 


121

Байынқол Қалиев

жыланша қиқаңдап айбат шегетін сияқты 

(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 369). 

БОПЫРАЗ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Темекі  (па-

пирос).  Үш  айлық  əскери  курске  барып, 

сонда б о п ы р а з тартуды үйреніп келіпті 

(З. Қинаятұлы, Көшпенді., 118). Көргендер 

оның б о п ы р а з тартатыны да рас деп жүр 

(Бұл да, 119). Томардың жатысы ірі: ауыз-

да б о п ы р а з, мықында наган (Алматы 

ақшамы, 21.06.1990, 4). 

БОПЫШ  з  а  т.  Сəбиге  байпақтың 

сыртынан  кигізетін  жұмсақ  табанды, 

өкшесіз, шолақ қонышты, бұлғары аяқкиім 

(Қаз. этнография., 1, 521).



БОР з а т. Орыстың алмауыт жылқысы 

мен  жергілікті  қазақ  биесінен  туған 

əлсіз  жылқы.  Қазақтар  өз  жылқыларын 

орыстың  жүк  тартқыш  жылқыларымен 

будандастыруға  қарсы  болды.  Орыс 

жылқыларын алмауыт деп атайды. Алма-

уыт пен жергілікті қазақ биесінен туғанды

б  о  р  деп  атайды.  Ол  əлсіз  болады  (Ер 

қанаты, 20). Б  о  р  –  қазақ  даласы  мен 

Орынбордың  шекаралық  аудандарында 

кездескен (Ана тілі, 16. 05. 2013, 5).



БОР:  Бор  сутегі.  х  и  м.  Бордың  су-

текпен қосылысы. Б о р  с у т е к т е р і

–  жағымсыз  иісті , өте  улы  заттар  (ҚСЭ, 

2, 417). 



БОРА  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Қамба  ішіндегі 

кірпішпен  қаланып  жасалған  бөліктер. 

Кіндіктен келетін б о р а л а р д а бидай, 

арпа, сұлы үйінділері жатыр (Ұ. Доспанбе-

тов, Ел есінде, 80). Оны (тарыны) қолмен 

кекілдеп əкеліп, бастырып, ұшырып, б о р а 

л а р ы н а құйғанша көрер азаптары аз емес 

(К. Сегізбаев, Қаз. əдеб., 01.04.1985, 14). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет