Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет29/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   168

БОРАЛА е т. Борау, жан-жағына ұшу 

(шашырау). Балтаны көкеме ұқсап сілтеп 

жатырмын, əй бірақ олай-бұлай б о р а л а п

ұшқан  жаңқалар  мардымсыз  (Қ.  Омаров, 

Əке, 84). 



БОРАЛАУ  Борала  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БОРАНА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Тырма.  Осы 

маңайдағы  үш-төрт  ауылдың  соқасы  мен 



б  о  р  а  н  а  с  ы  менің  мойнымда

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 377). 



БОРАСЫНДАН Борасында етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Енді, міне, аяғы 

жаяу б о р а с ы н д а н ы п тұрып, ақ түтек 

боранға айналды да кетті (Жұлдыз, 1972, 

5, 129). 



Б О РАС Ы Н Д А Н У   Б о р а с ы н д а н 

етістігінің қимыл атауы. 

БОРБАЙ:  Борбай  созды  болды. 

Борбайларын  созды,  шаршап-шалдықты. 

Сонымен екеуі ауылға б о р б а й  с о з д ы



б  о  л  ы  п,  əрең  жетіп  еді  (Қ.  Тоқмырзин, 

Үш кие, 64). 



БОРДАҚЫЛАНЫЛ  Бордақылан 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс. 

Күтуіндегі екі жүз өгізшенің қақ жартысы 

кемеліне келтіріле б о р д а қ ы л а н ы л ы п, 

етке тапсырылды (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1963, 8, 21). 

БОРДАҚЫЛАНЫЛУ  Бордақыланыл 

етістігінің қимыл атауы. 

БОРЖУ  Боржы  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БОРЖЫ  е  т.  Бықырып  қатты  ашып 

кету.  Бай  жолаушыға  қымыз  бергізудің 

орнына  іргеде  ши  арасында  тұрған  б  о  р



ж ы ғ а н айран бер деп бəйбішесіне ым-

дапты (Қаз. əдеб., 31.12.1976, 4). 



Б О РЖ Ы Қ :   Б о р ж ы қ   бе т.   Б ет і 

боржиған,  быттиған.  Мүлкібай  деген  б 

о р ж ы қ  б е т сары бала асхана есігінен 

басын сұқты (Ə. Көшімов, Жас аңшы, 110). 



БОРЖЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  боржию, 

быттиыңқырау. Сондықтан да б о р ж ы ң

қ  ы  р  а  ғ  а  н  қызыл  беттегі  бұршақтай 

қара  сүйеліне  дейін  қызарып  кетті  (Ш. 

Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 25). 

БОРЖЫҢҚЫРАУ  Боржыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

БОРКЕМІКТЕНДІР  Боркеміктен 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Əлде 

табиғатта  жалпы  адамзаттың  жүйкесін 

қажытып,  б  о  р  к  е  м  і  к  т  е  н  д  і  р  і  п 

бара жатқан өзгеріс, құбылыстар бар ма?

(Б. Шаханұлы., 1, 255). Қабылдың қолына 

Айымкүлдің көңілін б о р к е м і к т е н 



д і р г е н түйіншегі түсті (Д. Рамаданов, 

Тастүлек., 12).



БОРКЕМІКТЕНДІРУ Боркеміктендір 

етістігінің қимыл атауы.

БОРКЕМІКТІ с ы н. Бостау, босаңдау, 

болбырлау. Аш пейілді жалаңқая саудагер

б о р к е м і к т і, батпан құйрықты албан-

ды  бекерге  таңдаған  жоқ  (М.  Əуезов: 

Жұлдыз, 1974, 8, 6). 

БОРКЕУЕК с ы н. Бостау, болбырлау. 

Б о р к е у е к бола бастаған тастардың бірін 

қозғап, бірін домалатып сапырылыстырып 

жатады (Қ. Тұрсынқұлов. Есіңде ме., 74). 


122

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БОРЛАН  е  т.  с  ө  й  л.  Бордақылан. 

Құйрығы бітеу қойда бар, Қысы-жазы б о р 



л а н ғ а н, Жүйрік жырау атта бар, Бəйгені 

жылда  қоймаған  (Бұқар  жырау:  Ана  тілі, 

12.07.1990, 5). 

БОРЛАНУ  Борлан  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БОРЛАС  з  а  т.  Борлы  жер,  борлы 

топырақ. Құда болып қыз бермей, Жөнімді 

сұрап  нетесің?  Мен  тастан  шыққан  тас 

бұлақ. Сен б о р л а с т а н шыққан бекесің 

(Айтыс, 2, 151). 



БОРПЫ з а т. Кендірдің борпылдаған 

ұлпасы. – Иə, жігітім, ажал деген сондай, 

ойламаған  жерден  келеді, - деді  май-май 

болған  қолын  кендір  б  о  р  п  ы  с  ы  м  е  н 

асықпай сүртіп жатып (І. Есенберлин, Ал-

тын от., 408). 

БОРПЫҚ с ы н. с ө й л. Борпылдақ. 

Ойпырмайдың быттиған тұрпы-ай, піскен 

бауырдай іркілдеп жатқан б о р п ы қ құмды 

алақандай айбатты табан іреп сойып өтіпті 

(Д. Досжанов, Жолбарыс, 126). 

БОРСАҢ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Бос,  босаң. 

Кілең сор, тақыр, ал болмашы б о р с а ң, 

құмайтты жерге түскен түйенің ізін тынбай 

соққан  жел  жауып  кетеді  (І.  Есенберлин, 

Маңғыстау, 11). 

БОРСЫҚ: Борсық бөрік. Борсықтың 

терісінен тігілген бөрік. Əлгінде ғана бір-

бірін  көруге  ұялғандай  тиін  бөрік,  суыр 

бөрік, көртышқан бөрік, б о р с ы қ  б ө р і к 

т е р маңдайдағы он сегіз көзді милықтата 

бүркеп алыпты (Қ. Ысқақ, Ақсу., 479). 



БОРСЫТЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  бор-

сыту,  борсыта  түсу.  Аю  үшін  жемтікті 

жерге көміп тастап, үш-төрт күн б о р с ы 



т ы ң қ ы р а п барып жегеннің жас еттен 

гөрі  əлдеқайда  дəмдірек  боларына  əбден 

көзі жеткен (К. Сегізбаев. Жап-жасыл., 13). 

БОРСЫТЫҢҚЫРАУ Борсытыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

БОРТАС  з  а  т.  Жұмсақтау  ақ  тас.  – 

Мынауың б о р т а с қой. – Ендеше осы 

бір  б  о  р  т  а  с  т  ы  керекке  жаратамыз

(Б. Дəулетбаев, Сүмбілшаш, 120). 



БОРША з а т. з о о л. с ө й л. Борша-

тышқан.  Ағаш  арасынан  б  о  р  ш  а  жиі 

кездеседі (Қ. Аймағамбетова. Табиғаттану, 

51).  Қыст ан  қиналмай  шығу  үшін 

жануарлардың  бір  тобы  азық  қорын  жи-

найды.  Олар – тиін,  аламан,  бұраубас, 

шақылдақ, б о р ш а жəне т.б. (Бұл да, 33). 



БОРШАТЫШҚАН з а т. з о о л. Кемір-

гіштер тобына жататын, ақтиін сияқты, 

бірақ  арқасында  ақ  жолақтары  бар 

орман  жануары.  Б  о  р  ш  а  т  ы  ш  қ  а  н

ағаш  тұқымын,  бүрін,  саңырауқұлақ,  жи-

дек,  астық  дəнін  жеп  қоректенеді  (Қаз. 

табиғ., 1, 267). Күн  райы  ашық  боларда 

орман ішінде б о р ш а т ы ш қ а н қатты 

шиқылдайды (Шопан сырласы, 328). 



БОРЫҚ:  Борық  тартты.  Ақ  сүйре-

гін  жеу  үшін  борықты  су  астынан  тар-

тып,  суырып  алды.  Тізіліп  өзен  үстінен,

Ұшады құстар аспандап. Балдырлы қамыс 

ішінен Т а р т а д ы  б о р ы қ  қасқалдақ 

(Ж. Тоғашев, Атырау., 21). 



БОРЫҚТЫҚ з а т. а у ы с. Жұмсақтық, 

бостық, жасықтық. – Аға, мен журнали-

стика факультетіне түсем! – дедім, енді əлгі 

бір сəттегі б о р ы қ т ы ғ ы м ғайып боп 

(Ə. Ыдырысов, Тұлға., 20). 



БОРЫШ:  Борышын  атқарды.  Бо-

рышын  өтеді,  қарыздар  болып  қалмады. 

≈ Ол өзінің азаматтық б о р ы ш ы н адал 

а т қ а р д ы.

БОРЫШТЫЛЫҚ  з  а  т.  Борыш-

ты  болушылық,  борышкерлік.  Анаға 

сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға, 

туған  топыраққа  б  о  р  ы  ш  т  ы  л  ы  қ 

сезімдерінің бəрі махаббатқа байланысты 

(Ə. Нұршайықов, Махаб. жырл., 524). Бұл 

салт ұрпақтарға ата алдында өздерін мəңгі 

шəкірттік жəне мəңгі б о р ы ш т ы л ы қ 

сезімін  тудырып,  ата-аналарын  өлгенше 

құрметтейтін қасиет қалыптастырады (А. 

Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 24). 



БОСАҒА: Босаға майлау. э т н. Жас-

тар жеке отау құрғанда немесе жаңа үйге 

кіргенде жақын-жуықтары құтты болсын 

айта келіп, босағаға май жағып, бата беру 

ғұрпы (Қаз. этнография., 1, 523). 

БОСАҒАБАУ  з  а  т.  Туырлықтың 

босағаға байланысты бауы. Оюлап қолдан 

тоқыған басқұр, уықбау, б о с а ғ а б а у, 

керегебау  дегендер  түр-түрімен  айқұш-

ұйқыш жүргізіліп тасталған (Б. Шаханұлы, 

Таңд., 1, 321). 

БОСАЛҚЫ с ы н. с ө й л. Босатылған, 

өз  еркі  өзінде.  Төрағалардың  қызметі

б  о  с  а  л  қ  ы  емес,  сондықтан  жергілікті 

басшыларға тəуелді (Ана тілі, 27.02.1992, 

3). 

БОСАҢҚЫРА  е  т.  Қолы  аздап  бо-

сай  түсу,  жұмысы  азаю.  Қолы  қауырт 


123

Байынқол Қалиев

жұмыстардан б о с а ң қ ы р а д ы (Ə. Ыды-

рысов, Таңшолпан, 139). 

БОСАҢҚЫРАУ Босаңқыра етістігінің 

қимыл атауы. 

БОСАУЫЛ з а т. ə с к. ж а ң а. Қыз-

мет мерзімін өтеп, кəсіби жұмысын аяқ-

таушылық (отставка). Күйеу бала əскери 

адам еді ғой, қазір б о с а у ы л ғ а шыққан 

(Жұлдыз, 1975, 4, 121). 

БОСАНУ:  Босану  үйі.  Айы-күні 

жеткен  əйелдерге  медициналық  көмек 

көрсететін мекеме. Б о с а н у  ү й і н д е боса-

натын, босанғаннан кейінгі жəне жаңа ту-

ған сəбилер бөлімдері болады (ҚСЭ, 2, 423). 

БОСКӨТЕН с ы н. а у ы с. Нашар, əлсіз 

д.  м. – «Өй,  өңшең  жасық,  жəутік,  б  о  с

к ө т е н», – деп жер-жебірімізге жетті (Н. 

Дəутайұлы, Аты жоқ., 376).



БОСТАН...  Б  о  с  т  а  н  ы  бар-ды 

теректің, Болаты бар-ды беректің (Шалкиіз: 

Ертедегі əдеб. нұсқа., 109). 

БОТА:  Бота  мойын.  э  п  и  т.  Мойны 

ботаның мойнындай. Алқа бел, аю қабақ, 

б о т а  м о й ы н, Шөгендей төрт тұяғы 

құйған шойын. Құс кеуде, інген ерін, түлкі 

азу, Бөкен бел, қасқыр тірсек, бура қойын 

(А. Нұртазин, Көк тоғай, 25). 



Бота  шаптырым.  Шамамен 3-4 

шақырымдай  қашықтық.  Намаздыгер 

кезінде бүкіл ел тайлы-таяғы қалмай ауыл-

дан б о т а  ш а п т ы р ы м беткейдегі биік 

белге жиналды (С. Досанов, Қыран., 154). 



БОТАЙ  з  а  т.  ə  с  к.  Үсті  бетонда-

лып,  ішіне  пулемет  орнатылатын  жер-

ден  қазылған  бекініс,  дзот.  Қаланың 

төңірегіндегі жау бекінісі – б о т а й л а р

қарауытады. Шеткі бір б о т а й д а н пу-

лемет  атылып  жатқандай  (Қ.  Жұмаділов, 

Соңғы көш, 2, 57). 

БОТАҚАРЫН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Саз 

балшықтан  күйдіріліп  жасалған,  бойы 

аласалау,  бүйірі  шығыңқы  құмыра.  Саз 

балшықтан  күйдіріліп  жасалған  ыды-

стар  əдетте  тобатай,  тостаған,  көзе,  қыш 

құмыра, тең құмыра, б о т а қ а р ы н деп 

сыйымдылығына қарай түрліше аталады : 

əрқайсысының  пайдалану  орны,  қызметі 

əрқилы (Жұлдыз, 1972, 5, 206). 

БОТАЛАҒЫШ с ы н. Боталай беретін, 

боталайтын. Бəрінің де қойы жоғалғыш, 

түйесі  б  о  т  а  л  а  ғ  ы  ш,  биесі  құлын 

тастағыш  боп  алды  (Р.  Отарбаев,  Біздің 

ауыл., 400). 



БОТАЛЫ:  Боталы  түйе.  Ойынға 

қатысушылардың бірі түйе, келесісі оның 

ботасы, қалғандары ботаны қоршаушылар 

болып ойнайтын балалар ойыны (Қаз. эт-

нография., 1, 528). 



БОТАМДА е т. Ботам-ботам деп ер-

келету. Өмір бақи, «б о т а м д а п» жүріп, 

өздерін ұмытады (Лен. жас. 30.12.1972, 3). 



БОТАМДАУ  Ботамда  етістігінің 

қимыл атауы. 

БОТАМДАТ  е  т.  «Ботам», «ботам» 

деп жылау. ≈ Атамдатсаң атамдат, б о т а м

д а т п а. 

БОТАМДАТУ  Ботамдат  етістігінің 

қимыл атауы. 

БОТАШ з а т. э м о ц. Ботаны жақсы 

көргендер  оны  ботақан,  боташ  деп  те 

айта береді (Ə. Қарағұлов, Шоқ ине, 72). 

БОТИ  қ.  Боты.  Үстінде  плащы, 

аяғында  кең  қоныш  б  о  т  и  ы  бар

(Б. Соқпақбаев, Таңд., 427). 

БОТЫРА е т. ж е р г. Еңіреу, боздау. – 

Жə, жетті! Б о т ы р а м а! Тірі отырмын 

ғой (О. Бөкеев, Өз отыңды., 329). 

БОТЫРАУ Ботыра етістігінің қимыл 

атауы. 

БОЯҚ з а т. ж е р г. Суға шомылушы-

ларды  қатерден  (теңіздің,  көлдің  терең 

жерінен)  сақтандыру  мақсатында  ішіне 

жел  толтырылып,  зəкірге  байланған, 

қызылға, аққа боялған шар тəрізді қалтқы 

белгі; бакен. Келесі мезетте катерден ұзын 

арқанға  байланған  қалтқы  б  о  я  қ  бөліне 

берді. Енді Қапаш қайығын сол б о я қ қ а 

бейімдейді (Лен. жас, 09.08.1973, 3). 



БОЯҚША ү с т. Бояқ (бакен) тəрізді, 

бояқ секілді. Қаратерең алыстай берді. Со-

нау ұшанда балықшалар қайығы б о я қ ш а

қараяды (Қаз. əдеб., 12.07.1974, 2). 

БОЯУБАС  с  ы  н.  Шашын  ылғи 

бояп  жүретін,  боялған.  Тəжірибесінің 

кемдігінен  əзірге  мақсатында  жете  алмай 

жүрген  б  о  я  у  б  а  с  сары  қыз  жөнінде 

ойлауға тырысты (М. Мағауин, Таңд. шығ., 

1, 393). 

БОЯУЖАҚҚЫ з а т. ж а ң а. Бір нəрсеге 

(қағазға,  қабырғаға  т.б.)  бояу  жағатын 

құрал (кисть, кисточка). 

БОЯУЛАН  е  т.  а  у  ы  с.  Əсем  түске 

ену, əрлену. Иса насаттанды. Науша бойы 

биіктеп, бетінің жылтыры б о я у л а н а 

құлпырып  кетті  (Т.  Əлімқұлов,  Сырлы 

наз, 340). 



124

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

БОЯУЛАНУ  Бояулан  етістігінің 

қимыл атауы. 

БӨБЕ: Бөбе жапырақ. б о т. Уақ, май-

да,  кішірек  жапырақ.  Жапырағы  (қожа-

кендірдің) қарама-қарсы орналасқан, б ө б е



ж а п ы р а ғ ы болмайды (ҚСЭ, 6, 578). 

БӨГДЕСУ  Бөгдесі  етістігінің  қимыл 

атауы. 

БӨГДЕСІ е т. Бөгде деп білу, бөгде санау. 

Бір жағынан аласыз көңілдің бөтенсімей,



б ө г д е с і м е й жан тартқандығын да сез-

діргендей (К. Сегізбаев, Біз қалада., 43). 



БӨГДЕСІН е т. Бөтенсіну, жатсыну. 

Сырттан шыққаным еді деп б ө г д е с і н і п, 

бөтекеден қақсам, адамгершілігім, ағалық, 

əкелік парызым қайсы?! (К. Сегізбаев, Жап-

жасыл., 409). 

БӨГДЕСІНУ  Бөгдесін  етістігінің 

қимыл атауы.

БӨГЕНАЙЛЫ  с  ы  н.  Бөгенайы, 

ерекшелігі,  белгісі  бар  (зат).  Бұл  араға 

бірнеше рет келген ол базар маңайындағы 

үйлер мен б ө г е н а й л ы заттарды көкейіне 

мықтап  түйіп  алған-ды  (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 105). 

БӨГЕНДІК з а т. Бесіктің басы. Бесікті 

мүйізіне  іліп  алыпты,  бесік  ақ  қайың-

нан жасалған екен, б ө г е н д і г і н е қоңы-

рау  таққан  (Ш.  Айтматов,  Ақ  кеме, 227). 



Б ө г е н д і г і н е байланған көне қоңырау 

соңғы  рет  сыңғырлауда  (Соц.  Қаз., 

15.01.1977, 4). 

БӨГІРЕБАС з а т. Бас киім мыжылмас 

үшін талдан тоқып жасалған киім-ыдыс. 

Бөркіңді  б  ө  г  і  р  е  б  а  с  қ  а  айналды-

рып салып ем, үкісі ғана ұйысып қалыпты 

(Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 101). 



БӨДЕНЕ:  Бөдене  талант.  Шағын 

ғана қабілет иесі д. м. М. Шаханов шағын 

ғана  дарыны  бар  əдебиет,  ғылым,  өнер 

қайраткерлерін б ө д е н е  т а л а н т қ а 

теңейді (Жас Алаш, 20.01.2011). 



БӨДІРГЕ з а т. з о о л. Қырғауылдың 

жас балапаны. ≈ Б ө д і р г е ұстап алдым. 

БӨДІРЕТ  з  а  т.  Бір  жағы  тапсырыс 

беретін,  екінші  жағы  оны  орындайтын 

келісім (подряд) (Ғ. Мүсірепов, Оян. өлке, 

1., 198).



БӨДІРЕТШІ  з  а  т.  Бөдірет  алушы, 

бөдірет келісімін орындаушы (подрядчик). 

БӨЖЕК з а т. с ө й л. Үбіжай. Мұнысы 

баланы  «Ал,  б  ө  ж  е  к  келе  жатыр»  деп 

қорқытқандай болды (Қ. Омарұлы, Əке, 38). 

БӨЖЕКТЕТ  Бөжекте  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Ырғыздан  бір 

өткенде  үш-төрт  өттік,  Міндік  те  тарлан 

атқа  б  ө  ж  е  к  т  е  т  т  і  к.  Сарғайтқан 

сағынғаннан сорлы Қосан, Тұсыңнан айтып 

өлең талай өттік (Жеті ғасыр., 2, 251). 

БӨЖЕКТЕТУ Бөжектет етістігінің 

қимыл атауы. 

БӨЗ: Балым бөз. Бөздің бір түрі. Ол 

кезде ел ішінде көп киілетін бөз, б а л ы м



б  ө  з,  қазан  бөз  дейтін  маталарды  үстіне 

ілмей, көйлегін кілең таза ақтан тіктіретін 

болған (Ел аузынан, 239). 

БӨЙТЕК  з  а  т.  Дойбы  ойынындағы 

«бөйтек» сөзі шахматтағы «мат» деген-

мен бірдей (Ақмола обл.). 

БӨКЕБАЙ з а т. к ə с і б. Кеме тұм-

сығына  көтеретін  кішірек  қосалқы  жел-

кен.  Қазіргідей  сүттей  тымық,  əрі  желге 

бір  қырын  жүзгенде  əйелдің  шашақ-

ты шархатындай ғана б ө к е б а й д ы ң 

үлкен септігі бары теңізші атаулыға мəлім 

(Ə. Сарай, Атырау, 78).

БӨКЕНСІЗ  с  ы  н.  Бөкені  жоқ,  бөкен 

болмайтын (жер). Арғы жағы үлкен жыра 

болушы еді. Ол б ө к е н с і з болмауға тиіс 

(Ж. Əлмашұлы, Тар дүние, 476). 

БӨКТЕР :  Бөктер  жайлау.  Тау 

бөктеріндегі  (баурайындағы)  жайлау. 

Етекте  орналасқан  жайлау – ой  жайлау, 

одан биіктегісі – б ө к т е р  ж а й л а у, 

бөктерден  жоғарғысы  –  төр  жайлау,  ең 

биіктегісі – кер жайлау деп аталады (Қаз. 

этнография., 1, 283). 



БӨКТЕРМЕЛІ ...  Қазақ  тілінде 

бөктеруге  байланысты  сөз  тіркестері 

көп:  бөктер,  б  ө  к  т  е  р  м  е  л  і,  бөкте-

рулі,  бөктерінді,  бөктеріншек  т.б. (Ата 

салты., 102). 

БӨКТЕРІЛ  е  т.  Жыртылу,  сөгілу. 

Байыңның  шапаны  б  ө  к  т  е  р  і  л  і  п 

қалыпты, соны жамай салсаң да жұмыс қой 

(Б. Майлин, Майдан, 63). 



БӨКТЕРІЛУ  Бөктеріл  етістігінің 

қимыл атауы. 

БӨКІЛДЕП ү с т. с ө й л. Өңк-өңк етіп, 

өңкілдеп. – Өк, əй, өк! Оның айтқанынан 

қорқып, б ө к і л д е п қаша жөнелетіндей 

мен ақымақ сиыр емеспін (Н. Ораз, Сиқыр-

лы., 255). 



БӨКІТ е т. ж е р г. Жосыт. Құба жон-

да екеуден-екеу б ө к і т і п тартып келеді 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 8). 


125

Байынқол Қалиев

БӨЛЕКЕЙ с ы н. Бөлек, жеке, басқа. 

Əуелі б ө л е к е й пікірлерді айтып, жалпы 

пікірді  солардың  дəлелдерімен  қуаттап 

байымдау бар (А. Байтұрсынов, Шығ., 219). 



БӨЛЕКСІН  Бөлексі  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Кілең  орыс 

əйелдерінің  ішінде  б  ө  л  е  к  с  і  н  і  п, 

қаймығып жүрем (Т. Ахтанов, Шырағың., 

7). 


БӨЛЕКСІНУ  Бөлексін  етістігінің 

қимыл атауы. 

БӨЛЕШАР з а т. Бөледен туған бала 

(ұл, қыз). Екеуі сұраса келе бөледен туған 

б  ө  л  е  ш  а  р  боп  шықты  (Т.  Əлімқұлов, 

Шежірелі., 24). 



БӨЛЖІРЕП ү с т. с ө й л. Ылжырап. 

Бірақ б ө л ж і р е п пісіп, жарылайын деп 

тұрған  сары  қауындай  сопайған  түрінде 

көз тоқтатып, зерлеп қарауға мəжбүрлейтін 

өзгеше бір сүйкімділік бар (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 29). 



БӨЛТЕБЕР з а т. м и ф. Үңгірде тірші-

лік  ететін,  адамға  ұқсас  құбыжық  мақ-

ұлық. Б ө л т е б е р – үңгірде тіршілік ететін 

құбыжық,  адамға  көрінбеуге  тырысатын, 

аса епті, аса сақ, аса күшті, ірі мақұлық. Ол 

қараңғы түнде ұрланып жүреді. Бойы 2-2, 5 

м-дей сүйегі адамға ұқсас (Егем. Қазақст., 

24. 11. 1992, 4). 



БӨЛТІРІКТІК  з  а  т.  Бөлтірекке  тəн 

қасиет. – Оның рас, жігітім. Егер заманы 

солай болса, бөрі бөрілігін, бөлтірік б ө л 



т і р і к т і г і н де істеуі ғажап емес (Ə. 

Хасенов, Жат жазасы, 93). 



БӨЛШІЛ с ы н. Бөліп бергіш, бөлісіп 

жегіш; қолы ашық. Б ө л ш і л,  б ө л ш і л, 

б ө л ш і л бол, Туысқанға жөншіл бол. Желек

 жапқан жас келін, Көпке жаққан елшіл бол 

(Ж. Ахмади, Айтұмар, 134). 

БӨЛІМ:  Бөлім  меңгерушісі.  Бір 

бөлімнің басшысы, жетекшісі. Б ө л і м  м е ң

г е р у ш і с і н і ң жасайтын жалпы тексеруі 

де жаңа біткен (С. Ғаббасов, Қандауыр, 17). 



БӨЛІШКЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  «Булочка» 

сөзінің қазақша айтылуы. Бес-алты б ө л і ш

к  е  домалап  аяқ  астына  түсіп  те  кетті  (З. 

Қыстаубаев, Ақ түн, 3). 



БӨРЛІГІС Бөрлік етістігінен жасалған 

ортақ  етіс.  Б  ө  р  л  і  г  і  с  е  бөркін  атып 

аспанға Бəйге бөліп қуғанға да, қашқанға 

(Е. Дүйсенбай, Бозала таң, 257). 

БӨРЛІГІСУ Бөрлігіс етістігінің қимыл 

атауы. 

БӨРІ: Бөрі сырғақ. Ақпан айында бо-

латын боранды қатты аяз (амал). Көпті 

көрген  көнекөздер  бұл  сақылдаған  сары 

аязды б ө р і  с ы р ғ а қ деп атайды (Ана 

тілі, 16.02.2012). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет