Жауапты редакторлар


ДƏСТҮРСІЗ  с  ы  н.  Дəстүрі  жоқ,  дəстүрі болмаған. ≈ Д ə с т ү р с і з халық  болмайды.  ДƏСТҮРСІЗДІК



Pdf көрінісі
бет37/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   168

ДƏСТҮРСІЗ  с  ы  н.  Дəстүрі  жоқ, 

дəстүрі болмаған. ≈ Д ə с т ү р с і з халық 

болмайды. 



ДƏСТҮРСІЗДІК  з  а  т.  Дəстүрі 

жоқтық, дəстүрі болмағандық. Одандағы 

155

Байынқол Қалиев

д  ə  с  т  ү  р  с  і  з  д  і  к,  намыссыздықтың 

түп-тамыры  қайда  жатыр,  соның  себеп-

салдарын  ізде  (А.  Əшімұлы,  Шығ.жин., 

2, 36). Уақытша болса да д ə с т ү р с і з



д  і  к  к  е  ұрынуымыздың  себебі – ұрпақ 

сабақтастығын  əлсіретіп  жіберу  еді  (Қаз. 

əдеб., 26.01.1990, 14). 

ДƏСІРЕЛЕ е т. с ө й л. Дəстерле.  Д ə

с і р е л е г е н ханбалығыңды жерміз-ау, 

бірақ біз одан тоят таппаймыз деп тұрмыз 

(Лен. жас, 09.12.1988, 3). 

ДƏСІРЕЛЕУ  Дəсіреле  етістігінің 

қимыл атауы.

ДƏТ:  Дəт  қылды.  а)  Көңіліне  медеу 

тұтты, үміт етті. Əйтеуір д ə т  қ ы л

ғ а н д а жел бағытын өзгертпеген секілді 

(Д.  Досжанов,  Жолбарыс, 68). ə)  Ниет 



етті,  ниет  қылды.  Арада  ай  өткенде 

Мəрияшты  ауруханадан  шығарып,  елге 

барып қайтуға д ə т  қ ы л д ы (Бұл да, 37). 

ДƏУДІРЛЕСУ  Дəудірлес  етістігінің 

қимыл атауы.

ДƏУМІТ з а т. Үлкен, дəу өгіз. Қазына-

ның көк арбасына шаңырақ мүйіз екі д ə у 



м і т т і жегіп, біз қаладан шықтық (Қаз. 

əдеб., 13.07.1990, 8). 



ДƏУПІРІМ с ы н. 1. Үлкен, ірі, денелі; 

2. Мықты, күшті. Бұлардың бəрі де алды 

отызға ілінген д ə у п і р і м жастар болатын 

(Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1, 29). 

ДƏУПІРІМСУ Дəупірімсі етістігінің 

қимыл атауы.

ДƏУПЕРІМСІ   е   т.  Күштісіну, 

мықтысыну.  Батыр,  батыр  дегелі,  Д  ə  у

п і р і м с і п екеуің Əлден асқан екенсің

(М. Əуезов, Таңд., 47). 



ДƏУРЕНДЕУ  Дəуренде  етістігінің 

қимыл атауы. Несін айтасаң, ол тұста д ə у

р  е  н  д  е  у  д  е  й - а  қ  дəурендеп  еді-ау!

(Ə. Кекілбаев, Үркер, 135). 



ДƏУІРНАМА з а т. ж а ң а. Эпопея. Шы-

нында да, миллион жол д ə у і р н а м а н ы

оқуға уақыт та, төзім де жетпеген болар еді 

(А.Нысаналин: Қаз. əдеб., 25.08.1989, 11). 



ДƏУІРНАМАЛЫҚ с ы н. Дəуірнамаға 

қатысты,  соған  тəн;  эпопеялық.  Тіпті 

«Абай» атты д ə у і р н а м а л ы қ туынды 

жазған  М.  Əуезов  те  ол  туралы  ешнəрсе 

демейді (Алматы ақшамы, 30.08.1990, 3). 



ДƏУІРСӨЗШІ з а т. с ө й л. Журналист, 

публицист.  Конференцияға  бір  шоғыр 

ғалымдар,  д  ə  у  і  р  с  ө  з  ш  і  л  е  р  келіп 

қатысты (Ана тілі, 28.05.1992, 3). 

ДВОРЯНДЫҚ з а т. Дворянға қатысты, 

дворянға  тəн.  Ал  Шыңғыс  бұл  кезде 

Құсмұрын  округінің  аға  сұлтандығына 

бесінші рет сайланып, енді д в о р я н д ы қ 

атақ алуды ойлап жүр еді (Ж. Бейсенбаев, 

Жасын тағдыр., 30). 

ДЕ: Дегеніңе жетпегір. қ а р ғ. Алдыңа 

қойған мақсатың орандалмағыр.

ДЕБДІРЕУ Дебдіре етістігінің қимыл 

атауы.

ДЕВАЛЬВАЦИЯЛАН  е  т.  э  к  о  н.

Алтынмен  немесе  шетел  валютасымен

салыстырғанда  ұлттық  ақша  құнының 

(курсының)  төмендеуі;  ақшаның  құнсыз-

дануы.  Италияның  лирасы  да  іс  жүзінде 

д е в а л ь в а ц и я л а н а бастады... (Жетісу, 

05.07.1972, 3). 



ДЕВАЛЬВАЦИЯЛАНУ  Девальвация-

лан етістігінің қимыл атауы. Англияның 

фунт  стерлингінің  іс  жүзінде  д  е  в  а  л  ь



в  а  ц  и  я  л  а  н  у  ы  н  а  байланысты  қазір 

Вашингтонда дүрбелең туып отыр (Жетісу, 

05.06.1972, 3). 

ДЕВАЛЬВАЦИЯЛАУ  з  а  т.  Ұлттық 

ақша  құнын  төмендету.  Олар  долларды 

8 процент д е в а л ь в а ц и я л а у жəне 

басқа  да  бірсыпыра  валютаның  нарқын 

өзгерту  туралы  келісім  жасасты  (Жетісу, 

05.07.1972, 3). 

ДЕГБІРЛЕНУ  Дегбірлен  етістігінің 

қимыл атауы. Əрине, оның д е г б і р л е н у і

де жай емес. Айқайлап, жұртты дүрліктіре 

берсем,  өзгеден  көзге  көп  түсемін  дейтін 

шығар (І. Есенберлин, Маңғыстау, 96). 



ДЕГБІРЛЕТ  Дегбірле  етістігінен 

жасалған өзгелік етес. Біз қайта шыққанда 

күн құлаңқырап қалыпты. Еріксіз асығамыз. 

Апай д е г б і р л е т е түседі (Т. Тілеуханов, 

Көрші келіншек, 38). 



ДЕГБІРЛЕТУ  Дегбірлет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДЕГБІРЛЕУ  Дегбірле  етістігінің 

қимыл  атауы.  Сондықтан  өрістегі  қой-

ды орынсыз, «шəйт-шəйт» деп д е г б і р 



л е у д е н аулақ болған жөн (Абзал жан-

дар, 130). 



ДЕГБІРСІЗДЕНДІРУ Дегбірсіздендір 

етістігінің  қимыл  атауы  (М.  Етекбаев, 

Жомарт жаз, 70). 



Д Е ГД І Т І Л   Д е г д і т   ет і с т і г і н е н 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Оның  үстіне 

желім тағы да жағылып, біраз д е г д і т і л



г  е  н  н  е  н  кейін  екі  бөлшек  беттестіріле 

156

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

нығарлап  жапсырылады  (Қазақст.  ауыл 

шаруаш., 1968, 12, 55). 

ДЕГДІТІЛУ  Дегдітіл  етістігінің 

қимыл атауы.

ДЕГЕЛЕКТЕН  е  т.  Бір  нəрсенің  ай-

наласында  дөңгелене  өсу.  Сыртынан 

қарағанда  тартаржапырақ  пен  бақбақтың 

жапырақтары жертағандап, жан-жағына д е 

г е л е к т е н і п өседі (Т. Мұсақұлов, Ботаника, 

59). Үйлердің маңынан сабағының түбінде 



д е г е л е к т е н і п өскен жапырақтары 

бар жолжелкен деген өсімдікті жиі көруге 

болады (Қ. Аймағамбетова, Табиғ тану., 5). 

Д Е Г Е Л Е К Т Е Н У   Д е г е л е к т е н 

етістігінің қимыл атауы. Егер калуендер 

мен шырмауықтарды д е г е л е к т е н у 

кезінде өңдесе, оның жер үстіндегі бөлегі 

ғана құрып кетеді де, одан кейін қайтадан 

өседі (Қазақст. ауыл шаруаш., 1962, 4, 62). 

ДЕГЕН с ы н. Деп айтқан. Баяғыда бір 

кемпір баласына «Келтірмесің келтірмес» 



д е г е н екен (Ана тілі, 23.02.1989, 4). 

ДЕГЕНШАР з а т. Жиеншардан туған 

бала.  Ұзатылған  қыздан  туғандар  жиен, 

одан жиеншар, жиеншардан д е г е н ш а р, 

дегеншардан туғанды көгеншар деп атаған 

(Қаз. этнографи., 3, 155).



ДЕГЕРЕС  з  а  т.  Жазық  далаларда 

кездесетін домалақ тақия төбе. Жетісуда 

ондай д е г е р е с т і ң бірнешеуі кездеседі. 

Жердің  аты  сол  д  е  г  е  р  е  с  к  е  қарап 

қойылған (Соц. Қаз., 02.04.1991, 4). Д е г е



р е с т е р қопарылып астынан тыңайтқыш-

тар шығып жатыр (Қаз. əдеб., 25.05.1979, 1). 



ДЕГЕРЕС:  Дегерес  қойы.  Алматы 

облысы  Дегерес  деген  жерде  буданда-

стыру арқылы шығарылған, биязы жүнді, 

құйрықты қой тұқымы. Д е г е р е с  қ о 

й ы н ы ң дене бітімі шымыр, сүйегі берік, 

кеудесі кең, құйрығы орташа (Қаз. табиғ., 

1, 343). Д  е  г  е  р  е  с    қ  о  й  тұқымы  ерте 

кезден шығарыла бастаған (Қ. Сəбденов.., 

Қой шаруаш., 189). Д е г е р е с  қ о й ы

н ы ң жүні ақ, біркелкі биязылау, негізінен 

сапалы (Қазақст. ауыл шаруаш., 1972, 3, 48). 



ДЕГМЕНТ з а т. к ө н е. Күміс жалатқан, 

əшекейлі  жалпақ  белдік.  Ол  тілімізде 

«деңбет», «деңмент» деп те атала береді 

(Ж. Досқараев, Қаз. тіл. жерг., 44). 



ДЕДЕГЕ з а т. э т н. Жүйрік атқа (бəйге 

атына)  жаз  кезінде  жабатын  жабу. 

«Төс тартпа», «таралғы бау», «тебінгілік», 

«Құйысқан», «тоқым», «жона», «өмілдірік». 

Жүйрікке  қыста  «жабу»,  жазғы  ыстық-

та  Жабады  ақ  «д  е  д  е  г  е»  төгілдіріп

(Ү. Кіребаев: Қаз. əдеб., 30.05.1986, 5). 



ДЕЙІЛШЕ з а т. с ө й л. Қапшық. Бөкес, 

ораздық (укроп), табансуытар (скамейка), 



д е й і л ш е (қапшық), кілтең (бел, кезең) 

секілді  көркем  прозаға  сұранып  тұрған 

сөздерді елемей, ескермей өте алмас едік 

(Қаз. əдеб., 23.12.1974, 2). Дəнді қолындағы 



д е й і л ш е г е сыпырып салып ап, кейін 

қайтты (М. Сқақбаев, Қырық қыз, 154). 



ДЕКАЛИТР...  Мыңдаған  д  е  к  а  л  и

т р л е р ішуге жарамсыз деп табылыпты 

(Р. Райымқұлов, Жапанда., 438).



ДЕЛБЕЗЕ з а т. ж е р г. Жүйке. Дені сау, 

д е л б е з е с і бүтін адамның үйде қарап 

отыруы тіпті ыңғайсыз сияқты сезінді (Қаз. 

əдеб., 25.11.1977, 1). 

ДЕЛБЕТАП с ы н. Кіресілі-шығасылы 

есі бар, мең-зең, дел-сал. Үйіне бас сұққанда, 

ол д е л б е т а п еді, үш-төрт стакан арақты 

көмейге  тастап  алған  соң,  əжептəуір  ма-

сайып,  көсілді  кеп  (Н.  Дəутайұлы,  Аты 

жоқ., 468).

ДЕЛБІРЕ е т. ж е р г. Делбеңде. Мен 

оянып, ақ көйлек, ақ дамбалы д е л б і р е й,

баса-көктеп келіп қалған əкемді ұры екен 

деп жан даусым шығып кетіпті (Лен. жас, 

24.08.1974, 4). 

ДЕЛДАЛДЫҚ:  Делдалдық  сауда.

э  к  о  н.  Делдалдар  арқылы  жасалатын 



сауда.  Д  е  л  д  а  л  д  ы  қ    с  а  у  д  а  н  ы 

ұйымдастыруға  жергілікті  Советтерді 

мүдделі ету керек (Соц. Қаз., 18.01.1991, 4). 

ДЕЛДАЛШЫ  з  а  т.  Сатушы  мен 

алушының  арасына  дəнекер  болған  адам. 

Қым-қуыт базардың қызған шағында сату-

шы мен алушыны жарастырып, д е л д а л

ш ы л а р, қызылқұлақтар мен алыпсатарлар 

жүр (Т. Мəмесейіт, Таудан., 15).



ДЕЛДИІҢКІРЕ е т. Əнтек шығыңқылау, 

сəл-пəл көтеріңкілеу. Бір шеті сəл д е л д и 

і  ң  к  і  р  е  п  тұр  (Ш.  Мұртазаев,  Интер-

нет., 311).  Сырттай  қарасаңыз  пəлендей 

ерекшелігі  жоқ.  Ортадан  биіктеу  бойын, 

ұзындау қолдарын, д е л д и і ң к і р е г е н 

танауын  есептемегенде  (М.  Байғұт,  Бұла 

бұлақ, 359).



ДЕЛДИІҢКІРЕУ  Делдиіңкіре  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ДЕЛЕКСИКАЛАН  е  т.  Бастапқы 

лексикалық мағынасын жоғалту. Сондай-

ақ біреуінің бірінші компоненті, біреуінің 



157

Байынқол Қалиев

екінші компоненті əрі д е л е к с и к а л а н



ғ а н, əрі деформаланған сөздер екені даусыз 

(А. Ысқақов, Қазіргі қаз. тілі, 138). 



ДЕЛЕКСИКАЛАНУ  Делексикалан 

етістігінің қимыл атауы.

Д Е Л Қ Ұ Л Ы Л А Н У   Д е л қ ұ л ы л а н 

етістігінің қимыл атауы.

ДЕЛ-САЛДАНУ Дел-салдан етістігінің 

қимыл атауы.

ДЕЛЬТАПЛАН з а т. с п о р т. Матор-

сыз жеңіл ұшу аппараты. 

ДЕЛЬТАПЛАНЕРШІ з а т. с ө й л. Дель-

тапланмен  ұшушы  адам.  Американдық 

Гарри Лоутон тамаша д е л ь т а п л а н е р 



ш і (Лен. жас, 10.04.1988, 4). 

ДЕЛЬФИН  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан 

шоқжұлдыздарының  бірі.  Бүркіт – Жы-

лан,  Қалқан,  Мерген,  Ешкімүйіз  жəне



Д е л ь ф и н шоқжұлдыздарының арасында 

орналасқан экваторлық шоқжұлдыз (ҚСЭ, 

2, 544). 

ДЕМБІ  з  а  т.  э  т  н.  Кереге  желісінің 

көк  өткізілетін  жеріне  соғылған  белгі. 

Үлгі  ағаш  арқылы  кереге  желісіне  көк 

өткізілетін жерге соғылған белгіні – д е м

б і дейді (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 26). Ке-

реге желісіне д е м б і салған жерге тесіп 

өткізіліп, түйінделген таспа – көк деп ата-

лады (Қаз. тіл. жер-ті ерек., 189). 



ДЕМБІЛ:  Дембіл  қамшы.  Сабы  мен 

өрімі бір-бірне жалғастырылып, қайыстан 

өріп  жасалған  қамшы  (Қаз.  этнография., 

2, 313). 



ДЕМДЕТКІШ з а т. Кеменің ішіне ауа 

(дем) кіріп тұратын қуыс (тесік). Жара-

лы  жігіт  аяғын  ақсаңдай  басып,  үліктің 

төбесіндегі  д  е  м  д  е  т  к  і  ш  к  е  төніп, 

белінен гранатаны ағытты (Ə. Сарай, Аты-

рау). Қасымханның д е м д е т к і ш т е н 

ішке граната тастамақ ойы бар еді (Бұл да).



ДЕМЕГЕНСУ  Демегенсі  етістігінің 

қимыл атауы.

ДЕМЕГЕНСІ е т. Аздап қана демеу, де-

меген болу. Осылайша бірін бірі д е м е г е н 

с і п, бірақ əрқайсысы жүрегін езген мұңнан 

іштей күйреп жүрген де жағдайлары бар еді 

(М. Айымбетов, Құмөзек., 19). 

ДЕМЕЛ  Деме  етістігінен  жасалған 

ырықсыз  етіс.  Адам  ылғи  бір  ізгі  істі 

сағынса,  Игі  тілек  арнасынан  табылса,



Д  е  м  е  л  с  е  егер  тілек  көптің  қолымен, 

Ескерусіз  қалдыра  алман  оны  мен

(М. Шаханов, Мəңгүрт., 69). 

ДЕМЕЛУ  Демел  етістігінің  қимыл 

атауы.

ДЕМЕСІН...  Ес  білгеннен,  Есім  хан, 

Қолыңа болдым сүйесін, Қолтығыңа бол-

дым  д  е  м  е  с  і  н  (Жиенбет  жырау:  Нар 

заман., 36). 



ДЕМЕУҚАРЖЫ  з  а  т.  э  к  о  н. 

Жергілікті  мекемелерге,  шаруашылық 

ұжымдарға шығынын толтыру үшін мем-

лекет бүджетінен қаржы бөлу ісі (Бекіт. 

термин., 27). 



ДЕМТЫНЫС з а т. Дем (тыныс) алу 

ырғағы.  Мəтінде  абзацтың  кездесуінен 

ойтыныс  пен  көзтыныс,  д  е  м  т  ы  н  ы  с 

мəселелері де ескерілуі тиіс (Г. Смағұлова, 

Көркем мəтін., 52). 



ДЕМІК:  Демігін  басты.  Дем  алды, 

тыныстады.  –  Жеңеше!  Мен  бір  кішке-

не отырып д е м і г і м д і  б а с а й ы н

(Н. Ғабдуллин, Жігер, 75). 

ДЕМІКПЕЛІ с ы н. Демігіп ауыратын, 

демікпесі бар. Шоқанның д е м і к п е л і 

көкірегі ашиды (Т. Əлімқұлов, Кер толғау, 

35). 

ДЕН-ДЕЛБЕЗЕ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Дені, 

денесі. Д е н-д е л б е з е с і сау, қайрат етер 

қалың азаматы бар бейнетқор ауыл жұрты 

қайтар  құстай  араласып,  жалбақтасып 

қалушы еді (Е. Тұрысов, Құралай., 7). 



ДЕНДИ з а т. ж е р г. э к с п р. Сылқым 

сері;  сəн  қуушы.  Өзінше  осы  ауылдың 

əжептеуір д е н д и і сықылды (О. Сəрсенбаев, 

Жақсы көзі, 32). 

Д Е Н Д Р ОЛ О Г И Я Л Ы Қ   с   ы   н . 

Дендрологияға қатысты, соған арналған. 

Д е н д р о л о г и я л ы қ паркте ағаш жəне 

бұта  тұқымдастардың  алты  жүзге  жуық 

түрі өсіп тұр (Лен. жас, 21.06.1973, 2). 

ДЕНІ-ҚАРНЫ з а т. с ө й л. Денсаулық. 

– Д е н і- қ а р н ы ң сау, бала-шағаң аман 

ба? (Ə. Нұршайықов, Махабб. жыр., 16). 



ДЕҢ з а т. ж е р г. Рет. Осы арада сол 

оқиғадан 30 шақты жыл өткеннен кейінгі 

бір  əңгімені  айта  кетудің  д  е  ң  і  келген 

сияқты  (Б.  Аманшин:  Мəдениет  жəне 

тұрмыс, 1974, 5, 19). 

ДЕҢГЕНЕ¹ з а т. э т н. 1. Бірнеше адам 

бірігіп,  бір  малды  сойып,  етін  бөлісіп 

жеу дəстүрі. Құда қаласа ендігі бұзауын 

қабыққа байлап, күзге салым д е ң г е н е

қыламыз  да,  пұлына  уақ  мал  аламыз

(Д. Исабеков, Тіршілік, 15). Міне, дəл осын-

дай шақта бірнеше жігіт бірлесіп, семіз қой 


158

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

сатып алып, сояды да, д е ң г е н е жасай-

тын салт болады (ҚазССР ҒА Хабарлары, 

1971, 1, 43). 2. Бір не екі жігіт келіп, бəске 



деңгене жегіміз келеді десе, үй иесі ең семіз 

малын сойып, түгел асып, сорпасын қосып, 

алдарына  қояды.  Егер  түгел  жеп-ішіп 

кетсе – жеңгені, төлеусіз кетеді; тауыса 

алмаса – жеңілгені: бір малдың орнына дəл 

сондай екі мал төлейді. Ауылдың Зеріккен 

жігіттері ауқатты бір үйге барып: «д е ң г е 



н е жегелі келдік» дейді (А. Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 3, 142). 



ДЕҢГЕНЕ

с  ы  н.  Жұнттай  болып 



семірген, семіз (қой). – Ертеңгі палауға д е ң

г е н е тоқтыны бауыздап, сойып, мүшелеп 

бұзып  қойыңдар, - дейді  (Д.  Досжанов, 

Жолбарыс, 423). 

ДЕҢМЕНТ:  Деңмент  белбеу.  Шапан 

сыртынан  тағылатын,  күмістеп,  шы-

тыралап,  сəндеп  жасалған  белбеу  (Қаз. 

этнография., 1, 632). 



ДЕРБЕТ  з  а  т.  Жоңғар  бірлестігінің 

құрамына кірген басты тайпаларының бірі. 

XVI ғ-дың аяқ шенінде ойраттар, жоңғарлар 

басты-басты төрт тайпалық бірлестіктерден 

құралды;  олар:  торғауыттар,  д  е  р  б  е  т 



т  е  р,  хошоуттар  жəне  шорстар  болатын 

(ҚазССР тарихы, 2, 299). 



ДЕРЕБЕН:  Деребен  арба.  ж  е  р  г. 

Қалқанды  арба.  Өгіз  жеккен,  ат  жеккен 

арбалар: жайдақ арба, д е р е б е н  а р б а, 

тарантас, қол арба бар – бəрі қалың нөпір 

болып,  бөгет  салуға  кірісіп  кеткен  (Т. 

Əбдіков, Өліарба, 220). Д е р е б е н  а р б а 

ұзаққа шыққан керуендей бірқалыпты шиқ-

шиқ етеді (Т. Əбдіков, Күзгі жапыр., 134).

ДЕРЕЙТ Дерей етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Тағалатар өкшесін, Қарыстан 

астам  серейтіп.  Бойын  сылап  жүргенде, 

Бозбала кетер д е р е й т і п (А. Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 332).



ДЕРЕЙТУ  Дерейт  етістігінің қимыл 

атауы.

ДЕРЕКТАНУШЫ  з  а  т.  Деректану 

ғылымының  маманы.  Ондай  орталықтар 

д е р е к т а н у ш ы мамандар даярлауға 

мүмкіндік  берер  еді  (Егем.  Қазақст., 

30.11.2001, 5).

ДЕРЕКТЕМЕТАНУ з а т. Деректеме 

туралы зерттеу жұмыстары (Бекіт. тер-

мин., 28).



ДЕРЕКТЕУ Деректе етістігінің қимыл 

атауы. Жайық бойында қолданыста екенін 

Қуандық Шаңғытбаев д е р е к т е у м е н 

болды (Ана тілі, 14.11.2002, 7).

ДЕРЕКТІР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Дирек-

тор.  Сұхбатшының  жақсы  еді  сезбегені, 

Телетілші  тілесін  өзге  нені?  Алқынады



д е р е к т і р: - Мынау пəлең Қақ жүректен 

тигендей  көздегені  (Б.  Омарұлы, 11-ші 

Қаламұш, 152).

ДЕРЕКШІЛДІК  з  а  т.  Дерекші 

болғандық,  дерекке  сүйеніп  айтушылық 

(жазушылық). Д е р е к ш і л д і к, фактішілдік 

бел алады, шығарманың көркемдік қуаты 

кемиді (Қаз. əдеб., 23.11.1984, 6).

ДЕРМЕНЕШІ  з  а  т.  Дермене  жинап, 

оны кəсіпорынға өткізуші адам. Өзге д е р

м е н е ш і л е р ақшам салқынымен адыр 

кезіп, тұмсығымен жер иіскеп жанталасып 

жатыр (Д. Исабеков, Тіршілік, 22).

ДЕРМИЯНДЫ..? Бір бай Шудың бой-

ын мекен қылған, Д е р м и я н д ы тілекте 

көңлі толған. «Армансыз Келден бай» деп 

аталады. Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған 

(И. Байзақов, Құралай, 22).

ДЕРНƏСІЛ з а т. з о о л. ж а ң а. Құрт-

құмырсқа, шыбын-шіркейлердің (насеком) 

4  түрлі  даму  сатысының  (жұмыртқа, 

дернəсіл, қуыршақ, құрт) екінші сатысы; 

личинка.

ДЕРТ  е  т.  Емшегі  сүтке  толу,  сыз-

дау.  Қаншық  қасқыр  екен.  Д  е  р  т  к  е  н

емшектері  бауырына  сыймайды  (С. 

Мұқанов, Бақташы., 188). Сиырдың сүмесі 

д е р т к е н емшегі сияқты (С. Мұқанов, 

Таңд. шығ., 6, 99).



ДЕРТ:  Дерт  болды.  Жанына  батты, 

қайғырды. Қынжылды, көп ойланды Бектас 

тұрып, «Қап!» - деді басын шайқап, санын 

ұрып, Д е р т  б о л д ы-а у Əмірханға жа-

зылмайтын, Қайратын қажытады-ау, оймен 

құрып (И. Байзақов, Таңд. шығ., 1, 190).

Дерт көшіру. к ө н е. Адамның, малдың 

бойындағы  кеселді  басқа  нəрсеге  аудару 

арқылы  емдеу  тəсілі  (Қаз.  этнография., 

1, 634). 



ДЕРІТТІР  Деріт  етістігінен  жасал-

ған  өзгелік  етіс.  Тұңғыш  рет  аналық 

түйсінуді кос анарын д е р і т т і р е, шы-

мырлата байқатып еді-ау! (М.Айымбетов, 

Құмөзек., 18).



ДЕРІТТІРУ  Деріттір  етістігінің 

қимыл атауы.

ДЕС: Дес бітті. Күш бітті, жігерленді, 

құлшынды. Тұйғынға  д е с  б і т і п, сақпан-

159

Байынқол Қалиев

ның  тасындай  атылды  (Б.  Дəулетбаев, 

Парыз, 101).

ДЕСТЕЛЕНУ  Дестелен  етістігінің 

қимыл атауы. Белуардан келетін шалғын 

шөптің д е с т е л е н у і оңайға түскен жоқ 

(Лен. жас, 16.06.1972, 1).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет