Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет39/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   168

ДӨНЕЖІН: Дөнежін бие. Төрт жасар 

бие. Бие жасына қарай құнажын бие, д ө н е

ж і н  б и е, бесті бие аталады (Қаз. этно-

графия., 1, 509). 



ДӨНЕН:  Дөнен  атан.  Төрт  жасқа 

толған атан. Одан əрі түйенің піштірілген 

еркегі – құнан атан немесе атанша, д ө н е н 



а т а н, бесті атан, атан делінеді (Соц. Қаз., 

18.10.1981, 4). 



Дөнен  бұқа.  Төрт  жасар  бұқа.  Тай-

ынша  бұқа – бір  жастағысы,  құнан  бұқа 

– екі жастан асқаны, д ө н е н  б ұ қ а – үш 

жасары, бесті бұқа – бес жасары, құжбан 

бұқа – жеті  жастан  асып  жетілгені  (Қаз. 

этнография., 1, 552). 



Дөнен  қымыз...  Қымыздың  құнан 

қымыз, д ө н е н  қ ы м ы з, бесті қымыз, қу 

қымыз, у қымыз деген түрлері бар (Жалын, 

1973, 1, 84). 



ДӨҢАЙБАТТАН е т. Сес (айбат) қылу, 

қыр  көрсету.  Кімге  шағынасың?  Əжеме 

айтар болсам: «Əй, Назира, сен бе! Сен!» 

деп құр д ө ң а й б а т т а н ы п сес көрсетіп 

ұрсады да қояды (Жұлдыз, 1972, 4, 19). 



ДӨҢАЙБАТТАНУ  Дөңайбаттан 

етістігінің қимыл атауы. 

ДӨҢАЙБАТШЫЛ  с  ы  н.  Дөңайбат 

жасағыш,  сес  көрсеткіш.  Үскірік  жел  ə 

дегенше  тынысын  буып,  бас-көзден  ашу 

шақырған д ө ң а й б а т ш ы л адамдай 

төпеледі (Ə. Байбол, Теміржол., 233). 



ДӨҢБЕК: Дөңбек үй. с ө й л. Жұмыр 

ағаштан  салынған  үй.  Бір  байдың  қыста 

көбінше  бос  тұратын  д  ө  ң  б  е  к    ү  й  і  н 

көшіріп  келіп: - Мешітіміз  əзірше  осы 

болады, – дейді  (М.  Разданұлы,  Алтай., 

206). Өміртайдың ен қарағайдан салынған 

бір бөлмелі д ө ң б е к  ү й і қайта аман тұр 

десеңізші (Бұл да, 287).

ДӨҢБЕКШЕ  ү  с  т.  Дөңбек  сияқты, 

дөңбек  тəрізді.  Басқа  əйелдер  қаз-қатар 

тұрып,  дөңгелек  шиді  тепкілеп  ілгері 

аунатады. Ши д ө ң б е к ш е домалайды 

(Қ.  Толыбаев,  Бабадан., 228). Ең  алғаш 

қойтастарды  д  ө  ң  б  е  к  ш  е  домалатып, 

аяғымен  балшық  басқан  Асан  балалары 

болды (Ғ. Сланов, Замандастар, 28). 

ДӨҢБІЛ з а т. с ө й л. Дөңес. 

ДӨҢБІЛДЕУ с ы н. с ө й л. Дөңестеу. 

Сосын бұл əлгінде мая жонның д ө ң б і л 



д е у тұсынан шөпті мол асатқан бес ақалы 

айырын күшке сала, екі-үш толғап-толғап 

жіберді (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 207). 

ДӨҢБІТ  з  а  т.  э  т  н.  Алтындалған, 

күмістелген,  былғары  белбеу.  Оның  оң 

жағында тұрған қара шапанды, қапсырмалы 



д ө ң б і т буынған, құба өңді кісі – дəрігер 

Шығаев Халел (Қаз. əдеб., 17.01.1986, 12). 



ДӨҢГЕЛЕК: Дөңгелек ауқат. Өздеріне 

жететін, шағын ғана тұрмыс. Аса байып 

кете қоймаса да, өзіне-өзі тоқ, жақсы ғана



д ө ң г е л е к   а у қ а т та бітті (С. Торайғыров,

Таңд. шығ., 216). 



Дөңгелек тұяқ. п е р и ф р. Жылқы малы, 

ат. Астына мінгені көк байтал. Бұдан бас-

қа д ө ң г е л е к  т ұ я ғ ы болмағаны ма? 

(З. Ақышев, Жаяу., 180).

Дөңгелек  тұяқтылар.  Жылқы,  құлан, 

есек т.б. малдар. Д ө ң г е л е к т ұ я қ т ы 

л а р мен айыр тұяқтыларға көңіл қойып, 

малсақсып жүр (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 

102). 

ДӨҢГЕЛЕНІС  Дөңгелен  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Бəрі д ө ң г е л е н 

і с і п отырып, арқанша ширатылған сүлгі 

орамалды бір-біріне жасырып бере береді 

(Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 224). 

ДӨҢГЕЛЕНІСУ Дөңгеленіс етістігінің 

қимыл атауы.

ДӨҢГЕЛЕТ:  Дөңгелетіп  əкетті.  Бір 

істі емін-еркін игерді. Ерік тисе, Нұрабайға 

шейін  де  талай  қазақ  баласы  хандық 

қызметті д ө ң г е л е т і п  ə к е т е т і н 

і н білді ме екен?! (Ж. Ахмади, Айтұмар, 


164

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

489). – Көресіздер,  əлі-ақ  д  ө  ң  г  е  л  е



т і п ə к е т е д і, - дегеннен кейін барып 

жауапты  жұмысты  жүктедік  (Лен.  жас, 

22.08.1974, 2). 

ДӨҢЕЙТ  з  а  т.  Кішірек  дөң.  –  Анау 

шағылтақ,  саздауыт,  шилеуіт,  шұқанақ, 

жон,  дөң,  д  ө  ң  е  й  т, - деп  шұбатты

(Т. Қосуақ, Мəрмəр., 11). 



ДӨҢКЕ з а т. ж е р г. Жаңғырық, дөң-

бек. Əкесі далада ағаш бұтайтын д ө ң к е -

н  і  ң  үстінде  отыр  екен  (Д.  Исабеков, 

Тіршілік, 35). Төс болаттан құйып жасалған. 



Д  ө  ң  к  е  ағашқа  қондырылып  қойылады

(А. Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 18).



ДӨҢКЕДЕЙ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Дөңбек 

ағаштай,  дөңкиген.  Шойын,  тас  доп-

тарының  өзі 5-6, тіпті 10-12 батпан-

нан  келетін  емен  д  ө  ң  к  е  д  е  й  жуан

(М. Мағауин, Аласапыран, 307). 



ДӨҢСЕ з а т. ж е р г. Махорка. Бопыраз 

демекші ол кісі ауыл жігіттері сияқты д ө ң



с  е  н  і  газетке  орап  қобыратпайды  екен

(З. Қинаятұлы, Көшпенді., 118).



ДӨҢСЕҢ...  Бұл  ара  тоғайдың  жиегі, 

дем  алуға  ыңғайлы,  д  ө  ң  с  е  ң  жер  екен

(Ə. Асқаров, Таңд., 250).

ДӨП з а т. ж е р г. Ботқа. Əне сол кезде 

Дəукең інің шəугімдегі ып-ыссы д ө п т і ң

(ботқа)  бір  ожауын  жайынауызға  қарай 

лақтырып жібереді (Қаз. əдеб., 07.07.1978, 

4). Балапан етінің дəмін алған жайын ауы-

зын арандай ашып, қомағайлана д ө п т і 

де асай салады (Бұл да). 

ДӨПТІК з а т. с ө й л. Дəлдік. Мергеннің 

д  ө  п  т  і  г  і  н  сынар  кез  (Ə.  Кекілбаев, 

Үркер, 305). 



ДӨРБІТ з а т. Моңғол тайпасының бірі. 

Төре отыр ордасында қайғыланып, Елбасы, 

би мен бегін жиып алып. «Қайтарып əкеп 

берсін жаудан кекті, Д ө р б і т т е н жылқы 

қуып ер Арқалық» (Бабалар., 27. 10). 

ДӨРЕ  е  т.  к  ө  н  е.  Туған,  өрген.  Əй, 

Орағым, Орағым, Жалғыз қалдың қарағым! 

Мамайжан еді ырысың, Бір құрсақтан д ө

р е г е н (Қаз. əдеб., 14.04.1989, 5). 

ДӨРЕУ Дөре етістігінің қимыл атауы.

ДӨРҺАЙ  з  а  т.  а  р.  д  і  н  и.  Құдірет, 

құзырет.  Алла  тағаланың  қаһарына 

жолығып  қалмай  тұрып,  оның  д  ө  р  һ  а 



й ы н а иман келтіріңіз (Алматы ақшамы, 

26.09.1990, 3). 



ДРАГУН  з  а  т.  Патшалық  Ресейдің 

атты əскері. Он сегіз д р а г у н, қырық 

екі  солдаттың  өліктері  жайрап  қалған

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 180). 

ДРАМАШЫ з а т. ж а ң а Драматург. 

Мен кəсіби актермін, д р а м а ш ы ғ а құл, 

режиссерге тұл емеспін (Аңыз адам, 2010, 

6, 35). Осы күнгі д р а м а ш ы л а р ішінен 

айтылмыш  майталмандардың  деңгейіне 

жедеғабыл  туындылар  беріп  үлгерген  ав-

торларды айтуға əбден болады (Қаз. əдеб., 

30.01.1976, 3).



ДРАХМА  з  а  т.  Көне  заманның  күміс 

ақшасы. Д р а х м а біздің заманымыздан 

бұрынғы 6-ғасырдан  бастап  күміс  ақша 

ретінде шығарыла бастады (ҚСЭ, 4, 34). 

ДРОМАДЕР  з  а  т.  Жалғыз  өркешті 

түйенің (нардың) таза қандысы. Түйенің 

екі түрі бар. Мұның біреуі – қос өркешті, 

екіншісі – нар  (жалғыз  немесе  сыңар 

өркешті). Қос өркештінің таза қандысын – 

бактериан, нардың таза қандысын – д р о

м а д е р деп атайды (Қаз. мал. атау., 46). 

ДУАГЕРЛІК  з  а  т.  Дуа  жасаушылық, 

жадылаушылық. Əлгі көріпкелдік дей ме, 

д у а г е р л і к қасиет дей ме, соның бəрі 

осы жігіттің бойына жұққан (Д. Досжанов, 

Жолбарыс., 222). 

ДУАЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Дуасы  барлық, 

дуалы  болғандық,  қасиеттілік.  Ел  мені 

дақпырт  етсе – д  у  а  л  ы  л  ы  ғ  ы!  Елден 

үстем  болам  десе – диуаналығы! (Ел  ау-

зынан, 139). 



ДУАНАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Ел  кезіп, 

диуаналық еткендік. – Сен оны қой... Онан 

да менімен бірге жүр. Д у а н а ш ы л ы қ 

етесің (Жұлдыз, 1973, 3, 99). 

ДУАНБАСЫЛЫҚ  з  а  т.  Дуанбасы 

болушылық, дуанды билеушілік, дуанбасы 

қызметін атқарушылық. Шыңғыс Обаған 

бойындағы д у а н б а с ы л ы қ қызметінің 

соңғы  кезеңінде  округ  орталығы  қайда 

тұрғанымен  анықталған  жағдай  тəрізді

(Ж. Бейсенбаев, Жасын тағдыр., 30). Одан 

соң Вэйци бегімнің қайта-қайта өтінуімен 

оны д у а н б а с ы л ы қ т а н орданың жаса-

уыл басы етіп көтермек болды (Т. Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 281).

ДУБАН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Əскери  шен. 

Шыңжаңның  ең  жоғары  əскери  билеуші-

сі  «д  у  б  а  н»  деген  шенге  ие  болды

(Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 138). 



ДУБЛЕТТІ  с  ы  н.  Дублеті  бар, 

сыңарлы. Тілімізде д у б л е т т і сөздер аз 

кездеспейді (Сөз өнері, 121). 



165

Байынқол Қалиев

ДУДЫҒА з а т. к ө н е. м у з. Қазақтың 

көне  саз  аспаптарының  бірі.  Д  у  д  ы 

ғ  а  асатаяққа  ұқсас  халық  аспабы.  Ол 

күмбірлеген,  дүмбірлеген  үн  шығарады 

(Жұлдыз, 1974, 9, 185).  Бұған  дабыл, 

даңғара,  дауылпаз,  шыңдауыл,  д  у  д  ы 



ғ  а,  ұран  секілдерді  қоссақ,  музыкалық 

аспаптың қаншама көп екендігін аңғарамыз 

(Қаз. əдеб., 14.01.1977, 2). 

ДУЛЫҒАСЫЗ  с  ы  н.  Дулығасы  жоқ, 

дулыға  кимеген.  Аласапыран  айқастан  ол

д у л ы ғ а с ы з қалды да, күшті найзаға 

салды (Ə. Əлімжанов, Жаушы, 105). 



ДУМАНДАТУ  Думандат  етістігінің 

қимыл атауы. Ол кезде қазіргідей əскерге 

шығарып салғанда кернейлетіп, сырнайла-

тып дегендей д у м а н д а т у қайдан болсын 

(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 394). 



ДУШАРЛАСТЫРУ  Душарластыр 

етістігінің  қимыл  атауы.  Адалдық 

əділетке, əділет тығырыққа д у ш а р л а с



т ы р у м е н тынды (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 20). 

ДҰМБАҚ  з  а  т.  Ұйғыр  халқының 

музыкалық  аспабы.  Соның  арасынша 

сахнаға  бірі  сылдырмағын  иығына  ұрып, 

бірі дөңгелете д ұ м б а ғ ы н шалып екі 

ұйғыр  жігіті  шыға  келді  (Т.  Мəмесейіт, 

Таңжарық, 2, 160). 

ДҰНҒАН з а т. с ө й л. Дүнген. Юрий 

Быковтан өзге орыс, қазақ, украин, ұйғыр, 

қырғыз,  д  ұ  н  ғ  а  н  ұлтынан  құралған 19 

қызыл  жауынгер  «Интернационалды» 

шырқады (Ж. Тұрлыбаев, Семсер, 134). 

ДҰҢҒЫЛ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Түкке 

түсінбейтін, түлей. Прораб сөздің мəнін 

түсінбейтін д ұ ң ғ ы л біреу ме, директордың 

сөзіне əлі де құлақ аса қоймады (М. Етек-

баев, Таутекелі., 112). 



ДҰРЫС: Дұрыс бөлшек. м а т. Алымы 

бөлімінен кіші бөлшек д ұ р ы с б ө л ш е к 

деп аталады (ҚСЭ, 2, 443). 

ДҰШПАНШЫЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Дұшпандық. Əркім бөтен кісіге д ұ ш п а н

ш  ы  л  ы  қ  қылып,  біреуге  залымшылық 

қылмаса екен (Дала уалаяты, 1994, 74).



ДҮБƏРА  з  а  т.  Екі  бөлек  нəсілден 

жаратылған  тұқым  (Қаз.  этнография., 

1, 661). 



ДҮБІР  з  а  т.  к  ө  н  е.  Нөкер.  Майқы 

бабамыз  дүниедегі  ғақылды,  оқымысты 

адамдардың  айтқанын  тізіп  қойып,  соны 

күнде  нарттарына,  д  ү  б  і  р  л  е  р  і  н  е 

жеткізіп, сіңіріп отыратын болған (Қазыбек 

бек,  Түп-тұқиян., 57). Д  ү  б  і  р – нөкер 

ханның  жəне  басқа  лауазым  иелерінің 

қошаметші,  алдиярын  толтырушылары 

–  нөкерлері  (Б.  Қыдырбекұлы:  Соц.  Қаз., 

02.04.1991, 4). Тайша хан қасында бірнеше 



д ү б і р л е р і м е н аттар келетін жолға 

қарап тұр екен (Батырлар жыры, 19). 



ДҮЗГЕНДІ с ы н. б о т. Дүзген өскен, 

дүзгені  мол.  Жол  жыңғылды  алаптан 

шығып  д  ү  з  г  е  н  д  і,  қарағанды  құмсақ 

адырларды  аралап  ирелеңдеп  алға  тарта 

берді (С. Елубай, Ақ боз., 222). Ызылдап 

ызғырығы  құм  айдаған,  Бұл  жерде  кім 

шерленіп,  мұңаймаған?!  Керілген  д  ү  з

г е н д і өңір, жыңғылды өңір, Болар деп 

жер жəннаты кім ойлаған (Қ. Жұмағалиев, 

Айнамкөз, 82). 

ДҮЗДЕНДІРУ  Дүздендір  етістігінің 

қимыл атауы.

ДҮЗДЕНУ  Дүзден  етістігінің  қимыл 

атауы.

ДҮЙ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Өндіріс  ұжымы. 

Ол өзін бір д ү й д і ң аспанында көреді. 

Ағынды  дария,  асқар  тау  тобығынан 

өлшенеді (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 154). 



ДҮКЕН: Дүкен майлау. э т н. Ұсталар 

мен зергерлердің жаңа дүкен ашқанда мал 

сойып, шағын той-томалақ өткізу салты. 

Д ү к е н  м а й л а у ғ а келгендер «Дүкен 

құтты  болсын», «Дəуіт  ата  қолдасын»! 

деген  игі  тілектерін  айтып,  көрікті  май-

лайды,  отқа  май  құяды,  ақ  тамызады 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 49). 

ДҮКЕНСЫМАҚ  з  а  т.  Кішкентай 

ғана дүкен, дүкен аты бар дүкен. Сөйтсе, 

артынан  білді,  ауылдарындағы  д  ү  к  е  н



с  ы  м  а  қ  т  а  арақ-шарап  құрып  қалып, 

бар əбігершілік содан туындап жатыр екен 

(Қ.Ахметбеков, Қасірет, 1, 233).

ДҮКЕНШІЛЕ е т. Дүкенге бару, дүкен 

аралау. Д ү к е н ш і л е г е н ел келесі күні 

ала таңнан келінін сұрап келді (Ə. Сарай, 

Атырау, 442).

ДҮКЕНШІЛЕУ Дүкеншіле етістігінің 

қимыл атауы. 

ДҮКЕТ з а т. Мұрт басатын кішкене 

қайшы.  Д  ү  к  е  т  оңтүстік-шығыс 

қазақтарының  арасында  кең  қолданыста 

болды (Қаз. этнография., 1, 663). 

ДҮЛДҮЛДІК з а т. а у ы с. Жүйріктік, 

шешендік,  асылдық.  Халқымыз  Исаны 

д ү л д ү л д і г і үшін əр кез хан көтереді 

(И.Байзақов, Құралай, 16). 



166

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ДҮМ:  Дүм  кеуде... – Қаншадасың? – 

деп,  ожар  мінезді,  өзгелерге  дігір  салып, 

тықсыра жұмсайтын д ү м  к е у д е Ықылас 

балғын Омарға жымың ете сынай қарады 



(Ə. Байбол, Теміржол., 33). 

ДҮМБІЛЕ ЗДЕУ...  Патша  наны-

на  ұқсамайды.  Тез  қызарып  қарайып 

қоқтанады. Сырты күйік, ал іші д ү м б і

л е з д е у, басып көрсе бықылдақ бостау еді 

(А. Үлімжіұлы, Шығ.жин., 2, 124).



ДҮМБІР з а т. с ө й л. Дүбірлеген ды-

быс. Оның құлағына алысырақтан шыққан 

бір д ү м б і р естілгендей болды да, ойы 

бөлініп  елегізе  түсті  (Х.  Есенжанов,  Ақ 

жайық, 149). 



ДҮМДІ с ы н. Дүмі үлкен, дүмі келісті. 

≈  Д  ү  м  д  і  келіншек  Əлекеңнің  қасына 

барып отырды. 



ДҮМЕ  е  т.  Қаптау,  топырлау,  сапы-

рылысу.  Үйге  біреу  кіріп,  біреу  шығып 

ертеңді-кеш ауылдастары д ү м е п жатты 

(Т. Нұрмағамбетов, Дарияның арғы., 108). 

Астанаға  біраз  адамдар  шаруасы  болып 

соғады, болмай соғады, əйтеуір д ү м е п 

келіп жатады (Жұлдыз, 1975, 1, 159). 



ДҮМЕП ү с т. ж е р г. Қаптап, үсті-

үстіне. Өзбек жағынан д ү м е п келіп жа-

татын цирк ойынының ұшығына шыққан 

даршылары  мен  сиқыршылары  бастыр-

ма жайдың көлеңке саясынан табылар еді

(О. Сəрсенбай, Шығ., 4, 66). 

ДҮМШЕ з а т. ж е р г. Шай шығаратын 

ақ құман, шəйнек. – Мен шəйді дəрмектеп 

ішкенді  жақсы  көрем.  Дəмі  ұнамаса 

айтыңыз. Сізге басқа д ү м ш е д е н құйсын! 

(Ə. Кекілбаев, Үркер, 379). 



ДҮНИЕПАРАС з а т. ж е р г. Дүниеқор. 

Екі меске толған сүзбені ақтарып тастауға 

– д ү н и е п а р а с сорлының жүрегі да-

уаламайды  (О.  Сəрсенбай,  Шығ., 4, 25). 

Кей  семьяларда  қайткенде  мал  жинасам, 

көрші-көлемнен  озсам,  жұрттың  аузын 

аштырып  таң  қалдырсам  деген  д  ү  н  и  е

п а р а с, эгоистік ұғымдар туған (Қаз. əдеб., 

13.09.1974, 2). 



ДҮҢ

з  а  т.  к  ө  н  е.  Қоладан  немесе 



жезден жасалған бүйірі шығыңқы, мойны 

тар, тұтқасы бар, көлемді ыдыс. Д ү ң н і ң

мойыны  мен  бүйірі  аралығында  тұтқасы, 

түбінде  аласа  тағаны  болады  (Қаз.  этно-

графия., 1, 666). 



ДҮҢ

с  ы  н.  ж  е  р  г.  Дөкір.  Ішін-ара 

болмаса,  көбі  д  ү  ң,  өпірім,  елге  шықса 

қырып  кете  жаздайды  (Ж.  Нəжімеденов, 

Кішкентай, 30). 

ДҮҢГІРШЕК  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қаймақ, 

кілегей құюға арналып, ірі малдың тізе, тір-

сек  (қалың)  терісінен  тігіп  жасалған, 

сопақша  пішінді  ыдыс.  Д  ү  ң  г  і  р  ш  е  к

көшпенді тірліктің талаптарына сай жасал-

ғандықтан, оңай сынып бүлінбейтін ыдыс 

түріне саналады (Қаз. этнография., 1, 668). 



ДҮҢКЕЛІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Жайлы, 

жағдайлы.  Жырғалаң  (өзен)  бойы  ауасы 

қапырықтау болғанымен, шағасы д ү ң к е 



л і, оты-суы мол жер (Қ. Жұмаділов, Дара-

боз, 2, 135). 



ДҮҢКІЛДЕГІШ  з  а  т.  Дүңкілдеген 

дыбыс  шығаратын  нəрсе.  Асатаяқтың 

түрлі  түсті  моншақтардан  шоқ  түзіп 

тізбектелген сəкəкүлі, домалақ д ү ң к і л д е 

г і ш т е р і, сыздықты өрнектер жүргізіліп 

əшекейленген  əлеміштері  болған  (Қаз. 

əдеб., 05.04.1985, 11). 

ДҮҢКІЛДІ  с  ы  н.  Дүңкілдеп  қалған, 

дүңкілдеген.  Сопақ  күмбезі  қырланған 

асатаяқ  ырғақтатып  шайқап  ойнауға 

ыңғайланған  сылдыр-күлдір,  д  ү  ң  к  і  л

д і үн шығарып, ой толғауға арналған өнер 

аспабы (Қаз. əдеб., 05.04.1985, 11). 



ДҮҢШЕЛЕК з а т. к ө н е. Сұйықтық 

құюға  арналып,  ағаштан  қиюластырып 

жасаған,  күбі  секілді,  бірақ  аласалау,  екі 

құлағы бар, үлкен көлемді ыдыс. Д ү ң ш е 

л е к к е ұзын, мықты сырық ағаш өткізіп, 

оны  атқа  артып  су  əкелетін  болған  (Қаз. 

этнография., 1, 667). 

ДҮР с ы н. ж е р г. Үлкен, ірі, зор. Сөйт-

кен Көшейдің Қошқарынан тағы да д ү р

ұл туыпты (Ə. Кекілбаев, Үркер, 110). 

ДҮРБЕ з а т. ж е р г. Кесене. Жұртшылық 

белгілі бір жерге, көбіне-көп Түркістанға , 

Əзірет-Сұлтан д ү р б е с і н і ң саясына жи-

налады (Ата салты., 19). Қазақ Ордасының 

астанасы,  бүкіл  түркі  жұртының  зиярат 

орталығы – Əзірет-Сұлтан  д  ү  р  б  е  с  і 

тұрған  қасиетті  Түркістан  қаласы  болды 

(Бұл да, 26). 



ДҮРБЕЛЖІН  с  ы  н.  к  ө  н  е.  Белі 

жоғалып, мықынымен бірігіп кеткен, белі 

мен кеудесі, кеудесі мен бөксесі тұтасқан. 

Бұйра шаш, дөң жауырын, қысқа тұмсық, 



д ү р б е л ж і н, кең бөкселі, ойқы-шұйқы 

(Біржан мен Сараның айтысы., 120). 



ДҮРДІКТЕНУ  Дүрдіктен  етістігінің 

қимыл атауы.

167

Байынқол Қалиев

ДҮРЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Туу,  тарау.  –  Еһе

ақын-жазушы  болса,  бұлар  да  біздей 

бір-бір  шалдан  д  ү  р  е  г  е  н  шығар

(Қ. Мұханбетқалиев, Жаңғырық, 43). 



ДҮРЕ: Дүре соқпай. э т н. Қазақтың 

ұлттық ойындарының бір түрі. «Д ү р е 

с  о  қ  п  а  й»  деген  ойын  ойнады.  Сүлгіні 

білектей  ғып  есіп  алған,  аяу  жоқ,  дүрс 

еткізіп арқаңа салып қалады да «Əн сал» 

дейді (Жалын, 1972, 5, 22). 



Дүре  шай.  ж  е  р  г.  Бір  салым  тас 

шай.. Қарағым, келін! Нұртастың апасына 

қарызға д ү р е ш а й берші! – деді Қыражан 

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 176). 

 ДҮРЕГЕЙЛЕН е т. а у ы с. Дөкірлену, 



дөрекілену,  тұрпайылану.  Əрі  көш,  бері 

көш, əрі қара, бері қарамен д ү р е г е й л е н і п

кеткен ол əзілдей, əзілін əңгімедей ғылып 

өткізетін  əйел  жұрағатының  қожырай 

бастағаны қашан (Қ. Ысқақ, Ақсу., 350). 

ДҮРЕЛЕГІШ  с  ы  н.  Дүре  соққыш, 

жазалағыш.  Оның  кісі  д  ү  р  е  л  е  г  і  ш 

жендеті хонтайшыдан кейінгі екінші адам 

Сарманжының  қатынының  туған  інісі 

екендігін  қадап  айтыпты  (Ж.  Ахмади, 

Айтұмар, 499). 

ДҮРЕУ Дүре етістігінің қимыл атауы.

ДҮРИЯ  с  ы  н.  Дүриядан  тігілген, 

дүриядан  жасалған.  Мəдіғұл  д  ү  р  и  я 

көрпе, тікейте қойылған жастыққа жалғыз 

өзі  жантайып  жатыр  екен  (Жалын, 1970, 

4, 62). 


ДҮРКІНШІЛІК  з  а  т.  Дүрліккендік, 

абыр-сабыр  болғандық,  абыржушылық. 

Сөз арасында ақынның қазір жазу-сызуға 

көп араласпай, д ү р к і н ш і л і к басылғанша 

ел  ішінде  жүре  тұрғысы  келетін  ниетін 

шетқақпайлап аңыстаған (К. Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 264). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет