Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет36/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   168

ДАСТАР з а т. к ө н е. Сəлде тəрізді етіп 

арнайы  тігілген  дін  жолындағылардың 

бас  киімі.  Дін  жолына  түсіп,  медреседе 

оқитындар,  молда,  имам  сияқты  діни 

қызметкерлер дін талабына, дін дəстүріне 

сəйкес бастарына д а с т а р киген (Қаз. 

этнография., 1, 608). 

ДАСТАРҚАН:  Дастарқан  ұстаушы. 

Той-томалақтарда дастарқандағы астың 

мол  əрі  лайықты  болуын  қадағалайтын 

əйел.  Үлкен  той-нəзірлерде  «д  а  с  т  а  р 

қ а н  ұ с т а у ш ы» əйелдің арқалайтын 

жүгі  ауыр,  жауапкершілігі  күшті  болады 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 90). 

ДАСТАРҚАНДЫ с ы н. Дастарқаны 

мол, қолы ашық. Оның үстіне Күлəн жеңгей 

де қонақжай, д а с т а р қ а н д ы, жайдары 

кісі  болып  шықты  (Б.  Тоғысбаев,  От  пен 

күл, 191). 



151

Байынқол Қалиев

ДАСТАРҚАНШЫ з а т. Ас даярлаушы, 

дастарқан  əзірлеуші.  Бақауыл  мен  д  а  с

т а р қ а н ш ы л а р топ-тобымен, дабыр-

лай  сөйлесіп,  қысыр  əңгімемен  отырған

(М. Мағауин, Аласапыран, 22). Алайда д а с

т а р қ а н ш ы ма, қызметші ме – тамақ əкел-

ген сары шаштының көңілі үшін тарамдап, 

үзімдеп жеген (Бұл да, 239). 

ДАТ: Дат қою. Талап ету, ультиматум 

қою. «Не жерімді босат, не тұратын жеріңді 

айт»! деп д а т  қ о й ғ а н. Жауына д а т



қ о ю – ата тəртіп (Жас Алаш, 20.09.2012, 5). 

ДАТҚАЛЫҚ  з  а  т.  Датқа  болғандық, 

датқа қызметін атқарғандық. Д а т қ а л ы қ

пен болыстықтың тағы құламаған Күміс-

бастау ұлықтардың неше алуанын көрген 

(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 59). Содан

ол жазаға тартылыпты, д а т қ а л ы қ т а н

босатылыпты (Қаз. əдеб., 27.11.1981, 14). 



ДАТЧАН  з  а  т.  Дат  халқының  өкілі. 

Мəскеу  көшелерін  шималап  қаңғырып 

жүрген швед, поляк, д а т ч а н бар шығар 

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 384). 



ДАУАЖАЙ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шипажай. 

Баукең  Сарыағаш  д  а  у  а  ж  а  й  ы  н  а 

демалғалы бара жатыр (Ш. Айтматов, М. 

Шаханов, Құз басында., 77). Бар шығынын 

мойнымызға алып д а у а ж а й ғ а жіберіп 

аламыз (Жас Алаш, 05. 05. 1998, 2). 



ДАУАЛА е т. Дауа жасау, емдеу, дəрілеу. 

Д АУА Л А Н   Д ау а л а   ет і с т і г і н е н 

жасалған ырықсыз етіс; емделу, дəрілену. 

Зынданның үй тігілсін есігіне, Бітеуленсін, 

сақ болсын тесігіне. Ішкі үйінде зынданның 

д а у а л а н а м, Көнсеңдер, шаруасы көп, 

мен тіліме (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 112).



ДАУАЛАНУ Дауалан етістігінің қимыл 

атауы. 

ДАУ-ДАЛАМАЙ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Дау-

дамай. 

ДАУКЕСТЕН е т. Дауласу, дау шығару, 

таласу. Шадан оны (гүлді) өз қолымен үзіп 

алып көргендей, «шығады» деп д а у к е с 



т е н е д і (Лен. жас, 06.05.1972, 2). 

ДАУКЕСТЕНУ Даукестен етістігінің 

қимыл атауы.

ДАУЛЫЛЫҚ  з  а  т.  Дау  болғандық, 

келіспеушілік.  Əдебиетте  даулы  сөз  жоқ, 

сөз тауып қолданудың д а у л ы л ы ғ ы бар 

(Қаз. əдеб., 03.12.1976, 3). 

ДАУРЫҚҚОЙ с ы н. с ө й л. Даурықпа. 

≈ Мынауың нағыз көпірме, д а у р ы қ қ о й

біреу ғой. 

ДАУРЫҚПАЛЫҚ з а т. Даурығушылық, 

даурыққандық.  Расында  да  бұл  д  а  у 

р  ы  қ  п  а  л  ы  қ  т  а  н,  сүреңнен  аулақ, 

таза  табиғат  сипатына  арналған  сезім  еді

(Қ.  Толыбаев,  Бабадан., 21). Өзіңді  өзің 

жетеле.  Жастығыңды,  бастығыңды,  д  а  у 



р ы қ п а л ы ғ ы ң д ы, менмендігіңді əкең 

көтергенімен қоғам, халқың көтермейтінін 

түсін (Лен. жас, 08.01.1976, 4). 

ДАУЫЛДАТУ  Дауылдат  етістігінің 

қимыл атауы.

ДАУЫЛПАЗ...  Альбатростар  мен  д  а 

у ы л п а з д а р жұмыртқа басуды 2 айға 

дейін,  балапанды  қоректендіруді 10 айға 

дейін жеткізеді (Құстар, 16). 

ДАУЫР з а т. Халық атауы. Солаңдар

д а у ы р л а р мен манчжурлардың арасынан 

шыққан  д  а  у  ы  р  қандас  халық  көрінеді

(Б. Нұржекеев, Өзендер., 121). 

ДАУЫС:  Даусы  к...нің  астынан 

шықты.  Дауысы  анық  естілмеді , 

міңгірледі. Осы күнгі молдалардың қандай 

қатымгеріне  жолықсаң  да, «ау-у-у»  деп,



д а у с ы  к...н і ң  а с т ы н а н  ш ы ғ а д ы 

(С. Торайғыров, Таңд. шығ., 263). 



Дауыс  айтты.  Даусын  шығарып, 

жоқтау айтты. Батыр туған ер əкем, Еліне 

ырыс,  берекем.  Ұялы  қорған  бəйтерек, 

Аулыма сая, көлеңкем, - деп, д а у ы с  а й

т ы п т ы (Қ. Толыбаев, Бабадан., 47). 

Дауыс айту. э т н. Топырақты өлімде 

жылап келгендермен көріскеннен (жылау 

басылғаннан)  кейін  жəне  жоқтау  айту-

шылар  тоқтаған  соң,  марқұмның  əйелі 

күйеуінің тірліктегі игі істері мен қадыр-

қасиеттерін  мұңлы  əуенмен  айтатын 

ғибратты жыр-жоқтау. Д а у ы с  а й т у

–  қайтыс  болған  адамның  қаншалық-

ты беделді, қадір-қасиетінің қаншалықты 

биік екенін көрсетеді. Бірақ дауыс айтуда 

көз жасты көлдей төгіп, ағыл-тегіл жылау 

шарт емес (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 

5, 70). 


Дауыс оздырды. Қатты дауыстады, 

айғайлады. Қоңыр жал үстіндеі алажабыр-

дан д а у ы с  о з д ы р ы п айғайға басқанда, 

жұрт  сілтідей  тынды  (Ə.  Нұрпейісов, 

Соңғы., 84). 



ДАУЫСАҚЫ  з  а  т.  Дауысы,  дикция-

сы  үшін  берілетін  ақы.  Қазір  үлкен 

əртістерге  д  а  у  ы  с  а  қ  ы  беріп  жатады; 

бізде ондай болған жоқ (Қ. Олжай, Қанат 

байла., 214). 



152

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ДАУЫСТАЛУ з а т. л и н г в. Сөздегі 

əрбір əріптің дұрыс айтылуын қамтамасыз 

ету  үшін  оған  тиісті  таңбалық  белгілер 

қою.  Біз  оқырмандарымызға  жеңілдік 

туғызу  үшін  арабша  текстердің  д  а  у  ы  с



т  а  л  у  ы  н  (транскрипциясын)  жасадық 

(Ана тілі, 04.07.1991, 6). 



ДАУЫСТАҢҚЫРАУ  Дауыстаңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

ДАХА з а т. к ө н е. Аймақ; аудан. Бұл 

тұста  (шамамен 1762 ж.)  он  екі  қақпалы 

Ташкент төрт д а х а ғ а – аймаққа бөлінетін 

(Аңыз адам, 2011, 22, 15). 



ДАШАЙ: Дашай арба. Қос дөңгелекті 

жеңіл арба. Ең алда көсемдеп үш ат жек-

кен, қос дөңгелекті д а ш а й  а р б а д а 

мəртебелі  ұлықтың  өзі  келе  жатыр  (Қ. 

Жұмаділов, Тағдыр, 556). 



ДАЯРАС з а т. с ө й л. Бильярд ойынын-

да шардың (тастың) тесік көзіне барып 

тоқтауы. Шардың қақ маңдайынан кимен 

періп  кеп  қалдым.  Бір  шар  бұрыштағы 

тесікке зып ете қалды. Жəне бір д а я р а с

болды  (Б.  Соқпақбаев,  Таңд., 445). Бірақ 

шар түспеді. Тесікке кептеліп, д а я р а с 

болып тұрып қалды (Бұл да, 446). 



ДАЯРЛАМА з а т. Зерттеу нəтижелері. 

Ғылымның  басты  орталығы  болып  са-

налатын  академиялық  институттарда  ірі 

зерттеулер, ғылыми д а я р л а м а л а р, 

инженерлік  өнертабыстар  бар  (Лен.  жас, 

10.03.1988, 4). 



ДАЯШЫ з а т. э т н. Бəйге аттарын 

басқарып  көмбеге  жіберуші,  мəреден 

қарсы алушы адам. Д а я ш ы н ы ң «қайт-

қайт!»  дегеніне  болмай,  біразға  дейін 

жандайшаптар қарашты пысықтап жіберді 

(Т.Əлімқұлов, Ақбоз ат, 158, 160). – Атша-

бар!  Атшабар! – деп  жар  салып,  үй-үйді 

аралап, дүбірлетіп өткен д а я ш ы жігіттің 

даусы  əлі  құлағымда  тұр  (Қаз.  əдеб., 

25.08.1989, 11). 



ДƏБІР з а т. к ө н е. Билеушінің, əкімнің 

хатшысы. Ол Хұзар билеушісі Мұхаммед 

Əлім  бектің  д  ə  б  і  р  і  (хатшысы)  болды 

(ҚСЭ, 8, 62). 

ДƏЗ з а т. ж е р г. Кінəрат, кесел, дерт. 

Дəрігерлер  келіп  көріп,  операция  кезінде 

тігілген  жеріне  д  ə  з  кеткен  деп  тапты 

(Жалын, 1972, 5, 113). Дəрігер бүйрегінде 

аздаған д ə з бар депті (Жетісу, 27.06.2001). 

ДƏКУМЕНТ з а т. Орысша «документ» 

сөзінің қазақша айтылуы, құжат. 

ДƏЛДҮРІШ з а т. Дарынсыз, талант-

сыз  адам.  Расында,  поэзиядағы  дарын-

дылар мен д ə л д ү р і ш т е р ара жігін 

ашып,  екшеп,  бар-жоғымызды  сарапқа 

салар кез жеткендей (А. Нысаналин: Қаз. 

əдеб., 22.03.1974, 3). Ал д ə л д ү р і ш т е р

мен  жандайшаптар  Қасым  Аманжоловты 

таланты үшін күндеп, соңына шырақ алып 

түсті (Қаз. əдеб., 25.08.1989, 10). 



ДƏЛДҮРІШТІК  з  а  т.  Дарынсыздық, 

талантсыздық.  Шəкең  жалғандыққа 

жаны қас, д ə л д ү р і ш т і к к е (халту-

ра) төзбейтін жан еді (А. Əшімұлы, Шығ. 

жин., 2, 109). – Халтура  (д  ə  л  д  ү  р  і  ш



т і к) – ықылым дүниеден бергі кереғорлық 

(Қ. Мырзалиев: Қаз. əдеб., 29.01.1988, 6). 



ДƏЛЕКУ с ы н. ж е р г. Еркін, құрбекер, 

бос. – Жоға, ел аралаған уайымсыз, д ə л е к у

жүрістен  кім  қашушы  еді  (О.  Сəрсенбай, 

Шеңбер, 200). 

ДƏЛЕКІ  з  а  т.  Күздің  түгі  тықыр 

түлкісі. Басында д ə л е к і түлкінің терісінен 

тігілген  шағын  тымақ  (А.  Сейдімбек, 

Аққыз, 131). – Қар  басқан  түлкі  терісі 

ойын  баласына  ауыр  болады  ғой,  күздің 



д  ə  л  е  к  і,  түгі  тықыр  түлкісі  болар  ма 

еді, – деп қыңқылдап қоймады (Қаз. əдеб., 

24.08.1979, 4). 

ДƏЛІЗСЫМАҚ  з  а  т.  Үйдің  дəліз 

тəрізді бөлігі. Жаңағы д ə л і з с ы м а қ

т а тағы екі есік бар екен (К. Ахметбеков, 

Егіз қала, 204). 



ДƏЛІЗШЕ з а т. Кішкентай дəліз. Орта-

сында аядай д ə л і з ш е с і бар екі бөлмелі 

жер  үйді  əкем  байғұс  белшеден  балшық 

кешіп, қара терге түсіп жүріп əлжуаз апам 

екеуі салған еді (Е. Тұрысов, Ақбақай, 72). 

ДƏМДЕНДІРГІШ  з  а  т.  Тамақтың 

дəмін кіргізтін нəрсе. Мұнымен қатар түсті 

қырыққабаттан  жасалған  тағамға  д  ə  м



д е н д і р г і ш ретінде де көп пайдаланады 

(Гүлстан, 2005, 1, 9). 



ДƏМДЕНУ Дəмден етістігінің қимыл 

атауы.

ДƏМЕГӨЙЛЕН   е  т.  Дəмел ену, 

үміттену.  Енді  осындай  шамаға  дəм-тұз 

тарта ма, тартпай ма дегендей, əркім жүз 

жасаймын деп д ə м е г ө й л е н б е с, енде-

ше барды, базарды қанағатқа саю лайық та

(К. Ахметбеков, Егіз қала, 104). Үшіншілер: 

- көне диқангершілік өткен жер ғой, көзін 

тапса кім біледі, - деп д ə м е г ө й л е н д і 

(Қаз. əдеб., 26.05.1972, 1). 



153

Байынқол Қалиев

Д Ə М Е Г Ө Й Л Е Н У   Д ə м е г ө й л е н 

етістігінің қимыл атауы.

ДƏМЕГӨЙШІЛДІК  з  а  т.  Үміт 

е т у ш і л і к ,   д ə м е л е н г е н д і к .   Қ ы т а й 

ұлтшылдарының  ұлыдержавалық  д  ə  м  е



г  ө  й  ш  і  л  д  і  г  і,  оны  айтып,  таратып 

жүргендердің əуенінен гөрі жаны сірі бо-

лып шықты (Лен. жас, 07.03.1976, 2). 

ДƏМСЕЗБЕУШІЛІК  з  а  т.  м  е  д. 

Адамның дəм сезу қабілетінен айырылуы 

(Бекіт. термин., 27). 



ДƏМСІЗДІК...  Көжесінің  д  ə  м  с  і  з

д  і  г  і  н  е  қысылды  ма,  аспан  көз  əдемі 

келіншектің тамағы өңешінен өтпей қалды 

(Қ. Ысқақ, Таңд., 3, 231). 

ДƏН:  Дəн  суыру.  Жел  арқылы  дəнді 

шөп-шаламнан,  қауызынан  айыру  ісі; 

астық ұшыру. Д ə н  с у ы р у кезінде жел 

болмай қалса, дəн суырушы адам ысқырып, 

желдің пірі Мірқайдардан жел шақырады 

(Қаз. этнография., 1, 622). 



ДƏНДƏКУЛІ  с  ы  н.  Дəндəкуі  бар, 

дəндəку  тағынған.  Бекболат  ішкі  жұқа 

мақпал  бешпетті  күміс  д  ə  н  д  ə  к  у  л  і

кісемен  мүшесінен  буынып  алыпты

(С. Сматаев, Елім-ай, 2, 216). 



ДƏНДƏНАЙ  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Екіұдай, 

екіойлы; əрі-сəрі. Қайсысын алып кетерін, 

қайсысын  тастап  кетерін  біле  алмай  ерте 

күнді кеш қылып д ə н д а н а й боп тұрғаны 

(Ə.  Кекілбаев,  Елең-алаң, 22). Екі  ұдай 

ойдың соңында кезек қаңғырып д ə н д ə 

н  а  й  болып  отырған  ханды  одан  сайын 

қобалжытқысы келгендей орыс шабарманы 

сарт ете қалды (Бұл да, 376). 

ДƏНДЕЙ е т. ж е р г. Көкірегін көтеру, 

дандайсу. «Көтерген сайын көкке шығып, 

тым д ə н д е й і п кетіп еді... Құдая тобасын 

есіне түсірсін бір, бəлемнің» деп табалау-

шылар  да  болды  (С.  Торайғыров,  Таңд. 

шығ., 230). 

ДƏНЕКҮС  з  а  т.  Кем,  кемтар,  кеміс. 

Егер д ə н е к ү с, кемтар шалғы-қауырсын 

түлек кезінде түспей қалса, оны жасанды 

жолмен  түлетеді  (Ж.  Бабалықов,  Қыран-

дар, 81). 

ДƏНЕКҮСТІК з а т. Кемдік, кемістік, 

кемтарлық. Құстың қолдағы өмірі қанша 

ұзаққа  созылса,  оның  топқанаттық  д  ə  н 



е к ү с т і г і ұлғая береді (Ж. Бабалықов, 

Қырандар, 107). 



ДƏНҮККІШ  з  а  т.  Дəн  үгетін 

құрал.  Үйсіндердің  отырықшы  болып, 

егіншілікпен айналысқанының бір дəйек-

ті  дəлелі – олардың  тас  кетпендері  мен

д ə н ү к к і ш т е р і н і ң болуы (Қазақст. 

тарихы., 47). Адамның  шаруашылығы 

мен тұрмысына балта, д ə н ү к к і ш, келі 

енді, ол отты, садақ пен жебені пайдалана 

бастады  (ҚазССР  тарихы, 1, 8). Ол  д  ə  н 

ү к к і ш, қырықтық, шаппашот, байтесе, 

қантқайшы т.б. күнделікті үй тұрмысында 

қолданылатын құрал-жабдықтарды жасаған 

(А. Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 11).



ДƏНШЕ ү с т. Дəн секілді, дəн құсап. 

Өйткені терең ойлы, көзі қарақтылар түгел 

аласталған  соң,  аңқау  ел  диірмен  тасына 

түскен д ə н ш е үгітіліп, бас сауғаға қарай 

жалтарды (Қ. Толыбаев, Бабадан., 98). 

ДƏҢГЕСЕР  с  ы  н.  Ақымақ,  əумесер, 

есуас. 

ДƏҢГЕСЕРЛЕУ  с  ы  н.  Ақымақтау, 

есерлеу,  аумасерлеу.  Тұрғанкүл  сырт 

көрмеге  реңі  тəп-тəуір  байқалғанымен, 

ақылы таяз, д ə ң г е с е р л е у жан болып 

шықты (К. Ахметбеков, Егіз қала, 399). 



ДƏРГҮМƏН с ы н. ж е р г. Еш нəрседен 

хабарсыз;  дүдəмал,  күдікті.  Олардың  да 

өлі-тірісінен хабар-ошарсыз д ə р г ү м ə н

елге  Таңжарықтың  хаты  жай  түскендей 

əсер етті (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 257). 



ДƏРҒАҚ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Құдірет. 

Жаратқан ием, д ə р ғ а ғ ы ң а таупық еттім, 

бұл  жолы  бейшара  пендеңді  бір  пəледен 

қақтың əйтеуір (Жалын, 1972, 5, 85). 



ДƏРЕЖЕЛІЛЕУ с ы н. Дəрежелірек, 

дəрежесі  үлкенірек.  Не  нəрсе  қиынға, 

қымбатқа оралса, сол басқаларынан д ə р



е  ж  е  л  і  л  е  у  көрінетін  əдеті  емес  пе?

(К. Ахметбеков, Қасірет, 1, 349). 



ДƏРЕЖЕСІЗДІК  з  а  т.  Дəрежесі 

жоқтық, дəрежесі болмағандық. 

ДƏРМЕКТЕ е т. Дəмін кіргізу, дəмдеу, 

баптау. Мен шəйға Бесқаланың қалампыр, 

талшын, зəнзəбілін салып д ə р м е к т е п 

ішкенді жақсы көрем (Ə. Кекілбаев, Үркер, 

379). Шəйді д ə р м е к т е п ішті (Бұл да, ). 



ДƏРМЕТ з а т. ж е р г. Дауа. – Бірде балам 

қатты ауырып, дəрігерден д ə р м е т болмай 

өлуге  айналғанда  жарықтық  Қалдаяқ  бір 

үшкіріп жазып еді (А. Жұмашев, Қалдаяқ 

ұста., 15).

ДƏРПІ з а т. с ө й л. Дəріп. Жыраулық

д  ə  р  п  і  ң  жайылмас,  Үніңнен  ырғақ 

төгілтіп, Тіліңнен тəтті бал тамбай (Базар 

жырау: Бес ғас. жырл., 2, 125). ...Астымдағы 


154

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Шабдар жорға да ағамдікі. Д ə р п і шыққан 

əйгілі жорға (Жұлдыз, 1972, 1, 118). 

ДƏРУМЕН з а т. ж а ң а. Витамин. Қыс 

айларында  өзге  азық-түліктерде  д  ə  р  у



м е н д е р азайғанда, сүтттегі д ə р у м е н

азаймайды,  керісінше  жақсы  сақталады 

(Жас алаш, 23.12.2004, 4). Қиярдың көлемі 

неғұрлым кіші болса, оның құрамындағы С 



д ə р у м е н і н і ң мөлшері соғұрлым көп бо-

лады (Алаш айнасы, 2010, 90, 5). Қартайған 

адамдарға В

2, 


В

6

, В



12

, РР д ə р у м е н д е р і

жетіспейді.  Сондықтан  құрамында  осы

д ə р у м е н д е р кездесетін көгеніс, жеміс-

жидек,  жаңғақ,  теңіз  тағамдарын  көбірек 

жеу керек (Отбасы, 2007, 4, 22). 

ДƏРУІШТІК з а т. а у ы с. Ел кезушілік, 

қаңғыбастық. Бати ондай д ə р у і ш т і к

к  е  баратын  жігіт  емес  (О.  Бөкеев,  Өз 

отыңды., 253). 



ДƏРХƏМ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жиырма 

тыйындық күміс теңге. Ораз-Мұхамедтің 

үстіне  алтын,  күміс  ақшалар  жаңбырдай 

жауды.  Алтын  Орданың  бедері  қашып, 

таңбасы өшуге айналған сары манаттары. 

Бағдат пен Мысырдың күнге шағылысқан 

қызыл  динары  мен  ақ  д  ə  р  х  ə  м  ы 

(М.Мағауин.). Тараздың ескі қордаларынан 

жыл сайын құты-құты д ə р х ə м (теңге) 

табылып жүр (Лен. жас, 21.09.1971, 3). 

ДƏРІГЕР :  Дəрігерлер  бөлмесі. 

Дəрігерлер отыратын бөлме. Д ə р і г е р

л е р  б ө л м е с і н е жиналған дəрігерлердің 

таңертеңгі бес минуттық жиыны басталып 

та кетті (С. Ғаббасов, Қандауыр, 17). 

ДƏРІЛІК:  Дəрілік  аран.  б  о  т.  Аран 

өсімдігінің дəрілік түрі. Аранның маңызды 

түрі – д ə р і л і к  а р а н (ҚСЭ, 1, 441). 



ДƏРІМАЙ з а т. Өсімдіктен жасалған 

дəрілік  май.  Бақалақ  шөбін  халық  меди-

цинасында  қайнатынды  немесе  д  ə  р  і



м а й түрінде емшек безі қатайғанда қол-

данылады (М. Қожабеков, Дəрі өсімд., 29). 



ДƏРІПСІН е т. Атақ даңқым бар деу, 

дəріптімін  деу.  Шеніме  шын  қитықсам 

келтірмеймін, Мен болсам қара дауыл, сен 

ылайсың. Аттан түс, дəмең болса, д ə р і п

с і н б е й, Емессің көктен үлкен, мұның қай

сəн? (Байбала  ақын:  Қазақст.  əйелдері, 

1974, 6, 24). 

ДƏРІПСІНУ  Дəріпсін  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДƏРІСКЕР з а т. ж а ң а. Дəріс оқитын 

адам. Қоңыр дауысты д ə р і с к е р д і ң

құлаққа  жағымды  баяу  үнмен  оқыған 

дəрісі  тұлабойы  толық  дамыл  беретіндей 

(Қ.Əбілхайыр, Жаңа жыл., 63). Комиссия өз

қызметін төменгі курстарда оқылатын пəн-

дер д ə р і с к е р л е р і н (лекторларын) анық-

таудан бастады (Егем. Қаз., 11.02.1992, 4). 

ДƏРІСХАНА  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Дəріс 

оқылатын  орын;  аудитория.  Дұрысында 

осы «лекция», «лектор» жəне «лекторий» 

дегендер бір түбірден тараған сөздер екені 

белгілі. Сондықтан бұлар дəріс, дəрісті (яки 

дəріскер), д ə р і с х а н а деп аударылуға 

тиіс (Ə. Қарағұлов: Ана тілі, 17.01.1991, 6). 



ДƏРІСШІ  з  а  т.  Дəріс  оқитын  адам, 

дəріскер.  Алматыға  оралып,  осындағы 

Абай  атындағы  педагогика  институтына 

педагогика-психология пəндерінен д ə р і с

ш  і  болып  орналасыпсыз  (Ə.  Ыдырысов, 

Тұлға., 8). 



ДƏРІШӨП з а т. с ө й л. Дəрілік шөп

Балық та аулаймыз, аңға да шығамыз, д ə 



р і ш ө п т е р і ң д і де табасың, қарақат, 

шырғанақ, итмұрын тереміз (Э. Төреханов, 

Алматыда., 316).

ДƏС:  Дəс  көтерді.  Құрметтеді, 

қастерледі,  қадірледі.  Бөкей  Шорманды 

жабағы сойып, д ə с  к ө т е р і п қарсы алды 

(Қ. Исабаев, Серт, 131). 

ДƏСЕРЛЕНУ  Дəсерлен  етістігінің 

қимыл атауы.

ДƏСЕРЛЕТУ  Дəсерлет  етістігінің 

қимыл атауы.

ДƏСЕРЛЕУ Дəсерле етістігінің қимыл 

атауы. 

ДƏСЕРСУ Дəсерсі етістігінің қимыл 

атауы.

ДƏСТЕРЛЕ е т. Қастерлеу, қасиеттеу. 

Ағаштарын  (үйдің)  нөмірлетіп,  пештің 

кірпіштеріне дейін д ə с т е р л е п бөлек 

жинатып  қойдым  (Ғ.  Мүсірепов,  Жат 

қолында, 97). 

ДƏСТҮРЛЕ е т. Дəстүр ету, дəстүрге 

айналдыру. 

ДƏСТҮРЛЕУ  Дəстүрле  етістігінің 

қимыл атауы. – Туысым сондай-ақ бір д ə с

т ү р л е у г е лайық болып тұрса, бола-ақ 

қойсын! – деп салдым (Ғ. Мүсірепов, Үш 

томдық, 3, 22). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет