Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет38/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   168

ДЕСІС  Дес  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс.  Айнымайық,  д  е  с  і  с  к  е  н 

уəдеден  (Ғашық-наме., 60). Анам  əжемді 

қатты сыйлайтын, екеуі ищəй д е с і с к е н 

емес (Қазақст. əйелдері, 1975, 8, 27). 



ДЕСІСУ Десіс етістігінің қимыл атауы.

ДЕУЛІ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Деген.  –  Сенің 

атыңды  неге  осылай  қойды  екен? – д  е  у



л  і  сұрағына  мүдіргенім  бар  (Лен.  жас. 

30.12.1972. 3).



ДЕФОРМАЛАН е т. Əуелгі (бастапқы) 

формасын  жоғалту.  Сондай-ақ  біреуінің 

бірінші  компоненті,  біреуінің  екінші 

компоненті  əрі  делексикаланған,  əрі  д  е

ф о р м а л а н ғ а н сөздер екені даусыз

(А. Ысқақов, Қазіргі қаз. тілі, 138). 



Д Е Ф О РМ А Л А Н У   Д еф о рм а л а н 

етістігінің қимыл атауы.

ДЕЦИМЕТРЛЕ  е  т.  Дециметрмен 

өлшеу. Əлдеқайдан линейка табылып, ал-

дымен метрлеп, д е ц и м е т р л е п, сосын 

сантиметрлеп  өлшенді  (М.  Байғұт,  Бұла 

бұлақ, 152).



Д Е Ц И М Е Т РЛ Е У   Д е ц и м е т рл е 

етістігінің қимыл атауы. 

ДЕШТІ:  Дешті  қыпшақ.  Ертедегі 

күшті түрік мемлекеттерінің бірі. Ежелгі 

египет,  грек  мемлекеттерімен  үзеңгілес: 

скиф, сақ-ғұн, массагет, сармат, д е ш т і

қ  ы  п  ш  а  қ  мемлекеттері  болған  екен

(Ə. Ыдырысов, Таңшолпан, 200). 



ДЖЕРСИ  з  а  т.  Сырт  киім  тігілетін 

қалың  матаның  бір  түрі.  Оған  қарасұр 

д  ж  е  р  с  и  пальто  киген  Берітарт  қарсы 

жолықты  (Қ.  Сатыбалдин,  Қараторғай, 

334).

ДЖИНСЫ з а т. Мықты жəне тығыз 

матадан  тігілген  ер  адамдардың  бұт 

киімі. Нұрлан сол жылы Мəскеуде қолдан 

150 сомға америкалық д ж и н с ы сатып 

алып киген еді (Н. Исабаев, Өмір., 319).

ДЖИП з а т. Жеңіл машинаның ең жақ-

сы  маркаларының  бірі.  Шағын  ауылдың 

өкпе тұсынан өңмендей кірген үлкен қара 



д  ж  и  п  автокөлігі  шеттеу  орналасқан  ақ 

үйдің  алдына  келіп  тоқтады  (Д.  Рамазан, 

Жылап аққан., 49).

ДЗЮДОШЫ  з  а  т.  Дзю-до  күресінің 

маманы.  Қарағандыға  жетпістен  астам 

д з ю д о ш ы келді (Лен. жас, 20.11.1974, 4).

ДИАБЕТИК з а т. м е д. Диабет ауруы-

мен ауыратын адам. «Семіздікті қой ғана 

көтере  алады»  дейді  қазақ.  Сұмдық  қой! 

Болашақ д и а б е т и к т е р! (Р. Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 278). 



ДИАЛА з а т. с ө й л. Орыстың «дело» 

сөзінің  қазақша  айтылуы.  Жеке  д  и  а

л а с ы н тағы бір ашып көру керек екен 

(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 72).



ДИВАН-КЕРЕУЕТ  з  а  т.  Əрі  диван, 

əрі  кереуеттің  қызметін  атқаратын  үй 

жиһазы. Үйіндегі д  и в а н-к е  р е у е т

к е жатып, бірер сағат ұйықтап алды (Соц. 

Қазақст., 18.04.73, 2).



ДИВАН-КРЕСЛО з а т. Əрі диван, əрі 

креслоның  қызметін  қатар  атқаратын 

үй  мүлкі.  Бөлмедегі  жасыл  масатымен 

қапталған шетелдік д и в а н-к р е с л о л а р 

бұларды бірден жасқап тастағандай болды 

(Т. Нұрмағанбетов, Жер иісі, 42).

  ДИДАР :  Дидар  ғайып.  э  т  н. 

«Адамның  табиғатын  (қасиетін)  білу 

өте  қиын.  Сондықтан  құдай  адамына 

жолықтырсын»  деген  ұғымды  меңзейді. 

Мұсылмандардың түсінуінше дүниеде үш 

ғайып бар. Олар: нəсіп ғайып, неке ғайып, 

д и д а р  ғ а й ы п (Қаз. этнография., 1, 593). 

ДИЕТШІК  з  а  т.  Диетаны  қатаң 

сақтайтын  адам.  Қазіргі  жаңа  дирек-

тор  ішкілікті  татып  алмайтын,  ет  жемей-

тін  д  и  е  т  ш  і  к  (Д.  Досжанов,  Жол-

барыс, 330).



ДИЕТШІЛ с ы н. Диетаны сақтайтын, 

диетаны ұнататын. «Ауыр асты көтерер, 

Сүлдем  мынау,  қай  түрім?»  Десе  дағы 



д и е т ш і л, Керегің жоқ ағың деп, «Ко-

ньякка ниетшіл, Бола қалды бағым деп, Екі 

жүзді қағып салды (Лен. жас, 03.06.1972, 4).

ДИЗЕЛЬДІК  с  ы  н.  Дизельге  тəн, 

дизельге  қатысты.  Болашақта  біздің 

ауыр  техникамыз  д  и  з  е  л  ь  д  і  к  қуатқа 

көшпекші, сол кезде оларға керекті жанар-

жағармайдың жетпіс процентін конденсат 

бермек (Қаз. əдеб., 19.09.1986, 10).

ДИКТОРЛЫҚ з а т. Диктор қызметін 

атқарушылық,  доктор  болғандық.  Бұл 

күнде  ағалықтан  асып,  аталыққа  алшаң 

адымдап  бара  жатқан  Əнуарбектің  д  и  к

т о р л ы қ салада өз мектебі бар (Қаз. əдеб., 

01.04.1983, 15).



160

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ДИКТОРША  ү  с  т.  Диктор  сияқты, 

диктор  тəрізді.  Əйел  даусына  салудың 

орнына еркек д и к т о р ш а самбырлап 

кетеді (Т. Əлімқұлов, Көкек айы, 80). 

ДИҚАНАТА  з  а  т.  м  и  ф.  Егіннің, 

егіншілердің  пірі,  иесі.  Қазақ  халқының 

мифологиялық пірлерінің бірі – Д и қ а н



а т а (Жалын, 1974, 3, 147). 

ДИЛАНДЫРУ  Диландыр  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДИЛАНУ  Дилан  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ДИЛЫЛАУ с ы н. Күйлілеу, қуаттылау. 

Əйелі де, өзі де жілік майы үзіле қоймаған, 



д и л ы л а у еді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 50). 

ДИНАМИТСІЗ с ы н. Динамиті жоқ, 

динамитпен қаруланбаған. Онысы да рас. 

Бүгінде д и н а м и т с і з орманшының күні 

жоқ (Қ. Ысқақ, Ақсу., 23).

ДИПЛОМДЫ с ы н. Дипломы бар, білім 

алған.  Бұлар  д  и  п  л  о  м  д  ы,  дипломсыз 

делініп екіге бөлінеді (Ж. Алтайбаев, Таңд. 

шығ., 201).

ДИПЛОМДЫҚ  с  ы  н.  Бір  дипломға 

татырлық,  дипломға  тұрарлық.  Қал-

тасында медицина колледжының дипломы 

болмаған, дегенмен бір д и п л о м д ы қ 

білімі бар еді (А. Мархабаев, Ғарышта., 80). 



ДИПЛОМШЫ з а т. Диплом жазушы, 

диплом  алушы.  Д  и  п  л  о  м  ш  ы  қандай 

кітаптар  оқыды  екен,  кімдердің  еңбегіне 

сүйенді  екен  деген  оймен  пайдалан-

ған  кітаптарының  тізімін  қарадық  (Б. 

Нұржекеев, Өзендер., 125). 

ДИРИЖЕРШЕ ү с т. Дирижер сияқты, 

дирижер тəрізді. Жас жігіт екі қолын д и р 

и ж е р ш е ербеңдетіп, мінбеде тұрып алды 

(Ə. Нұршайықов, Махаб. жырлары, 388).



ДИСКІЛЕНУ  Дискілен  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДИСТИЛЛЯЦИЯЛАНУ  Дистилля-

циялан етістігінің қимыл атауы. 

ДИУАНАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Диуана 

болушылық,  тақуалық  (Д.  Исабеков, 

Тіршілік, 86). 



ДИІРМЕНТАС з а т. Диірменнің астық 

үгетін  астылы-үстілі  дөңгелек  екі  үлкен 

тасы. Бір орыс жігіті д и і р м е н т а с

т  ы  қашады.  Өзі  жап-жас  жігіт,  түйедей 

алып екен (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 94). 

Мойнына ілген жалпақ қайыс белбеуге д и і р

м е н т а с т ы төрт жерден іліп, ұясынан 

жалғыз өзі қозғап, көтеріп алды (Бұл да).



 ДОБАЛ с ы н. с ө й л. Жуандау. Біздің 

жылқы жабы емес, қарабайыр мен қазанат. 

Жабы  деген  жалдас,  мойыны  жуан,  аяғы 

қысқа да д о б а л, жүні қалың, жал-құйрығы 

қою келеді (Ер қанаты, 84). 

  ДОБИЯ  з  а  т.  м  и  н  е  р.  Білезіктің 



көздеріне  орнатылатын  қызғылт  түсті 

тас.  Д  о  б  и  я  əдетте  күмістен  соққан 

жалпақ  білезіктердегі  ойыққа,  ұяға  орна-

ластырылып бекітіледі (Қаз. этнография., 

1, 640). 



 ДОГМАТШЫЛДЫҚ з а т. Догматизм-

ді  жақтаушылдық,  соны  қорғаушылық. 

Мен, аға, поэзиямыздағы д о г м а т ш ы л



д ы қ т а н қорқамын (Ə. Тəжібаев, Жаданов 

əңгім., 141). 



ДОҒА:  Доға  жүйкелі  жапырақтар. 

Жүйкелері  доға  пішінді  иіліп  келген 

жапырақтар. Кейбіреулері д о ғ а  ж ү й к 

е л і  ж а п ы р а қ т а р деп аталады, мыс., 

інжугүл (Биология, 128). 



ДОҒАЛАҚ з а т. к ə с і б. Құдықтың 

шынжырын (арқанын) өзіне орап, долыны 

көтеріп  сыртқа  шығаратын  жуандау 

ағаш  білік.  Шығыр,  арқан,  долы – бəрі 

сақадай сай. Айыр, д о ғ а л а қ т а р ы н а 

дейін бар (Лен. жас, 13.12.1988, 3).

ДОДАГЕР  з  а  т.  Дода  көкпарының 

шебері,  доданы  жақсы  тартатын. 

Қазақтар жақтан басын беторамалмен тас 

қып байлап алған əйгілі д о д а г е р Бей-

сенбай шықты (Ер қанаты, 144). 



ДОДАПАЗ з а т. с ө й л. Додашыл. Олар 

той-думанды қыздырып, кəдімгі көкпаршы, 



д о д а п а з д а р ғ а ұқсап бір-біріне өлеңмен 

кезек  сөз  тастап  отырады  (Жалын, 1974, 

3, 123).

ДОДАШЫ з а т. Дода тартушы, дода 

тартумен  айналысушы.  ≈  Бұл  кезде  д  о

д а ш ы л а р да жиналып қалған болатын.

ДОДАШЫЛ  с  ы  н.  Додаға  түскіш, 

додаға  лайық  (ат).  Саймасайдың  күрең 

қасқасы д о д а ш ы л мал еді (Ш. Мұртазаев, 

Қызыл  жебе, 34). Ақеділдің  тақымына

д о д а ш ы л бəкене сары айғыр тиіп еді

(Р. Ниязбеков, Отағасы, 9). 

 ДОЖЫНА з а т. Бір текті заттардың 

12 данасы; дюжина. 

ДОЗИМЕТР з а т. т е х н. Иондағыш 

сəулелердің  шамасын  өлшейтін  құрал. 

Радиациялық жағдайды шамалайтын при-

борлар, д о з и м е т р л е р қайда? (Қаз. 

əдеб., 28.06.1989, 2). 



161

Байынқол Қалиев

 ДОЙБЫШЫЛ с ы н. Дойбы ойнағыш, 



дойбықұмар. Карташыл, шахматшыл, д о й

б ы ш ы л, кроссвордшыл хирург досы ай-

тады (Д. Досжанов, Жолбарыс, 231). 



ДОК  з  а  т.  Кемені  құрастыру  немесе 

оның  су  асты  бөліктерін  жөндеу  үшін 

пайдаланылатын  инженерлік  құрылыс. 

Кемені  судан  шығарып  д  о  к  к  а  қойды 

(ҚСЭ, 4, 5). 

ДОҚТАН  е  т.  Доқ  көрсету,  қоқаңдау. 

- Əй, қалай-қалай сөйлейсің?! – деді өзіне-

өзі келе бастаған Əлмырза д о қ т а н ы п, 

дауыс көтере (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 343). 



ДОҚТАНУ Доқтан етістігінің қимыл 

атауы.

ДОЛАНА  с  ы  н.  Долана  ағашынан, 

долана  сүрегінен  жасалған.  Атасы 

жонып  берген  д  о  л  а  н  а  шоқпарымен 

жерді  ұрғылап  барады  (К.  Мұқажанұлы, 

Ортеке, 5). 



ДОЛАНАЛЫ с ы н. Долана қалың өскен, 

доланасы мол. Əкем д о л а н а л ы сайдан 

отын сүйреп əкелді (Т. Жақыпбайұлы, Асан 

ата, 26).

ДОЛБАРЫНША ү с т. Болжамынша, 

жобалауынша, долбарлауынша. Д о л б а

р ы н ш а ол жақта мал көп, сондықтан кісі-

лер шаруақор келеді (Т. Қосуақ, Мəрмəр., 10). 



ДОЛДАНДЫРУ Долдандыр етістігінің 

қимыл атауы.

ДОЛДАНЫС  Долдан  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Сонда бүкіл Алмалы 

бойының аюлары тегіс үн қосып: «Біздің 

алмамызда адамзаттың не қасы бар» десіп

д о л д а н ы с ы п, жер-көкті азан-қазан 

етіпті (С. Мұратбеков. Жабайы алма, 20). 



ДОЛДАНЫСУ  Долданыс  етістігінің 

қимыл атауы.

ДОЛОТО  з  а  т.  т  е  х  н.  Тасты 

бұрғылайтын  құрылғының  алмастан 

жасалған  басы.  Олар  қанша  тырысса  да, 

д о л о т о гүрс етіп тиеді де, дəл бір оның 

басын  біреу  ұстап  алып,  əдейі  жібермей 

тұрғандай (І. Есенберлин, Алыста., 233).

ДОЛЫҚ  з  а  т.  Құдық  қазғанда  оның 

түбінен  шығатын  сулы,  сазды  топырақ. 

Баймұқан  үнемі  беліне  байлап  жүретін 

кендір  жібімен  Биғалидың  қолын  артына 

қайырып таңып тастады да, д о л ы қ тар-

татын  үлкен  кебеже  шелекке  отырғызды 

(Жалын, 1977, 6, 108). 



ДОЛЫЛАНУ  Долылан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДОЛЫША  ү  с  т.  Долы  адамша.  – 

Қатының  көк  егіннің  үдесіне  шыға  ал-

май  жүргенде  сен  д  о  л  ы  ш  а  көшесің! 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 246). 



ДОМАЛАҚ:  Домалақ  қалың.  э  т  н. 

Əдепкі  (ресми)  кəделерді  орындамай-ақ, 

ақшалай  берілетін  қалыңмал  (Қаз.  этно-

графия., 1, 643). 



ДОМАЛАТПАЙ  з  а  т.  м  е  д.  Өте 

жұқпалы ішек ауруы. Бертін келе д о м а 

л а т п а й д а н ол байғұс та дүние салды. 

Əйтеуір, артында үш күшігі қалды. Соны 

медет қылдық (С. Бердіқұлов, Егеулі най-

за, 38). Д о м а л а т п а й (холера) ішек 

ауруларының  ішіндегі  ең  жұқпалысы 

жəне ең қауіптісі болып саналады (Балқаш 

еңбеккері, 22.08,1970, 4).

ДОМБАЗДАУ  Домбазда  етістігінің 

қимыл атауы.

ДОМБАЙ з а т. з о о л. Жабайы есек. 

Далада құлан, д о м б а й шұбырса, О-дағы 

бір  егеулі  оққа  жолығар! (Шалкиіз:  Бес 

ғасыр  жырл., 1, 47). Біз  жаңылып  д  о  м 



б а й д ы құлан деп жүрміз. Құлан – пре-

жевальский  жылқысы  (Б.  Қыдырбекұлы, 

Түгел сөздің., 125). 

ДОМБЫҒЫҢҚЫРА е т. Аздап домбығу, 

ісіңкіреу. Жел қағып тотығыңқырап, д о м

б ы ғ ы ң қ ы р а п кеткен бет-аузын шар-

шаңқы түрмен сипалап өткен жігіт күреңіте 

түсті (Т. Мəмесейіт, Таудан., 67).

ДОМБЫҒЫҢҚЫРАУ Домбығыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

ДОМБЫҚ: Добық бет. Беті домбығып 

кеткен, ісіңкі. Төбесінде шоқпар тұрғандай 

бүгжең қаққан бітік көз, д о м б ы қ  б е т 

қараның  мысы  басылып,  даусы  əдеттегі-

дей  мияулап  шықты  (Р.  Отарбаев,  Біздің 

ауыл., 391). 

ДОМБЫРА: Домбыра бас. м у з. Дом-

быра  негізді  бас  аспабы.  Сол  сияқты  үш 

ішекті болып келетін домбыра прима, д о м



б ы р а  б а с, домбыра контрабас түрлері 

кəдімгі  екі  шекті  домбырадан  өрбіген 

аспаптар (Қаз. əдеб., 27.12.1974, 4). 

Домбыра  контрабас.  м  у  з.  Домбыра 

негізді контрабас.

Домбыра прима. м у з. Домбыра негізді 

прима. 

ДОМБЫРАШЫЛ  с  ы  н.  Домбыра 

тартуды  жақсы  көретін,  домбыра  тар-

татын. – Асеке, мынау жастардан бір ор-

кестр жинап алсаң да жетерлік, - деп Сиғат 



162

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Əбдіден  кейін  жұрттан  төбесін  жасырып 

отырған д о м б ы р а ш ы л, жігіт-желеңді 

желеу етті (Қ. Ысқақ, Ақсу., 262). 



ДОН: Дон жылқысы. Жылқының Дон 

бойынан тараған тұқымы. Д о н  ж ы л қ ы 

с ы мініске де, жегуге де төзімді, аса күтім 

талғамайды (ҚСЭ, 4, 21). 



ДОНЖУАН  з  а  т.  Бозбалашылықтың 

əсерімен моральдықтың этикалық норма-

ларын бұзған ер адамның бейнесі. ≈ Ол бір 

жүрген д о н ж у а н. 



ДОНКИХОТ  з  а  т.  Кедей,  бірақ  сері 

жігіттің бейнесі. Д о н к и х о т серілік 

қиялдың  шырмауында  болып,  зорлық-

зомбылығы  жоқ  заман  орнатуды  арман 

етеді (ҚСЭ, 4, 22). 



ДОНКИХОТТЫҚ  з  а  т. 1. Орынсыз 

батырлық,  қажетсіз  батылдық.  Ал 

мұндай д о н к и х о т т ы қ екінің бірінің 

қолынан  келе  бермейді  (І.  Есенберлин, 

Шығ. жин., 1, 206). Оның кейде дүниедегі 

əділетсіздік атаулыға бір өзі қарсы шаба-

тын «д о н к и х о т т ы ғ ы» да бар еді 

(Қ.  Жұмаділов,  Таңғаж., 184). 2. а  у  ы  с. 

Алаңғасарлық,  аңқаулық,  қожанасырлық. 

Тышқан  қағып  жүрсе  де,  ханға  сəлем 

бермейтін Ситан сыболышының д о н к и 

х о т т ы ғ ы н да Асекең енді түсінгендей 

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 454). 



ДОП з а т. к ө н е. Оқ. Беркініп садақ 

асынбай,  Біріндеп  жауды  қашырмай, 

Білтеліге д о п салмай,... Ерлердің ісі бітер 

ме?! (Махамбет: Жеті ғасыр жырл., 1, 166). 

Сол зеңбіректерге Беққара мен Түлекбайлар 

ие болмақ. Олар дəрі толтыру, д о п салу, от 

қою тəрізді шеберлікті қазір үйреніп жатыр 

(С. Сматаев, Елім-ай, 2, 386). 



ДОП:  Доп  айдаушы.  э  т  н.  Қазан-

доп  ойынындағы  допты  домалатып, 

қазаншұңқырға  түсіру  үшін  əрекетте-

нуші ойыншы. Бір ойыншы д о п  а й д а у

ш  ы  болады.  Ол  допты  қазанға  түсіру 

үшін  айла  іздейді.  Басқалары  қазан-

ды  қорғайды  (Қ.Толыбаев,  Бабадан., 

126). Басқа ойыншылар өзінің ұясын да д о п



а  й  д  а  у  ш  ы  ғ  а  алдырмауға  тырысады 

(Бұл да). 



ДОПҚҰМАР  з  а  т.  Доп  ойнауды 

ұнататын  (адам). – Жігітім,  поэзияны 

футболға айырбастағанды қайдан көрдің?! 

– деп тыйып тастады. Анау əдепсіз де, д о п

қ  ұ  м  а  р  өзге  ағайындар  да  жым  болды

(М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 220). 



ДОПТЫ:  Допты  соқ.  о  й  ы  н.  э  т  н

Көпшілік  жиналған  жерде  ойналатын 

ойын:  Бөлменің  ортасына  доп  қойылады 

да, біреуді допқа арқасын бере тұрғызып, 

көзін  басатын  қағаз  қалпақ  кигізеді. 8 

қадам  ілгері  жүргізіп,  үш  рет  айналды-

рып  жібереді.  Ол  барып  допты  аяғымен 

тебеді.  Тебер  кезде  басындағы  қалпағын 

ала қояды. Д о п т ы с о қ ойынын ойнау-

шы допты тебе алса, оған жүлде беріледі 

(Ойын-сауық, 236).

ДОПШЫ  з  а  т.  Жауға  қарсы  доп 

(домалақ тас) атушы. Айналасы биік ду-

алмен қоршалып, салықшылар, д о п ш ы



л а р тұратын биік тұрғылары мен көземдері, 

қарауыл  мұнаралары  бар  (Т.  Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 403).

ДОРБАУЫЗ з а т. з о о л. Аузы дорбадай, 

тұрқы қысқалау, маңдайында жарқыраған 

қызықтырғышы бар балық түрі. Жарыққа 

қызыққан ұсақ балықтар мен ас шаяндар



д о р б а у ы з д ы ң дəл қасына жүзіп келеді, 

сол кезде ол аузын тез аша қояды (Су асты. 

тіршілік, 63). 

ДОРҒАБЕК з а т. к ө н е. Хакімбектің 

айырықша  тапсырмаларын  орындай-

тын  шенеунік.  Ертеңіне  олар  саудасын 

кəдімгідей  бастап  кеткен  кезде  керуенба-

сына д о р ғ а б е к шақырып жатыр деген 

хабар  келді  (Ж.  Бейсенбаев,  Жасын-

тағдыр., 163). 

ДОС-ЖАРАНШЫЛ  с  ы  н.  Дос-

жарандарының көп болуын ұнататын, дос-

жаранға жанын беретін (Ш. Мұртазаев, 

Қара маржан, 163). 



ДОС-ҚАС  з  а  т.  э  т  н.  Жастардың 

көңілді  кештерде  ойнайтын  ойыны.  Сол 

жерде жастар таң атқанша « д о с-қ а с» ойы-

нын ойнады (Д. Исабеков, Тіршілік, 238). 

ДОСҚҰМАР  с  ы  н.  Дос  болғыш, 

досшыл. Асқұмардың тəні семіреді, д о с 

қ ұ м а р д ы ң жаны семіреді (Ж. Ахмади, 

Айтұмар, 510).



ДОСПЕЙІЛ  з  а  т.  Досына  ақ  пейілді 

адам. Ол сол бұрынғыша: аңқылдаған д о с

п е й і л, жайсаң мінез, көрген жерден сал-

дырлай  жөнелетін  бала  көңіл... (Жұлдыз, 

1975, 4, 127). 

ДӨДІЛДЕТ  е  т.  Машинасын  «дөд, 

дөд» дегізу, дыбыс беру. Ақырында мына 

қатты  жүріске  шыдай  алмай,  алдындағы 

машинаға «д ө д і л д е т і п» белгі берді 

(Жалын, 1974, 2, 30). 



163

Байынқол Қалиев

ДӨДІЛДЕТУ  Дөділдет  етістігінің 

қимыл атауы. 

ДӨЙДАЛА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Айдала.  Ат 

ырыққа көнетін емес, басын кекжитіп алып 



д ө й д а л а шауып барады (Қ. Жұмаділов, 

Атамекен, 182). Үйді қапырық, ауланы қой 

сасиды деп, дастарқанды д ө й д а л а ғ а 

жасатқан (Қ. Ысқақов, Қараорман, 206). 



ДӨЙПАС с ы н. ж е р г. Мықты, зор; 

дүлей. Дегенмен уақыт шіркін одан да қа-

тал ғой, қанша д ө й п а с болса да кəрілік-

тің  ыңыршағын  мықтап-ақ  салыпты

(Н. Қазыбеков, Тұсаукесер, 46). 



ДӨКЕЙЛЕТ е т. ж е р г. Үлкейт. Бірақ 

бұзауымды д ө к е й л е т і п бересің деп, 

екі  қызыл  бұзауға  бір  пұт  астық  берді

(Ж. Аймауытов, Шығ., 37). 



ДӨКПЕК  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Дүңк-дүңк 

етіп қалған, жайсыз. Ұзақ жыл д ө к п е к

желіспен  шоқырақтатып  жүріп,  Ағыбай 

оны  да  ұмытыпты-ау  (Қ.  Жұмаділов, 

Сəйгүлік., 87). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет