Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет72/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   168

КҮЛІС…  Өрімдей-өрімдей  қара  көз 

жігіттер  селодағы  автобаза  мен  құрылыс 

жұмысшылары үйір-үйір болып, ақша са-

лып «к ү л і с» ойнайды екен (С. Байжанов, 

Сыр мен сымбат, 96).

КҮМƏЛЖІМ с ы н. ж е р г. Мардым-

сыз,  шамалы.  Колхозға  барғанда  біздің 

көрсетер көмегіміз к ү м ə л ж і м, əрине 

(Қ.Тұрсынқұлов, Анды-Қарақыз, 63).

КҮМƏНДАНУШЫЛЫҚ с ы н. Күмəн 

келтірушілік,  шүбəланушылық.  Тіл  тари-

хы  жөніндегі  концепция  дүниеге  келіп 

үлгермей-ақ  к  ү  м  ə  н  д  а  н  у  ш  ы  л  ы  қ

қ а душар болды (Т. Қордабаев, Жалпы тіл 

білімі, 128).



КҮМБАР з а т. ж е р г. Құты (банка). 

Үстелдің  үстіне  шам  жағып,  оның  үсті-

нен  пияла  к  ү  м  б  а  р  төңкерсең,  өлімсі-

реп  сөнгенін  көреміз  (Мəшһүр  Жүсіп, 

Шығ., 9, 307).

КҮМБЕЗ: Күмбез сақина. Үсті күмбез 

пішінді етіп жасалған сақина түрі. К ү м 

б е з  с а қ и н а н ы ң күмбезі түрлі үлгідегі 

қалыптарға  бөлек  құйылып,  бауырдағы 

жіңішке етіп, соғылып, бір-біріне бекітеледі 

(Қаз. этнография., 3, 276).



Күмбез  сырға.  Күмбездеп  жасалған 

сырға (Қаз. этнография., 2, 613). Шар үлгі-

сінде немесе ұзын салпыншақ болып келе-

тін «к ү м б е з  с ы р ғ а», «қозалы сырға», 

«қоза сырға», «төлме төбе сырға» да кезінде 

кең тараған (Қаз. əйелдері, 1983, №9, 26).

КҮМБЕЗГЕР з а т. Мешіттің күмбезін 

жасаушы  (салушы)  шебер.  Оның  үстіне

к ү м б е з г е р л е р д і ң өнерін де көрелік 

(Қаз. əдеб., 08. 04. 1977, 2).



КҮМБЕЗДЕНУ Күмбезден етістігінің 

қимыл атауы

КҮМБЕЗДІ:  Күмбезді  жүзік.  Үстінгі 

беті  күмбезделініп  жасалған  жүзік

Қазақта  жүзіктің  жасалу  мəнеріне  қарай 

құдағи жүзік, құстұмсық жүзік, к ү м б е з 

д і  ж ү з і к, шытыралы жүзік т.б. түрлер-

ге  бөлінеді  (Қаз.  этнография., 1, 317). 

Жасалу  тəсіліне  қарай  жүзіктер:  сіркелі 

жүзік,  бұрама  жүзік,  құйма  жүзік,  к  ү  м



б е з д і  ж ү з і к, қос жүзік деп аталған 

(Бұл да, 2, 480). 



КҮМБЕЗДІК  с  ы  н.  Күмбезге  тəн, 

күмбез  сияқты.  Киіз  үй  төбесіне  к  ү  м  б 

е з д і к сипат беру үшін уық ішке қарай 

бүгіледі (ҚСЭ, 5, 456). 



КҮМБЕЗСІЗ с ы н. Күмбез салынбаған, 

күмбезі жоқ. Кісі тірісінде қалай əр текті 

болса,  өлгеннен  соң  бейіттері  де  əр  алу-

ан: бірі күмбезді, бірі к ү м б е з с і з, бірі 

төртқұлақ  етіп  тұрғызылған,  енді  біріне 

топырағы  ғана  үйілген  (К.  Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 177). 



КҮМПІЛДЕТ... 2. а  у  ы  с.  Көпірте 

сөйлеу,  өсіріп  айту.  Пəлен  жерде  пəлен 

кіре  атқыға  кетіпті,  түген  жерде  түгенше 

адамды көшкі əкетіпті деп к ү м п і л д е т 

к е н д е жүректі күпті қылады (Қ. Ысқақ, 

Тұйық, 115).



КҮМПІЛДЕТУ Күмпілдет етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮМІЛЖІҢКІРЕУ  Күмілжіңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

КҮМІРƏ:  Күмірə  болғыр.  Көзі 

жоғалғыр, құрығыр д.м. Ұзын сирақ, безеу 

бет бала мен к ү м і р ə  б о л ғ ы р қыз бұл 

кезде бір-бірін көзбен шағып жеп, ыржалаң 

қағып балмұздақ жалап тұрған (Р. Отарбаев, 

Біздің ауыл., 44, 46).

КҮМІС:  Күміс  ер.  Əйелдер  мен  қыз-

дарға арналған, екі қасы, басқа да бөлшек-

тері күміспен əшекейленген ер. К ү м і с

е  р – көбінше  əйел  қауымына  арналған 

ердің бір түрі. Оның үлгісі де, түрі де көп 

(Ата  салты., 97). Жасалуына  қарай  ердің 

бірнеше түрлері болады: қазақ ер, к ү м і с 



е р, құранды ер жəне ашамай ер (Шаңырақ, 

33). Ердің мынандай түрлері бар: қоқан ер, 

құранды ер, қалмақы ер, қазақ ері, орыс ері, 

қом ер, ашамай ер, тоз ер, к ү м і с  е р т.б. 

(Қазақст. ауыл. шаруаш., 1970, №10, 62). 


301

Байынқол Қалиев

Күміс  жүген.  Күмістеліп,  сəнделген 

жүген. Жүгеннің өрме жүген, түйме жүген, 

қайыған жүген, к ү м і с  ж ү г е н… деген 

түрлері болады (Қаз. ауыл шаруаш., 1970, 

№10, 62).



Күміс  жүзік.  Күмістен  құйылып,  ба-

уырына  ою-өрнек  жүргізіліп,  үстін  асыл 

таспен  безеген  жүзік.  Жасалған  матери-

алына қарай жүзіктер алтын жүзік, к ү м 



і с  ж ү з і к, гауһар жүзік, меруерт жүзік, 

қола жүзік, жақұт жүзік деп аталады (Қаз. 

этнография., 2, 479).

Күміспен  күптеп.  Күміс  жалатып, 

күмістеп.  Ол  өзге  хандардан  салтанатын 

асырып, күмбезін к ү м і с п е н  к ү п т е п,

босағасын  алтынмен  аптап  зəулім  сарай 

салғызыпты (Т. Ахтанов, Махаб. мұңы, 89).



Күміс  сақал.  п  о  э  т.  Күмістей 

жылтыраған аппақ сақал. Алма бет, к ү м і с 

с  а  қ  а  л,  алғыр  ақын  Таң  нұрлы  жырын 

төккен күндей күліп. Туындап, түк тастаған 

тарлан жүйрік, Жүлде алған тоқсан жаста 

қайта туып (Т. Жароков, Шығ. жин., 1, 188).



Күміс  сақина.  Таза  күмістен  соққан 

немесе құйып жасалған сақина. 

Күміс сапты қамшы. Сабы күмістелген 

қамшы. К ү м і с  с а п т ы  қ а м ш ы көбінесе 

əйелдерге арналады (Шаңырақ, 34).



Күміс сырға. Таза күмістен соғылған 

сырға. 

КҮМІССУ з а т. х и м. Сынап қосылған 

күміс  (амальгама).  Егер  сынапқа  күміс 

«жұтқызсақ» – к  ү  м  і  с  с  у,  алтын 

«жұтқызсақ» – алтынсу деп аталады (Ана 

тілі, 14. 01. 1993, 8).



КҮМІСШІ з а т. Күміспен безендіруші, 

күмістеуші.  Үйсін  к  ү  м  і  с  ш  і  л  е  р  і 

басқаларға қарағанда өте тамаша үзеңгі мен 

айылтартпалар жасайды (Қарқаралы, 18).

КҮН:  Күн  жайлату.  э  т  н.  Тасаттық 

беру кейде осылай да аталынады. Тасаттық 

беру  құрғақшылықта  тəңіріден  жаңбыр 

тілегенде жасалады. Бұл «к ү н  ж а й л а 

т у» деп аталады (Ата салты., 136).

Күн жұбату. Күнді (уақытты) өткізу

Бақтияр, Байжұма, Сағымжандар қарта ой-

науға кірісті. Ет піскенше к ү н  ж ұ б а т у 

д ы ң амалы (Қ. Жұмаділов, Соңы көш, 389).

Күн  қайыру.  Аспан  денелері  мен 

жұлдыздардың қозғалыс заңдылықтарына 

сүйене отырып уақыт есептеудің тəсілі. 

К ү н  қ а й ы р у – дала көшпенділері үшін 

адам – қоғам – табиғат үштігі арасындағы 

өзара  бірлігі  мен  үйдесімді  байланысын 

реттеуге арналған жүйе (Қаз. этнография., 

3, 289).

Күннің  жазғы  тоқырауы.  Күннің 

ұзаруының аяқталуы. К ү н н і ң  ж а з ғ ы 

т о қ ы р а у ы кезінде күннің ашық, жауын-

ды болуына қарап күздің қалай болатынын 

болжайды (Қаз. этнография., 2, 371).

Күннің  қысқы  тоқырауы.  Күннің 

қысқаруының аяқталуыК ү н н і ң  қ ы с қ ы

т о қ ы р а у ы н д а күннің ашық, бұлтты 

болуына қарап, айдың суық не жылы бола-

тынын болжайды (Қаз. этнография., 2, 371). 

Күн таласты. Күннің қызыл арайланып 

батып бара жатқан кезі. К ү н  т а л а с т ы

ғой, атың суыса, отқа қой (Н. Қазыбеков, 

Дала, 61).

Күн  таластырып  суыту.  Атты  күн 

батқанға  дейінгі  суыту.  Егер  жол  жүріп 

келген атты күн батып бара жатқанда отқа 

қойса – к ү н  т а л а с т ы р ы п  с у ы т у

жатарда қойса – қазан суыту, таңға жуық 

жіберсе – таң асыру дейді (Н. Қазыбеков, 

Дала, 10). 



Күн   шықты .  Күн  көкжиектен 

көтерілді, күн көрінді. ≈ К ү н  ш ы ғ а біз 

де атқа міндік. 



КҮНƏМСІЗ с ы н. Күнəсі жоқ, айып-

сыз, жазықсыз. ≈ К ү н ə м с і з жандарды 

бекерден-бекер шырылдатпайық. 



КҮНƏМСІЗДІК  з  а  т.  Күнəсіздік, 

жазықсыздық. 

КҮНБАҒАР... 2. а  у  ы  с.  Жағымпаз, 

жарамсақ. Жұрты құрғыр қандай к ү н б а 

ғ а р боп кеткен. Жаулықтары қарқарадай 

боп, бастықтың үйінің төріне жайғасқан бес 

қатын «Қой, қыз балаға бұл сөзің ауыр!» - 

деп пəтуа айтудың орнына жалаң қатынның 

дікеңдеген  сөздеріне  бастарын  шұлғи 

береді (Ə. Кекілбаев, Бір шөкім бұлт, 17).



КҮНБАҒАРЛЫҚ з а т. а у ы с. Жағым-

паздық,  жарамсақтық. – Көп  жылдар 

бойы онымен қатар отырсаң да, құрбыңның



к ү н б а ғ а р л ы ғ ы н қалай білмегенсің? 

–  деушілер  де  болды  (Қаз.  əдеб., 08. 06. 

1988, 16).

КҮНБИ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Үйсін  ұлысы 

өздерінің  билеушілерін  осылай  атаған

Үйсін ұлысы өздерінің билеушілерін Күн, 

яғни күннен тараған ұрпақ деп, оған «би» 

атауын  үстеме  сыңар  қып  қосып  к  ү  н



б  и  деп  атаған  (Қ.  Толыбаев,  Бабадан., 

13). Қытай деректеріне жəне көне шежіре 



302

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жазбаларына сүйеніп, зерттеушілер Үйсін 

мемлекетінің  хандары  к  ү  н  б  и  аталған 

деген  дерек  келтіруде  (Н.  Мыңбатырова, 

Төле  би., 18). Өз  заманында  к  ү  н  б  и  л 

е  р,  қағандар,  хандар,  сұлтандар,  билер 

халықты заң-жарғыларға, халықтық салт-

дəстүрлер  мен  ғұрып-əдеттерге  сүйене 

отырып  басқарған  (А.  Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 131).

КҮНДЕ з а т. к ө н е. с ө й л. Күде. Аяққа 

салды кісенді Мойынға салып к ү н д е н і 

Томарға мықтап байлады (Ақсауыт, 2, 238).

КҮНДЕМЕ  с  ы  н.  Күнделікті,  күн 

сайынғы. Баянға жартымды жұмыс табыл-

мады. Погреб қазу, отын жағу, қораның боқ-

тығын тазалау сықылды к ү н д е м е жұ-

мыспен жүріп жатты (Ж. Аймауытов, Шығ., 

122). Сəті түскенде пароход тоқтайтын жер-

де к ү н д е м е жұмыс бар екен, соған келіп 

түстім (Жұлдыз, 1973, №5, 17).

КҮНДЕСТЕУ с ы н. Бір-бірімен бақта-

ластау, араздау; күндесірек (Ш.Мұртазаев, 

Қара маржан, 12). 



КҮНДІК  з  а  т.  Бір  күндік  жұмыс. 

«Өкпелеген  екен», - деп  ойлады  Сырлы-

бай. К ү н д і к к е шыға қоймағанына қысы-

лып  та  тұр  (Т.  Нұрмағамбетов,  Дария-

ның арғы., 103). 

КҮНДІКТІ с ы н. Күндік киген, күндігі 

бар. Жалғыз еркек емес, ақ к ү н д і к т і 

бəйбіше, ақ желекті келіншек, үкілі құндыз 

бөрікті сəулім бойжеткен – бір емес, əлде 

неше (М. Əуезов, Қилы заман, 17). К ү н д 



і к т і əйелдің соңынан бір бала үйден ере 

шықты (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 6). 



КҮНДІКШІ  з  а  т.  Бір-ақ  күн  жұмыс 

істейтін  адам.  Дегенмен  біз  қолбала 

сияқты к ү н д і к ш і м і з. Өйткені, жақсы 

істе, мейлі жаман істе – бəрібір, сол нарық 

төленеді (Қаз. əдеб., 19. 12. 1986, 2). 



КҮНЖІТ... 2. Күнжіт өсімдігінің дəні. 

Қодіреннен қорек ажыратып, к ү н ж і т 



т  і  қуырып  жеген,  жаужұмырдың  уытын 

борықтың  сүтімен  қайтарған  шақта  күнə 

бар  ма? (Мəдениет  жəне  тұрмыс, 1972, 

№7, 17). 



КҮНКЕШТІ с ы н. Əйтеуір күн өткізіп 

жүрген,  ешқандай  қызығусыз,  ынтасыз. 

Басқасын  қойғанда,  сондай  бір  сылбыр 

ғана к ү н к е ш т і күйге өзім де көнер ме 

екенмін..? (Жұлдыз, 1973, №3, 55).



КҮНҚАҒАРЛЫ  с  ы  н.  Бас  киімінің 

күнқағары бар, күнқағар жасалған. Ақсақал 

сыртқы түйе жүн шекпенін желегей тастап, 

басына қолдан тіктірген қара барқыт тақия 

үстінен сұр матадан жасалған к ү н қ а ғ а р 



л ы күлапара киіпті (Қ. Салғарин, Сол бір 

күндер, 3).



КҮНҚАҒАРСЫЗ  с  ы  н.  Күнқағары 

жоқ,  күнқағар  жасалмаған.  Ол  Төкенге 

алтындап  жазылған  к  ү  н  қ  а  ғ  а  р  с  ы  з 

бас  киімін,  матрос  белдігінің  ауыр  жез 

айылбасын қалдырған еді («Балдырғанның 

базарлығы», 128).

КҮНҚАҚТЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап 

күнқақты  болған,  өңі  кете  бастаған

Байлық  белгісі – көнетоздау,  к  ү  н  қ  а  қ 



т  ы  л  а  у  көк  ала  батсайы  шымылдық

(Ғ. Мүсірепов, Таңд., 3, 535).



КҮНҚАҚТЫЛЫҚ  з  а  т.  Күнқақты 

б ол ғ а н д ы қ ,   т о т ы қ қ а н д ы қ .   Е кеу і 

құшақтасты. К ү н қ а қ т ы л ы қ т ы ң

исі  мен  сабынның  исі  аралас  шықты

(Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 76). 



КҮНСАЯ з а т. Аулаға жасалып, күннен 

қорғануға болатын, төбесі жабық шағын 

баспана (беседка). Май топырағы бұрқырап 

жататын аулаға асфальт төсеттіріп, к ү н с 



а я л а р д ы жаңадан жасатты (Қаз. əдеб., 

19. 12. 1986, 3).



КҮНСУ  Күнсі  етістігінің  қимыл 

атауы. Əр уақыт төлдің к ү н с і м е у і, 

шөлдемеуі  ескеріледі  (Коммунист.  еңбек, 

16. 10. 1970, 2). 

КҮНТИМЕС...  Боқтық  ұзындығы 

ат-көлік  құйысқанының  к  ү  н  т  и  м  е  с 

мөлшерінде  болады  да,  оған  өткізілетін 

қолқа  да  сол  мөлшерде  жасалады  (Ата 

салты., 105). Құйысқан біткеннің ат-көлік 

к ү н т и м е с і н е ілінетін бөлшегі боқтық 

немесе  құйысқандық  деп  аталады  (Ер 

қанаты, 277). 

КҮНТУАР с ы н. с ө й л. Шығыс. Орыс 

келіп  екі  жарылған  ноғай  халқын  Юсуп, 

Смайыл  деген  аданас  адамдар  басқарған. 

Юсуптың саясаты к ү н т у а р бетпен бай-

ланыс жасау еді (Қ. Олжай, Қанат байла., 

228).


КҮНТҮСЕР  з  а  т.  Шаңырақтың 

ашық  тұрған,  күн  түсетін  жері.  Сегіз 

көз күлдіреуіші бар, к ү н т ү с е р і кең 

қара  шаңырақтан  атылып  шыққан  əнді 

таудан  аса  соққан  кешкі  леп  ала  қашты

(Ж. Кəрменов, Ақылбайдың əні, 92).

КҮНТІЗБЕК з а т. с ө й л. Күнтізбе

Мəселен, к ү н т і з б е к т і (календарь) 



303

Байынқол Қалиев

жазған Бейімбетті қайсымыз білеміз? (Қаз. 

əдеб., 06. 05. 1988, 7). Олай болса шығыс, 

қазақ к ү н т і з б е к т е р і н д е г і жыл-

дар сипаттамасында үлкен сырлар ұшығы 

жатыр (Ана тілі, 29. 03. 1990, 5).



КҮНІСКЕЙ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Күнгей. 

Ақтөс тастың к ү н і с к е й бетіне барып 

жатты (С. Бақбергенов, Кентау, 136). 

КҮҢГЕЙ з а т. с ө й л. Күнгей. ≈ Мал 

к ү ң г е й д е жатыр.

КҮҢДЕН е т. Күң болу, күңге айналу

Елсіреген, қағансыраған халықты, К ү ң д е 



н г е н, құлданған халықты, Түркі иелігінен 

айрылған халықты Ата-баба мекеніне қайта 

орнатты (Ертедегі əдеб., 34).

КҮҢДЕНУ Күңден етістігінің қимыл 

атауы. 

КҮҢЕЙ з а т. к ө н е. Күңше. Туысы 

қызықты да дүние малға, Жамал қыз тоқал 

болып  барды  шалға. «Сен  де  бір  күңнен 

туған  к  ү  ң  е  й  і» – деп,  Жамалды  сана-

май  шал  жүрді  жанға  (Айтбай  Белгібаев: 

Жұлдыз, 1974, №11, 208).



КҮҢШЕ  з  а  т.  Күңнен  туған  қыз. 

Құлдың баласын – құлшар, күңнің қызын 

– к ү ң ш е, молданың баласын – мағзұм деп 

атайды (Ана тілі, 20. 09. 1990, 6). 



КҮҢІРЕНТУ  Күңірент  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮПСЕКТЕТПЕЙ ү с т. ж е р г. Жа-

сырмай, жаппай. – Күн демей, түн демей 

жүре беретінін айтсайшы, – деп көңілдегіні 



к ү п с е к т е т п е й ашығынан айтты (Қаз. 

əдеб., 02. 11. 1984, 4).



КҮПСЕР...  Осы  кезде  қасымыздағы 

шоқ  қамыстың  ішінен  қыраулы  тымақ, 

қазақы  к  ү  п  с  е  р  ішік  киіп, «Зеңгі  ата» 

шыға келді (Қазақст. ауыл шаруаш., 1967, 

№2, 51). Үстімде кіші шешем тігіп берген, 

қабыған шолақ к ү п с е р і м болатын (Егем. 

Қазақст., 21. 08. 1992, 3).

КҮПТЕНУ Күптен етістігінің қимыл 

атауы.  Сүйген  көңілдің  мұндайда  к  ү  п

т е н у г е пейіл тұратын əдеті ғой, «расы-

мен  жолыға  алмай  қаламын  ба?»  деп 

қобалжи  бастады  (І.  Есенберлин,  Шығ. 

жин., 1, 189).



КҮПТЕТ Күпте етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Аптау сөзі «сулау» деген ұғым 

береді (аб – парсының «су» деген сөзі). Ал-

тынмен аптатып, Күміспен к ү п т е т і п,

Зəулім  сарай  үй  берген, – дейді  Жамбыл 

(Д. Шоқпарұлы: Ана тілі, 14. 01. 1993, 8).

КҮПТЕТУ Күптет етістігінің қимыл 

атауы. 

КҮПТЕУ  Күпте  етістігінің  қимыл 

атауы. К ү п т е у – металл бетін қақталған 

жұқа күміспен қаптау (Қаз. этнография., 3, 

295).  Қазақ  зергерлері  қақтауға  көбінесе 

күмісті  қолданған.  Сондықтан,  күміспен 



к  ү  п  т  е  у  деген  сөз  қалыптасқан,  яғни 

қаптау деген ұғымды береді (Ана тілі, 14. 

01. 1993, 8). 

КҮПІЛДЕТУ  Күпілдет  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮПІШЕҢ ү с т. Үстіне тек күпі киген. 

Əнеугі тымақшаң, к ү п і ш е ң кеткендер 

пальтолі, шляпалы болып қалыпты (Алма-

ты ақшамы. 21. 06. 1990, 4).



КҮРГЕЙ-КҮРГЕЙ  о  д.  Қой-ешкіні 

сауатын  кезде,  қозы-лақты  енелерінен 

бөлу кезінде айтылатын шақыру одағайы

Қозы-лақта бөлген кезде к ү р г е й-к ү р г е й

деген одағай сөзді қайталап айтып, қозы-

лақты бөледі (Қаз. этнография., 3, 297).



КҮРГЕЙЛЕ  е  т.  Күргей-күргей  деп 

айту. 

КҮРГЕЙЛЕУ  Күргейле  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮРГЕЙЛЕН  Күргейле  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Жаһанша мырза 

қала  сыртындағы  шығыс  беті  көк  терек, 

сида қоңыр шаттауықпен к ү р е г е й л е н 

г е н ескі зираттың қақ ортасында жерленді 

(М. Мағауин, Аласапыран, 2, 244).



КҮРДЕЛІ:  Күрделі  жапырақ.  б  о  т. 

Бір сағақта бірнеше жапырақ алақандары 

бар жапырақ. Кей өсімдіктердің жапырағы 

күрделі болады. Оны к ү р д е л і  ж а п 



ы  р  а  қ  деп  атайды.  Яғни  оның  бірнеше 

жапырақ  алақандары  болады  (Биоло-

гия, 66). Егер  сағақта  бір  ғана  жапырақ 

тақтасы  болса,  ондай  жапырақты  жай 

жапырақ деп атайды. Ал бірнеше жапырақ 

тақтасынан құралып, кішкене сағақтармен 

ортақ сағаққа қосылған жапырақты к ү р 

д е л і  ж а п ы р а қ деп атайды, мысалы, 

қойбүлдірген, шаған т.б. (Ботаника, 59).



КҮРЕ  з  а  т.  Елді  мекен,  ауыл,  село.

–  Мешітке  барып  намаз  оқисың  ба,  əлде 



к  ү  р  е  г  е  барып  пұтқа  табынасың  ба?

(Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1, 52). Бұл күнде 

қазақтың біраз қаласы мен қалашықтары, 

кенттері солардың (қалмақтардың) к ү р е 



с і н е айналып кетті (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз 

таңы, 322).



304

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КҮРЕГЕЙЛЕНУ  Күрегейлен  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КҮРЕН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Бір  жерге  шо-

ғырланған  бір  топ  үй,  ауыл;  күре.  Əйтсе 

де, сұлтаным, біздің к ү р е н м е н екі ара-

да  күйме  мен  көтерменің  қаншасы  бар

(М.  Мағауин,  Аласапыран, 75). Бошман 

қатары көбейген сайын, монғолдардан да 

береке кете бастады, жоқ жерден шабылған 



к ү р е н, бүлінген жасақтар саны молайды 

(І. Есенберлин, Алмас., 76).



КҮРЕНДІК з а т. Күрен (ауыл) боларлық, 

күрен деп атарлық. Үш көштік қана жері, 

үш к ү р е н д і к қана жұрты бар. Сейтекке 

қарындастарының  бірін  атаудың  өзі  күнə 

(М. Мағауин, Аласапыран, 143).



КҮРЕҢ:  Күрең  қасқалы.  Өңкей  кү-

рең  қасқа  жылқысы  бар.  Игілік  ақтылы-

қаралы, к ү р е ң  қ а с қ а л ы, жиренді етіп, 

мың-мыңнан сұрыптап тастаған жылқысын 

қия  алмады  (Ғ.  Мүсірепов,  Оянған  өлке, 

1, 49).

КҮРЕҢКЕ з а т. з о о л. Құмырсқаның ірі 

келген, жыртқыштау бір түрі; құмырсқа 

арыстаны  (Т.  Мұсақұлов,  Қаз.  ор.  терм. 

сөзд., 79).



КҮРЕУ: Күреу жол. с ө й л. Күрең жол. 

Біз құм ішіндегі қазылып қалған к ү р е у 



ж о л м е н жүріп келеміз (Соц. Қаз., 05. 

03. 1991, 4).



КҮРЖІ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Грузин.  Тау 

сағалаған к ү р ж і л е р мен əрмендерді де 

туталақай етті. Бағындырды, салық салды 

(М. Мағауин, Таңд. шығ., 1, 273).



КҮРЖІКЕЙ  з  а  т.  з  о  о  л.  с  ө  й  л. 

Күжіркей. Май айында даланы түрлі түске 

бөлеп, к ү р ж і к е й л е р д і ң еркектері 

салтанатты  «жиын»  құрады.  Түрлі-түсті 

ұзын қауырсындардан «жаға» оранып к ү р



ж  і  к  е  й  л  е  р  некелік  жасауға  бөленеді 

(Қорғалжын, 159). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет