ҚАУАША з а т. Жауынгерлердің та-
мақ құйып ішетін сопақша қалайы ыды-
сы. Бұл екі арада солдаттар да таза шүбе-
рекке оралған жасыл қ а у а ш а л а р ы н
350
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
а л ы п , к ө ш п е л і а сха н а ғ а бе т т е ге н
(А.Сейдімбеков, Серпер, 195). – Оты-
ра қалыңдар, - деді Жеңіс қос қасық
шаншылған қ а у а ш а толы ботқаны жерге
қойып жатып (Бұл да, 196).
ҚАУКӨРІК... 2. Жүні қампиған, бірақ
өзі қауқарсыз, əлсіз. Кім біледі, Лашын-
ды төндіре түсірген соң қ а у к ө р і к
түлкіні бірақ сығып өлтіріп тастар ма еді
(А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 69).
ҚАУЗАС Қауза етістігінен жасалған
ортақ етіс.
ҚАУЗАСТЫР Қаузас етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
ҚАУЗАСТЫРУ Қаузастыр етістігінің
қимыл атауы.
ҚАУЗАСТЫРЫЛУ Қаузастырыл
етістігінің қимыл атауы.
ҚАУКӨРІК с ы н. Сырты қампиған,
іші мардымсыз; жүрдім-бардым істелген.
ҚАУКӨКІРЕК с ы н. Қампиған, бос. –
Адыра қалғыр! Қампиған қ а у к ө к і р е к
түріңді қайтейін-ай! (С.Сматаев, Бұлақ,
16). Өйткені, жүрдім-бардым жазылған
қ а у к ө к і р е к романнан гөрі кейбір шағын
əңгіменің оқушыға берері молдау (Қаз.
əдеб., 04.08.1978, 2).
ҚАУКӨКІРЕКТІК з а т. Сыртын
қампитқандық, көпірмелік. Ал мына
«Баянауыл» совхозына келгеннен кейінгі
өмірдің көкейтесті талабына орай, батыл
шешім қабылдауы жай қ а у к ө к і р е к
т і к, қыңырлық əрекет емес (Қаз. əдеб.,
01.12.1972, 4).
ҚАУПАЯ з а т. ж е р г. Бос, құр кеуде,
бөспе. Берекесі бірікпес, Күнде жиып
құрасаң. Кей қ а у п а я ақылсыз, Ақы-пұлы
бір асам (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 282).
ҚАУСЫРМАЛЫ: Қаусырма лы
ұйқас. ə д е б. Бірінші жолдың соңғы бу-
ыны мен төртінші жолдың соңғы буыны
ұйқасады (АББА). Қ а у с ы р м а л ы ұ й қ
а с немесе орама ұйқас орыс поэзиясында
жиі қолданылады, ал қазақ поэиясында өте
сирек (Қаз. əдеб. энцикл., 655).
ҚАУЫЗДА е т. Қауызын алып тастау,
қауызынан ажырату. Əрі дəмді, əрі майлы
ағаш дəнін қ а у ы з д а п, бос бүрді тастап
кете береді (Құстар тіршілігі, 94).
ҚАУЫЗДАУ Қауызда етістігінің
қимыл атауы.
ҚАУЫЛДЫРЫҚ з а т. б о т. Қамыс
сабағының ішкі қуысында болатын үлбірек,
жұқа пердеше. Сонымен бірге қамыстың
қ а у ы л д ы р ы қ т а р ы ауаның сүзгісі
ретінде қоршаған ортаның тазалығына
болысады (Қаз. əдеб. 21.03.1986, 14).
ҚАУЫЛЖЫР... Ініне кіре алмай жүріп,
құйрығына қ а у ы л ж ы р байлаған
тышқанның кебін киді (С.Сматаев, Елім-
ай, 48).
ҚАУЫМИЕТ з а т. ж е р г. Қауым,
көпшілік. Тас түйін болып түйілді де, қ а у
ы м и е т к е қарап: - Жамиғат! – деп саңқ
етті (Ш.Мұртазаев, Жұлдыз. көпір, 150).
Мен барымды аямадым – қ а у ы м и е т
куə (Бұл да, 158).
ҚАУЫН: Қауын ағашы. б о т. Биіктігі
4-6 м-дей, саусақ салалы жапырақтары
бар, жемісті ағаш. Жемісі – қауын. Қ а у ы н
а ғ а ш ы Орталық Америкада (Мексика,
Бразилия) мəдени өсімдік ретінде өсіріледі
(ҚҰЭ, 5, 679).
ҚАУЫНБАЛ з а т. Қауыннан жасалған
тəтті дəм (тағам). Қауыннан қауынқақ,
қауынқұрт, қ а у ы н б а л (бекмес) жасайды
(ҚҰЭ, 2, 93).
ҚАУЫР з а т. к ө н е. Қайғы, мұң. Есімге
тура сілтеші Басылмас көрмей əуірім. Жа-
ман екен жалғыздық, Кетпеді бастан қ а у
ы р ы м (Ер Шора).
ҚАУЫРСАҚ... Жабасақ та қ а у ы р с
а қ сияқты шым астынан, ызалы-көгалды
жерлерден тұмсығымен шұбалшаң тартып
жейді (Соц. Қаз., 02.04.1991, 4).
ҚАУЫРСЫНЖЕГІ з а т. з о о л. Құстың
қауырсынын жеп тіршілік ететін зиянды
паразит. Түбітжегілердің құстардың
денесінде кездесетін түрлерін мамықжегі,
қ а у ы р с ы н ж е г і деп атайды (Р.Сəтімбеков,
Қызықты биология, 88). Құстардағы
паразиттер – түбітжегілер жəне қ а у ы р
с ы н ж е г і л е р болса, сүтқоректілердегі
паразиттер тек жүнжегілер деп аталады
(Бұл да, 89).
ҚАУЫШУ Қауыш етістігінің қимыл
атауы. Алғашқы қ а у ы ш у, абыр-са-
быр басталысымен, ол ауылдағы көрген
қызықтар жайын сұрастыра бастады
(Ə.Байбол, Теміржол., 28).
ҚАШАҒАНШЫЛ... Жүйрік аттардың
өзі үшке бөлінеді. Соның бірі – қ а ш а ғ а
н ш ы л. Бұларды көбінесе жылқышылар
мінеді. Аз қашықтыққа жылдам шаба-
ды, шапшаң бұрылады, тез қимылдайды
(А.Тоқтабаев: Ер қанаты, 23).
351
Байынқол Қалиев
ҚАШАҚ з а т. в е т. Аша тұяқты
малдарда болатын мүйізгек ауруы. Түйе-
дегі мүйізгек ауруы сиыр, қой, ешкіде –
қ а ш а қ, жылқыда – қасаң деп аталады
(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 70).
ҚАШАНҒЫ: Қашанғы қанжығаңа
байлап жүресің. Қашанға дейін сенімен
бірге болам (бір күні ғайып боламын) д.м.
– Мал танымай кетесіңдер ғой түге. Мені
қ а ш а н ғ ы қ а н ж ы ғ а л а р ы ң а б а й
л а п ж ү р е с і ң д е р, - деп əкем орнынан
бұрқылдай тұрды (Тұлпар, 283).
ҚАШАР: Қашар доп. с ө й л. Қашпадоп.
Ойынды бірге ойнайтынбыз. Əсіресе асық,
шілдікті көп қуатын едік. Доптаяқ та, қ а ш
а р д о п та қалыспайтын (Жұлдыз, 1972,
№2, 179).
ҚАШҚАҚТА е т. с ө й л. Бошала. Көп
ұзамай боз інген қ а ш қ а қ т а п кетті.
Текті түйе көлденең көзден қызғанып, түзде
боталайды (Қаз. əдеб., 28.11.1986, 9).
ҚАШҚАҚТАҒАНСУ Қашқақтағансы
етістігінің қимыл атауы.
ҚАШҚАҚТАҒАНСЫ е т. Қашқақтаған
болу, қашқансу. Сөйлесе үдетіп аларын
сезіп, бойын аулақтатып, əлгілерден қ а
ш қ а л а қ т а ғ а н с ы д ы (Т.Отабектегі,
Зауал, 177).
ҚАШҚАРША з а т. Ұзын мойынды
құман; қашқар құман (С.Аманжолов,
Вопросы., 429). Қ а ш қ а р ш а н ы ң
шағын етіп жасалғандары шай бұқтыруға,
көлемділері қолға су құюға, дəрет алуға
қолданылады (Қаз. этнография., 3, 519).
ҚАШЫ... Тасыма судың басып кету
қаупіне байланысты қ а ш ы л а р (дамба-
лар) жасау өте-мөте қажет (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1957, №8, 54).
ҚАШЫҚ: Қашықтан оқыту. ж а ң а.
Қазіргі заманғы телекоммуникация-
лық технологияларды пайдалану арқы-
лы қашықтан оқыту əдісі (Терминол.
анықт., 11, 43).
ҚАШЫРТҚЫЛАН Қашыртқыла
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Жалпы облыс бойынша күріш дақылынан
қ а ш ы р т қ ы л а н ғ а н судың оннан бірі
ғана əлгі коллекторларға барып тұр (Қаз.
əдеб., 10.11.1978, 2). Осы жерлердегі қ а ш
ы р т қ ы л а н а т ы н суды дарияға қай-
та құйдырмай, оны Жаңадария арна-
сына бұрып жіберу керек (Қаз. əдеб.,
24.01.1986, 10).
ҚАШЫРТҚЫЛАНУ Қашыртқылан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАШЫРТҚЫЛАТ Қашыртқыла
етістігінен жасалған өзгелік етіс. – Қайда
əлі. Күнім жақындағанда көре жатар-
мыз, - дедім мен қ а ш ы р т қ ы л а т ы п
(Т.Ахтанов, Шырағың сөнб., 28).
ҚАШЫРТҚЫЛАТУ Қашыртқылат
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЯЗ з а т. з о о л. Сүген қоңызының
екінші аты. Сүген немесе қ а я з отын
кесетін қоңыздар тұқымдасына жатады
(Қазақст. жануар., 35).
ҚАЯЗДАУ с ы н. Толық піспеген,
шикілеу. – Жоға, қ а я з д а у ма деге-
нім ғой, жоқ, піскен бе?! Қайдам, қайнат-
қаным да жөн бе? (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 42).
ҚИҒАШ: Қиғаш тігіс. Кесте тігу
кезінде матаның көлденеңінен 2 жібін,
тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта
тігу əдісі. Кесте тігу бірнеше түрге: терме
тігіс, қ и ғ а ш т і г і с, айқас тігіс т.б. болып
бөлінеді (Шаңырақ, 396).
ҚИҚОҢЫЗ... Қ и қ о ң ы з өзінен 20
есе ауыр шарды дөңгелектетіп кетеді
(Жəндіктер, 25).
ҚИҚЫМБАҚАЙ с ы н. с ө й л. Қу,
арам, жымысқы. ≈ Ол қ и қ ы м б а қ а й
адам.
ҚИҚЫМБАҚАЙЛЫҚ з а т. Бақай
қулық, жымысқылық, арамдық. Қи қ ы
м б а қ а й л ы қ болмаса ата жау болып
алыспаған, Сырдың бойында жатқан
Ұрыс хан деген лəшкер жинап тап берген
(К.Жүністегі, Едіге, 124).
ҚИЛАП з а т. ж е р г. Қайшы, қарсы,
кері. Ол істі шариғат жолымен қарағанда
дұрыс деп тапса да, законға қарағанда қ и
л а п екенін сезеді (Б.Майлин, Таңд., 110).
Өзінше істеген ісінің шариғатқа қ и л а п
еместігін Салқамбайға сездірдім бе деп
ойлады (Бұл да).
ҚИМА з а т. с ө й л. Жұмыр қарағайдан
қиып салынған ағаш үй. Мына қарағай қ и
м а н ы – хан сарайы деп біліңдер (Бұл да,
226). Көше тəртібімен үш қатар салынған
қарағай қ и м а л а р (М.Мағауин, Аласа-
пыран, 2, 243).
ҚИМА: Қима тақа. Аяқкиімнің сəнді,
əсем өкшесі. Өкшесін көкпен ойған
қызыл кебіс Орнатып қ и м а т а қ а,
батқы салған. Арқаның ақ бұлтынан ай
352
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
күткендей, Қарайды ойлы көзбен кешке
таман (И.Байзақов, Таңд. шығ., 1, 37).
ҚИМАҚ з а т. Көне тайпалардың
бірінің аты. Бұл қ и м а қ т а р д ы ң көне
қаласының орны (Теледидардан). ХІ-ХІ
ғасырларда қ и м а қ т а р д ы ң Ертістен
Жоңғар Алатауына дейін созылған өз
мемлекеті болған (ҚСЭ, 6, 557).
ҚИНАЛЫСТЫ с ы н. Қиналысы көп,
қиналған. Қ и н а л ы с т ы күндер, сырқат
бабымен жүрген баяу жол да артта қалды
(Қаз. əдеб., 05.09.1975, 4).
ҚИРАКЕЗІК..? Кəнігі тірлігіне алыс-
жұлыс пен ат үсті өмірінің ажырамас
мəніне балап өскен қыр қазағы алдан тосар
қ и р а к е з і к сапарын көп ойлаған ба!
(С.Сматаев, Алғашқы асу, 29).
ҚИРА-ҚИРА с ы н. Тозығы жеткен,
қисық-қыңыр. Сынған топсаның ізін сым-
мен шанди салған қ и р а-қ и р а жаман
есіксымақтың тұтқалығына қол жүгіртіп
еді, əрі қармалап іліктіре алмай қойды
(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 223).
Қ И СА Й Ы С Қ и са й ет і с т і г і н е н
жасалған ортақ етіс. Билер жастықтарға
жантая қ и с а й ы с ы п, атқосшылары
көгалға жайғасты (Жұлдыз, 1975, №4, 22).
Күлшашар батырлар шай ішіп болғанша
ғана серіктесіп отырды да, содан кейін
отырған-отырған жерлерінде қ и с а й ы с
ы п қалды (Лен. жас, 10.10.1974, 2).
ҚИСАЙЫСУ Қисайыс етістігінің
қимыл атауы.
ҚИСАП: Қисап етіп. ж е р г. Есептеп,
санап, балап. Көгершіндер өздерінің бір
тұқымына қ и с а п е т і п, араларына
кіргізді (С.Көбеев: ХХ ғ. бас. қаз. ақын.
шығ. 191).
ҚИСАР з а т. Қазақстанда өсірілетін қой
тұқымдарының бірі: денесі, аяқтары ұзын,
қылшық жүнді, таңқыш құйрықты келеді.
Бұл күндері Қазақстанда əрқайсысының өз
алдына ерекше қасиеттері бар архар мери-
нос, дегерес, кавказ мериносы, қаракөл,
еділбай, шаранзы, қ и с а р сияқты қойдың
бірнеше түрлері өсіріледі (Ш.Ерманов,
Мəңгі., 31).
ҚИСАРЫ з а т. ж е р г. Махорка
(Ж.Досқараев, Қаз. тіл. жерг. ерекш., 143).
ҚИСЫҚТӨС з а т. Қос өркешті
түйе мен қоспақтың арасынан шыққан
түйе тұқымы. Түйенің төсі қисық, тегі
нашар, азғын түрі; күлгешөгер. Əдетте
қоспақ пен айыр түйенің арасынан тəуір
тұқым тумайды. Жазатайым туа қалса
жүні тықыр, күші жоқ, суыққа осал болып
келеді де, қазақ түйешілері оны жарбай,
соқпақ, қылағай, кірісті қоспақ, қ и с ы
қ т ө с, күлгешөгер деп жер-жебіріне
жетіп кемсіте атап, тезірек тұқымын
құртуға тырысады (А.Сейдімбеков, Сер-
пер, 87). Қ и с ы қ т ө с – буыршынның
інгенге не буыршынның аруанаға неме-
се лөктің інгенге шағылысуынан пайда
болған түйе (Қазақша мал атау., 52). Бұлар
төс кемістігіне қарай – қ и с ы қ т ө с,
тоңғақтығына қарай – күлгешөгер атанған
(Қаз. этнография., 3, 270).
ҚИСЫНДАСТЫРЫЛ Қисындастыр
етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Өлеңдері жаттанды болғанымен, осы
мақсатына қарай қ и с ы н д а с т ы р ы л а
д ы (Қ.Толыбаев, Бабадан., 158).
Қ И С Ы Н Д АС Т Ы Р Ы Л У Қ и с ы н -
дастырыл етістігінің қимыл атауы.
ҚИСІҢДІ с ы н. Қи көп жатып, əбден
шиырланған. Желі басы бос. Шымы түтіліп,
қ и с і ң д і болып кетіпті (Жалын, 1973,
№1, 81).
Қ И Т А РЛ А Н Д Ы Р Қ и т а р л а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Аз күнгі
дүниебоқтың буына мастанып, дүниесі
кемді тəлкек еткісі бар қиқардың көзін
қ и т а р л а н д ы р ы п жіберу үшін сый-
ласым түгіл, қимасымды шалып жіберуден
тайынбаймын (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 26).
ҚИТАРЛАНДЫРУ Қитарландыр
етістігінің қимыл атауы.
ҚИТҰРҚЫЛАНДЫР Қитұрқылан
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Бұның
сөзден шатасатындай несі бар, қалай қ и т
ұ р қ ы л а н д ы р с а да Жолға айтқанын
мұнда да қайталады (К.Ахметбеков,
Қасірет, 1, 207).
Қ И Т Ұ Р Қ Ы Л А Н Д Ы РУ Қ и т ұ р -
қыландыр етістігінің қимыл атауы.
ҚИТЫҒЫҢҚЫРА е т. Аздап қитығу,
қырсығыңқырау (О.Бөкеев, Өз отыңды.,
41).
ҚИТЫҒЫҢҚЫРАУ Қитығыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ҚИТЫҚ: Қитығы ұстады. Қитық-
танды, қырсықты. Мұны сезген баланың
қ и т ы ғ ы ұ с т а п, жанып жатқан сексеуіл-
дің бір түйір шоғын молданың сəлдесіне
тастап жібереді (Ел аузы., 305).
353
Байынқол Қалиев
Қитықтан сыйтық шығарды. Жоқ
жерден дау туғызды. Тек тентектер қ и т ы
қ т а н с ы й т ы қ ш ы ғ а р м а й, тыныш
тарасын деңіз (М.Разданұлы, Алтай., 245).
ҚИУАЗ з а т. ж е р г. Қарым, қайта-
рым. Сондағы жасаған жақсылығымның
қ и у а з ы мынау бес елі көк шүберек бол-
ғаны ма! (Ə.Кекілбаев, Үркер, 403).
ҚИЫҚ з а т. Қарта ойынындағы төрт
түрлі қағаздың бірі; боп, буби. – Қане,
ағайындар, бұл кісінің қолында шыбынның
«келіншегі» қалды ма, əлде қ и ы қ т ы ң
«тұзы» қалды ма? (К.Сегізбаев, Біз қалада.,
83). – Көзір қ и ы қ, - деді Балажан картаны
үш-үштен таратып шығып (К.Ахметбеков,
Қыранқия, 140).
ҚИЫЛТ Қиыл етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Қара мақпал қамзолдың
қысып ілген алтын бастырмасы қыз белін
хикімет қ и ы л т ы п, қойнына қос тостаған
тыққандай (Қаз. əдеб., 06.07.1973, 4).
ҚИЮЛАУ... Жан-жағын көмкеріп, қ и ю
л а у да естеріне келмепті (Жұлдыз, 1973,
№2, 148).
ҚИЯ: Қия баса алмады. Тырп етпеді,
жүре алмады. «К-700» тракторының өзі
қардың қалыңдығынан қ и я б а с а а л м
а й жатқанын көзіміз көріп жүр (Лен. жас,
16. 03. 1971, 4).
Қия жол. Тауға қиялап өрлей шығатын
жол (Қаз. этнография., 2, 413).
ҚИЯКЕЛДІ... Қазаққа қырық қайнаса
сорпасы қосылмайтын қ и я к е л д і Бəйбек
қай құрдасына, қай құрбысына барып
сыр айтып мақтансын! (Ə.Кекілбаев, Елең-
алаң, 145).
ҚИЯҚ... Ақындар домбыраға, қобызға,
қ и я қ қ а, сырнайға, сыбызғыға сүйемелдеп
айтады (Жұлдыз, 1974, №5, 190).
ҚИЯҚТЫ с ы н. Қанатты, қауырсынды.
Қ и я қ т ы болсын сұңқарың, Тұяқты бол-
сын тұлпарың... (Қ.Толыбаев, Бабадан., 72).
ҚИЯН ү с т. ж е р г. Өте, тым, аса. Қ и я н
мықты ат (Ж.Досқараев, Жерг. ерекш., 145).
ҚИЯНАТҚҰМАР с ы н. Біреуге қиянат
жасауды ұнататын, қиянатшыл (адам).
ҚИЯНАТҚҰМАРЛЫҚ з а т. Қиянат
жасауға құмарлық, қиянатшылдық. Қ и я-
н а т қ ұ м а р л ы қ түбі қияпатқа ұрын-
дыратыны ежелден белгілі (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 465).
ҚИЯРБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Қияр
сияқты сопақша келген, теңіз түбінде
тіршілік ететін жəндік (балық). Албырт-
тар отрядының ішіндегі ең маңыздылары:
қ и я р б а л ы қ т а р, шортандар, умбралар
т.б. (М.Жұмалиев, Балықтар., 68).
ҚИЯТ з а т. Ежелгі түрік тайпаларының
бірі. Ежелгі түріктің қ и я т руынан шыққан
Шыңғысқан ұрпақтары Қазақ Ордасында
ақсүйек деп саналған (Ата салты., 19).
Көшпелі қ и я т т а р д ы ң арасынан
шыққан сол бөрі жеген ұрпағы – Темірші
(А.Сатаев, Бəрі де., 170). Сол шежіренің
айтуы бойынша, Домбауыл дала кезген
атақты мерген боп суреттеледі. Ол қ и я т
тұқымынан (Бұл да, 227).
ҚОБАЛЖЫРЛЫҚ с ы н. с ө й л.
Қобалжитындай, жан толқырлық. Қандай
таңғажайып күш! Қандай жан қ о б а л ж
ы р л ы қ оқиға! (І.Есенберлин, Махаб.
мейр., 268).
ҚОБУ... Сондай-ақ, қуықасты безінің
қабынуынан қасабаның қ о б у ы əлсірейді
(Жас алаш, 01.11.2003, 6).
ҚОБЫЗ: Қобыз көмей. Дауысы
қобыздың үніндей сазды, əсерлі. Қысылған
сəтінде жас жүректі ерітер қ о б ы з к ө м
е й, бал тілді ақын болуды армандамадың
ба? (Ж.Кəрменов, Ғашық., 14).
ҚОБЫЗСЫЗ с ы н. Қобыз болмаса,
қобыз жоқ жерде. Қайғы-мұңды қ о б ы з с
ы з, үміт пен сенімді скрипкасыз, сағыныш
сазын сырнайсыз, сыбызғысыз қалайша
жеткізе аларсыз (Қаз. əдеб., 20.08.1976, 3).
ҚОБЫЛАН е т. Қобы болу, ойпаңдану.
Бұдан кейін іші қ о б ы л а н ғ а н қалақ ағаш
салып, оның сыртынан қайыспен мықтап
таңып тасталынады (Қазақст. ауыл. шару-
аш., 1959, №10, 63).
ҚОБЫРАҢҚЫ с ы н. Аздап қобыраған,
қобырай түскен. ≈ Үй іші қ о б ы р а ң қ ы,
дұрыстап жиналмаған.
ҚОБЫРАҢҚЫЛЫҚ з а т. Қобыра-
ғандық, қобырай түскендік. Ол топырақтың
қаншалық нығыздығын, қ о б ы р а ң қ ы л ы-
ғ ы н анықтады (І.Есенберлин, Махаб.
мейр., 187).
ҚОҒА с ы н. Қоғадан жасалған
жастық, тысының ішіне қоғаның үлпегі
салынған. Төрде жамбастап жатқан ақ шал
түйе таптағандай мыж-мыжы шыққан қ о ғ а
жастықты бауырынан алып былай қойды
(Д.Исабеков, Тіршілік, 114).
ҚОЛҒАБЫСТЫҚ з а т. с ө й л. Көмек,
жəрдем. Мен оқудан келе ұстаның дүкеніне
354
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
барам. Əкем сонда, ептеп қ о л ғ а б ы с т
ы қ жасаймын (С.Танекеев, Қиян асу, 122).
ҚОҒАЖАЙЛЫ с ы н. Қоғажай өскен,
қоғажайы бар. Астыңғы жағын жерден
қазып, жоғарғы жағын қопаның қара шы-
мымен өсірген ауылдың орта кезіндегі қ о
ғ а ж а й л ы төбешікке салынған қоржын
үйіміз бар (Р.Аманкелдиев, Батырдың., 68).
Құсмұрынның кең аңғарлы атырабында
садақ аралас қ о ғ а ж а й л ы күздіктер көп
(Ж.Молдағалиев, Самал, 47). Сағындырар
сияқты Сарыарқаның самалы. Қ о ғ а
ж а й л ы, қияқты Қайда тоғай, аралы?!
(Қ.Тоғызақов, Сібір Омар, 59).
Достарыңызбен бөлісу: |