Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет87/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   168

Қоржын там. Екі бөлмелі етіп жасал-

ған  шағын  там,  саман  үй.  Қ  о  р  ж  ы  н

т  а  м  н  ы  ң  үңірейіп  ашық  тұрған  қуы-

сынан  əлгі  дабыр-дұбыр  дыбыстар  бір 

естіліп,  бір  естілмей  құмыға  бастады 

(Ж.Қорғасбек,  Үлпілдек, 15). Үйлердің 

өзін кешен, үйтас, құжыра, тасболат там, 

қ о р ж ы н  т а м деп бөлген. Бұлардың 

бір-бірінен айырым белгісі мол (Қаз. əдеб., 

23.12.1977, 2). 

Қоржын  тігу.  э  т  н.  Күйеу  жігіт 

жұртының  қалыңдық  ауылына  апаруға 

арналған  қоржынды  дайындау  салты

(Қаз. этнография., 3, 618).



ҚОРҚАЙ з а т. ж е р г. Ақан ау. Ертеде, 

жас  кезінде,  жаз  бойы  талай  дауылдарға, 

қыс бойы қ о р қ а й м е н ығысқа ұшырап, 

Бакуден  шығыпты  (С.Хайдаров,  Теңіз 

самалы, 31). Солтаң  басқан  бишара  əке 

болса, қыс қ о р қ а й, жаз жəркеуде қазақ-

орыстардың  ақаны  мен  ауында  жүретін 

(Бұл да, 87). 



ҚОРҚАСОҚТА  е  т.  Қорқақтау, 

қорқыңқырау,  сескену.  Жүрегі  шайлығып 

қалған сорлы қ о р қ а с о қ т а п кіріп еді, 

жоқ,  мына  құжқара  бұған  басқалардай 

т е к е к ө з д е н і п   е ж і р е й е   қ а р а м а д ы 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 8). – Айналайын, 

ағатай,  менің  де  ойым  осы  еді,  бірақ  қ  о 



р  қ  а  с  о  қ  т  а  п  жүр  едім  (М.Мəжитов, 

Аманғали, 17). Анадайда  қ  о  р  қ  а  с  о 



қ  т  а  п  маңайламай  тұрған  Қозыбақты 

бала  құсатып  ымдап  шақырып  алды 

(О.Сəрсенбаев, Жақсының., 141). 

Қ О Р Қ АС О Қ ТАУ   Қ о р қ а с о қ т а 

етістігінің қимыл атауы.

Қ О Р Қ А С О Қ Т А Ғ А Н С У   Қ о р -

қасоқтағансы етістігінің қимыл атауы.

ҚОРҚАСОҚТАҒАНСЫ  е  т.  Қорық-

қансу,  қорыққан  болу,  сескенгенсу.  Əлгі 

ойымды біреу-міреу сезіп қалмады ма де-

гендей, бір жағынан аз-кем қ о р қ а с о қ

т а ғ а н с ы п, жан-жағына қымсына мойын 

бұрды (Қ.Жиенбай, Таңд., 1, 279). 



ҚОРҚЫНЫШТЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап

қорқынышты;  кісі  шошындырарлық-

тай, үрейлілеу (О.Бөкеев, Əн салады., 90). 

ҚОРЛАНЫҢҚЫРА е т. Аздап қорлану, 

намыстану. Бораштың жүзінде түсінгендік 

бар екен, мен қ о р л а н ы ң қ ы р а п қалдым 

(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 26). 

ҚОРЛАНЫҢҚЫРАУ  Қорланыңқыра 

етістігінің қимыл атауы.

ҚОРМА з а т. к ə с і б. Қайықтың ағаш 

қаңқасы. Қайықтың су сіңген шірік қ о р м а 

с ы н қоспағанда смоласының өзі бір тонна 

(Қ.Ысқақов, Қараорман, 189). 



ҚОРМАЛ с ы н. Азықтық қорын алдын-

ала жинап алатын (адам). Шешеміз қ о р 

м а л адам еді, Қыс қамын жаз ойлайтын 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 67). 



ҚОРМАЛДА е т. Қор жинап алу. 

363

Байынқол Қалиев

ҚОРМАЛДАУ  Қормалда  етістігінің 

қимыл  атауы.  Бұл – классикалық  салт, 

қазыналар  алмасу,  қ  о  р  м  а  л  д  а  у 

жемісі  үзілмегеніне  ырзасың  (Қаз.  əдеб., 

14.11.1975, 3). 



ҚОРМАЛДЫҚ з а т. Қор жинағыштық, 

қорды  алдын  ала  ойлағандық.  Құрт,  май 

қоры  көктемге  дейін  сарқылмайды,  жаңа 

сүтке жалғасады. Бұл – қазақ əйелдерінің

қ о р м а л д ы ғ ы (Қ.Төлебаев, Бабадан., 

240). 


ҚОРМАЛСУ  Қормалсы  етістігінің 

қимыл атауы. Ана Долдашты да қанатының 

астына  тартып,  Балқияны  саған  алып 

беремін  деп  қ  о  р  м  а  л  с  у  ы  тегін  емес 

(З.Жəкенов, Күн көтеріл., 110). 



ҚОРМАЛСЫ  е  т.  Қормал  болғансу, 

қамқорсу. ≈ Ол маған ылғи қ о р м а л с ы п

жүретін. 



ҚОРМАЛСЫЗ  с  ы  н.  Жанашыры 

жоқ,  қамқорсыз.  Ажы  төре  қорғансыз 

ел,  қ  о  р  м  а  л  с  ы  з  жерге  жегі  боп  тиді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 51). 

ҚОРМАЛСЫЗДЫҚ  з  а  т.  Қормалы 

жоқтық, қамқорсыздық. 

ҚОРТҚА  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  ж  е  р  г. 

Балықтың  өте  майда  түрі;  шабақ.  Кез 

келген  балықтың  өте  майда  түрін  Арал 

балықшылары күркін дейді. Мұны Каспий-

де – мəлек, Қорғалжында – мүлік, Зайсан 

көлінде қ о р т қ а дейді (Вопросы ист. и 

диал. каз. яз.,1958, 1, 104). 



ҚОРТЫҚ з а т. Еркек қозы мен еркек 

лақ тарттырылғанда бір енінің бауы үзіл-

мей  қалуы.  Енінің  сыңары  тартылмай 

қалған малдарды қ о р т ы қ дейді (ҚСЭ, 

9, 395). Ал еркек қозылар қаншама түгел 

піштірілді  дегенмен  бірлі-жарымының 

жаңылыс піштірілмей кетуі жəне қ о р т 

ы  қ  болып  қалатындықтары  да  кездеседі 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1963, №4, 27). 



Қортық  қошқар.  Бір  ені  тартылмай 

қалып,  қошқарлық  құрып  жүрген  ерке 

қой. Қ о р т ы қ  қ о ш қ а р қойды бұзады 

(Мақал). 



ҚОРТЫҚША з а т. Түйенің аласа бой-

лы, нашар тұқымы. Қара кісі хан болды, 

Қоспақтан туған қ о р т ы қ ш а Қатарға 

шығып, нар болды (Мұрат Мөңкеұлы: Нар 

заман., 311). 



ҚОРУШЫЛЫҚ з а т. Қору қызметін 

атқарушылық, күзетушілік (О.Бөкеев, Əн 

салады., 104). 



ҚОРШАН з а т. ж е р г. Дүкен. Бір күні 

қ о р ш а н жақтан Төлеуіміз жылап келді 

(З.Қиянатұлы, Көшпенді., 69). 



ҚОРЫҚ__1'>ҚОРЫҚ

1

 з а т. э т н. Ағаш тостағандағы 

сүтке отқа қыздырылған тас салу арқылы 

пісірілген  тағам  (сүт).  Осы  əдіспен 

пісірілген дəмді сүтті қазақ «қ о р ы қ» деп 

атаған (Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 279). 

ҚОРЫҚ

2

 з а т. к ə с і б. Балық аулауға 

тыйым салынған мерзім: маусым, шілде. 

Бұрындар жылауды екі ай қ о р ы қ кезінде 

əкелеріне бауыр басып қалған балалар ба-

стайтын (Ə.Сараев, Тосқауыл, 44). 



ҚОРЫҚТА  е  т.  Ағаш  ыдыстағы 

сүтке  қыздырылған  тас  салу  арқылы 

пісіру.  Жусаған  қой  иіріліп,  Ыстықтайды 

солықтап. Тақырда жанад кішкене от Сүт 

пісірмек  қ  о  р  ы  қ  т  а  п  (С.Сейфуллин, 

Шығ., 1, 190). 



ҚОРЫҚТАУ  Қорықта  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОРЫЛДАҒЫШ  с  ы  н.  Қорылдай 

беретін, жиі қорылдайтын. Ал дəл мына 

екеуіндей  қ  о  р  ы  л  д  а  ғ  ы  ш  т  а  р  д  ы 

көрсем,  көзім  шықсын. (Б.Соқпақбаев, 

Таңд., 260). 



ҚОРЫМАЛДЫҚ  з  а  т.  Қамқорлық, 

жанашырлық.  Жан  сұлулығын  арт-

тыру  үшін  жастарға  үлкенді  сыйлау, 

бауырмалдық, қ о р ы м а л д ы қ, кеңпейілдік 

тəрбиесін жүргізу керек (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 2, 8). 

ҚОРЫМДЫ с ы н. Қорымы бар, қорым 

жатқан. Ендігі бір қауіп, қарсы алдындағы 

қ о р ы м д ы қапталмен жосыған ешкілердің 

төмен  тартып  кетпеуі  (Т.Мəмесейіт,  Тау-

дан., 66). Бірінен-бірі өткен биік қ о р ы м 

д ы жақпар тастар (Лен. жас, 16.05.1972, 2). 

ҚОРЫСТАНУ Қорыстан етістігінің 

қимыл атауы.

ҚОРЫСТАУ  с  ы  н.  Аздап  қ  о  р  ы  с 

басқан,  жыныстау.  Бұларға  қосылмай  өз 

бетінше  əндететіндер  көлдің  қоғасы  мол, 

саяздау, қ о р ы с т а у жағалауларындағы 

мың-мың көлбақа (С.Жүнісов, Ақан сері, 

2, 347). 



ҚОС

1

  з  а  т.  Арбаға,  соқаға  парлап 



жегілген өгіз (көлік). – Мұнысы қалай? Екі

қ о с, үш кісімен не істейді? (Қ.Əбдіқадыров, 

Əңгім., 9). Жұрт көлік шаршады деп қ о с 



ы  н  доғарып  жатқанда,  қарнын  кебеже 

теңдегендей  қылып  өгіздің  егіс  қорғанға 

кіргенін  көреді  (Бұл  да).  Жер  кеуіп  ба-


364

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

рады.  Үш  қ  о  с  п  е  н  не  жетістіреміз? 

Адамды  көбейт,  қ  о  с  қ  а  жегер  көлікті 

көбейт! (М.Қуанышбаев,  Тайталас, 6). 



ҚОС

2

  с  а  н.  э  п  и  т.  Екі  д.м.  Дасқанның 

қолы қыз төсіне де жетті. Күндізгі көрген 



қ  о  с  анар  уысына  ілікті  (Р.Райымқұлов, 

Жапанда., 70). 



Қос  басты  шөміш.  Қымыз  құюға  ар-

налып, сəндеп жасаған, екі басы бар ағаш 

шөміш. Бір есептен саба, адалбақан, өреше

қ о с  б а с т ы  ш ө м і ш отау үйде қалды 

деп білерсіз онда (Лен. жас, 28.08.1975, 3). 



Қос [егіз] бүйірлі ожау. Екі бүйірлі етіп 

жасалған сəнді ожау. Жұмағұл шабарман 

сонда ғана ес жинағандай сырлы аяқтағы 

тұнып қалған қымызды е г і з  б ү й і р л і

о ж а у м е н сапырып қойды (М.Разданұлы, 

Алтай., 71). 



Қос  етек  [етекті]  көйлек.  Қос  етегі 

бар, етегі қосарланған көйлек. Бастарына 

үкілі кəмшат бөрік, қ о с  е т е к  к ө й л е к

қызыл қатипа камзол киіпті (Қ.Жұмаділов, 

Атамекен, 108). Басындағы  шоқ  үкілі 

қамшат бөркі де, үстіндегі қ о с  е т е к  к ө 

й л е г і де, белін қынай киген қамқа ішігі де 

өзгеше (І.Есенберлин, Алмас., 254). 



Қос мүйіз. қ. ө н е р. Қос мүйіз пішіндес 

ою-өрнек.  «Құстаңдай», «сыңар  өкше», 

« қ о с  м ү й і з», «сыңар мүйіз», «тоғыз 

көз», «жүз  теру»  сияқты  ою-өрнек  нұс-

қалары  белгілі  бір  кəсіппен  байланысты 

туындап  дамыды  емес  пе? (Лен.  жас, 

03.08.1974, 2). 



Қос табақ. э т н. Құдаларға тартылған 

табақтардан бөлек, кəде алу үшін, арты-

нан  арнайы  тартылған  қосымша  табақ. 

Құдалар қ о с  т а б а қ т а н дəм татып, 

ақшалай не заттай жолын береді (Қаз. этно-

графия., 3, 622). Бұл бас табаққа қосып тар-

тылатын жанама табақ болғандықтан, оны қ 

о с  т а б а қ деп атайды (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 3, 15).



Қос  үйге  қамау.  Дойбы  ойнағанда 

қарсы жақтың тасын екі жақтан қамап, 

жүргізбей тастау. Дойбы ойынында «биге 

шығу», «қ о с  ү й г е  қ а м а у», «тайынша 

айдату»  т.б.  қалыптасқан  терминдер  бар 

(Шаңырақ, 391). 



Қос шырағы сөнді. Екі көзі жұмылды, 

өлді. Үзілді де атойлаған ұраным, Ат үсті-

нен таудай болып құладым. Қиналдым мен

жауым тірі қалды-ау деп, Қиналмадым с ө 

н е р  д е п  қ о с  ш ы р а ғ ы м (Н.Айтұлы, Ту, 17).

ҚОС

3

: Қос көтерді. Қос жасады, қос 

болып бірікті. Жаз өтіп, күз мезгіл жетіп, 

бай жылқысын қостап шығармақшы болып,



қ о с  к ө т е р і п т і (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 

9, 236). 



Қосын  тартты.  Біреудің  қайырын 

қылды,  жұмысын  істеді.  Көптен  бері 

колхоздың  қ  о  с  ы  н    т  а  р  т  ы  п  келеді 

(Б.Дəулетбаев, Сүмбілшаш, 15).

ҚОСАҒА  з  а  т.  Қостың  басшысы. – 

Қалай, қ о с а ғ а с ы, бағымың қалай? Күтім 

күйлі ме? (Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 74).

ҚОСАЙ:  Қосай  калош.  Əдемі,  сəнді 

калош. Аяғындағы қ о с а й  к а л о ш бай 

келіндерінің  бірінікі  (Ғ.Мүсірепов,  Оян 

өлке, 1, 59). Аяғында биік өкшелі шоңқайма 

етік,  қ  о  с  а  й    к  а  л  о  ш  бəрі  де  сандық 

түбінде жатқан бір киер екені танылып тұр 

(Ғ.Мүсірепов, Ұлпан, 39). 



ҚОСАҚ з а т. а с т р. Босаға жұлдызы. 

Босаға жұлдызы кейде қ о с а қ деп те ата-

лынады. Себебі ол сауу үшін байланған қой 

қосағына ұқсас (ҚазССР ҒА, №6, 51-52). 



ҚОСАҚ-ҚОСАҚ о д. Саулық қойларды 

қосаққа  шақыру  ишарасы.  Саулық  қой-

ларды ұстап қосақтарда «қ о с а қ-қ о с а қ»,

- дейміз (Н.Қазыбеков, Дала., 21). 

ҚОСАҚБАУ з а т. э т н. Қалыңмалды 

алып  кетуге  келген  құданың  қалыңға 

берілетін қойды ұстасып, қосақтасқаны 

үшін қойшы мен əйелдерге беретін кəдесі. 

Əдетте  қалыңмалға  берілетін  малды 

бөлген  уақытта  құдалар  бірге  болады. 

Сондықтан  қой  қосақтасқан  əйелдер  мен 

қойшылар – «Қ  о  с  а  қ  б  а  у»  деп,  кəде 

есебінде бір-бір мал не ақшадай сыйлықтар 

алады  (Х.Арғынбаев,  Қаз.  халқы., 188). 

Қазақ  салтында  қалыңға  беретін  малдан 

«құрықбауға»  деп  жылқышылар  бір  мал, 

«қ о с а қ б а у ғ а» деп қойшылар бір мал 

алып қалады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 

3, 72). 


ҚОСАЛҚЫ з а т. ж е р г. Екінші əйел; 

тоқал. Күйеуі өлген əйелді əкем қ о с а л

қ ы ғ а алмақ болғанда, шешем де көнбейді, 

Қазинаның  өзі  де  көнбейді  (С.Мұқанов, 

Мөлдір махаб., 27). 

ҚОСАЛҚЫ: Қосалқы бүршік. б о т. 

Өсімдіктердің жас өркендерінде пайда бо-

латын қосымша бүршік. Буынаралықтарда, 

сондай-ақ тамырларда дамитын бүршіктер 



қ о с а л қ ы  б ү р ш і к т е р деп аталады 

(Ботаника, 36). 



365

Байынқол Қалиев

ҚОСАЛҚЫЛАП  ү  с  т.  Екі-екіден, 

қосақтап,  қабаттап.  Ердің  қанжыға 

тесігінен  қ  о  с  а  л  қ  ы  л  а  п  өткізіп, 

бүлдіргеленген  тұйық  таспа – «шеттік» 

аталады. Оған құйысқанның жырымы бай-

ланады (Ер қанаты, 261). 

ҚОСАМЕТКЕЙ ү с т. ж е р г. Қосылып, 

қосарланып;  қосымша.  Қыраулы  терезе 

кештің қараңғылығына қ о с а м е т к е й 

болып, үйдің ішінде еш нəрсе көрінбестік 

еді (Б.Майлин, Таңд., 96). 



ҚОСАМЖАРЛАС е т. Бір істі жарыса 

бірге істеу, қосақтасу. ≈ Қ о с а м ж а р л а 

с п а й ары жүрші, өзім-ақ бітіремін. 

ҚОСАМЖАРЛАСУ  Қосамжарлас 

етістігінің қимыл атауы. Ананың əрекетіне 

қасына орындық қойып қарап отырған ата-

сы ақыры шыдай алмай, қ о с а м ж а р л а 

с у ы н а тура келді (К.Ахметбеков, Қасірет, 

1, 279). 



ҚОСАРЛАСТЫҚ  з  а  т.  Біреумен 

қосарласқан  жағдай,  қабаттасқандық. 

Қазір  мынадай  қауіпті  іс  үстінде  онымен 



қ о с а р л а с т ы ғ ы н олжа көргендей 

(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 135). 



ҚОСАРЛЫҚ:  Қосарлық  белгі.  л  и  н

г в. к ө н е. Қос сөздің арасына қойылатын 



белгі,  сызықша  (дефис).  Мəселен,  құрт-

құмырсқа, келін-кепшік т.т. сөздер бұрын 

да осылай қ о с а р л ы қ  б е л г і м е н 

жазылатын (Алаш., 23). 



ҚОСБАСЫ  з  а  т.  Қостың  басшысы 

(Ғ.Нұрпейісов, Аңшы сыры, 5). – Танымай 

тұрсам газетші бала екенсің ғой, үйге жүр,

қ  о  с  б  а  с  ы  Кемелбай  жылқыда, - деді 

(Абзал жандар, 94). 



ҚОСБОЗАТ з а т. а с т р. Ақбозат пен 

Көкбозат  кейде  осылай  да  аталынады. 

Үркер  мен  Таразы  Шашылды  шашуға, 

Шолпан  да  қарады,  Мауқын  бір  басуға. 

Темірқазық арқандап, Қ о с б о з а т ы н 

жаратып, Ойы бар тойына қосуға (Шəкəрім, 

Шығ., 29). 



ҚОСЕТЕК: Қосетек көйлек. Етегі екі 

қатар етіліп, бүрмеленіп, сəнделіп тігілген 

көйлек. Қ о с е т е к  к ө й л е к т і ң кеуде 

жағы тар, қынамалы, омырауы мен жаға-

жеңдері кестелі, қатпарлы, желбірлі болып 

келеді (Қаз. этнография., 3, 624). 



ҚОСЖАРНАҚТЫ... Тұқым ұрығында 

бір  ғана  жарнақ  болса,  ол  даражарнақты 

өсімдік деп аталады. Мыс.: бидай, жүгері. 

Ал онда екі жарнақ болса, бұлар қ о с ж а 



р н а қ т ы өсімдіктер деп аталады (Бота-

ника, 68). 



ҚОСЖЕЛПЕЙЛІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Қос 

желбірегі  бар,  екі  желбіршек  салынған. 

Үстіне сонау бір өткен жастық дəуреннің 

куəсіндей қ о с ж е л п е й л і көкала көйлегін 

киді (Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 129). 



ҚОСЖЫНЫСТЫ:  Қосжынысты 

гүлдер. б о т. Аталығы да, аналығы да бір 

өзінде бар гүлдер. Аталығы да, аналығы да 

бар гүлдерді – қ о с ж ы н ы с т ы  г ү л д е р

деп атайды (Ботаника, 81). 

ҚОСҚҰЛАҚТАН  е  т.  Мақтаның, 

қызылшаның жер бетіне ең алғаш екі құлақ 

(жапырақ) болып шығуы. 

ҚОСҚҰЛАҚТАНУ  Қосқұлақтан 

етістігінің  қимыл  атауы.  Шабақтаудан 

кейін  қызылшаны  жегенелеу  (сирету) 

жүргізіледі. Жегенелеуді қызылша қ о с қ ұ 

л а қ т а н у кезеңіне жеткен кезде жүргізу 

тиімді  болады  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 

1960, №6, 52). 

ҚОСПА з а т. Сырық ағаштардың ба-

сын қоса салып, үстіне бір нəрсе жабатын 

уақытша  баспана;  қос.  Көшпелі  елдің 

өмір  салты  үйлердің  алуан  түрін  өмірге 

келтірген.  Олар:  итарқа,  жаппа,  қаңқа,

қ о с п а, жоламай, жорық үй, жолым үй т.б. 

(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 190). 



ҚОСПАҚ з а т. Қамыттың екі ұшын 

тамақбаумен біріктіріп байлайтын жері. 

Қамыт  құлақбау,  тамақбау,  қ  о  с  п  а  қ

шұжық деп аталатын бөліктерден тұрады 

(Қаз. этнография., 1, 187). 



ҚОССАЙЫСШЫ...  СССР  спорт 

шебері,  қ  о  с  с  а  й  ы  с  ш  ы  Тимур 

Бұтақбаев – шаңғы спортының осы түрінен 

республикадағы  ең  мықтылардың  бірі 

(Жетісу, 23.04.1987, 4). 

ҚОСТАҒАН з а т. Екі (қос) тармақты 

өлең.  Онда  (Құтадғу  білік)  өлең-жыр  да, 

мақал-мəтелдер  де,  шешендік  сөздер  мен 

нақыл  сөздер  де,  толғаулар  мен  бəйіт  те 

(қостаған),  рубаилар  (төрттаған)  да  аса 

мол (Қаз. əдеб., 03.05.1974, 3). 

ҚОСТАН  е  т. 1. Егін  егу,  шөп  шабу 

т.б. үшін, азық-түлік, қазан-ошағын алып, 

уақытша жеке қос болып отыру. Олар қыс 

бойы осында қ о с т а н ы п жатып балық 

аулайды  (Қ.Тоқмырзин,  Керзаман, 3, 30). 

Бұл күндері ол жылқыда қ о с т а н ы п 

жылқы бағады (Бұл да, 3, 33). 2. Топтанып, 

қос тігу, қону. Жағада от түтетіп, қ о с т а н 


366

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ы п жатқан алабажыр бір қауым ел көрінеді 

(С.Елубай, Ақ боз., 238). 



ҚОСТАНАЙ:  Қостанай  жылқысы. 

Қостанайда  будандастыру  нəтижесінде 

шығарылған жылқы тұқымы. Қ о с т а н а й

ж ы л қ ы с ы Қостанай, Павлодар, Ақмола 

жəне  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында 

таралған (Қаз. табиғ., 3, 142). 

ҚОСТАНУ Қостан етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚОСТАП ү с т. Қос болып, қос тігіп. 

Жұрт шөп шабуға кірісті. Əлі келетін үйлер 



қ о с т а п шықты. Біздің үйдің қ о с т а п 

шығаратын əлі жоқ (Б.Майлин, Таңд., 141). 



ҚОСТАС з а т. ж е р г. Пəтерді бірге 

жалдау,  бірге  тұру.  Осы  қалаға  алғаш 

келген кезде Тұрлыбайдан басқа жігітпен 



қ о с т а с болғанымда Мұңлық екеуміздің 

арамыздағы  тағдырдың  басқаша  өрбуі  де 

мүмкін еді-ау (А.Мекебаев, Алапат, 304). 

ҚОСТҰМАР з а т. э т н. Қосақталған 

тұмар  пішіндес  ою-өрнек.  Суретші 

байырғы бөріқұлақ, қ о с т ұ м а р, дайра-

терме,  гүлшақа,  қошқармүйіз,  түйетабан 

тəрізді оюларға жаңа элементтерді қосып, 

мол  қолдануға  тырысты  (Қаз.  əдеб., 

02.03.1968, 2). 



ҚОСТЫ  с  ы  н.  Қос  болған,  қосқа 

бөлінген;  қостылы.  Қоралы  қой,  үйірлі, 

қ о с т ы жылқы əкетеді (Мəшһүр Жүсіп, 

Шығ., 9, 15). 



ҚОСТЫЛЫ с ы н. Қос-қосқа бөлінген, 

қос  болған.  Даладағы  егін  түгіл,  қолдағы 

қоралы  қой,  қ  о  с  т  ы  л  ы  жылқыдан  да 

безерсің  əлі,  тұра  тұр  (М.Əуезов,  Қилы 

заман, 42). 



ҚОСТІЛДІ с ы н. Екі тілді бірдей білу, 

екі тілде сөйлеу. ≈ Қазір қ о с т і л д і л е р 

жиі кездеседі. 



ҚОСУ... – Оу, ақсақал-ау, ойласаңдаршы, 

сонау  тоғанға  түнімен  шеңгел,  қамыс 

тасыған өгіз ертеңіне қалай арбаға қ о с у ғ а

жарайды (М.Қуанышбаев, Тайталас, 61). 



ҚОСУЛЫ с ы н. Тоққа жалғастырылған, 

қосылған.  Оны  жеп  тауысайын  дегенде, 

қас қылғандай, қ о с у л ы тұрған теледи-

дарда қызықты бір мультфильм басталды 

(С.Үсенұлы, Елік., 75). 



ҚОСҮЙ з а т. к ө н е. Тігілуі де, жығылуы 

да оңай, жеңіл қолды кішірек үй, қос. Бұл 

күндері шошала, ұраңқай, қ о с ү й, аран, 

қақыра  тəрізді  мекенжайлар  көзден  таса 

қалып барады (Қаз. əдеб., 18.02.1977, 4). 



ҚОСҮРЕЙ с ы н. Əркімнен бір зəресі 

ұшатын, қорқақ. Онсыз да жел қуық, қ о 

с ү р е й жұртпыз ғой (Ə.Кекілбаев, Үркер, 

482). - Өй, қ о с ү р е й неме, - деді Ақпан 

күлімдей. – Бір жолға аман қала тұр, енді 

(Қаз. əдеб., 15.02.1985, 8). Мойындарында 

асынған  мылтықтары  бар.  Қ  о  с  ү  р  е  й 

болған ел тағы да абыржып əбігерге түсті 

де қалды (А.Жұмаділдин, Сең бұзыл., 43). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет