ҚАРАКӨЛДІК с ы н. Қаракөл қойы-
на қаншалықты қатысты-қатысты
еместігі. Сұрыптау кезінде қой жынысына,
түріне, түсіне, жасына, қ а р а к ө л д і к
типіне сəйкес бөлінеді (Қаз. əдеб., 05. 02.
1982, 3).
ҚАРАКӨЛЕҢКЕЛЕНУ Қаракө-
леңкелен етістігінің қимыл атауы.
Қ А РА К Ө Л Е Ң К ЕЛ Е Т е т. Ү й д і
қаракөлеңке ету, қаракөлеңкеле жасау.
Үйді қ а р а к ө л е ң к е л е т і п тастапты
(І.Есенберлин, Ғашықтар, 100).
ҚАРАКӨЛЕҢКЕЛЕТУ Қаракөлең-
келет етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАҚАПТАЛ: Қарақаптал келгір.
«Қарақаптал ауруына ұшырағыр» д.м.
қарғыс. Ана қ а р а қ а п т а л к е л г і р
Болат біреудің уыздай қызын масқаралап...
(Т.Дəуренбеков, Сүмбіле, 56).
ҚАРАҚАТ... 2. Қарақат өсімдігінің
қара түсті домалақ жемісі. Бір күні Ер-
ден, Əшім, Ақпан төртеуміз өзен бойынан
жұмыртқа іздейміз, қ а р а қ а т тереміз
деп ауылға кешігіп қайттық (А.Хангелдин,
Өткен күндер, 30). Қ а р а қ а т – адам
организміне қажетті органикалық заттарға,
витаминдерге өте бай жеміс (Мəдениет
жəне тұрмыс, 1969, №7, 21). Қ а р а қ а т
– медицинада жемістер қатарынан орын
алады (Бұл да).
ҚАРАҚАСҚА... 2. Барып тұрған,
нағыз. Əділ пікірге тоқтамау тек қ а р а қ а
с қ а надандардың ғана қолынан келсе керек
қой (Соц. Қаз., 04.11.1983, 3).
ҚАРАҚОТЫРЛАН е т. Жараның
беті қатып, жазылайын деп қалу.
ҚАРАҚОТЫРЛАНДЫР Қарақотырлан
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Неше
күндей дуылдай ашып, жанына терезе
таптырмаған жарақатын жалап-жалап əрең
дегенде қ а р а қ о т ы р л а н д ы р ғ а н
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 15).
ҚАРАҚОТЫРЛАНДЫРУ Қарақо-
тырландыр етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАҚОТЫРЛАНУ Қарақотырлан
етістігінің қимыл атауы.
Қ А РА Қ О Ш Қ Ы Л Д А Н У Қ а р а -
қошқылдан етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАҚТА е т. Қылжақ қылу, мазақтау,
келеке ету; айналдыру. – Уай, шіркін,
алжыған атан ботамен ойнайды, мені қ а
338
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
р а қ т а й бер əйтеуір, мүйізің шықса, -
деп жаймашуақ күлер еді (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 309).
ҚАРАҚУ... Су шетінде қауызын жаңа
жарған ақ гүлді үзіп жеп, екі ақ басты қ а
р а қ у жүзіп келеді (І.Есенберлин, Шығ.
жин, 1, 65).
ҚАРАҚҰЛАҚТАНУ Қарақұлақтан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАҚҰМЫҚ ... 2 . Қарақұмық
өсімдігінің дəні. Бұл қоймадан шығып,
екінші қоймаға кірдік. Бұнда қ а р а қ
ұ м ы қ (гречиха) пен қышаның (гор-
чица) тұқымдары бар екен (Лен. жас,
04.02.1965, 1).
ҚАРАҚҰРЫҚТАН е т. ж е р г. Қараңғы
тарту, қараю, бұлыңғырлану, күңгірттену
(О.Бөкеев, Қайдасың., 69).
ҚАРАҚҰРЫҚТАНУ Қарақұрықтан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАҚШЫ з а т. к ə с і б. Су астында
ау барын білдіретін жалауы бар қалтқы.
Ол толқын жалында діңгектері бұлғаңдаған
кемелерге, əсіресе ау қанатындағы қ а
р а қ ш ы қалтқыға қарағыштап түннің
бір уағына дейін ояу отырды (Ə.Сараев,
Тосқауыл, 62).
ҚАРАҚЫЛЫШ з а т. з о о л. Алған
құсының басын жерге қиып түсіретін,
сұңқар тектес алғыр құс. Олар – бүркіт,
тұйғын, қаршыға, сұңқар, лашын, ителгі,
қ а р а қ ы л ы ш, бидайық, қырғи,
тұрымтай, жағалтай секілді алғыр құстар
(Ж.Бабалықов, Қырандар, 5). Ауыз жəне
жазба əдебиеттерде аталатын бидайық, қ а р
а қ ы л ы ш атты қырандарды да сұңқар тек-
тестерге жатқыза мақтайды (Бұл да, 150).
ҚАРАЛА__2'>ҚАРАЛА__1'>ҚАРАЛА
1
з а т. з е р г. Күмістің бетіне
жүргізілген əшекей, ою-өрнек. Бұл тəсілді
шебер орындаса ердің əшекейі күміске қ
а р а л а жүргізгендей тым əдемі болып
шығады (Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман.,
176).
Қарала білезік. Күміс бетіне қара
жүргізу əдісімен жасалған білезік; кав-
каз білезік. Қ а р а л а б і л е з і к т е р г е
көбінесе «ирек», «гүл», «жапырақ», «ай»,
«жұлдыз» сияқты өрнектер салынады (Қаз.
этнография., 1, 583).
Қарала жүргізу. Күміс бетіне қара
түсті өрнек жүргізу əдісі. Қ а р а л а
ж ү р г і з у қазақ зергерлеріне ерте заман-
нан белгілі болған (Қаз. этнография., 2, 605).
ҚАРАЛА
2
з а т. б о т. с ө й л. Қарлыған
(тошала). Атам бау-бақшаға жақсы
қарайтын. Онда қызыл-сары шие, қ а р а л а,
шабдалы өсетін (Қарақат тер., 89).
ҚАРАЛА
3
е т. Тарыны келіге түйіп,
сыртқы қабығынан ажырату. Қуырылған
тарыны қыз-келіншектер мен жігіт-же-
леңдер келі-келсаппен түйіп қ а р а л а й д ы.
Бұл – тарының дəнін сыртқы қауызынан
арылту əдісі (Қ.Толыбаев, Бабадан., 240).
Қ а р а л а ғ а н тарыны ұшырып, дағар, қап-
тарға нығап салып, ауыздарын тігіп тастай-
ды (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 3, 140).
ҚАРАЛАУ Қарала етістігінің қимыл
атауы.
ҚАРАЛАҚ... Керісінше, қарабие,
тоқтышақ, қ а р а л а қ ойындарының қазіргі
балалар мен жастарға ерсі болып көрінуі
де мүмкін (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 71).
Қ А РА Л АТ Қ а р а л а ет і с т і г і н е н
жасалған өзгелік етіс. Жігіттер мен
қыздарды шақырып, жарыстырып тары
түйдіріп, бір жылға жетерлік тарыларын
қ а р а л а т ы п алады (А.Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 3, 140).
ҚАРАЛАТУ Қаралат етістігінің
қимыл атауы.
ҚАРАЛАТҚЫЗ Қаралат етістігінен
жасалған өзгелік етіс.
ҚАРАЛАТҚЫЗУ Қаралатқыз етіс-
тігінің қимыл атауы.
ҚАРАЛАУ
1
з а т. э т н. Метал бетіне
қарасу жүргізу ісі.
Қ А РА Л АУ
2
Қ а р а л а ( т а р ы н ы )
етістігінің қимыл атауы. Қуырған та-
рыны қ а р а л а у үшін қолданатын келіге
үш-төрт килограмм дəн сияды (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 255).
ҚАРАЛҚАН з а т. б о т. с ө й л. Итжүзім.
Итжүзім – алқа өсімдігінің бір туысы. Оны
ел ішінде қара паслен, қ а р а л қ а н деп
атайды (С.Қалиев, Емдік рецепт., 436).
ҚАРАМАН з а т. к ө н е. Хандық билік
жойылған соң, төрелер əлеуметтік
дəрежелерінен (хан, сұлтан т.б.) айыры-
лып, қарасүйектермен теңеседі. Халық
оларды қараман деп атаған (Қаз. этногра-
фия, 3, 465).
ҚАРАМЫҚТАН е т. с ө й л. Қарайып
көріну, қараю. Көкнəрдің дəніндей қ а
р а м ы қ т а н ы п бетінде майы жүзіп
жүрген салқын сусын бал татып тұр екен
(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 321).
339
Байынқол Қалиев
Қ А РА М Ы Қ ТА Н У Қ а р а м ы қ т а н
етістігінің қимыл атауы.
ҚАРАМЫРЗА з а т. э т н. Ұлттық
ойындардың бір түрі. Қатар отырған
о й ы н ш ы л а р д ы ң б і р і е к і н ш і с і н е :
«Ассалаумағалейкүм, қара мырза!» дейді.
Ол оған «Уағалейкүмассалам, бірінші
(екінші, үшінші) қара мырза» деп жауап
беру керек. Жаңылса айып тартады. Осы-
лайша ойын жалғаса береді (А.Құралұлы,
Ұлттық., 50). Қимыл-əрекет ойындарына
жататындар: ақсүйек, ақшамшық, шыт тас-
тау, көрші-көрші (татумысың-аразбысың),
қызбөрі, қасқұлақ, айдап сал, инемді тап,
қ а р а м ы р з а т.б. (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 70). Бұл топтағы ойындардың келесі
бір түрі – «қ а р а м ы р з а» (Бұл да, 72).
ҚАРАН: Қаран су. ж е р г. Топан
су. Бір ғасырда дүниені екі рет қ а р а н
с у ғ а алдыра жаздаған батыс құрлықтың
жаңа əдебиеті жеке адам тағдырын бірінші
орынға шығарды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы.,
466). «Хан бізді алдапты-ау! Қ а р а н
с у алып жатқан ештеңе жоқ екен ғой!» -
деп жүрсе, қайтпекші! (Ə.Кекілбаев, Елең-
алаң, 153).
ҚАРАОТТЫ... Нелер қ а р а о т т ы,
майшағырлы, боз көделі даладағы жылқы
өрісінің жыртылып, шаңдаққа айналуы
да аз қырсығын тигізген жоқ (Қаз. əдеб.,
13.06.1986, 2).
ҚАРАӨРІК... 2. Қараөрік өсімдігінің
қара көк түсті жемісі. Раушан қ а р а ө
р і к т і ң біреуін аузына салып жіберіп,
қышқылтым дəміне тыжырына шіміркенді
(С.Сарғасқаев, Көңілді балалар, 29). Емдік
жемістердің қатарынан ертеден орын алып
келе жатқан жемістердің бірі – қ а р а ө р і к
(Мəдениет жəне тұрмыс, 1969, №7, 21).
ҚАРАСАҚАЛ з а т. Жасы егделеу,
бірақ сақал-мұртын ақ шала қоймаған ер
адам. Қ а р а с а қ а л ауыл арасындағы əр-
түрлі күрделі мəселелерді шешіп отыратын
ақсақалдардың «аяғын» басушылар (Қаз.
этнография., 3, 467).
ҚАРАСУ з а т. Басы жер астынан
шығып, баяу ағатын, жағасы қамысты,
құрақты тұнық су.
ҚАРАСҮЙЕК з а т. Байырғы қазақ
қоғамында ақсүйек тобына жатпайтын
жай халық өкілі, қара халық. «Ақсүйектер»
қырғыз-қайсақтардың дворяндық бөлігін
құрса, қ а р а с ү й е к т е р қарапайым
халықтан тұрады» деп жазылған (Қаз.
əдеб., 26.02.1988, 14). Қ а р а с ү й е к т
е р г е малшылар, егіншілер ғана емес,
игі жақсылар деп аталатын билер, бай-
бағландар, батырлар да жатады (Қаз. этно-
графия., 3, 468).
ҚАРАСЫ з а т. с ө й л. Қайтыс болған
адамға бағышталған мəзір. Ертесінде до-
сын арулап жерлеп, екі атты қ а р а с ы н а
сойды (М.Мəжитов, Құныскерей, 17).
ҚАРАТАБАН з а т. и х т и о л. Көлдерде
тіршілік ететін балықтардың бір түрі.
Көлдің басында тұздап, қақталған екі қап
келісаптай-келісаптай дəу шортаны мен
кішкене қазанның қақпағындай нəн-нəн қ а
р а т а б а н ы, кебістей-кебістей алабұғасы
майы сыртына шыққан, құнан қойдың бір
білем құйрығындай ақбалығы өз алдына
(Ө.Қанахин, Жер бас., 105).
ҚАРАТАҒАН з а т. з о о л. Үлкендігі
орташа құстардың бір түрі. Дəл тұсынан
қаптаған салт аттылар өткенде де, қ а р а т
а ғ а н, сауысқандарша байбалам салмай-
тын жуас құстар марғау (С.Жүнісов, Ақан
сері, 2, 30).
ҚАРАТАЛАҚ з а т. в е т. Сиыр малының
талағы ісіп, қарайып кететін ауруы; ошақ.
Қ а р а т а л а қ қ а ұшыраған мал оттаудан
қалып, бүйірін соғып, өкіре береді де, 2-3
күнде өледі (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.,
84). «Сибирьская язва» қойда – топалаң,
жылқыда – жамандат, сиырда – қ а р а т а л
а қ, түйеде – шелек, адамда – күйдіргі» деп
аталады (Ана тілі, 16.05.1991, 7).
Қараталақ келгір. Қараталақ ауруына
ұшырағыр д.м. қарғыс. ≈ Мына қ а р а т а
л а қ к е л г і р кимелеп қайда бара жатыр.
ҚАРАТАМАҚ з а т. з о о л. Тамағы қара
ала торғай. Қ а р а т а м а қ т а р д ы үркіту
үшін атыз-атыздың басына қарақшылар
да іліне бастаған (Т.Нұрмағамбетов, Жер
иісі, 89). Шалғынды жерлерді қызғыш,
шəукілдек, қ а р а т а м а қ мекендейді
(Қаратамақ, 23). Қ а р а т а м а қ т а р
тобымен ұшып, біресе ана жерге, біресе
мына жерге қонып, тыныш табар емес
(Зоология, 148).
ҚАРАТАЯҚ з а т. Оқыған, сауатты
адам. Амангелдінің руы Бегімбет – көп
үйлі, қ а р а т а я қ азаматы көп, кедейлеу,
ауыл болатын (Соц. Қаз., 28.02.1973, 3).
ҚАРАТОРҒАЙША ү с т. Қараторғай
құсап, қараторғай тəрізді. Сиқырлы саздың
340
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
соңынан еріп, сонау биікке көтеріліп, қ а р
а т о р ғ а й ш а қалықтап кете бардым
(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 16).
ҚАРАТӨС з а т. з о о л. с ө й л.
Қаратамақ (Ана тілі, 21.08.2008).
ҚАРАТУ е т. с ө й л. Табыс табу д.м.
– Жексенбі сайын 20-30 сомға дейін қ а р
а т у ш ы едім, - дедім мен мардымсып
(Ə.Нұршайықов, Махаб. жырл., 402).
ҚАРАТҰМСЫҚ з а т. з о о л. Теңіз
жағалауында тіршілік ететін, тұмсығы
қара жыртқыш құс. Құстардың басты
жауы – құстар тобырында жүрген үлкен
қ а р а т ұ м с ы қ. Ол үлкен шағалаға ұқсас,
əдетте, олар басқа құстардың жемін тартып
алады (Тірі табиғат, 14).
ҚАРАТҰНЖЫР з а т. з о о л. Қар-
шығаның қара қоңыр түсті түрі. Қар-
шыға ақтұнжыр, қ а р а т ұ н ж ы р,
шəулі, бұқатана деген текке бөлінеді
(Ш.Айманов, Қыран., 58).
ҚАРАТҮЙНЕК з а т. в е т. Малдың ішегі
түйіліп, жыны тоқтап, ішектері қарайып
кететін ауруы. Мысал үшін малдың қ а р
а т ү й н е к ауруын алайық. Осекең, оны-
мен ауырған қойдың ішін тақыр шаптан
жарып, түйілген шекті тарқатып жібереді
екен (Саржайлау, 270). Ешкі малы қойда
болатын топалаң, күл, сарып, бөгежек,
баспақ, қ а р а т ү й н е к, жарғыш, қызылшу
сияқты аурулармен ауырады (Ана тілі,
25.10.1990. 8).
Қ А РАТ І К Е Н : Қ а р ат і к е н т ұ з .
Қатты, ірі, тұнық түсті тұз. Қолда бар
мағлұматтарға қарағанда, қ а р а т і к е н
т ұ з желдің күшіне үгітілмейтін, ұшпайтын
қатты зат көрінеді (Жұлдыз, 1972, №5, 182).
ҚАРАУ... Сырдарияның жолбарыс
мекендейтін қ а р а у қамысы Жаңақорғанға
тіркелуші еді (Қаз. əдеб., 11.09.1981, 6).
Осы күнде ол көлдердің жоғын да білемін,
қ а р а у қамыстардың құрығанын да білемін
(Бұл да).
ҚАРАУЛАН е т. Қараулық көрсету,
əділетсіздік жасау. – Жоқ, сен күртеңді
шешіп, сілкіп көрсет. Əйтпесе сенбеймін, -
деп қ а р а у л а н д ы Құлтемір (Ж.Қорғасбек,
Жынды., 76).
ҚАРАУЛАНУ Қараулан етістігінің
қимыл атауы.
ҚАРАУСЫН з а т. ж е р г. Қарайған,
қарайып көрінген нəрсе. Дəл үстінен
түспесе қалың қ а р а у с ы н н ы ң арасынан
сірə байқалар емес (Б.Шаханов, Ғашық.
тілі, 88).
ҚАРАУСЫНДЫ с ы н. Қараусыны
бар, қарайған. Бұл түзген, теріскені қалың,
етегінен төбесіне дейін қ а р а у с ы н д ы
бұталы биік жал еді (Б.Шаханов, Ғашық.
тілі, 88).
ҚАРАУЫЛ к ө н е. ə с к. Барлаушы,
шолушы. Қ а р а у ы л алдарынан не
көрді, не болып жатыр – бəрін артындағы
маңғыла басшыларына жеткізіп отырған
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 367).
ҚАРАУЫЛДАС Қарауылда етістігінен
жасалған ортақ етіс. Қыс бойы жолаушы
көрмеген үш-төрт үйлі ауылдың бар жаны
да жол қ а р а у ы л д а с қ а н (Ж.Кəрменов,
Ғашық., 86).
ҚАРАУЫЛДАСУ Қарауылда етіс-
тігінің қимыл атауы.
ҚАРАУЫЛША ү с т. Қарауыл тəрізді,
қарауыл сияқты. Тал-теректер қ а р а у ы
л ш а қаздиып, шыршалар сарбаздарша
сап түзеген (Д.Рамазан, Жылап аққан., 40).
Қашан көрсең, қ а р а у ы л ш а қақиып
тұрғаны (Лен. жас, 12.07.1987).
ҚАРАХАН з а т. к ө н е. Ұлы хан д.м.
Қ а р а х а н – кісі аты емес, титул, дəреже
белгісі. Қ а р а х а н – ұлы хан деген ұғым
береді (Ш.Мұртаза, Не жетпейді?, 180).
ҚАРАША з а т. Бүркіттің бір түрі; қара
қоңыр түсті болып келеді. Олар (бүркіттер)
байқасқа, ақиық, қ а р а ш а, көнтабан,
шөгел, деп аталады. Бүркіттердің осы-
лайша аталуы олардың түр өзгешелігіне,
табиғи қабіретіне негізделген болып
шықты (Саятшылық, 117).
ҚАРАША: Қараша қоңыз. з о о л.
Қара қоңыр түсті қоңыз. Күнбағысты
шыртылдақ қоңыздар, қ а р а ш а қ о
ң ы з д а р, сымқұрт, жалған сымқұрт,
бізтұмсықтар зияндайды (Коммунизм туы,
06.05.1967, 2).
ҚАРАШАЙЛЫҚ з а т. Қарашай
халқына қатысты, соған тəн. Далабайдың
қ а р а ш а й л ы қ, бірақ өте қазақы əйелі
колхоз басшыларын есі шыға, құрақ ұшып
қарсы алды (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 187).
Оны кіршіксіз ұстаған қ а р а ш а й л ы қ жас
келіншек Самрат басындағы қара түнекті
бір ұрып, жоқ қылғандай (Бұл да).
ҚАРАШЕ з а т. э т н. Нысанаға сырық
лақтырып ойнайтын ойын. Қарашеге
сырық (3-4 құлаш), қазық (1 құлаш) жəне
341
Байынқол Қалиев
баскиім қажет. Қазықты қағып, басына
баскиімді іліп, 15-20 қадамдай жерден
сырық лақтырады. Бұл ойын балаларды
жас кезінен бастап найза лақтыруға,
нысананы дəл көздеуге дағдыландырады
(Қаз. этнография., 3, 457). Қ а р а ш е ойы-
нына қатынасушылар бас киімдерін шешіп,
ортаға тастады (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын.,
52). Əсіресе халқымыздың тарихымен та-
мырлас «ақсүйек», «таяқ жүгірту», «сақина
салу», «қ а р а ш е», «бестас» секілді
ойындардың тарайтынын ойлаудың өзі мол
қуаныш (Лен. жас, 21.11.1985, 4).
ҚАРАШЕШЕК з а т. м е д. Шешек
ауруының ауыр түрі. Қ а р а ш е ш е к,
көкшешек, қызылша дейтін аурулар жиі-
жиі соғып тұрады (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолында, 108). Елге жоңғарларда болатын
қ а р а ш е ш е к дейтін ауру келгенде, мұның
өзі де сол кеселге ұшырайды (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 198).
Қарашешек келгір. «Қарашешек ау-
руына ұшырағыр» деген мағынада айты-
латын қарғыс. Қ а р а ш е ш е к к е л г і р
д і ң атты тастай беріп, орнынан енді тұра
берген жігітті омырауымен қаға құлатып,
қос тізесімен қаға құлатып, шөгіп қалды
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 14). Əлгі түйетайлы
қырқа бітіп, арғы жағы жазыққа айналғанда
қ а р а ш е ш е к к е л г і р бура жақындай
түскен (Əдеб. айдыны, 06.11.08).
ҚАРАШҰНАҚ з а т. с ө й л. Кедей-
кепшік, жарлы-жақыбай. Мен мырза бол-
сам, бүкіл қ а р а ш ұ н а қ т ы бір уысқа
сыйдырар едім... (Б.Майлин, Таңд., 247).
ҚАРАШЫ з а т. к ө н е. Ханның
ақылшысы, кеңесшісі. Қадырғали Жалаири
– ханның қ а р а ш ы с ы болған. Ал қ а р
а ш ы бектердің көзінен болашақ тақ иесі
кім боларын тезірек естуге əуестік қана
көрінеді (М.Мағауин, Аласапыран, 109).
ҚАРБАЛАСТАН е т. с ө й л. Қарбаласу,
жанталасу, асығып-сасу. Ол үйінің төрт
қабырғасын көбірек қ а р б а л а с т
а н ы п жүріп суретпен толтырып еді
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 185).
ҚАРБАЛАСТАНУ Қарбаластан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАРБАНАС з а т. к ө н е. Шағатай-
лықтарды моңғолдықтар осылай атаған;
«қырық рудан құралған» д.м. Жете мен
қ а р б а н а с хандарының өмір бақи бітпес
өзара тартысы (І.Есенберлин, Алмас., 182).
ҚАРБАРЫС з а т. з о о л. Барыстың
таулы, қарлы жерлерде тіршілік ететін
түрі. Оған (арқарға) жақындайтын қарлы
шыңдарда қ а р б а р ы с қана (С.Жүнісов,
Заманай, 178).
ҚАРБАС з а т. к ө н е. Сəтен. – Сонда
қара қазақ жейделік қ а р б а с пен кебіндік
бөзді қайдан алады? (І.Есенберлин, Ал-
маст., 219).
ҚАРҒА: Қарғаның валеті. Қарта
ойынындағы «қарға» деп аталатын түрдің
(түстің) маңыздылығы (күші) жағынан
төртінші орында тұрған қағаз (маст). Су
сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып
қалыпсың-ау, қайран жеңгем? Қ а р ғ а н ы ң
в а л е т і н д е й едірейіп, Қасыңа мына
біреу қайдан келген? (М.Мақатаев, Соғады
жүрек, 1, 97).
Достарыңызбен бөлісу: |