Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет94/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168

ҚЫПШАҚША  ү  с  т. 1. Қыпшақ 

үлгісінде,  қыпшақ  мəнерінде.  Ата-

бабасы  қыпшақтан  шыққан  мамлюк 

сұлтандарының енді серуенге барар жолда-

рына күні бұрын сырнай, керней тартқан, 



қ ы п ш а қ ш а киінген сəнді-салтанатты 

нөкерлерін  шығарды  (І.Есенберлин,  Ал-

мас., 37). Орда  алдында  жауынгерлер 

қоршап тұрған қ ы п ш а қ ш а киінген топ 

кісінің ішінен көзіне ең алдымен Құндыз 

түсті (І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 161). 2. 



Қыпшақ тілінде (сөйлеу). Қотан патшаның 

жұрағаттары қ ы п ш а қ ш а н ы сарындап 

түсініп  отыр  (Д.Досжанов,  Жібек., 27). 

Қолөнершілердің бəрі де бір тілде - қ ы п ш 



а қ ш а сайрап тұр (Қ.Жүністегі, Едіге, 141). 

ҚЫПЫЛЫҚТАУ...  Сүткенже  келер 

жылы емшектен шығып, аяғын апыл-тапыл 

баса бастағанында апасы ішкен асы бойы-

на сіңбей қ ы п ы л ы қ т а у м е н жүріпті 

(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 69). 

ҚЫР е т. с ө й л. а у ы с. Белгілі бір істі 

ойдғыдай етіп істеу, қатыру. Сол күні де 

бұның кісілері балықты қ ы р ы п салған-

ды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 192). Бұлардың 

балықты қ ы р ы п ұстап жатқан хабарын 

есітіп,  кездейсоқ  біреудің  көлігімен  теңіз 

басын жағалап жетті-ау (Бұл да, 193).



ҚЫР :  Қыр  құсы.  Қырлы  жерді 

мекендейтін қыран құс. Бүркітті мекеніне 

қарай ой құсы, қ ы р  қ ұ с ы, құз құсы деп 

үшке бөледі (Туған жер., 143). 

ҚЫРАНҚАРАҚШЫ  з  а  т.  а  с  т  р. 

Жетіқарақшы жұлдызының құрығындағы 

үш жұлдыздың ортаңғысы – Жігіт немесе 

Қ ы р а н қ а р а қ ш ы (Мицар) деп аталы-

нады (Х.Əбішұлы, Аспан сыры, 86). 

ҚЫРАУЛАН е т. а у ы с. Шашына ақ

түсе бастау, ағарыңқырау. Қ ы р а у л а н

ғ а н қалың шашын жастарша толқындата 

желке сіне  қарай  түсіріп  жіберген 

(І.Есенберлин, Маңғ., 134). 

ҚЫРБАЙЛАН  е  т.  Араздасу,  рен-

жісу,  дүрдараз  болу.  Кемпірі  «сен  балаға 

жібімейсің,  жатбауырсың»  деп  кейіс 

білдіргенде,  ол  шалының  осы  мінез-

қылығына бағып қ ы р б а й л а н а р еді 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 279). 

ҚЫРБАЙЛАНУ  Қырбайлан  етісті-

гінің қимыл атауы. 


392

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚЫРБАЙЛАС е т. Сөзге келісіп қалу, 

дүрдараз  болу.  Қырсық  шалмен  жатарда 

өздері жараспай қ ы р б а й л а с ы п қалған-

ды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 44). 

ҚЫРБАЙЛАСУ Қырбайлас етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫРБЫҚ:  Қырбық  мұрт.  Жұқа, 

селдір, тықырлау мұрт. Қапсағай бойлы, 

қалқан құлақ, қ ы р б ы қ  м ұ р т отағасы 

күнде  қолға  түсіп  жатпайтын  қадірлі 

қонақтарға жас құлын сойды (Р.Отарбаев, 

Біздің ауыл., 194). 

ҚЫРҒАУЫЛША  ү  с  т.  Қырғауыл 

құсап, қырғауыл тəрізді. Махаббат «Босқа 

күйме отқа» дейді «Басар жер, барар тауың 

жоқ па» дейді. «Құзғыннан қ ы р ғ а у ы 

л  ш  а  қашшы»  дейді,  Ар-ұят,  сабыр-айла 

«Тоқта» дейді (Қ.Аманжолов, Шығ., 2, 316). 



ҚЫРҒИ:  Қырғи  тілділік.  Өткір 

тілділік,  тілімен  қиып  түсетіндік. 

Халқымыздың қ ы р ғ и  т і л д і л і г і н 

əлгі кейуананың аузынан шыққан нақылдан 

артықты  іздеп  не  керек?! (М.Əлімбаев, 

Көңіл күнд., 78).

ҚЫРҒЫ з а т. ж е р г. Шалғы (Қаз. тіл. 

аймақ. сөзд., 456). 



ҚЫРҒЫЗ:  Қырғыз  ер.  Қырғыздарға 

тəн  ер  түрі.  Соңғы  кездегі  қалыптасқан 

атаулар: қалмақ ер, қ ы р ғ ы  з е р, қазақ 

ер, орыс ер (Ер қанаты, 259). 

ҚЫРҒЫЗДЫР  Қырғыз  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Кейін сақал-мұртын 

кемпірге қ ы р ғ ы з д ы р а т ы н, əйтпесе 

оқта-текте  соққанында  Сүткенженің  өзі 

баптап  беретін  (К.Ахметбеков,  Қасірет, 

1, 47). 

ҚЫРҒЫЗДЫРУ  Қырғыздыр  етісті-

гінің қимыл атауы. 

ҚЫРЖАН з а т. ж е р г. Ұятты жері, 

«насыбайы».  Əлде  бір  жылдан  кейін 

пайғамбар жасына келетін жаман шалдың 



қ ы р ж а н ы н кесе ме? Ендеше, мə! Кес! 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 34). 



ҚЫРЖЫҚТЫҚ  з  а  т.  Мыртықтық, 

қысқалық.  Бұрымын  төбесіне  биік  қып 

түйгенде  Тотия  мойнының  қысқа,  қ  ы  р



ж ы қ т ы ғ ы да, бойының бəкенелігі де 

білінбей кететін (Ш.Құмарова, Қаз. бауыр., 

67). 

ҚЫРҚАР:  Қырқар  көбейсін!  Қой 

қырқып жатқандарға айтылатын тілек. 

ҚЫРҚАЯҚ з а т. в е т. Мал тұяғы ісіп, 

ақсап қалатын ауру. Жазда таудағы жайы-

лымдарда ұзақ күнге созылатын жауындар 

жиі болып тұратындықтан, кейбір аналық 

қойларда қ ы р қ а я қ пайда бола бастады 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1960, №4, 63). 

ҚЫРҚЫЛЖЫҢДЫҚ  з  а  т.  Не  болса 

соны  айтушылық,  мылжыңдық.  Тек  бар 

пəле осы шалдың өз қ ы р қ ы л ж ы ң д ы 



ғ ы н д а деп ұғынады (Ұ.Доспанбетов, Ел 

есінде, 232). 



ҚЫРҚЫЛЫҢҚЫРА е т. Тозығы жету, 

қиылу.  Мырзабек  басындағы  күнқағары 

қ ы р қ ы л ы ң қ ы р а п, қағазы көрінген 

ескі кепкісін жұлып алды (Ұ.Доспанбетов, 

Шығ., 4, 63). 

ҚЫРҚЫЛЫҢҚЫРАУ  Қырқылың-

қыра етістігінің қимыл атауы.

ҚЫРҚЫН з а т. к ө н е. Қараның қызы. 

≈ Бұл сөз қыз-қ ы р қ ы н қос сөзінің екінші 

сыңары ретінде сақталған. 



ҚЫРЛАУЫТ с ы н. Аздап қыр болып 

келген, қырланған. ≈ Екеуміз қол ұстасып, 

қ ы р л а у ы т жерге шықтық. 

ҚЫРМАН: Қырман айдады. с ө й л. 

Қырман  бастырды.  «Қанша  сараң  болса 

да,  мен  барып  көрейін»  деп,  қ  ы  р  м  а  н



а й д а п жатқан Көсе байға Құл ақын келеді 

(Ел аузы., 205). 



Қырман соғу. ж е р г. Қырман басты-

ру. Қ ы р м а н  с о ғ у кезінде шарбасқа 

араластырып, белгісіз бұрышқа сабанмен 

жаба  салған  жарты  қаптай  бидай  бар  еді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 37). 



ҚЫРМАНГЕР з а т. с ө й л. Қырманшы. 

Ауылға мұғалімге қоса, қ ы р м а н г е р 

перзенттер де керек шығар (Қаз. əдеб., 09. 

01. 1987, 7). 



ҚЫРМАНДАЛ Қырманда етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Бидай  орыла-

ды.  Қ  ы  р  м  а  н  д  а  л  а  д  ы,  суырылады 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 307). 

ҚЫРМАНДАЛУ  Қырмандал  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

Қ Ы РМ Ы З Ы Л Ы Қ   з   а   т.   А ш ы қ 

қызыл  түске  енгендік,  қырмызы  болған-

дық.  Абайдың  бір  өзі  осы  жұрнақ-

тың (-лық)  көмегімен  ондаған  жаңа  ата-

уларды  ұсынды:  өрлік,  қ  ы  р  м  ы  з  ы

л  ы  қ,  арлылық,  тоқтаулылық,  қорғала-

уықтық т.б. (Р.Сыздықова, XVIII – XIX ғ. 

қаз. əд. тіл., 234).

ҚЫРНАУШЫ  з  а  т.  Бір  нəрсені 

қырнайтын  адам.  Бұған  темірді  ағашша 

жонған, бөлшектерді кесуші, тесуші, қ ы р 



393

Байынқол Қалиев

н а у ш ы станоктардың құлақ тұндырарлық 

зырылы қосылды (Жетісу, 11. 12. 1975, 1). 



ҚЫРПУЛЫ с ы н. Тегістеп қырқылған, 

жүні кесілген. Бір көлікке он сегіз мылтық, 

елуге жуық қақпан, үш-төрт тай бөз, сиса, 

сəтен, жүз шақты құндыз, қ ы р п у л ы бөрік 

тиелген (Х.Рахимов, Бетпе-бет, 161). 



ҚЫРТЫҢБАЙ з а т. э к с п р. Мылжың, 

езбе,  сөзуар. – Жегеніміз  алдымызда, 

жемегеніміз артымызда! – деді тағы бір қ ы 



р т ы ң б а й (Д.Рамазан, Жылап аққан., 33). 

ҚЫРШУ... Енді олар топыраққа бойлай 

еніп, арамшөпті қалдырмай қ ы р ш у д а 

(Лен. жас, 03. 03. 1981, 3). 

ҚЫРШЫН з а т. б о т. Улы шөптің бір 

түрі. Тоғай арасындағы өскен күйкі шөп 

малға ас болмайды. Ал қ ы р ш ы н, қопа ара-

сындағы шытыр, көкпек малды тек апатқа 

ұшыратады (І.Есенберлин, Алмас., 250). 



ҚЫРЫҚ:  Қырқынан  шығару.  э  т  н.

Нəресте  дүниеге  келгеннен  кейін 40 күн 

өткен  соң  балаға  жасалатын  ырым. 

Нəресте  үшін  қауіпті  деп  саналатын 40 

күн  өткен  соң  ата-ананың  көңілі  орнына 

түсіп, баланы қ ы р қ ы н а н  ш ы ғ а р у 

қамына  кіріседі  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 11). 



Қырық  жілік  қылды.  Малды  сойып, 

жіліктеп қырыққа бөлді. Шалды аяп, «суда 

өлген мал адал» - деп ала сиырды сойып

елге қ ы р ы қ  ж і л і к  қ ы л ы п тара-

тып,  ақша  жиып,  орнына  тұяқ  құрғызған 

(Ш.Мұртазаев, Интернат наны, 17). 

Қырық күн қуаласаң да, қу құмалақ 

түспейді. Еш нəрсе өнбейді, түк шықпайды. 

- Əй, Дүке! Бұ кəртамыс шалдарды қайтесің. 

Оларды қ ы р ы қ  к ү н  қ у а л а с а ң  д а,

қ у  қ ұ м а л а қ  т ү с п е й д і (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 38). 



Қырық  темірдің  қылауы.  Əркіммен 

бір көңіл қосудан туған бала. 

Қырық шұбар тай. э т н. Жиендердің 

нағашыларынан алатын мал; жиенқұрық. 

Содан бастап ол жиендердің нағашылары-

нан қанша мал-дүние алса да, «40 ш ұ б а р

т а й ы м б а р» деп даулайтын бітпес дау-

ына арқау болыпты (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 4, 65). 

Қырық  шырақты.  Бақытты  болуға 

жаралған, бағы мол қыз, əйел. Қ ы р ы қ 

ш ы р а қ т ы қыз шіркін қиямет көрсе де 

бар болғаны, бір ғана шырағын өшіргендей 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 463).

ҚЫРЫҚАЯҚТАЙ  с  ы  н.  Қырықаяқ 

секілді, қырықаяқ тəрізді. Енді бірде тіпті 

зəриманын ұшырып, қ ы р ы қ а я қ т а й 

шұбалды  бұлдырап  (Ж.Қорғасбек,  Жын-

ды., 3). 



ҚЫРЫҚҚАБАТ... 2. Қырыққабат ата-

латын бақша өсімдігінің жеуге жарамды 

жемісі. Салқын қазы. Тұздаған қияр, қ ы р 

ы қ қ а б а т... Майлы ет, пияз, бұрышымен, 

сорпасымен  кезегінде  айдалып,  көмей 

шіркінге  ытқып  кетіп  жатыр  (Ғ.Сланов, 

Домбыра күйі., 95). 



ҚЫРЫҚҚАРАҚШЫ з а т. а с т р. Темір-

қазықтың  астыңғы  жағында  тұрған 

жұлдыз  аты.  Темірқазықтың  астыңғы 

жағында тұрған – қ ы р ы қ қ а р а қ ш ы 

жұлдыз.  Олардың  жетеуі  көзге  көрініп 

тұрады,  өзгелері  көрінбейді.  Себебі  олар 

тым  уақ  (Х.Əбішұлы,  Аспан  сыры, 84).

Қ ы р ы қ қ а р а қ ш ы жиектен шықпайды. 

Ол күн батқан соң солтүстік төбенің өзінен 

пайда болды да, күн ауа сол тұрған орнында 

жоғалып кетеді (Бұл да). 



ҚЫРЫҚМҮЙІЗ з а т. э т н. Қаз-қатар 

орналасқан мүйіз пішіндес ою. Қазақ ше-

берлері  қолданатын  оюдың  түрлері  көп. 

Олардың ең негізгілері: қошқармүйіз, түйе-

табан, қ ы р ы қ м ү й і з, сыңармүйіз, жүрек-

ше жапырақ (Шаңырақ, 434). Қазақ жерінде 

«қ ы р ы қ м ү й і з», «шытырман», «көгеріс 

өрнек» секілді мəнері күрделі оюлар да көп 

қолданылған (Қаз. əдеб., 09. 06. 1978, 4). 



Қ Ы Р Ы Л Д А Ң Қ Ы РА   е   т.   А зд а п 

қырылдау, қырылдай түсу (Ж.Өмірбеков, 

Қызыл су, 98). 



ҚЫРЫМ:  Қырым  геморрагиялық 

қызбасы.  м  е  д.  Қазақтар  «көкала»  деп 

атайтын  ауру.  Көкала  ауруын  кейде 

қ ы р ы м  г е м о р р а г и я л ы қ  қ ы з б а 

с ы деп те атайды (Р.Сəтімбеков, Қызықты 

биология, 69). 



ҚЫРЫС: Қырыс қабақтанды. Ұнат-

пады,  жақтырмады  (З.Шүкіров,  Қиын 

түйін, 5). Алда-жалда бара қалса, бай оны 



қ ы р ы с  қ а б а қ т а н а қарсы алатын 

(Б.Тілегенов, Аққайнар, 136). 



ҚЫС:  Қыс  тоқсан.  Қыстың  үш  айы 

(желтоқсан,  қаңтар,  ақпан).  Төртінші 

тоқсанға  қыс  айларын  жатқызып,  оны

«қ ы с  т о қ  с а н» деген (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 1, 116). 



ҚЫСАҒА... Ақбас (қ ы с а ғ а) – түйеде 

болатын өте жұқпалы жаман аурудың аты. 



394

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Ол  көбінесе  түйенің  басында,  мойнында 

болады да, ақ ірің ағады (Ж.Бабалықұлы, 

Мал  атау., 78). Түйені  қатты  айдап  келіп 

жəне  кешкі  мезгілде  суаруға  болмайды. 

Мұндайда түйе қотыр немесе қ ы с а ғ а 

ұшырайды (Ленин жолы, 15. 11. 1968, 3). 

ҚЫСАҢ: Қысаң дауысты. л и н г в. 

Ауыз қуысының тар ашылуынан жасалған 

дауысты дыбыс. Қазақ тіліндегі қ ы с а ң 

д а у ы с т ы л а р: ы, і, ұ, ү дыбыстары 

(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 23). 



ҚЫСҚЫ...  Жасалатын  затына  орай 

мүйіздің бірін қ ы с қ ы ғ а бекітеді, енді бірі-

нің ішіне құм кептеп белгілі бір мүсінге кел-

тіреді (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 121). 



ҚЫСПАЛАҚ  з  а  т.  Жан-жақтан 

қысқандық, қыспақ. 

ҚЫСПАЛАҚТАН е т. с ө й л. Қысылу, 

тарылу. Өрлеген сайын сай қ ы с п а л а 

қ т а н ы п, тарылып бара жатқан сияқты 

(Т.Мəмесейіт, Таудан., 203). 



ҚЫСПАЛАҚТАНУ  Қыспалақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫСТА з а т. ж е р г. Жасырын сыр, 

қайғы, мұң, зар. Іш қ ы с т а с ы ішінде 

болып, еш адамға айтпай-ақ бітірмек болып 

еді, секретарь келіспеді (Д.Жанботаев, Дала 

оттары, 14). 



ҚЫСТАМА... Мерейханның хабарынан 

соң қ ы с т а м а ғ а байланысты тапсыр-

маларын жауапты адамдарға беріп, дирек-

тор  жиналысты  тез  аяқтаған  (Е.Рахимов, 

Тентек., 119). 

ҚЫСТЫҒЫРЫЛ е т. ж е р г. Іш тарлық 

ету,  қызғану;  іштен  тыну.  Əбілқайырға 

мұндай батпан құйрық абыройды қия алмай 



қ ы с т ы ғ ы р ы л ы п жүрген іштарлар аз 

емес екен (Ə.Кекілбаев, Үркер, 134). 



ҚЫСТЫҚ е т. Езілу, егілу, булығып жы-

лау. Осындай езілмеуге əддің жоқ сəттерде 

ол үнсіз Хамзені құшақтап, қ ы с т ы ғ а т 



ы н (Өркен, 20. 01. 1990, 8). 

ҚЫСЫҚ:  Қысық  көз.  Көзі  қысық, 

сығырайған. Өзі де жастығына қарамастан, 

сиықсыздау,  бет  пішіні  келісіңкіремеген 

неме екен. Қушық шеке, қ ы с ы қ  к ө з

кертік мұрын жылтыр қара (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 158). 

ҚЫСЫЛ е т. Отырған орындары тар 

болу, сыймау. ≈ Өзіміз де қ ы с ы л ы п əрең 

отырмыз. 



ҚЫСЫЛУ  Қысыл  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҚЫСЫЛТАҢДЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Қысылтаяңдық. Уақыт соншалық қ ы с ы 

л т а ң д ы қ қ а айналғанда жұмыскерлер 

недəуір  ұстамдық  көрсетті  (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 431). 

ҚЫСЫЛШАҚ  с  ы  н.  Қысылғыш, 

ұялшақ. Бояуы оңып кеткен ескі кепканы 

қос қолдап қысып алған мың бір қ ы с ы л 



ш а қ бала табалдырықтан аттаса да, бірақ 

аяғын ілгері баспай қалшип тұрып қалды 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 8). 

ҚЫСЫЛЫҢҚЫЛАУ  с  ы  н.  Сəл 

қысылған, жіпсиген. Көзім де жөнді көр-

мейді, көзəйнегімді сүртіп қарасам, қара-

қаттай мөлдіреген қ ы с ы л ы ң қ ы л а у

көзді, қою қара шашты қызды шырамыт-

тым (Ə.Байбол, Теміржол., 301). 

ҚЫСЫҢҚЫЛЫҚ  з  а  т.  Қысыңқы 

тартқандық,  сығырайғандық.  Қиық 

көздердің  қ  ы  с  ы  ң  қ  ы  л  ы  ғ  ы,  жалпақ 

беттің  шығыңқылығы,  сірə,  сезілмейтін 

тəрізді (С.Сматаев, Алғашқы., 201). 



ҚЫСЫР :  Қысыр  күзеу.  Кекілін 

қалдырып,  жалын  сыпыра  күзейді,  ал 

құйрығының  жоғарғы  жағынан  үш  бу-

нап  күзеп,  ұшын  шырпып  қана  қояды 

(Шаңырақ, 523). 



Қысыр сөзге дес бермес. Тілге шешен, 

сөзге шебер (адам). Ол да қ ы с ы р  с ө з г е

д  е  с    б  е  р  м  е  с,  нағыз  қыршаңқы  тілді 

жігіт  боп  өсіп  еді  (Ж.Əлмашұлы,  Тар 

дүние, 138). 

ҚЫСЫРАҚ:  Қысырақ  матау.  Əр 

айғырдың  үйірінде  жүріп  пісіп  жетілген 

дөнежіндерді ұстап, бір жерге жиып, ма-

тастырады да, оларға айғыр қосып, жаңа 

бір айғыр үйірін құрау ісі (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш  бесік., 5, 49). Күземнен  соң,  кілең 

байталды  бөліп  алып,  қ  ы  с  ы  р  а  қ

м а т а й д ы. Ішінде байталында қысыр 

қалған  дөнежін  биелер  де  болуы  мүмкін 

(Н.Қазыбеков, Дала., 8).

ҚЫСЫР-БУАЗ  с  ы  н.  Малдың  қысыр 

не  буаз  екендігі.  Малсақ  болып  өскен 

қазақ  балалары  өз  иелігіндегі  малдың 

күйлі-күйсізін, аман-жаманын, қ ы с ы р-

б у а з ы н көріп-біліп, көңіл бөліп отырады 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 7). 



ҚЫСЫРЛЫҚ з а т. Қысыр қалғандық, 

қашпағандық. – Үйіңдегі 12 биеңнің алтауы 

анық буаз, екеуі неғайбыл, екеуі атқысыр. 

Қалған екеуінің қ ы с ы р л ы ғ ы н а қоса 

өкпесінде тесігі бар (Ел аузынан, 116). 



395

Байынқол Қалиев

ҚЫТ е т. ж е р г. Қысу, қағу. Аузын қу 

шөппен сүрткенмен, құдай оны бақтан да 

көп қ ы т а қоймаған (Ə.Кекілбаев, Үркер, 

140).  Дұғайды  сыйламағаны,  тыңдама-

ғаны  өз  алдына,  астан,  шөміштен  қ  ы-

т  а  т  ы  н  болды  (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 137). 



ҚЫТАЙ:  Қытай  алмасы.  Арғы  тегі 

қытайдан əкелінген алма сорты. Мұндай 

алқаптарға мырза терек, ал екінші қатарына 

шаған жапырақты үйеңкі, жабайы алмұрт 

жəне қ ы т а й  а л м а с ы н отырғызған 

жақсы  (А.Жанғалиев,  Бағбан., 29). Бауда 

ақ алма, қызыл анис, ақ алмұрт, лимон, ра-

нетка, қ ы т а й  а л м а с ы бар екен (Лен. 

жас, 10. 03. 1970, 3). 



ҚЫТАЙЛАН е т. Қытай болу, қытай-

дың тілін, əдет-ғұрпын ұстану. 

ҚЫТАЙЛАНДЫРУ  Қытайландыр 

етістігінің қимыл атауы. Ағылшын, орыс, 

қытай  азаматтарының  қазақ  қыздарына 

үйленулерінен олардың ағылшындандыру, 

орыстандыру, қ ы т а й л а н д ы р у са-

ясаттарына  ешқандай  кедергі  келмейді 

(М.Құдайқұлов, Құпия., 12). 



ҚЫТАЙЛАНУ Қытайлан етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫТЫҢҚЫЛЫҚ з а т. Қысушылық, 

тарлық;  қысым.  Дегенмен  мырза  құдай 

осынау  мол  пішілген  кісіге  де  есебін  та-

уып қ ы т ы ң қ ы л ы қ жасап бағыпты 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 51). 



ҚЫТЫРЛАУЫҚ  з  а  т.  Балаларға 

арналған,  қытыр-қытыр  етіп  тұратын 

тағам (кериешки). Даниял болса ештеңемен 

шаруасы жоқтай, шырынын ішіп, қ ы т ы р



л  а  у  ы  ғ  ы  н  қытырлатып  отыра  берді 

(Д.Рамазан, Жылап аққан, 54). 



ҚЫША з а т. Нанға жағып жеу үшін, 

қыша  дəнінен  езіп  жасалған  қоймалжың 

əрі ащы зат. Алдар алдындағы қ ы ш а д а н 

нанға қалыңдап жағып жейді де, тұншығып 

көзінен аққан жасқа ие бола алмай қалады 

(Ел аузынан, 339). 



ҚЫШҚЫЛДЫЛЫҚ  з  а  т.  Қышқылы 

күштілік,  ашқылтымдық.  Өйткені 

құрамында  қ  ы  ш  қ  ы  л  д  ы  л  ы  ғ  ы

майлылығы бар заттар адамға жақсы таныс 

болса керек (Ж.Аупбаев, Жанарымда., 6). 

Өйткені қ ы ш қ ы л д ы л ы ғ ы, майлылығы 

мол өсімдіктердің өз клеткаларынан жылу 

бөліп  шығаратындығы  фармакологиядан 

хабары бар адамға жақсы таныс болса керек 

(Лен. жас, 14. 01. 1983, 2). 

ҚЫШЫР__1'>ҚЫШЫР

1

  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Талқының, 



бастырықтың   бір-біріне   қарама-

қарсы  тістері.  Талқының  екі  арасында 

бастырықтың  тістеріне  (қ  ы  ш  ы  р  ы

қарама-қарсы  кертілген  тістері  болады 

(Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 292). 



ҚЫШЫР

2

  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қарынның 



ішкі  қатпарлары,  түгі.  Жуып-шайып, 

қан-жиыннан  арылтқаннан  кейін  ішкі 

жағындағы қ ы ш ы р ы қырналып тазарты-

лады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 235). 



ҚЫШЫРЛЫ... Қыран құстың жүні ірі, 

аяғы сом əрі қ ы ш ы р л ы келеді (Қаз. əдеб., 

09. 04. 1982, 14). 

Л

ЛАВКЕ з а т. с ө й. Əр түрлі зат сата-

тын  кішкентай  дүкен.  Бұлардың  кейбірі 

пұл л а в к е л е р і н і ң алдынан табылды 

(Жұлдыз, 1974, №8, 11)

ЛАВКЕШІ  з  а  т.  Лавке  ұстаушы. - 

Темірханбысың? Əлгі л а в к е ш і н і сабаған 

сен  бе? - Шыдай  алмадым,  күйіп  кеттім. 

(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 275).



ЛАҒЫН  з  а  т.  ар.  сөйл.  Шайтан. 

Жаныңа шын сөйлесең пайда дейді, Дінің 

қатты,  құр  тілің  майда, - дейді.  Сұрады 

тақсыр  Ғайса  тұра  қалып: – Барасың,



л а ғ ы н, айтшы, қайда? – деді (Мəшһүр 

Жүсіп, Шығ., 4, 167). Бос сөзді ауызға алып 

айтпаймыз  біз,  Ынсапты  шын  құлақтан 

тыңдаңыз сіз. Базарға жұрт жиылған келе 

жатса, Л а ғ ы н ғ а жол үстінде ұшырапты 

кез (Бұл да). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет