Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет91/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   168

ҚҰРЫШШЫ...  Буын  сақтап  бойын-

да Қазан бұрқ-бұрқ қайнайды. Қ ұ р ы ш 



ш  ы  н  ы  ң  қолында  Темір  ожау  ойнайды 

(Балдырғаның базарлығы, 18). 



ҚҰС:  Құс  ауруы.  м  е  д.  Көтеріліп 

кететін,  ұстамалы  ауру.  Сөйтсек,  қ  ұ  с  

а у р у ы м е н ауырады екен ғой, байғұс 

бала! Құс қайтқанда немесе қайтып келген-

де дерті тіпті қозып кетеді (Д.Рамазан, Жы-

лап аққан., 136). Сөйтіп жүрген күндердің 

бірінде əлдебіреулерден «Қазалыда үлкен 

бір бақсы бар, зікір салып қ ұ с  а у р у ы н

емдейді екен» дегенді естідім (Бұл да). 

Құс бас ер. Басы құстың басы пішін-

дес ер. Қазақы ердің сыртқы пішін үлгісі 

көп. Оларды қ ұ с  б а с  е р, шошақ бас ер, 

үйрек бас ер, қазық бас ер, қозы құйрық ер, 

бүйрек  бет  ер  деп  тұр-тұлғасына,  пішін-

сиқына  қарай  бөледі  (Ж.Бабалықұлы:  Ер 

қанаты, 259). 



Құс кеуде. Кеудесі алға қарай шығыңқы, 

бұлтиған кеуде. Қырынан қарап, арқасына 

құлаған  білектей  бұрымын  қызықтайды, 



қ ұ с  к е у д е с і н көтеріп, атқа тіп-тік оты-

рысына  сүйсінеді  (Ж.Қорғасбек,  Жынды 

қайың, 100). Алқа бел, аю қабақ, бота мо-

йын,  Шөгендей  төрт  тұяғы  құйған  шой-

ын. Қ ұ с  к е у д е, інген ерін, түлкі азу, 

Бөкен  бел,  қасқыр  тірсек,  бура  қойын 

(А.Нұртазин, Көк тоғай, 25). 

Құс  қона.  Құс  қонақтайтын  мезгіл.

– Ертең қ ұ с  қ о н а ораламын. Əлгі қан-

дыбалақ  келсе,  олжаның  бірін  жетегіне 

байла (Ана тілі, 21. 02. 2013, 10). 



ҚҰСАҒАН... Түйенің жаманы – «қисық 

төс қоспақ». Ол шамшыл, қ ұ с а ғ а н бола-

ды. Жақын келген кісіге бүркіп құса салады 

(Қаз. əдеб., 18.10.1974, 4). 



ҚҰСАҒАШ... Салалы балғын тұяғымен 

(бүркіт)  сексеуілден  жасаған  қ  ұ  с  а  ғ 



а  ш  т  ы  сығымдап  жіберердей  болады 

(С.Мұратбеков, Дос іздеп., 120). 



ҚҰСАҚ..?  Қара  кер  бие  қырдың 

көдесіне қарай сүйрейді. Бұл қ ұ с а қ т а ғ ы 

займкеге қарай шаужайлап əлек (Қ.Ысқақ, 

Таңд., 3, 253). 



ҚҰСБАЗАРЫ з а т. Ұя салып, балапан 

шығарар  кезде  теңіз  жағалауларындағы 

жартастарға  əртүрлі  құстардың  көп 

болып жиналып, у-шу болып жатқан кезі. 

Арктиканың теңіз жағалаулары қ ұ с б а з а 



р л а р ы м е н əйгілі (Құстар, 14). 

ҚҰСБЕГІШЕ ү с т. Құсбегі сияқты, құс-

бегі тəрізді (А.Сейдімбеков, Ақиық, 34). 

ҚҰСЕТТЕНДІР Құсеттен етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Бұлт пен буалдыр 

мұнарда адамның денесін қ ұ с е т т е н д 



і р е т і н д е й ызғар бар (Егем. Қазақст., 

29. 11. 2006, 15). 



ҚҰСЕТТЕНУ  Құсеттен  етістігінің 

қимыл атауы. Соңғы кезде денесінің қ ұ с

е  т  т  е  н  у  і  жиі  байқалып  жүр  (Жетісу, 

13.10.1998, 4). 



ҚҰСКӨПШІК з а т. ж е р г. Құсжастық. 

Бірден көзі төр алдында қ ұ с к ө п ш і к т і

шынтақтап  шалжып  жатқан  нəшəндік 

мелиса  Сұржекейге  түсті  (С.Елубай,  Ақ 

боз., 175). 

ҚҰСҚАНАТ... Ою-өрнектердің түрлері: 

қошқармүйіз, құстұмсыз, қ ұ с қ а н а т ы,

арқармүйіз т.б. (С.Қасиманов, Қаз. қолөне-

рі, 78). 



ҚҰСТАМАҚ  з  а  т.  Тамақты  таңдап, 

талғап, аз-аздан жейтін адам. Қажымұқан 

қ ұ с т а м а қ болатын. Соншалықты алып 

денесіне қарамай, алдындағы асты шұқып-

шұқып  қана  тез  тойып  қалатын  (Егем. 

Қазақст., 27.06.2001, 8). 



ҚҰСТАМАҚТЫҚ  з  а  т.  Тамақты  аз 

жейтіндік,  талғампаздық.  Оның  үстіне 

марқұм  Ғаникамал  апай  болғандықтан 

ба, атамның «қ ұ с т а м а қ т ы ғ ы н а» 

аса  мəн  бермеппін  (З.Ахметов,  Шуақты 

күн., 90). 

ҚҰСТАҢДАЙ з а т. Құстың таңдайы 

пішіндес  ою-өрнек.  «Қ  ұ  с  т  а  ң  д  а  й», 

«сыңар өкше», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», 

«тоғыз көз», «жүз теру» сияқты ою-өрнек 

нұсқалары  белгілі  бір  кəсіппен  байланы-

сты туындап дамыды емес пе? (Лен. жас, 

03.08.1974, 2). 



ҚҰСТАҢДАЙЛАСТЫР  е  т.  Бірінің 

үстіне  бірін  мінгестіре,  таңдай-таңдай 

етіп  қиюластыру.  Түйенің  шудасынан 

оңқай-солақайлы  қылып,  қ  ұ  с  т  а  ң  д  а 



й  л  а  с  т  ы  р  ы  п  байына  биязы  шекпен 

тоқығанын  көргенде,  жұрт  қыл  три-

кодан  кем  емес  деп  мақтасып  жүрді 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 66). 



ҚҰСТАҢДАЙЛАСТЫРУ  Құстаң-

дайластыр етістігінің қимыл атауы. 

380

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚҰСТҰМСЫҚ з а т. 1. Түрен соқа. – 

Махонин Керекуден қ ұ с т ұ м с ы қ пен 

тұқым алдырып берді (Қ.Исабаев, Шоң би, 

134). 2. с ө й л. Қайла. 



ҚҰСТҰМСЫҚ:  Құстұмсық  жүзік. 

Құстың  тұмсығына  ұқсас  жүзік. 

Қазақ  қыз-келіншектері  жүзік,  сақина, 

балдақ, білезік, қ ұ с т ұ м с ы қ  ж ү з і к

сырға, шекелік, шашқап, шолпы, шашбау 

сияқты  əшекей  бұйымдарын  таққан  (Қаз. 

этнография, 1, 316). 



ҚҰСТІЛ  з  а  т.  Жайылған  қамырды 

жіңішкелеп  тіліп,  майға  пісірген  тағам; 

ши бауырсақ. Бəтима жеңгесі жаңа жылға 

арнап əзірлеген майтоқаш, шекшекей, қ ұ с-



т і л, самсаларын қайнысының аузына то-

сып,  əр  түрінен  омырып  əкеліп  алдына

жайып  салды  (Х.Рахимов,  Сеңгір  сыр-

лары, 201). 



ҚҰСЫЛ з а т. д і н и. Жуынып-шайынып 

таза жүру. – Ий, қатын! Қ ұ с ы л д ы ң 

да шарты бар. Жұма күні құсылды болып, 



қ ұ с ы л құйынғанның мың есе сауабы бар 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 101). 



ҚҰТ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ақпан  айының  ес-

кіше  атауы;  үт. «1897 жылғы  қазақ 

үшін  шығарылған  календарда»  ай  атау-

л а р ы   қ а з і р г і д е н   ө з ге ш е л еу:   д ə л у, 

қ  ұ  т  (үт),  қамал  (амал,  наурыз),  сəуір 

(көкек),  зауза  (мамыр),  саратан  (мау-

сым),  əсет  (шілде),  сүмбіле  (тамыз),  ми-

зан  (қыркүйек),  ақырап  (қазан),  қауыс 

(қараша),  жедді»  деп  берілген  (Қаз. 

əдеб., 03.07.1987, 14). Қ ұ т айы туса да, 

жылылықтың лебі тым алыста (М.Мəжитов, 

Аманғали, 92). 



ҚҰТАС з а т. Үкінің құйрығы. Тарихи де-

ректер бойынша, сол дəуірде ұрыста ерек-

ше  ерлік  көрсеткен  жауынгерлерге 

«бахадүр» немесе «алып» деген атақ беріліп, 

атының мойнына «қ ұ т а с» - үкінің құй-

рығы  байланатын  болған  (Қаз.  əдеб., 

15.04.1983, 5). 

ҚҰТҚАРУШЫ:  Құтқарушылар  от-

ряды.  Апатқа  ұшырағандарды  құтқа-

ратын адамдар тобы. Эфир арқылы қ ұ т 

қ а р у ш ы л а р  о т р я д ы н ы ң жүріс-

тұрысын  зер  сала  қадағалап,  үсті-үстіне 

нұсқау береді (Н.Ақыш, Бейуақта., 168). 

ҚҰТҚУЫРЛА  е  т.  ж  е  р  г.  Тақақтау, 

тақымдау. – Тағы қайсы үйлерге барасың? 

– деп қ ұ т қ у ы р л а д ы (Халифа Алтай, 

Алтайдан., 173).

ҚҰТҚУЫРЛАУ Құтқуырла етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚҰТПАН

1

 з а т. м и ф. Қойдың ең асы-



лы  (жақсысы).  Бұрынғы  бақташы  қазақ 

көшпелі  тірлігінде  арман  еткен:  түйеде – 

«жампоз»,  жылқыда – «тұлпар»,  сиырда 

– «тыңжы», қойда – «қ ұ т п а н», ешкіде 

– «келепан» десе, итте – «құмай», адамда 

– «алып», ал қасқырда – «сырттан» дейтін 

(Алғы шепте., 31). 

ҚҰТПАН

2

:  Құтпан  намазы.  Бес 

намаздың ең соңғысы. Намаз түрлері мен 

оларды  оқу  уақыты:  таң  намазы – 4,48, 

бесін намазы – 12,52, екінді намазы – 17,23, 

ақшам намазы –19,23, қ ұ т п а н  н а м а з ы

– 20, 48 (Жас алаш, 10.08.2010, 6). 

ҚҰТПАНДЫЛЫҚ  з  а  т.  Құттылық, 

берекелік, ырыстылық. Жұртпайдың Мəмиі 

осынша  думанды  қойнына  сыйғызып, 

жатқан ата қонысының құттылығы, он бір 

Сəмембетінің қ ұ т п а н д ы л ы ғ ы м е н-



а қ кең қолтықситын көрінеді (М.Разданұлы, 

Алтай., 15). 



ҚҰТПАТАЯҚ  з  а  т.  Асаның  бір  түрі. 

Бұл тəрізді аспаптың о замандарда екі түрі 

болыпты.  Біріншісі – «асатаяқ»,  екіншісі 

– «қ ұ т п а т а я қ» (О.Хаймолдин: Қаз. 

əдеб., 05.04.1985, 10). Асаның  екі  түрі 

болған: асатаяқ, қ ұ т п а т а я қ (Қаз. əдеб., 

14.10.1983, 10). 

ҚҰТТЫХАНА з а т. Өзіне құт болған 

мекенжайы,  құтхана  (О.Бөкеев,  Өз 

отыңды., 376). 



ҚҰТЫМСЫЗ:  Құтымсыз  бие.  Сүті 

аз, суыққа төзімсіз, құлыны нашар болып 

туатын бие (Қазақша мал атау., 14).

ҚҰТЫРЫНДЫ с ы н. с ө й л. Құтырған, 

елірген. Бір кезде қ ұ т ы р ы н д ы көздер 

пұшаймандыққа,  мүсəпірлікке  қарай  ой-

ысып  бара  жатқанын  аңғарғандай  едім 

(Ж.Мусин, Туған үй., 157). 



ҚҰТЫША...  Оның  əскери  қ  ұ  т  ы  ш 

а с ы н д а су бар еді (Р:Райымқұлов, Жа-

панда., 16).



ҚҰШНАШТЫҚ  з  а  т.  Үшкіріп,  ем-

дом  жасаушылық,  балгерлік,  тəуіптік. 

–  Ғылымның,  медицинаның  дəуірлеп 

тұрғанында қайдағы балгерлік, қ ұ ш н а ш

т  ы  қ  деген  не  масқара! (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 380). 



ҚҰШЫРЕЙ..? Жездесі қ ұ ш ы р е й 

сорпаны қасықпен бір ұрттап, дəмін көрді 

(Е.Əкімқұлов, Перизат, 64).


381

Байынқол Қалиев

ҚҰЯҚ...  Тіпті  болат  сауыт  қолдарына 

түспей,  сірі  қ  ұ  я  қ,  киіз  тұтқыр  киіп 

алғандары  қаншама  (Қ.Жұмаділов,  Дара-

боз, 1, 33). 



ҚҰЯҢ:  Құяң  үзу.  Құяңды  бармақпен 

басып, қолмен уқалап, ауруынан айықтыру. 

Ертеде қазақ емшілері бұлаулау, шету, қ ұ 



я ң  ү з у, уқалау, теріге салу, жынға малу 

секілді тəсілдермен ауруларды сауықтырған 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 109). 

ҚҰЯҢШЫ з а т. Құяң ауруын емдеуші 

адам.  Қ  ұ  я  ң  ш  ы  деген  болады  екен: 

бір  ауруға  алып  келсе,  аурудың  тұрған 

жерін сұқ қолының басымен басады екен 

(Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 294).



ҚЫБЫРСЫЗДЫҚ з а т. Қимылсыздық, 

қозғалыссыздық. Хақназардың қ ы б ы р с 

ы з д ы ғ ы н сол кішкентай бастың еңселі 

денесін тікесінен басып, тырп еткізбеуінен 

іздегендей (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 23). 

ҚЫДИЫҚТАН  е  т.  ж  е  р  г.  Қитығу, 

қитықтану,  қырсығу.  Қырағы  генерал 

қиқар оқымыстының қ ы д и ы қ т а н ы п

кіргенін  тез  аңғарып,  жүзін  тез  бұрып 

əкетті  (Ə.Кекілбаев,  Елең-алаң, 198). 

Мыналардың қырындап өткені оның да қ ы 

д и ы қ т а н ы п қалғаны ма? (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 507).



ҚЫДЫРМА:  Қыдырма  қонақ. 

Қыдырып келген қонақ. Қазақ халқы жалпы 

қонақтарды: арнайы қонақ, құдайы қонақ, 



қ  ы  д  ы  р  м  а    қ  о  н  а  қ,  қылғыма  қонақ 

деп төртке бөледі (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 2, 70). Қ ы д ы р м а  қ о н а қ деп – 

туыс-туған, дос-жаран, құда-жегжаттарын 

арнайы іздеп барып, аунап-қунап жататын 

қонақтарды айтады (Бұл да). 



ҚЫДЫРЫС  Қыдыр  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. 

ҚЫДЫРЫСУ  Қыдырыс  етістігінің 

қимыл  атауы.  Ерулік  жасау,  қ  ы  д  ы  р  ы 

с  у  дағды  болып  алған  (М.Əуезов,  Таңд. 

шығ., 2, 217). 



ҚЫЖЫЛ-ҚЫСАС  з  а  т.  Қастық, 

өштік,  араздық.  Өзінше  Таңжарықты 

мазақтап өлең шығармақ болғаны, екеуінің 

төбелесе жаздағаны – бəрінде де осындай 

бір қ ы ж ы л – қ ы с а с жатыр (Т.Мəмесейіт, 

Таңжарық, 2, 221). 

ҚЫЖЫМ-ҚЫЖЫМ с ө й л. Қатпар-

қатпар,  бұжыр-бұжыр.  Мына  кəрі 

сиырдың мойнындай қ ы ж ы м-қ ы ж ы м 

қара теректің қай бұтағына ұя салу керек 

деп,  шықылықтап  жатпаса  не  қылсын? 

(Ə.Нұршайықов, Соңғы, 153). 

ҚЫЖЫРТ е т. Қажау, мыжу, не болса 

соны айту. Дəурен жездесі Байсеркені қ ы 

ж ы р т ы п: - Келінің шай бермей қойған 

соң,  шыдамсыздығыңды  білдіріп  қымыз 

сұрадың ба? – деді (Ж.Ахмади, Айтұмар, 

141). 


ҚЫЗ

1

:  Қыз  көру.  э  т  н.  Ер  жеткен 

жігіттің өзіне сыңар іздеу əрекеті. Неке-

лесуге байланысты этнографизмдерде қ ы з



к ө р у, құда түсу, қалың беру, ұрын бару, 

қыз ұзату, к е л і н  т ү с і р у г е қатысты 

атаулар қамтылады (Жалын, 1974, №3, 146). 

Қыз  табақ...  Күйеу  табаққа – асықты 

жілік пен төс, келін табаққа – төс, ұлтабар 

жəне жүрек, қ ы з  т а б а қ қ а – жақ пен 

тіл, жүрек, бүйрек, құдағи табаққа – жам-

бас,  асықты  жілік  пен  сүбе  қабырғалар 

салынады (Ата салты., 145). 



Қызыңды  ұрайын.  Біреудің  қызын 

боқтаған  боқтық  сөз.  Бұ  қ  ы  з  ы  ң  д  ы

ұ  р  а  й  ы  н  қайдан  жүр.  Беймезгіл  келісі 

қалай? (Қ.Қазиев, Жалғыз жалау., 15). Бұл 



қ ы з ы ң д ы  ұ р а й ы н д а р не көрсетпеді 

бізге, енді қызмет қылсын түге! (Жұлдыз, 

1973, №4, 77).

ҚЫЗ

з а т. а с т р. «Қыранқарақшының» 



қасындағы  күңгірт  жұлдыз.  Қыран-

қарақшының қасында зорға көрініп тұрған 

бір жұлдыз бар. Оның аты – Қ ы з (Алькор) 

(Х.Əбішұлы, Аспан сыры, 86). 



ҚЫЗАНАҚТАЙ с ы н. Қып-қызыл. Он-

сыз да ақ сары жігіт шала піскен қ ы з а н а қ 



т а й бет-жүзін бал-бұл жандырып, алаулап 

алыпты (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 178). 



ҚЫЗАРАҢДАУ Қызараңда етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫЗАРҒАНША ү с т. Қызарып кет-

кенше, қызыл тартқанша. Асықпай жүнін 

жұлып, лаулай жанған ақ тезекке ұстап, қ ы з



а р ғ а н ш а күйдіре үйітті (М.Мəжитов, 

Құныскерей, 194). 



ҚЫЗАСЫҚ з а т. а н а т. Қойдың бақай 

сүйегі. Қойдың қ ы з а с ы ғ ы н а н жаса-

лып, түрлі бояуға малынған дойбы таста-

ры  тізіліп  дайын  тұрады  (Қ.Жұмаділов, 

Таңғаж., 22). Екі  қ  ы  з  а  с  ы  қ  өзара  жік 

арқылы бөлініп, екі бақайға екі буын аша-

сын жасайды (Ана тілі, 13.05.1999, 16). 



ҚЫЗБӨРІ з а т. э т н. Ұлттық ойын-

дардың  бір  түрі.  Қимыл-əрекет  ойында-

рына  жататындар:  ақсүйек,  ақшамшық, 



382

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шыт  тастау,  көрші-көрші  (татумысың-

аразбысың), қ ы з б ө р і, қасқұмалақ, айдап 

сал, инемді тап, қарамырза т.б. (Б.Төтенаев, 

Қаз. ұлт. ойын., 70). 

ҚЫЗҒАЛДАҚТА е т. ж е р г. Гүлдеу, 

гүл  жару.  Жылда  бұл  кезде  осы  аралар 

жусаны  қара  белдеу  болып,  жауқазыны



қ ы з ғ а л д а қ т а п, жапырақ шайыры, сар-

бас жоңышқасы ен далаға түрлі өң беріп, 

жайнап кетуші еді (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1963, №10, 22). 



ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ  с  ы  н.  Қызғалдақ 

өскен, қызғалдағы бар. Ақ Жайықтың екі 

жағы  бірдей  жас  қайың,  жасыл  талмен 

көмкеріліп,  ойпат,  қырлары  сарғалдақ-

ты, қ ы з ғ а л д а қ т ы көк орайға көміл-

ген  еді  (І.Есенберлин,  Шығ.  жин., 9, 

109). Шешек атқан қ ы з ғ а л д а қ т ы

сарғалдақты  Қарадаланы  бірінші  рет 

көргендей  тамсанып  тұр  (Д.Жанботаев, 

Дала оттары, 73). 

ҚЫЗҒЫЛТТАН е т. Қызғылт тарту,

аздап қызару. Мұндай орасан ыстық күн-

дері шөлейт даланың қ ы з ғ ы л т т а н а тү-

сетін əдеті (І.Есенберлин, Маңғыстау, 14). 

Қ Ы З Ғ Ы Л Т ТА Н У   Қ ы з ғ ы л т т а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗҒЫНДА  е  т.  ж  е  р  г.  Қызып  алу, 

елігу, еліру. Оған біресе оза шығып, біресе 

кейін  қалып  қ  ы  з  ғ  ы  н  д  а  ғ  а  н  қызыл 

жағалылардың бұл əрекеті бірден ұнамады 

(О.Сəрсенбай, Шеңбер, 8). 



ҚЫЗҒЫНДАУ  Қызғында  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚЫЗДЫРМАЛАУ  с  ы  н.  Ойын-той-

ды  қыздырып  жіберетін,  қызба.  Қазаққа 

қарағанда,  бəлкім,  бұлар  қызулау,  қ  ы  з 



д  ы  р  м  а  л  а  у  көрінетін  (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 166). 



ҚЫЗЕМШЕКТЕН  е  т.  Қос  анардай 

көз  тарту;  томпию,  сүйірлену.  Алыстан

қ ы з е м ш е к т е н е мұнартып Қошқарбай 

тауы көрінді (Н.Мағзұмов, Жұмбақтас., 31). 



ҚЫЗЕМШЕКТЕНУ  Қыземшектен 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚЫЗЖЕТІМ з а т. э т н. Қалыңмалға 

қоса  берілетін  күң.  Мəселен,  деректер-

де  қалыңмал  есебінде  «басжақсы»  деп 

берілетін  бес  түйеге  қосып  бір  «қ  ы  з 

ж  е  т  і  м» (күң),  ал  «аяқжақсы»  деп 

беретін  үш  түйеге  қоса  бір  «еркекжетім» 

(құл)  беретіндігі  туралы  баяндалған 

(Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 235). 



ҚЫЗЖОЛДАС з а т. э т н. Қыз ұзатылар 

кезінде қасына еріп жүретін жолдас қызы. 

Əдеби  тілдің  лексикасын  байыта  түскен 

беташар, күйеужолдас, қ ы з ж о л д а с

тойбастар,  шілдехана  деген  сияқты  т.б. 

сөздер этнографиялық лексиканың алтын 

қазынасынан алынып отыр (Жалын, 1974, 

№3, 149). 

ҚЫЗКƏДЕ  э  т  н.  Күйеу  жəне  күйеу 

қосшыларынан  алынатын  кəде,  ырым. 

Мұндай ойындардың бірі – қ ы з к ə д е

Бұл  ойында  тартыстың  бас  кейіпкері – 

ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеу-

дің  қосшылары  (Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт. 

ойын., 26). 



ҚЫЗКӨРСЕТЕР з а т. э т н. Ұрын келген 

күйеу  бала  бірінші  рет  қызды  көрсеткен 

адамға беретін кəде-сый. Бұл сенен алған 

қ ы з к ө р с е т е р і м болсын. Əлі асықпа, 

іргебасар, шашсипатар, ошаққазар, бозапұл 

дейтіндер  толып  жатыр  (Қ.Тұрсынқұлов, 

Анды-Қарақыз, 145). 



ҚЫЗКІРПІК  з  а  т.  п  о  э  т.  Қыздың 

кірпігіндей əдемі кірпік. «Көзі күлім қаққан, 

қ ы з к і р п і к жігіт екен-ау!» деп деп бір 

түйіп  қойды  (Ə.Тарази,  Тасжарған, 398). 

Балаусаевтың дөңгелек көздері майланып, 

қ ы з к і р п і к т е р і қайқая түскен екен, əлі 

де ойланып біраз отырды да хатты Аблезге 

ұсынды (Бұл да, 399). 

ҚЫЗҚАМШЫ  з  а  т.  Сабын  жез-

бен  орап,  əшекейлеп  жасалған,  қыздар 

ұстайтын  сəнді  қамшы.  Күміс  жапқан 

ер-тұрман, жез ораған қ ы з қ а м ш ы от 

сəулесімен жымыңдаса кетті (Ғ.Мүсірепов, 

Таңд., 3, 540). 



ҚЫЗҚУАР з а т. э т н. с ө й л. Қыз қуу. 

Бір кезде тойдың бір шетінде қ ы з қ у а р 

басталып, қырғын топан болып жатқандай 

болды (З.Қиянатұлы, Көшпенді., 54). 



ҚЫЗҚҰМАР с ы н. Қыздың артынан 

көп жүгіргіш (жігіт). Алдымда алдамшы, 

қ ы з қ ұ м а р, қатыгез жан емес, бүкірейген 

шал отыр (І.Есенберлин, Шығ. жин., 1, 249). 



ҚЫЗМАЙ з а т. с ө й л. Хоккей. Сиыр 

тобығын «шайба» ғып жаяу хоккей қуамыз. 

Оны біздің елде (Жамбыл облысы, Сары-

су  ауд.) «қ  ы  з  м  а  й»  дейді  (А.Əшімов, 

Шығ., 5, 17). 

ҚЫЗМЕТТІК:  Қызметтік  хаттар.

Мекеме  басшыларының  баспада  да-

йындалған арнайы бланкаларында жазған, 

қолы қойылған хат түрлері. Қ ы з м е т т і к 


383

Байынқол Қалиев

х а т т а р д ы жазудың кең тараған үлгілері 

бар (Л.Дүйсембекова, Іс қағаз., 123). Қ ы з 



м е т т і к  х а т т а р д ы ң еркін түрде 

жазылатын  кездері  де  жиі  кездеседі  (Екі 

тілде іс жүргізу, 170). 

ҚЫЗУҚАНДЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап  қы-

зып кететін, тез көтерілетін (адам). Біреу-

лерге шектен тыс қ ы з у қ а н д ы л а у боп

көрінгенімен, тормозы мықты ғой Қабыл-

жанның (Қ.Жиенбай, Даңқ, 122). 



ҚЫЗЫҒЫМПАЗ  с  ы  н.  Əр  нəрсеге 

бір  қызыққыш,  көрсеқызар.  Еркебұлан 

өзінің əр нəрсеге қ ы з ы ғ ы м п а з, ергіш 

мінезін жеңе алмай қалатын (І.Есенберлин, 

Махабб., 78). 



ҚЫЗЫҚҚҰМАР  з  а  т.  Қызықты 

ұнататын  адам,  қызықшыл.  Бір  жылы 

орталарында  бесатарлы  біреуі  бар 4-5 қ 



ы з ы қ қ ұ м а р л а р д ы ң жайлауға келе 

қалғаны  (К.Сегізбаев,  Жап-жасыл., 116). 

Жер бетінен адам əдейі іздеп бармаса, қ ы з 

ы қ қ ұ м а р, жақсыға өш кезбелердің аяғы 

жете бермейтін (Ө.Ахмет, Қарқаралы., 75). 



ҚЫЗЫҚТАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қызық 

көрушілік,  қызығушылық.  Міне,  қызық!

Қ ы з ы қ т а у ш ы л ы ғ ы м одан сайын 

артты (Ə.Қалдыбаев, Таңд. шығ., 1, 133). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет