ҚЫЗЫЛШАҚАТ з а т. Қызыл түсті
шақат. Үш-көкшенің қ ы з ы л ш а қ а т
шағылдарында ма-ау, Ақбозат арындатып,
қасқыр қуып келе жатады (Т.Əлімқұлов,
Сейтек сарыны, 79).
ҚЫЗЫЛШАЛЫҚ з а т. Қызылша
егілген (егілетін) жер. Қ ы з ы л ш а л ы қ
бусанып жатыр (Лен. жас, 25. 07. 1974, 3).
ҚЫЗЫЛШИЕ з а т. б о т. Мəдени шие
тұқымдарының бірі (вишня). Алма ағашы
мен шиеден басқа, раушан тұқымдасына
– алмұрт, айва, қ ы з ы л ш и е, алхоры,
өрік, слива, шабдалы, бадам жатады
(Ботаника, 203).
ҚЫЗЫЛШУ... Кітапта қойдың тыныс
органдарының аурулары, көз қарығу,басқақ,
желінсау, секіртпе, қ ы з ы л ш у, топалаң, са-
рып, қотыр, бауырқұрт, ішекқұрт, өкпеқұрт
тағы сондай түрлі аурулардың себептерін
жəне олардан сақтану жолдарын көрсетеді
(Қазақс. ауыл шаруаш., 1960, №12, 92).
ҚЫЗЫЛШҰНАҚ з а т. Он теңгелік
ақша (Кеңестік дəуірде). – Студентшілеп
бір-бір қ ы з ы л ш ұ н а қ т ы ортаға
тастайық демекшісің ғой (А.Мекебаев,
Алапат, 259).
ҚЫЗЫЛШЫ з а т. с а я т. Алған аңды
сойып, етінен тамақ əзірлеуші.
ҚЫЗЫЛШЫРАЙЛЫЛАУ с ы н. Сəл-
пəл қызылшырайлы; қызылшырайлырақ.
Сондықтан да шығар, қап-қара үстелдің
арғы жағындағы ақ жейделі, қ ы з ы л ш
ы р а й л ы л а у, жымсиыңқыраған ректор
бұған түсінікті сезілді (М.Байғұт, Бұла
бұлақ, 130).
ҚЫЗЫН е т. с ө й л. Зорығу. Бідің
қара ауыз сары ат 1946 жылы өртеңнен
оралған күннің ертеңінде қ ы з ы н ы п өлді
(З.Қиянатұлы, Көшпенді., 23).
ҚЫЗЫНДА е т. с ө й л. Қызуы көтерілу,
ысып кету, қызу. Бірде сол жақ сүбелігі-
нен, кейде оң жақ бүйірінен əлгіндей
толқып-толқып кетеді де, тұла денесі қ ы з
ы н д а й жөнеледі (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 377).
ҚЫЗЫНДАУ Қызында етістігінің
қимыл атауы.
ҚЫЗЫНУ Қызын етістігінің қимыл
атауы.
ҚЫЛ: Қыл құйрық. Жылқы малы.
Колхоздағы төрт тұяқ, қ ы л қ ұ й р ы қ
т ы ң іске татырының оған бəрі мəлім
(Б.Соқпақбаев, Таңд., 385).
Қыл сағағын қиды. Сағақ тұсынан
қолының қырын жүргізіп өтті («Байыр
едің, тойынар едің» д.м). – Ендігі былай
тұрар едің, - деп қолының қырымен қ ы л
с а ғ а ғ ы н қ и д ы (Ж.Кəрменов, Ғашық.,
165).
ҚЫЛ: Қыл шапан... Түлкі тымақ,
маңлық тыс, Мойында бар ақ шарфы.
Қымбат ішік, қ ы л ш а п а н, Серіліктің
нақ шарты (А.Үлімжіұлы, Шығ., 2, 398).
ҚЫЛАЙМА е т. ж е р г. Міз бақпау,
былқ етпеу. Тым құрмаса бір көрсет деп
жалынды Қабираға. Апырай, неткен
дүзіқара, қ ы л а й м а д ы-а у, қ ы л а й м
а д ы (М.Сқақбаев, Ұят тур., 151). Ақыры
көкесінің қ ы л а й м а с ы н а көзі жетті
388
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ме, құлдырықтай жүгіріп киімдерін тауып
əкелді (Бұл да, 194).
ҚЫЛАМЫТ е т. ж е р г. Қылаулау,
қылауыту. Бейне терең аспан түбінен
əлдекім шекер шашып тұрғандай аппақ
қауырсын қ ы л а м ы т т ы дерсің
(Д.Досжанов, Жолбарыс, 31).
ҚЫЛАҢҚҰЙРЫҚ з а т. б о т. Шөлді,
шөлейтті жерлерде өсетін бозғылт
түсті бұта. Көкпек, жусан, бұйырғынды
жалпақ дала артта қалды. Ара-тұра изен,
құмаршық, түйеқарын, ірі бұтадан – қ ы л
а ң қ ұ й р ы қ, шағыр, дүзген (Ғ.Сыланов,
Замана., 294). Жал-жал шағылдардың
баурайындағы топ-топ қ ы л а ң қ ұ й р ы қ
пен шағыры, түп-түп қияғы, жантағы мен
қарабарағы қар астында жапырылып қалды
(М.Мəжитов, Құныскерей, 24). Қуаңшылық
болса да, құмның шөбі баршылық еді. Қ ы
л а ң қ ұ й р ы қ, қияқ, сарымия, есекмия,
жантақ өсіп еді (Бұл да, 137).
ҚЫЛАҢЫТ... 2. а у ы с. Байқалу, сезілу;
жылт ете қалу. Жат жерде жүріп жан бер-
ген ұланды мұндай қадамға итермелеген не
нəрсе деген ой да қ ы л а ң ы т а д ы санада
(Қаз. əдеб., 12. 06. 09).
ҚЫЛАП с ы н. ж е р г. Ұқыпты, тың-
ғылықты, жинақы. Өзі де ұстамды,
қ ы л а п қой! (А.Сейдімбек, Аққыз, 96).
ҚЫЛАУЛА... 2. а у ы с. Жылт ете қалу,
байқалу; қылаңыт. Осы жерден асқан-
да «Жабайы адам қуса да жете алмайды»
деген көмескі түйсік екеуінің де санасын-
да қ ы л а у л а ғ а н (Э.Төреханов, Таудан
түс., 37).
ҚЫЛАУЫЗ з а т. к ө н е. Жердің
жағдайын жақсы білетін адам. Жол көр-
сетуші. Ақсақ Темір əсіресе жол көр-
сететін кісіге – қ ы л а у ы з ғ а өте көңіл
бөлген (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 367). –
Бұл қай жер, қандай ел? Сөйле! – деп Жошы
сонау Ақжайқыннан бері жол бастап,
ханға қ ы л а у ы з ы міндетін атқарып келе
жатқан Есеншораға бұрылған (Е.Тұрысов,
Темірлан, 131). Үш жүз мың құлақкесті
құлдар орданың жер тыңшысы – Маңғыла
қ ы л а у ы з ы көрсеткен жеті биіктің үстіне
айдап шығарылған (Бұл да, 133).
ҚЫЛАУЫЗДЫҚ з а т. Қылауыз
болушылық, жол көрсетушілік. Қ ы л а у ы
з д ы қ қ а Темір-Құтлық пен Құнжақ екеуі
де жетеді ғой деймін (І.Есенберлин, Шығ.
жин., 9, 372).
Қ Ы Л А Я Қ ТА Н е т. Ж і ң і ш ке ру,
азаю, сарқылу. Оның үстіне қысқы өріс,
қоныс саналатын сонау құм бойындағы
жайылымдарға су-өзен арналары қ ы л а я
қ т а н ы п жетеді де, одан да қыспақ көрер
жайы тағы бар (К.Ахметбеков, Ақдала,
2, 357).
ҚЫЛАЯҚТАНУ Қылаяқтан етіс-
тігінің қимыл атауы.
ҚЫЛБУЫТ з а т. Тар жер, қыспақ,
қылта (Ө.Қанахин, Құдірет, 135). Шығанақ
Үшшоқы қ ы л б у ы т ы н а н 17 километрлік
шлюзді бөгетпен бекиді (Қаз. əдеб., 01. 12.
1989, 3).
ҚЫЛБУЫТТАН е т. Қылбуыт болу,
қысылу, тарылу (Ө.Қанахин, Құдірет, 193).
ҚЫЛБУЫТТАНУ Қылбуыттан
етістігінің қимыл атауы.
ҚЫЛҒЫМА: Қылғыма қонақ. Тамақ
ішу үшін келген қонақ. Қазақ халқы жалпы
қонақтарды: арнайы қонақ, құдайы қонақ,
қыдырма қонақ, қ ы л ғ ы м а қ о н а қ деп
төртке бөледі (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік,., 2, 70.
ҚЫЛДАБАЙ з а т. Көмір сақтайтын
жабық орын (үйшік). Көлік іздеу, стансаға
барып көмір сұрау, оны түсіру, тауық
қораның жанындағы қ ы л д а б а й ғ а тасу...
(Н.Ораз, Сиқырлы., 168). Сары Петро өзі
ере келіп, көмірді түсіріп, қ ы л д а б а й
ғ а тасып, ет жеп, Асқанбайдың үйінен əкел-
ген бір шырт-пырт қымызды ішіп кетті
(Бұл да, 173).
ҚЫЛДЫБАҚЫР з а т. Мосыға асып,
ас пісіретін, тұтқасы (бауы) зымнан
жасалған бақыр (Ж.Өмірбеков, Қызыл су,
9, 21). Қарауыл төрт жағынан түгел қойып,
Қалың қол, ат түйіскен қатарласып, Мосыда
қ ы л д ы б а қ ы р терең сайда Қозының
құлынменен етін асып (И.Байзақов,
Құралай сұлу, 97).
ҚЫЛЖАҚБАЙ с ы н. Қылжақтап
қалған, қылжақбас.
ҚЫЛЖАҚБАЙЛЫҚ з а т. Қылжақтап
қалғандық, қылжақбастық. - Өзінің де
бір таусылмайтын қ ы л ж а қ б а й л ы ғ
ы бар, - деп Сəлім Жасұланның көңілін су
сепкендей басып тастады (Э.Төреханов,
Таудан түс., 110).
ҚЫЛКҮПЕК з а т. в е т. Күпегі тарыл-
ғандықтан еркек малдың қамшысы сыртқа
шықпай қалатын ауру. Қ ы л к ү п е к ауру-
ына айғыр, бұқа ұшырайды (ҚСЭ, 7, 96).
389
Байынқол Қалиев
ҚЫЛҚА з а т. к ө н е. Жеңіл, жұқа тері-
ден істелген сырт киім. Бедері жоқ қ ы л
қ а д а н Берік тоқылған бөз артық. Бірлі-
гі жоқ туыстан Берік сөйлескен жат артық
(Ел аузынан, 54).
Қылқа тон. э т н. Ешкі терісінен
тігілген тон. 6 айлық лақтардың терісінен
доха (жүні сыртқа қараған ішік), жалпы
жас лақтардың терісінен қ ы л қ а т о н
тігілетіндігі Шорманов жазбаларынан
белгілі (Білім жəне еңбек, 1986, №1, 32).
ҚЫЛҚАН: Қылқан жапырақ. б о т.
Алақаны жоқ, өзі тікенге (қылқанға) ай-
налып кеткен жапырақ түрі.
Қылқан жапырақты. Қылқан жапы-
рақтары бар. Қ ы л қ а н ж а п ы р а қ т ы
ағаштарға қарағай, шырша т.б. жатады
(Ботаника, 225).
ҚЫЛҚИ-ƏЛЕ з а т. ж е р г. Түйенің бір
түрі: мойны ұзын, бойы аласа келеді. Нар
түйені алсақ, бұл да негізінде екі түрге
бөлінеді. Бірінші түрін – қ ы л қ и-ə л е деп
атайды. Мойны ұзын, бойы аласа келеді,
тұрқы да шамалы, өркеші жоқтың қасы, өзі
өте жүрдек (Қазақст. ауыл шаруаш., 1963,
№11, 36).
ҚЫЛҚИҒАНДАУ с ы н. Аздап мойны
қылқиған, қылқиып қалған. Шопанның
көмекшісі, мойны қ ы л қ и ғ а н д а у, көзі
бадырақ, өңі желқақты жұқалтаң жігіт шай-
дан кейін шанағы жамау-жамау домбыраны
қолға алды (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 451.
ҚЫЛҚИЯР з а т. с ө й л. Ұстара. Қоб-
дида жатқан мүйіз сапты қ ы л қ и я р д ы
шығарды (Ж.Орманбаев, Қос басшы, 62).
ҚЫЛҚУАРДАЙ: Қылқуардай қа-
далды. Аш кенеше жармасты, тікенше
қадалды. Қ ы л у а р д а й қ а д а л ы п
біреуден бірдеңе іліп қалмаса, көңілі көн-
шімейді (С.Оспанов, Сопы., 212).
ҚЫЛҚҰРТ з а т. а у ы с. Іштен жейтін
жегі, арамза, қу. Барды басқарып жүрген
осы екеуінің бірі ұрт, бірі қ ы л қ ұ р т екенін
жұрт байқап қалған (К.Мұқажанұлы, Ор-
теке, 64). Туған елім надан жұрт, Жуандық
тағы бір қ ы л қ ұ р т (Шəкəрім, Шығ., 190).
ҚЫЛМОЙЫН з а т. э п и т. Арақ. Арақ
ішкен студент көрсе, ит қосып қуатын
атышулы Қожекеев бір-екі «қ ы л м о й ы н
д ы» өз қолымен ашып жатыр (Б.Омарұлы,
11-ші қаламұш, 21).
ҚЫЛМЫҚ__1'>ҚЫЛМЫҚ
1
з а т. Будан арқылы өркешті
аруанадан туған түйе. Жалпы бір өркешті
аруанадан будан арқылы інген, үлек, нар-
мая, кердері, көйін, қ ы л м ы қ, балқос-
пақ, мырзақоспақ, қоспақ секілді алуан-
алуан түйелер тарайтынын екі қазақтың
бірі білуге тиіс (Қаз. əдеб., 25. 11. 1988,
1). Ал біздің облысымызда будан түйе-
лер баршылық. Мысалы, нармая, кер-
дері, қ ы л м ы қ маяларды қыс кезінде
дұрыс азықтандырса, 1100-1700 литрге
дейін сүт береді (Коммунистік еңбек, 11.
11. 1969).
ҚЫЛМЫҚ
2
с ы н. Қылмиған, жіп-
жіңішке. Аяғындағы осы жолы астанадан
киіп келген, қ ы л м ы қ туфлидің қазықтай
тақасымен еденді тесетіндей кіжіне теуіп-
теуіп қалды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 209).
ҚЫЛПЫ з а т. ж е р г. Қарасы, сұл-
абасы, нобайы. Мана ас үй жақтан Зипаға
көмектесіп жүрген бір əйелдің қ ы л п ы
көрініп еді (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш,
41). Қара төбет Лашынның қ ы л п ы н
шалса-ақ бой тасалауға тырысады
(М.Мағауин, Қиянда., 190). Келесі кезеңге
көтерілгенімізде тағы бір қызыл түлкінің қ
ы л п ы көрінді (Туған жер., 133).
ҚЫЛСАП... Тісті дұрыс тазалауда па-
ста ғана емес, қ ы л с а п та үлкен қызмет
атқарады (Отбасы., 2007, №2, 28).
ҚЫЛТҚЫМА с ы н. ж е р г. Қылт-сылт
еткен, құбылмалы, өзгермелі. Өміртай
заманының қ ы л т қ ы м а мінезіне сенбей
қызын асығыс ұзатқанына кінəлі емес еді
(М.Разданұлы, Алтай., 239).
ҚЫЛ-ШОҚ з а т. Сақал-мұрт алу үшін
сабын жағатын шөтке (помазок). Бет-
аузын сабындайтын қ ы л-ш о қ сақалын
алдырып отырған адамның мұрнына барып
тіреліп, алдақашан тоқтап қалғанын Мухин
сезбейді де (Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 57).
ҚЫЛЫ з а т. ж е р г. Терезенің əйнегі,
шынысы (Ж.Досқараев, Жерг. ерекш., 143).
ҚЫЛЫШШЫ з а т. Қылышпен
соғысушы, қылышкер. Əр қаруды жете
меңгерген жауынгерлерден садақшылар,
найзашылар, қ ы л ы ш ш ы л а р, айбалта-
шылар, шоқпаршылардың əскери бөліктері
құрылған (Ата салты., 42).
ҚЫМҚЫРУШЫ з а т. Ұрлаушы,
жымқырушы. ≈ Қ ы м қ ы р у ш ы ұсталды.
ҚЫМҚЫРУШЫЛЫҚ з а т. Қым-
қырғандық, қымқыра бергендік. Тіршіліктің
қай саласында болмасын қ ы м қ ы р у ш ы
л ы қ пен қиянатты, моральдық азғындауды
390
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ойласаң жаның қасым болады (С.Ғаббасов,
Қандауыр, 105).
ҚЫМТАҒЫШ с ы н. Қымтаған,
қымтайтын (адам).
ҚЫМТАҒЫШТА е т. Қайта-қайта
қымтай беру. Апам түймемді салып,
əйтеуір қ ы м т а ғ ы ш т а п-а қ жатыр
(Қ.Омарұлы, Əке, 14).
ҚЫМТАҒЫШТАУ Қымтағышта
етістігінің қимыл атауы.
ҚЫМЫЗДАН е т. с ө й л. Қымыз ішу,
қымызға қану. Бейуақ келген қонақтар
ертеңіне таңсəріден асығыс шайланып, қ ы
м ы з д а н ы п шұғыл аттанды (Ə.Кекілбаев,
Елең-алаң, 120).
ҚЫМЫЗДЫҚ с ы н. Қымызға тəн,
қымызға қатысты. Қымыздың қ ы м ы з
д ы қ қасиетін біліп жатқан ешкім жоқ
(Ш.Мұртаза, Не жетпейді? 18).
ҚЫМЫЗДЫҚТЫ с ы н. Қымыздық
өскен, қымыздығы мол (М.Мағауин,
Қиянда., 179).
ҚЫМЫЗСІҢДІ: Қымызсіңді болды.
Қымыз көп құйылып, əбден үйреншікті
болу, қымыз сіңу. Шытыралы қоңыр
тегене, əбден қ ы м ы з с і ң д і болып,
мүйіздей қатқан бүйрек ожау теңнен алын-
ды (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 192).
ҚЫМЫЗШЫЛАУ... Енді жұрт қ ы м
ы з ш ы л а у ғ а құқықты. Таңертеңгі шай-
ын ішерішпестен əуелі ауыл үйге, содан
соң атқа мініп, басқа ауылға қыдырады
(Н.Қазыбеков, Дала, 9).
ҚЫМЫҢ-ҚЫМЫҢ... Ақынның сы-
ни-міни ашы сөзіне қыбы қанып, қ ы
м ы ң-қ ы м ы ң күліп отырғандар – Андас-
тың аталас ағайындары (О.Сəрсенбай,
Шығ., 4, 11).
ҚЫНАЛА е т. ж е р г. Ылығу. Оның
себепкері – қ ы н а л а ғ а н н а н бері осы
ауылдың бар итін соңынан шұбыртып
жүрген дүрегей қаншық Ұшар еді
(М.Мағауин, Қиянда., 199).
ҚЫНАПТА е т. Қынапқа салу, қынап
жасату. ≈ Қылышын қ ы н а п т а н алды.
ҚЫНАПТАЛ Қынапта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Патшалық киіп
алды шенді тонын, Жібек кесте, алтынды
зерлі тонын. Алтын сабақ, гауһар көз қ ы н а п
т а л ғ а н, Қылышы-ақ суырғандай елдің
көзін (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 23).
ҚЫНАПТАЛУ Қынаптал етістігінің
қимыл атауы.
ҚЫНАПТЫ с ы н. Қынабы бар, қы-
напқа салынған. Төрде былғары қ ы н а п
т ы, ұзын, қайқы қара қылыш ілулі тұр
(М.Мағауин, Аласапыран, 90).
ҚЫНАР з а т. ж е р г. Жаға, жиек. Өксі-
ген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат
тауып басылады. Қ ы н а р д а тілсіз тұрған
тоғайлар да, Шуылдап желмен бірге бас
ұрады (Ы.Алтынсарин, Жеті ғасыр., 2, 12).
ҚЫНАСАРЫ с ы н. Қынаның түсіндей
сарғыш түс. Шеген коробканы ашты да,
ішіндегісін көрсетті: ақ мақтадан төсек
төсеп, алтындай жалтылдаған қ ы н а с а р ы
қоңыз салып қойған екен (Ғ.Мүсірепов,
Қаз. солдаты, 44). Қара мақпал жеңсіз, қ ы
н а с а р ы қос етек көйлек киген жас қыз
үйге кіре берді (Ғ.Мүсірепов, Таңд., 3, 546).
ҚЫНАУЛАП ү с т. ж е р г. Тамағын
қырнап, даусын көтеріп. Əлдебір желөкпе,
қызбалау қонақ Қозы Қарынды мақтай
келе: «Ал, кəне алып жіберейік!» деп
қ ы н а у л а п дауыс көтергенде, стол
басындағылар жаны қалмай атып-атып
тұрды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы, 171).
ҚЫНАУСЫЗДАУ с ы н. ж е р г. Анық-
айқын емес, көмескілеу, бəсеңдеу. – Жə, ре-
гламент. Шамасы дауысың қ ы н а у с ы з д а у
шықты-ау деймін, қу неме құлақ қағысыңа
қыңбады (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 325).
ҚЫНЖЫ з а т. к ө н е. Əрі-бері ысып,
қайысты жұмырлау үшін арнайы жасал-
ған, бірнеше жерінде əртүрлі көлемде
тесіктері бар сүйек құрал. Қайыстың
тілінбеген бөлігін қ ы н ж ы д а н өткізіп
жұмырлап, ұшына темір шығырық тағатын
(Қаз. əдеб., 29. 05. 1981. 12).
ҚЫНСЫЗ с ы н. Қыны жоқ, қынға са-
лынбаған. Қылыш құнды қ ы н с ы з да, Қын
қылышсыз құнсыз ба? (Жаңылтпаштар, 24).
ҚЫНУЛЫ с ы н. ж е р г. Лыпып тұрған,
епті, тың (ат). Құр ұстап қойға мінбеген
Бəрінде бір-бір қ ы н у л ы ат. Құлайды
орғыл құмменен Ор қоян–шана зуылдап
(Қ.Мырзабеков: Лен. жас, 01. 01. 1976, 3).
ҚЫҢ е т. ж е р г. Ауу, өту. Кеше түс
қ ы ң а естіп, бұл тебіренбеген бір тосын
əуен түледі (Ə.Кекілбаев, Бір шөкім.,
106). Түн қ ы ң ғ а с ы н-а қ аспан іріген
шалаптай реңінен айырылып жүре берді
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 30).
ҚЫҢҒЫ с ы н. ж е р г. Қыңыр, қырсық,
қиқар. Ол (Кеңес Одағы) қолқа салған
күнде де, оның айтқанына қ ы ң ғ ы қытай
391
Байынқол Қалиев
көне ме? (Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 246).
– Сондай-ақ құсты ақпейіл, қ ы ң ғ ы деп
екіге бөлеміз. Бұл байқұс «ақпейіл» ғой.
Тез-ақ көніп кетті. Айқай-шуға салатын ана
қ ы ң ғ ы н ы ң тұқымы (М.Юсупов: Қаз.
əдеб., 09. 04. 1982, 14).
ҚЫҢҚЫЛДАУШЫ з а т. Қыңқылдап
қайта-қайта айта беруші. Үстінен арыз
айтып, қ ы ң қ ы л д а у ш ы л а р да көп
(С.Ғаббасов, Қандауыр, 41). Аяз қақап
берген уақытта Шорманға қ ы ң қ ы л д а у
ш ы л а р аяғы сап болды (Қ.Исабаев, Шоң
би, 157).
ҚЫҢУ Қың етістігінің қимыл ата-
уы. Сүйткен Ғинаят кімнен қ ы ң у ш ы
еді. Шайхаттың өзі абайлап сөйлеседі
(Ə.Кекілбаев, Құсқанаты, 21).
ҚЫҢЫРАТҚЫ... Қажы молда шай
дастарқаны үстінде де пейілі тарылып,
кекеп-мұқап, қ ы ң ы р а т қ и берді
(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 69).
ҚЫҢЫРҚАН е т. с ө й л. Қыңқылда.
Енді көзі ілініп бара жатыр екен, жанындағы
кішісі Нұрман қ ы ң ы р қ а н ы п оянды
(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 259).
ҚЫҢЫРҚАНУ Қыңырқан етістігінің
қимыл атауы.
ҚЫПШАҚ
1
з а т. к ө н е. Домбыра. Ол
өзі жасап алған қ ы п ш а ғ ы м е н (дом-
быра) бір күй тартса, жұрттың бəрі күліп,
мəз-мейрам болады (Ел аузы., 276).
ҚЫПШАҚ
2
з а т. э т н. Қазақ халқын-
ның негізін қалаушы ірі тайпалардың
бірі. Қ ы п ш а қ т а р бірсыпыра түрік ха-
лықтарының өз алдына ұлт болып қалып-
тасу тарихында елеулі рөл атқарған
(ҚСЭ, 7, 102). Қ ы п ш а қ т а р туралы
алғашқы мəліметтер ежелгі Қытай дерек-
темелерінде ұшырасады (ҚСЭ, 7, 103).
Мұнда ежелгі сақтардан бүгінгі көп ұлтты
совет халықтарына дейін каспилер мен
аландар, оғыздар мен қ ы п ш а қ т а р,
қалмақтар мен ноғайлар тұрған (Мəдениет
жəне тұрмыс, 1973, №3, 10).
Қыпшақ тілі. Орта ғасырда Дешті
қыпшақ деп аталған кең аймақ пен оған
жапсарлас жатқан жерлерді мекенде-
ген қыпшақ ру-тайпаларының тілі (ҚСЭ,
7, 105).
ҚЫПШАҚИ с ы н. Қыпшаққа тəн,
қыпшақ үлгісіндегі. Иығына жасыл мауы-
ты жеңіл шапанды жаба салған. Басында
қ ы п ш а қ и төрт салалы құндыз бөрік
(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 87). Белінде
сом алтынмен қапталған жалпақ қ ы п ш а
қ и белбеу (Бұл да, 120).
Достарыңызбен бөлісу: |