Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Түркология, № 4, 2016 
тұлғасындағы сөздерден кейін жалғанатын -
ндин 
жалғауы мүлдем 
кездеспейді.
 
Жатыс септік. 
«Шыңғыс-намеде» жатыс септігінің 
-дә
морфологиялық тұлғасы негізінен посесивті -
ындә, -індә
көрсеткіштері 
құрамында көрініс береді. ... күзнүң 
башында
хан хәстә болды. Орда 
ічіндә
кі өтәк күйін қобсай башласа... . Сарай 
вілайәтіндә
хан қылды. 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінде жатыс септік сөз түбірінің 
жуан-жіңішке қасиетіне қарай -
да, -дә, -тә 
жалғауларымен беріледі. 
Мысалы: 
баргаһида, динидә, шәриәттә 
т.б. Дегенмен жатыс септікке 
қатысты ескерткіштің өзіне тән ерекшеліктері де жоқ емес. Жатыс 
септік жалғауларында, жалпы алғанда, дыбыс үндестігі сақталғанымен, 
септіктің қолданылуында дыбыс ассимилияциясына тән фонетикалық 
талаптарға сай келмейтін тұстар да орын алады. Мәселен, «Тәварих-и 
мусиқиунда» қатаң дауыссыз дыбыспен аяқталған сөздерге ұяң -
да, -дә 
варианты жалғанады. Мысалы: 
алимлиқда, туғутда, балағәтдә 
т.б. 
«Тәварих-и мусиқиунда» қатаң дауыссыз дыбыспен аяқталған сөздерге 
жатыс септіктің қатаң дауыссыз дыбыстағы -
тә 
варианты [т] 
дыбысымен аяқталған 
һәйрәттә 
және 
шәриәттә 
деген сөздерге ғана 
жалғанады. Кейде бір түбір үшін бұл септіктің жуан варианты да 
(-да), 
жіңішке 
варианты 
да 
(-дә) 
қолданылған: 
ишқида//ишқидә, 
чәмәндә//чәмәнида, китабида//китаплардә 
т. б.
 
Орын-белгі септігі. 
«Шыңғыс-наме» ескерткіші тілінде орын-
белгі септігі -
дақы, -дәкі
жалғаулары арқылы жасалған. Мысалы, Тәбә 
башындақы
бір кішідін. Ол тебәдәкі кіші. Қасындақы чөрәләрі. 
Йақындақы
әлләр. Теңіз-Буганың 
ішікіндәкі

 
«Тәварих-и мусиқиунда» 
орын-белгі септігі ескі ұйғыр тіліндегі -
дағы, -дақы, -дәки 
тұлғасында 
өрнектелмей, қазіргі ұйғыр тіліндегідей -
дики 
жалғауы арқылы 
беріледі. Бұл тұлға сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 
анықталушы сөздің орын жағынан белгісін білдіреді. Мысалы: һәр 
кичә кирип истиқамәт қилған 
Ниъмәти Абаддики 
луһәдларигә 
тарихниң сәккиз йүз тоқсан тоққузида дәфн қилиндилар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет