64
Түркология, № 4, 2016
Ілік септігінің Орхон жазба ескерткіштері тілінде және ескі ұйғыр
тілінде көп қолданылған -
ың, - иң
тұлғасы «Тәварих-и мусиқиунда»
және «Шыңғыс-намеде» кездеспейді.
Табыс септік.
«Шыңғыс-намеде» табыс септігінің
-ны, -ні
жалғаулары орын алады:
сөзүмні
әрз қылмайын,
Хызыр-ханны .
.. хан
қылды.
«Тәварих-и мусиқиун» тілінде табыс септігінің -
ни
жалғауы жиі
қолданылады. Мысалы: Бу
ғәзәлни
қәйәрдин өргүнүп ирдиңиз.
Ескерткіште кейде табыс септік ІІІ
жақ тәуелдік жалғауынан кейін -
н
қосымшасын қабылдайды. Табыс септігінің бұл формасы -
ни
қосымшасы сияқты поэзия тіліне де, проза тіліне де тән болып келеді.
Мысалы: ... бағрим қара
қанин
сия қилип әзгаймән... . «Тәварих-и
мусиқиун» тілінде орта ғасыр ескерткіштер тілінде өнімді жұмсалған
табыс септігінің -
и
қосымшасы мүлдем кездеспейді.
Шағатай дәуіріндегі ескерткіштер тілінде табыс септігі
жинақталып, бірізділікке түскені байқалады, оларда табыстың
-ны, -ні,
-ни
жалғауынан басқа көрсеткіштері кездеспейді
Ескі ұйғыр тіліндегі ескерткіштерге тән ілік пен табыс септігіне
ортақ -
ни
жалғауы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде функционалдық және
грамматикалық сараланғандығы байқалады, яғни ілік септік үшін -
ниң,
табыс септік үшін -
ни
жалғауы қолданылады. Табыс септікте
тәуелдіктің ІІІ
жағынан кейін -
н
қосымшасы жалғанады.
Барыс септік.
«Шыңғыс-намеде» бағытты білдіретін барыс
септігі
-ғә, -ға
қосымшалары көмегімен жасалады: Қыйат Ысатайғә ...
бәрді. Қашанәсіғә таш кірпіч қойғандә. Әлні бізгә бәрді.
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткіші тілінде барыс септік -
ға, -гә, -
ғә, -қа, -кә, -қә
жалғаулары арқылы беріледі. Барыс септігінің жалғауы
«Тәварих-и мусиқиунда» сөздің жуан және жіңішкелігі ескерілместен,
буынды талғап та, талғамай да жалғанады. Мәселен: -
ға
варианты
дауысты немесе ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған жуан сөздерге
жалғанады (Мысалы,
йолға, абадиға, дунияға), -қа
варианты қатаң
дауыссызбен аяқталған жуан сөздерге жалғанады (мысалы,
яшқа)
яғни,
негізінен фонетикалық заңдылықтарды сақтайды.
Ескерткіште барыс септігінің -
ға, -гә, -қа, -кә
жалғауларының
орнына ескі ұйғыр тілінде кең қолданылған -
ғә
жалғауы ғана
қолданылады. Мәселен, қатаң дауыссызбен аяқталған бірқатар
сөздерге -
ғә
варианты жалғанады. Мысалы:
сандуқғә, Таримғә,
шеиримғә
т.б.. Кейбір сөздерде -
қа
вариантының орнына -
қә
варианты
қолданылады. Мысалы:
достлуққә, иқапқә, яшқә.
Қатаң дауыссыз