Түркология, № 4, 2016 «Шыңғыс-наме» және «Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік
жалғаулары жекеше және көптік тұлғада кездеседі. Бұл
ескерткіштердегі тәуелдік жалғауларында палаталь-веляр гармония,
еріндік үндестігінің әсері анық сезіліп тұрады. Жекеше және көптік
тұлғалар сөз түбірінің сипатына немесе дауысты, дауыссыз
дыбыстармен аяқталуына қатысты болып келеді: «Шыңғыс-наме»
тілінде тәуелдік мынадай жалғаулардың көмегімен жасалады:
І жақ (жекеше түрі)
-(і)м, -ым, -үм, - ум; (көпше түрі) -
іміз, -мыз. ІІ жақ (жекеше түрі) -
ің, -ың; (көпше түрі)
-іңіз, -ыңыз, -үңі з.
ІІІ жақ (жекеше түрі) -
і, -ы, - сі, -сы; (көпше
түрі) -
і, -ы, -лары, - ләрі Атам орунға ағам сән. Әмма
атамыз сені бісйар сүйіп әрді.
Сенің
ханлықыңғә мән чыдармән. Әмма
менің ханлығымғә сән
чыдымассән. ... тәб
ағасыға көп тәкліф қылды. Мән һәм
сөзүмн і әрз
қылайын... сіз һәм
сөзүңізні әрз қылыңыз. ...Улуғ-хан көрүнүшігә
бардылар.
... оғланлары дур, теб екі бағлығ әлні бізгә бәрді және т.б.
«Тәварих-и мусиқиунда» тәуелдік жалғауларының төмендегі
түрлері қолданылған. Жекеше және көптік тұлғалар сөз түбірінің
сипатына немесе дауысты, дауыссыз дыбыстармен аяқталуына
қатысты болып келеді:
І жақ (жекеше түрі) -
м, - им, -үм, - ум; (көпше түрі) -
миз, - имиз. ІІ жақ (жекеше түрі) -
иң, - уң; (сыпайы түрі) -
иңиз; (көпше түрі)
кездеспейді.
ІІІ жақ (жекеше түрі) -
и, - си; (көпше
түрі) -
и, -лари, - ләри «Тәварих-и мусиқиунда» зат есімдердің тәуелдік категориясында
І жақ көптік жалғауы езулік -
миз, -имиз тұлғасында ғана кездеседі. Ескі
ұйғыр тілінде жазылған басқа ескерткіштерде көп қолданылатын І жақ
көпше түрінің -
биз тұлғасы «Тәварих-и мусиқиун» тілінде мүлде
қолданылмайды. ІІ жақ жекеше тұлғасы қазіргі тіліміздегідей ІІ жақ
жекеше тұлға зат есімдерге -
иң, -уң, -үң жалғауларының жалғануы
арқылы, ІІ жақтың сыпайы тұлғасы зат есімге -
иңиз жалғауының
қосылуы арқылы жасалады. Ескі ұйғыр тілінде зат есімдердің ІІ жақ
көпше түрі -
иңиз, -уңиз, -үңиз жалғаулары арқылы жасалған болса,
қазіргі ұйғыр тілінде ІІ жақ көпше -
иңлар (варианттарымен) жалғауы
арқылы өрнектеледі. Ескерткіште ескі ұйғыр тіліндегідей тәуелдіктің
ІІІ жақ -
и, -си жекеше тұлғасы мен ІІІ жақтың -
лари, -ләри көпше
тұлғасы қолданылады. Қазіргі ұйғыр тілінде тәуелдіктің ІІІ жағы
жекеше және көпше түрі үшін -
и, -си жұмсалады.