Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»


Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық... 
дыбыспен аяқталған сөздерге ұяң дауыссыз дыбыспен басталған 
жалғаулар жалғанғаны да орын алады. Мысалы: 
фәзиләтғә, бекғә, 
хотәнликгә 
т.б. Барыс септігінің мұндай қолданысы Орхон-Енисей 
ескерткіштеріне де тән. Енисей мәтіндері және ежелгі ұйғыр тілі 
ескерткіштерінде - «Қутадғу билик» және «Дивану луғәт-ат түркте» 
жуан түбірлі сөздерге барыс септігінің 
-қа 
варианты жалғануы да, -
ға
вариантының жалғануы да кездеседі. Орхон ескерткіштерінің 
мәтіндерінде осындай сөздерге тек -
қа 
варианты жалғанғаны мәлім [6, 
12-13; 7, 149-150]. 
«Тәварих-и мусиқиун» тілінде сингармонизм заңына бағынған 
сөздер де баршылық. Мысалы: 
мәликәгә, мусибәткә, яшқа 
т.б. 
Орхон-Енисей, ежелгі ұйғыр тілі ескерткіштерінде «Қутадғу 
билик», «Дивану лугәт-ит түрк», «Һибәт-ул һәқайиқ», «Гүлистан», 
«Кисекбаш китабы» [8, 108] және ескі ұйғыр тілінде кең қолданылған 
барыс септігінің -
а, -ә 
қосымшалары «Тәварих-и мусиқиунда» 
кездеспейді. 
«Шыңғыс-намеде» және «Тәварих-и мусиқиун» тілінде -
ға, -қа, - 
гә, -кә 
барыс септік жалғауы 
мән, сән, у 
жіктеу есімдіктерінен кейін 
келсе, 
маңа, саңа, аңа 
тұлғасы пайда болады, сөз фонетикалық 
өзгеріске – диссимиляцияға ұшырайды. Мысалы: 
Маңа
нә охшар. 
Сәнсән 
мәңа 
фәрядирәс. 
Шығыс септік. 
Ескерткіштерде
 
шығыс септігінің тек ұяң [д] 
дауыссыз дыбысымен басталған варианттары ғана қолданылады. 
«Шыңғыс-намеде» шығыс септігі 
-дын, -дін
жалғауы қолданылған. 
Мысалы, 
Мәсжіддін 
йәнә өйгә бармады. 
Біздің 
бір мәғләт ... ішітді. ... 
тәб 
тәнурдін
чықды. 
Андын соң
йәнә сөһбәт дәркәрд болды. Бәрдібәг-
ханның 
падшаһлықыдын
үч йыл өтді. «Тәварих-и мусиқиунда» шығыс 
септігінің -
дин 
варианты ғана келеді. Мысалы, Бу әзиз шубу 
Моғулстандин
ирдиләр. 
…илим 
өрганишдин 
номус 
қилма 
илимсизлиқдин
номус қил. Султан 
Мәһмуддин
сордики, чәмбүр челип 
бәргәй. Мисирға берип 
каһнлардин
илми каһанәт билан үч қисим хәт 
өрганди.
 
«Тәварих-и мусиқиунда» шығыс септігінің қатаң дауыссыз 
дыбыспен басталатын -
тин 
варианты қолданылмайды. Сондықтан 
қатаң дауыссыз дыбыстармен аяқталған сөздерге де -
дин 
жалғанады. 
Негізінен ескерткіш тілінде шығыс септігі қосымшаларын қолдануда 
дыбыс үндестігі сақталмаған деуге болады. Мысалы: 
Ирақдин, 
гунәһдин, тилсизлиқдин 
т.б. «Тәварих-и мусиқиунда» ескі ұйғыр 
тілінде кең қолданылған шығыс септік жалғауы ІІІ жақ тәуелдік


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет