Жазба жұмыстары және оның түрлері



бет29/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
қазақ тілі

Ескерту. Мұғалімге тақтаға әр бөлімнің шартты атауын жазудың қажеті жоқ. Себебі тақтадағы жазылған жоспарды балалар үлгі есебінде пайдалануы мүмкін. Онда жұмыстың мұндай түрі оқушылардың ешқандай шығармашылығын, өз бетімен жұмыс жасауын дамытпайды. Олар тек мұғалімнің шешімін ғана күтіп отыратын болады.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, тақырыптың бастамасы бойынша мәтіннің не жайлы болатынын айтуға бола ма? («Болады, меніңше екі дос туралы», «қиындау, міндетті түрде бірдеңе болатын шығар»).

4-қадам. Мәтіннің II бөлігі оқылады. «Аюды көрген кезде әлгі мықты жігіт ауру жолдасын тастап, өзі жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді.
Әңгімелесу әрмен қарай жалғасады.

  • Неліктен мықты жігіт ағаш басына шығып кетті?

  • Ауру жігіт не істейді?

  • Бұл бөлікке қандай ат қоюға болатынын жазыңдар.(«Қорқақ», «Қашу» т.б.)

5-қадам. Мәтіннің III бөлігі оқылады. «Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені болмай, жерге етбетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан, жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен».

  • Автор неліктен ауру жігіттің жата қалуын сипаттайды?

(«Етпетінен», «өлген кісідей», «дем алмастан»).
- Шынымен аю өлген кісіге тимей ме? («Тимейді». «Тисейін деп жатқанда аңшылар келіп қалады да, аюды атып түсіреді», т.б.).

  • Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Айла», «Табылған ақыл», «Амалсыздық», т.б.).

6-қадам. Мәтіннің IV бөлігі оқылады. «Аю жатқан жігіттің қасына келіп иіскелеп, дыбысы мен демі білінбеген соң, жөніне тартып кетті. Аю кеткен соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, ауру жігіттен сұрапты:

  • Достым, аю құлағыңа не деп сыбырлап кетті?»

  • Аю жатқан жігітке неліктен тиіспеді? («Аш емес шығар», «Өліп қалған деп ойлады», т.б.).

  • Аю жігіттің құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсыңдар? («Жатқан жерің жайлы болсын», «Әттең, аш емеспін – бір, сен тірі емессің – екі», «Жаманмен дос болма», т.б.).

  • Бұл бөлімге қандай ат қоюға болады? («Қуаныш», «Тірі қалды», т.б.).

7-қадам. Соңғы бөлігі оқылады. «Сонда ауру жігіт тұрып:

  • Аю құлағыма ақыл сыбырлады: екінші рет тар жерде жолдасың тастап қашатын, өзінің ғана басын қорғайтын «доспен» жолдас болма деді».

  • Әңгіме қалай аяқталады?

  • Аюдың берген ақылын сендер қалай қабылдайсыңдар?

  • Бөлімге қандай ат қоюға болады? («Аюдың ақылы», «Кеңес», т.б.).

  • 8-қадам. Бөлімдер бойынша мәтінді талқылап болған соң, мәтін үзіліссіз екінші рет оқылады.

Оқушылар жоспарларын таза қағаздарына көшіреді. Әркім өз жобасына өз қалауы бойынша өзгерістер енгізіп, әңгімеден алған әсерін негізге ала отырып, мазмұндама жазады. Кейін оқушыларға тапсырмалар беріледі. Яғни әркім өз жобасына сүйене отырып мазмұндама жазады.
Мәтінді бөліктерге бөліп, оқушыларды ойландыратын, ынталандыратын сұрақтар қою, әр баланың өзіндік қабылдауын байқататын жоспардың әртүрлілігі, мәтінді бөлімдер бойынша талқылау – оқушылардың мазмұндаманы ықыласпен жазуына, жұмыстың жемісті болуына көп әсерін тигізеді. Бұл жұмысты балалардың барлығы зор қызығумен орындайды. Әр оқушының әңгімеге, оқиғаға деген жеке-дара өз көзқарасы, ой-пікірі мазмұндамаларынан айқын байқалып тұратындығы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет