Жазба жұмыстары және оның түрлері


Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады



бет2/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды орындауда мынадай талаптар қойылады:


1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі керек.
4. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру қажет.
5. Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы керек.
Жаттығуды іріктеу барысында шамамен мынандай талаптар қамтылуы тиіс:1) жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы; 2) жаттығудың талаптарының түрлі болуы оқушылардың бойында түрлі дағдыларды қалыптастыратыны ескерілуі керек.
Бұл талап-тілектердің орындалу, орындалмауы мұғалімнің қабілетіне және оқулықтағы жаттығулар сапасына да байланысты. Сыныптағы жаттығулар көбіне бірге талданады, түсініксіз болса, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беріледі. Қандай қиын жаттығуды да табандылықпен орындауға мүмкіндік бар. Жаңа тапсырмаға байланысты жаттығулардың біразы сыныпта орындалып барып, осыған ұқсас жаттығулар үйге беріледі.
Үйге берілетін жаттығулар мазмұн мен сипаты жағынан оқушыға таныс, орындалуы аса қиындық келтірмейтін, жалықтырмайтын, тым ұзақ емес, әрі тәсіліне қарай аралас тұрғыда болғаны жөн.
Мұғалімнің оқулық жаттығуларымен шектеліп қоймай, шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды өз тарапынан беруі тәжірибеде кездеседі. Ол көбінесе, қатыстырып сөйлем жаз... көркем шығармадан теріп жаз, сұрақтарға жауап бер, жанұя мүшелерінен сұхбат ал, мәтін ішінен керекті сөзді тап, талда деген сияқты сипатта болады. Қосымша берілетін бұл іспеттес жаттығулардың басы артық деп айту қиын.
Құрастыру, салыстыру, талдау, табу, топтау, дәлелдеу, қорытынды шығара білу дағдыларын қалыптастыратын жаттығулардың әр сабақта жүргізілуі мұғалімнің шеберлік қабілетіне, табандылығына байланысты. Мұның бәрі мұғалім үшін жаңалық емес, қайта «Нені үйреттім?», «Қандай дағды мен іскерлік қалыптастырдым?», «Жаттығудың орны мен қызметі қаншалықты?» деген, сұрақтарға байланысты пікірді ортаға салады.
Әрбір ұстаз оқушыларға керекті дағдыларды қалыптастыратын немесе қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарында қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерінше жұмыс жасауға, ойлау қабілетін дамытуға дағдыланады. Оқушылар жаттығу кезеңінде үздіксіз талдау, жинақтау, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстыру, абстракциялау, жалпылау жұмыстарын жүргізеді.
Жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында оқушының сезім- түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді.
Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша талдау және жазбаша талдау болып. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:
а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;
ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;
б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;
в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.
Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады.
Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді.
Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай дағдылар қалыптасады:
1. Оқушылардың білімі бекітіледі.
2. Есту қабілеті қалыптасады.
3. Сенімділік қабілеті нығаяды.
4. Байқау қабілеті дамиды.
Ауызша және жазбаша өтілетін талдау жаттығуларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.
Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:
1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі.
2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі.
Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді.
Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.
Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:

  1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.

  1. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады.
Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:
1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.
2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.
3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.
Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.
Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынандай:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет