Жазба жұмыстары және оның түрлері



бет12/35
Дата28.02.2023
өлшемі347 Kb.
#70506
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
қазақ тілі

Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтан мұны анализ әдісі деп те атайды. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Талдауды ыдырату деп, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау – фонетикалық талдау әдісі деп аталады.
Лексикалық талдау. Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады. Мұғалім қазақ тілі сабағында сөздің этимологиясына, оның шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, себебі оқушы үйренетін сөзінің қайдан, қалай шыққанын білуге құмартады. Және ондай сөздер оқушының ойында мәңгі сақталады. Кейбір қос сөздердің бір сыңары түсінікті болса, екіншісін түсіну қиын, себебі сөз мағынасынан айырылған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларға қос сөздің түсініксіз сыңарын түсіндіріп, талдау жасауы қажет. Мысалы, «Еліміз ұлан-байтақ». «Ұлан» - моңғол сөзі, «көп» деген мағынаны білдіреді.
Қазақ тілі сабақтарында түрлі сөздіктерді пайдалануға үйретіп, сөздердің мәнін ажыратып, мағынасына талдау жасай алуға дағдыландырған жөн.


Грамматикалық, орфографиялық талдау

Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.


Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше мәтіндерде қайталанып отырылады, бұл материалды тыңғылықты игеруге септігін тигізеді. Жаттығулардың ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында кеспемен (карточкамен) жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы кеспені алдын-ала дайындап, сонымен жұмыс жүргізу барысында белгілі ережелерді дәлелдеуге, анықтауға үйренеді.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды таңдауға қойылатын талаптар туады. Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар бірден-бірге күрделеніп отырылады. Мұндай жаттығу жұмыстарының әдісі– оқушылардың білімін пысықтап, қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытатын әдістің түрі.
Жаттығу жұмысын жүргізу үшін оқытушы ең әуелі оның түрлі мақсатын айқындап алады. Оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау тәсілдері түсіндіріледі.
Программалап оқыту әдісі бойынша, жаттығу жұмыстары белгілі бір жүйеге құрылып, жаңаша тәсілдермен жүргізіледі. Оқытушы жеке оқушылардың жаттығу жұмыстарын жан-жақты тексеріп, дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыру оқушының сауатты жазуына ықпалын тигізеді. Жаттығу әдісі арқылы оқушылардың оқу материалын қалай ұғынғаны айқындалады, яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Кеңейтілген түсіндірілмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау.
Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б)орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.
Бұндай жаттығулары төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады. Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді. Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.
Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мына сияқты дағдылар дамиды:

  1. оқушылардың білімі бекітіледі;

  2. есту қабілеті қалыптасады;

  3. сенімділік қабілеті нығаяды;

  4. байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдаулар жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдалынады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.
Бұл сияқты талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:жаттығудың нөмірі жазылады, орындалу үлгісі көрсетіледі, объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі. Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді. Оқулық бойынша ауызша талдау, көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, т.б. болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет