Бірінші сыныпқа 7-9 жастан қабылдайды. Бұл мекемеде арнайы қимыл-қозғалыс күн тәртібі бекітілген. 8. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта- 12 бала. Білім беру жүйесі екі сатыны қамтиды: 1 саты – бастауыш жалпы білім алуы (3-5 жыл) 2 саты – негізгі жалпы білім алуы (5 жыл) 9.Зиятында ауытқуы бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта- 12 бала. Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтиханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. Бұл мектепке бірінші сыныпқа бала 7-8 жасында қабылданады. Дайындык сыныптарында 6-8 бала, қалған сыныптарда - 12 оқушығғ дейін оқиды. Бұл мектепке оқу жылы 8-11 жылға дейін созылуы мүмкін. 10. Эмоциялық-ерік-жігері бұзылғандарға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта - 10 бала; 11. Кемістік құрылымы күрделі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйым, сыныпта – 6 бала. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтық) сабақтар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау келесі талаптар бойынша: 1) сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам; 2) СЖД-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам; 3) фонетико - фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам; 4) ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам; 5) кекештенумен - 4-6 адам; 6) дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі. Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация (ПМПК) қызметі (ҚР Білім және ғылым министрілігінің №744 бұйрығымен бекітілген (14.ІХ.2004 ж.). Қ.С.Лебединская ПДТ балалар этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген: