9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екі жақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу ( аргументативті эссе)
9.4.3.1. стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу
Сабақ мақсаты
Б. Эссенің құрылымы мен даму желісін біледі, екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды. Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдануды біледі.
К. Екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылап, біреуіне таңдау жасау арқылы өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады.
К. Тілдік бірліктерге мысалдар келтіреді, эссе жазу барысында өз ойын дәлелдейді.
Бағалау критерийі
Көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды.
Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады.
Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолданады.
Құндылықтарды дарыту
Тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану.
Ұлттық бірлік , рухани құндылық, туған тіл
Тілдік мақсаты
Пәндік лексика мен терминология: Экономика,этника, саяси
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...