25 Қобыландының тұлпары: А) Тарлан; В) Тайбурыл; С) Байшұбар; D) Құлагер; Е) Қарақасқа.
26 Бесікке салу: А) Нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі; В) Бала тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр; С) Ислам дініне негізделіп ер балаларға жасалатын той; D) Адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі; Е) Еске алу рәсімі.
27 Әндер: А) Педагогикалық процеске қатысушы оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыру, олардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына ықпал ету құралы; В) Халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым; С) Халықтың поэтикалық шығармашылығының күрделі формасы, сезім мен санаға ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы; D) Бесік тербелісіне ыңғайлы сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыратын тұрмыс-салт жырларының көне түрі; Е) Жақын адамдары қайтыс болғанда айтылатын жылау өлеңдері.
28 Сәндік-қолданбалы өнер – бұл... А) Тек тәжірибелік жағынан ғана емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды, көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды; В) Дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс; С) Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген сән өнерінің ежелгі түрлерінің бірі; D) Қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар мәдениеті әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген өнердің түрі; Е) Барлық жауап дұрыс.
29 «Эстетика» қай тілден енген сөз, мағынасы қандай?А) Грек тілінен, «сезіну, сезімдік» деген мағынаны береді; В) Латын тілінен, «түсіндіру» деген мағынаны береді; С) Неміс тілінен, «заңдылықтар» деген мағынаны береді; D) Француз тілінен, «әсемдік» деген мағынаны береді; Е) Араб тілінен, «ғибраттану» деген мағынаны береді.
30 Батырлар жырларының басқаша атауы: А) Қиял ғажайып туындылары; В) Лирикалық эпос; С) Махаббат жырлары; D) Қаһармандық эпос; Е) Әнұран.
31 Әдет-ғұрып – бұл... А) Белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы; В) Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; С) Тегі, антропологиялық ерекшеліктері, діні, салт-дәстүрі жағынан ортақ белгілі бір этникалық топтың құндылықтарына негізделген мәдениет. D) Адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; Е) Объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым.