Жазықова М.Қ. Этнопедагогика



бет92/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

Сәндік-қолданбалы өнер - тек тәжірибелік жағынан ғана емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды, көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды.
Тәрбие құралы – педагогикалық процеске қатысушы оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыру, олардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасына ықпал ету құралы.
Толеранттылық – латынның tolerantia деген сөзінен алынған, бір нәрсеге, біреуге тағаттылық, төзімділік, шыдау дегенді білдіреді.
Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қоюы. Әдетте тұлым қыз балаға қойылады.
Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Баланың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырым.
Төзімділік – басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдау.
Ұлт – (лат. ұлт) қоғамды ұйымдастырудың анағұрлым кең тараған бірлігі. Тұрғындарының басым көпшілігі өзінің ана тілінде жетік немесе қанағаттанарлық деңгейде сөйлей білетін біртұтас халық. Тілінің тұтастығы ғана халыққа ұлттық сипат беріп, сол халықтың өзі жасаған рухани, мәдени және материалдық құндылықтарын келешек ұрпақтарына жеткізіп, әрі қарай дамуына мүмкіндік береді. 
Ұлттық идентификация – қандай да бір байланыстардың негізінде өзін ұлтпен теңестіру, сондай-ақ осы ұлттың құндылықтарын, нормаларын және үлгілерін өзінің рухтық әлеміне қабылдау үрдісі.
Ұлттық менталитет (діл) – (лат. жан құрылымы) ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет