Жазудың шығуы, даму тарихы, графика мен орфографияның басты принциптері, олардың негізгі бағыттары жайында түсінік беру



Дата25.02.2022
өлшемі14,75 Kb.
#26383
Байланысты:
Практическое занятие 5-1642876593648



5-тақырып - «Жазу және оның даму кезеңдері».

Жазудың шығуы, даму тарихы, графика мен орфографияның басты принциптері, олардың негізгі бағыттары жайында түсінік беру. Фонетика бөлімі мен жазу тарихын өткен кезде студенттер пиктография мен идеографияның мәнін ажыратуда көбірек қиналады. Пиктографияда дыбысталатын сөйлеу тілі, сөздер тізбегі емес, хабарламаның жекеленген бейнелі немесе шартты элементтері беріледі. Сондықтан кез келген пиктографияны әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар түсініп, шеше береді. Идеографияда сөйлеу тілі бір сөзден соң бір сөз арқылы, сөйлемнен кейін сөйлем түрінде беріледі. Ендеше, идеографиялық жазуды оқу үшін сол халықтың тілін білу қажет. Ескеретін жайт, дыбыстық жазудың да идеографиялық жазудан үлкен өзгешелігі бар. Алфавит пен графиканың арасындағы айырмашылыққа ерекше мән беру керек. Оқи білу үшін сол тілдің құр жазу таңбаларын білу жеткіліксіз екенін түсіне білу қажет. Студенттер орфография ережелерін тыңғылықты меңгеріп алуға тырысуы тиіс.


Тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Адамзат өміріндегі жазудың маңызы қандай?

  2. Жазудың даму, қалыптасу сатылары қандай?

  3. Пиктография және пиктограмма дегеніміз не?

  4. Идеография және идеограмма дегеніміз не?

  5. Фонография және фонограмма дегеніміз не?

  6. Әріп дегеніміз не? Әріп пен дыбыстың өзара қатынасы қандай?

  7. Алфавит дегеніміз не? Қазақ тілі алфавитінің қалыптасу жолына сипаттама беріңіз.

  8. Графика дегеніміз не?

  9. Орфография дегеніміз не? Оның графикадан ерекшелігі.

  10. Орфографияның фонетикалық, морфологиялық, тарихи – дәстүрлі принциптері дегеніміз не? Қазақ тілі жазуда қай принципті басшылыққа алады?

  11. Идеографиялық (символикалық) принципің орфографияның өзге принциптерінен ерекшелігі неде?

  12. Транскрипция мен транслитерация дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет