Жазушы Шәміс Құмарұлы 15. 04. 1952 жылы Қытай халық республикасының Мори қазақ автономиялы



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата08.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#1414
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
елі  ғой  ,  өткен  күзде  партизандар  Бәйтікке  көшіп  келген  екен  .  Сөз  ләмдеріне  қарағанда  солар  да 
жұтаған секілді . Қайтып Боғдаға көшеміз деген , көшіп кетті ғой . 
 
Бекбай отбасындағыларға айнала көз тастап, үнсіз мелшиіп отырып қалды . Өз ауылына емес, 
иен далаға келгендей көңілі құлазып , жүрегінің бір жері шым-шым етіп ауырғандай сезілді . 
 
Тыныштықты Қанағаттың сөзі бұзды : 
 
_ Жә, балам, Бекей, қайда жоғалып, қайдан қаңғып келдің? Соны білейікші . 
 
_  Қаке,_  деді  Бекбай  орнынан  сәл  көтеріліп,_  өлгемін  жоқ,  онан  басқаның  бәрін  көрдім.  Сіз 
жіберген күні Қасымдыкіне бардым. Әлгі жолаушылардың хатын апарып  бердім. Ертеңінде Қасым 
жолға салып қойды. Сарсүмбеден шыға бергенімде төрт әскер алдымнан шығып ұстап апарып қамап 
тастады.  Жөнімді  қанша  айтсам  да  тыңдайтын  пенде  болмады.  Сіз  іздеп  келеді  ғой  деп  көп 
дәмелендім.  Келе  жатып  Әшім  шалдың  үйіне  қондым.  Ол  кісілер  сіздердің  ыңғай  далада,  судан 
іздегендеріңізді айтты . 
 
_ Қарағым-ау,_ деді Қанағат , _  сені үйтіп қамады деп кім ойлайлы. Біреу өлтіріп кетті ғой 
дедік емес пе 
 
_ Бес-алты күннің алдында мен аттас біреудің себебімен абақтыдан шығып қыстауға келсем , 
тошалаларыңыз қаңырап бос тұр . Сол маңдағы елден сұрап жолға шыққамын.  Астымда атым бар 
еді .        «Сорлыға сойыл бұрын тиеді» деп түнде қасқыр жарып кетті. Содан жаяулап, елден сұрай-
сұрай жеткенім осы, _ деді Бекбай . 
      Қанағаттың  үйінің азықтан  тарығып  отырғанын  Бекбай  білді  .  Қоржындағы  теріге  ораған  аттың 
шикі етін алып, Қанағаттың әйеліне берді : 
 
_  Мынау  сол  аттың  еті.  Қыстай  жемде  тұрған  жануар  ғой,  еті  тәтті  екен,  _  деп  Бекбай 
жемқалтаны пысқан етімен керегенің басына апарып іліп қойды . 
 
_  Ойпыр-ай,  балам,  атыңнан  айрылғаның  қиын  болған  екен,_  деді  Қанағат  күйзеліп,_ат 
адамның қанаты ғой. Атың болса қайда болса да жетесің . 
 
_ Атыңыздың қалған еті сол жерде қалды ма?_ деп сұрады Бейсенбай . 
 
_  Па,_  деп  Қанағат  Бейсенбайға  ренжи  қарады,_  сөз  емес  сөзді  сөйлейді  екенсің  ғой, 
қалмағанда, иен далада кімге беруші еді. 
 
Қанағаттың  үйі  мұнда  үш  күн  еру  болды.  Көкектің  онына  таяп,  саулық  қойдың  іші  өсіп 
кеткендіктен жыла қонақтап тез көшпесе де болмайтын еді. Қанағат ертең көшемін деген күні Бекбай 
Қанағаттың  қасына  келді.  Үйдің  шығыс  жағындағы  төбеде  ұзаққа  көз  тастап  ауыр  ойда  отырған 
Қанағат, Бекбай қасына келгенде бір-ақ көрді.   
 
_  Кел,  кел,_  деп  Қанағат  Бекбайға  оң  жағын  нұсқады,_  күн  жарықтық  төрт-бес  күннен  бері 
жадырап жақсы тұр ғой, біз Ертіске ілінгенше бұзылмаса көрім болды . 
 
_ Күн райы жақсы ғой, бірнеше күн бұзыла қалмаспа екен,_ деді Бекбай отырып жатып . 
 
_ Айтқаның келсін!_ деп Қанағат Бекбайға күлімсірей қарады . 
 
_ Сізге кеңесейін деп келіп едім,_ деп Бекбай Қанағаттың жүзіне тесіле қарады,_ сіздің үйдің 
дәмін көп таттым. Балаңыз сияқты болып кеттім. Қырсық болып арада үш жыл нахақ қамауға түстім. 
Өзіңіз  де  білесіз,  жиеніңіз  Жайнамен  уәделескен  едім.  Өзіңіз  бен  Мәрия  шешей  де  қосылған 
едіңіздер. Ұлықсатыңызды берсеңіз, сіздерден бөлініп сол ауылды іздесем деп отырмын . 
 
_  Ойбай-ау,  олар  Боғдаға  кетсе  қайтып  жетесің?  Болмаса  бір-екі  күндік  жер  емес.  Астыңда 
көлігің тағы жоқ. 
 
_  Бойымда  жаным  болса  ,  қайда  болса  да  іздестіре  жүріп  табамын  ғой,_    Бекбай  көзінің 
қырымен Қанағатқа қарап қойды . 

 
_ Оларды тауып алсаң жақсы-ақ болар еді, жұт мынау, оның үстіне жуан жіңішкеріп, жіңішке 
үзілетін қара өзек шақта жаяу қаңғығаның қиын болар ма екен , саған бере қоятын көлік бізде де жоқ. 
Түгел жаяу келеміз . 
 
_ Салт бас, тепсе темір үзетін азаматпын ғой, оның үстіне күнде жылынайын деп қалды. Алла 
жол берсе , тауып алармын,_ деді Бекбай . 
 
Қанағат  Бекбайдың  жүзіне  қарап  дардай  үнсіз  отырды.  Ол  Бекбайдың  өңіндегі  сенімділікті 
көрді .     
 «Мынау оларды іздеп таппай тоқтамайды екен» деп  ойлады . 
 
_ Болады, балам,_ деп Қанағат орнынан тұрды , _ беліңді буған екенсің, мықтау бу, қиындық 
ер  жігітке  бұйым  емес.  Бұл  дүниеде  адам  баласы  жеңбейтін  қиындық  жоқ.  Алла  тағала  бүгін 
жапасын берсе, ертең рахатын әкеледі. 
 
Қанағат пен Бекбай кеңесіп үйге келді. Қанағаттың әйелі құры су қайнатып отыр екен. Екі-үш 
тал қатқан құртты дастарқанға салып, қара суды құйды. Бекбай орнынан тұрып керегеге ілулі тұрған 
жемқалтаны әкеліп, ондағы паршалап пысырған еттен екі кесегін алып дастарқанға қойды : 
 
_ Аттың етінен біраз пысырып жемқалтаға салып алған едім, тағы жол жүрсем, керек бола ма 
деп отырмын. 
 
_  Апыр-ау,  өзің  ұқыпты  екенсің  ғой.  Мұны  несін  дастарқанға  салдың,_  Қанағат  әсерлене 
сөйледі._  Қазір  күн  салқын,  ет  бұзылмайды.  Олар  малды  өз  жерімізге  жетіп  төлдетеміз  деген.  Сен 
ұзақ жол жүресің , азығыңды үнемдеп же. 
 
_ Бекей, қайда бармақшы?_ деп Қанағаттың әйелі таң қалды. 
 
_ Кайда барушы еді, Мәрияның үйін іздейді. Кезінде Жайнамен сөз байласқан емес пе?! 
 
_  О,_  деді  Қанағаттың кемпірі,  Бекей  жоғалғаннан     кейін  сол  бала  санадай  сарғайып  қатты 
жүдеп кетті. Бекбайдың жоғалғаны бәрімізден бұрын сол Жайнаға қатты батқандай көрініп еді. Біз 
сырттарыңнан  бастарыңды  құрап қояйық  деп  ойлағамыз,  екеуіңнің тіл  табысқаныңды  білгеміз  жоқ 
қой . 
 
_ Кемпір,_ деп Қанағат пысқан етті турай отырып сөйледі,_ Бекейді жолынан қалдырмайық . 
Ана  өзі  әкелген  қоржынды  алсын.  Жалғыз  адамға  от  жолдас  .  Сіріңке  болса  алсын,  біз  өле 
қалмаспыз,  құрт-ірімшігің  болса  молырақ  салып  бер.  Жаяу  адамға  етік  үш-ақ  күнге  шыдайды. 
Көбінде шақай тартады, бау керек. Сол үшін анау уықтың берік әдемісінен оншақтысын алып алсын . 
 
_ Рақымет, сіздерге,_ деді Бекбай қуанып,_ алдымен Бәйтікке барамын ғой . 
 
_ Иә, таңертең осыдан шығып, жазықпен бетке тартып Сартоғайға бар. Күн батқанша қалайда 
жетесің.    Сол  жерде  ел  болса  қон.  Өзеннен  өтіп  алып  өрлей  берсең,  Бәйтікке  баратын  Жолсайдың 
ауызына  барасың.  Сол  жолмен  жүре  берсең,  Бәйтік  тауы  алдыңнан  көрінеді.  Елден  сұрай-сұрай 
табарсың,_ деді Қанағат .    
 
Бекбай  таңертең  ерте  оянды.  Таң  ағарып  атып  қалған  екен.  Киіз  үйдің  жыртығынан  таң 
сәулесіне  қарап  біраз  жатты.  «Жол  жүретін  болған  соң,  ерте  қатқақта  жүргенім  жақсы  ғой»  деп 
ойлады. Киімін киіп тысқа шықты. Жоғарғы жақтағы шоқыдан түсіп үйге қарай келе жатқан Қанағат 
байды көрді. Ашаршылық жайлаған елде ұры-қары да көп еді,   
   «Қанекең 
мал 
күзетін 
ұйықтамаған-ау» деп ойлады. Сөйтті де Қанағатқа қарай жүрді . 
 
_ Ассалаумағалайкұм ! 
 
_ Уағалайкұм уассалам ! Ерте тұрып кетіпсің ғой . 
_  «Ұшатын  құстың  басы  ілгері»  деп, 
жүретін болған соң, ертерек жолға шығайын деп тұрдым . 
 
_  Жарайсың,  балам,  дені  сау  адамға  қиыншылық  деген  түк  емес,_  деп  Қанағат  үйіне  қарай 
жүрді . 
 
Бекбай  қоржын-қосқалаңын  жөндегенше  шәй  да  қайнап  үлгірді.  Шәйлан  соң  Бекбай 
Қанағаттың үй ішіндегілермен қоштасып, Сартоғайға қарай қайта жол алды . 
 

 
 
 
 
 
 
 
                              
 
 
 
                            БӘЙТІККЕ  ЖОЛ 
 

 
 
Бекбай  күн  көтерілмей-ақ  сайдың  ауызына  шықты.  Күн  шәйдай  ашық  .  Кеше  аздап  жіпсіп 
еріген  сүрі  қардың  беті  күнмен  шағылысып  айнадай  жалтырайды.  Анау  Сартоғайдың  өзені  жақтан 
баяу  ескен  көктем  желі  алдынан  қарсы  соғып,  сұп-суық  болып  маңдайына  ұрылды.  «Таңертеңгі 
қатқақта жолды мандытып алайын» деп ойлады. Қанағат байдың көрсеткен бағыты бойынша шығыс 
оңтүстікті  бетке  алып  жүрісін  тездете  түсті.  Күн  түске  таяғанша    жол  мандығандай  болып  еді,  түс 
болған  соң  қойны-қоншына  жылу  жүгіріп,  аздап  терледі.  Төңірегінің  бәрі  күн  нұрымен  жіпсіп 
маужырап  балқып  бара  жатқандай  сезілді.  Бекбай  өз  бойындағы  таңертеңгі  ширақылықтың  барған 
сайын азайып, ал мынау қарлы жазық  жүрген сайын ары қарай созылып кеңіп бара жатқан сияқты 
көрінді. Дәл түс кезінде, тау жақтан өзенге қарай созылған жусанды ағарға келді. Жырадағы қардан 
омбылап  өтіп,  ағардың  шығыс  жағындағы  қара  қырдаңға  шығып,  жүгін  жерге  қойып  аз  дем  алды. 
Қардан қылтиып шығып тұрған жусан бастары көктем лебімен бусанып жіби қалса керек. Жусанның  
жұпар  лебі  келіп  кеңірсігіне  ұрылды.  «Қардың    астынан  жібитін  кезі  келді»  деп  ойлады  . 
Жемқалтаның  ауызын  шешіп,  ондағы  пысқан  еттен  бір  жапырақ  алып  жеді.  Өзен  жаққа  көз  салып 
еді, өзеннің арғы жағындағы  аласа қара адыр бұлдырап әрең көрінді. «Әй, ұзақ екен, күн батқанша 
жете  алмаймын  ғой»  деп  өзіне  өзі  күбірледі.  Сөйтті  де  жемқалтаның  ауызын  буып,  көтеріншегін 
көтеріп қайта орнынан тұрды. «Қалайда бүгін түнімен жүрсем де өзенге жетіп, мұз ерімей тұрғанда 
өтіп алуым керек» деді жігерлене сөйлеп. Жыраның шығыс жағындағы қара қырдаңмен өзенге қарай 
жүре жөнелді. Қарын жел үрдеп қара жатқан жайбір қырдаңның дөңкіл жерлері дегдіп, аласа жерлері 
ғана еріген қардың суымен былжырап жатыр екен. Бекбай бірде дегдіген қатқақ жермен жүрсе, енді 
бірде байқамай беті құрғақ сияқты  болып, асты езіліп жатқан жерлерді басып алып, етігін мойнына 
дейін былғады. Біраз жерге дейін дегдіген қырдаңдарды қуалап жүріп еді , аздан соң одан жалтайды. 
Себебі қара қыраңдарлы қуып жүре берсе жол ұзарып кететін болды . Қары өте қалың жыра болмаса 
, кіші-гірім ағар жыралардан түзу өтіп тарта берді . Күн бесінге таяғанда , жазықтың ортасына біткен 
аласа төбешікке келді. Түйе жетелеген екі адам  шығыс жақтағы тау етегінен шығып , өзенге қарай 
кетіп барады екен . Бекбай төбешіктен түсіп, өзенге еңкейгендердің соңына қарай қиыстай жөнелді. 
Күн  батып  қас  қарайғанша  Бекбай  екі  жүргіншінің  баранын  анық  көріп  отырып  еді,  төңіректі 
қараңғылык торлаған соң көрінбей кетті.  Мүмкін, өзен қабағынан өзенге қарай түсіп кеткен болуы 
керек.  Қараңғы  түскен  соң  Бекбайдың  аздап  қарны  ашты.  Сонда  да  шыдап  жүрісін  тездетті.  Түн 
қараңғылығы  қоюлаған  сайын  ,  ауа  суық  тартып,  бағанағы  қойны-қоншындағы  тер  құрғап,  жер  де 
тоңазып қатқақси бастады.  
 
Бекбай  шаршағанына  да,  етігінің  жүрген  сайын  аяғына  батып  ауыртқанына  да  қарамай 
тоқтаусыз жүрді. Ай жап-жарық. Қарлы далада жақын маңдағы шәугімдей тасқа дейін анық көрінеді 
. Бекбай түрлі-түрлі ойдың ермегінде қанша жүргенін білген жоқ. Әйтеу, ай батуға таяғанда үңірейіп 
алыстан қарауытқан өзеннің қаратор теректері көрінді . 

 
«Келдім» деп Бекбай қуана дауыстады. Оның дауысын өзеннен басқа ешкім естіген жоқ. Елге 
жеткендей  тынысы  кеңіп    көңілі  жадырай  қалды.  Бірақ  Бекбай  жүрген  сайын  ,  қап-қара  болып 
үңірейіп тұрған өзеннің қалың тал-терегі ары қарай жылжып бара жатқан сияқты, алдындағы жазық 
ұзара  түсті.  Екі  аяғының  ауырлап  мойнындағы  қоржынының  да  иығын  баса  түскенін  сезді.  Өзен 
аңғарына жақындағанын көрген заман бойын кеңге салып, бағанағы қажырын жоғалтқанын Бекбай 
енді білді. Бойын сергек ұстап өзенге тез жетуге асықты. Кенет шәуілдеп үрген иттің дауысы шықты. 
Ит дауысы шыққан жаққа қарай жүрді. Өзен жағасының кейбір жері саз, кейбір жеры шылпылдаған 
батпақ  екен.  Бекбай тайғанақтап  жүріп талдың  арасындағы  қатар  отырған  екі  үйге  жетіп  келді.  Ай 
батып қараңғы түскенімен әлі қызыл іңір секілді. Бергі үйдің табалдырығынан жылтылдаған оттың 
жарығы    көрініп  тұр.  Бекбай  жақындай  бере  кішкене  ақ  ит  шәңкілдеп  шәбелене  кетті.  Үй  ішінен 
қырылдаған қартаң ер адамның  дауысы шығып еді, үйден ақ тонын желбегей жамылып біреу шыға 
келді: 
 
_  Аққоян,  жат!_  деп  итке  дауыстап  Бекбайдың  қасына  келді.  Бекбай  үйге  қарай  бұрылып 
амандасты 
 
_ Ассалаумағалайкұм! 
  
_  Уағалайкұм  уассалам!_  деп  ит  қорыған  ақ  тонды  адам  есік  ашып  Бекбайды  үйге  кіргізді  . 
Төрде үш адам қатар отыр екен . 
 
_  Асслаумағалайкұм!_  деп  Бекбай  мойнындағы  қоржынын  оң  жақ  босағаға  қойып  ,  шеткі 
қонақтың  аяқ  жағынан  келіп  отырды.  Төрдегілер  түгел  Бекбайға  ұдірейе  қарады.  Төрдің  қазан  жақ 
шетінде  отырған  қаба  сақал,  екі  көзі  бадырайған  кексе  адам  үй  иесі  болса  керек.  Алдына  қарай 
сырғып отырып Бекбайға қадала қарап: 
 
_  Түн  қатып  қайдан  жүрген  азаматсың?_  деді  .  Бекбай  бұдан  былайғы  жерде  Қанағаттың 
баласымын  деп  айтудың  жөні  жоғын  енді  білді.  Оның  үстіне  іздеп  келе  жатқаны  Мәрияны,  яғни 
қайнапасының  үйі  ғой  .  «Не  де  болса  Жайнаның  атасының  атын  айтып  ,  сол  кісінің  баласымын 
дегенім жөн екен» деген ойға келді.   
Бекбай  бұдан  былайғы  жерде  Қанағаттың  баласымын  деп  айтудың  жөні  жоғын  енді  білді.  Оның 
үстіне іздеп келе жатқаны Мәрияның, яғни қайнапасының үйі ғой. «Не болса да Жайнаның атасының 
атын айтып, сол кісінің баласымын дегенім жөн екен» деген ойға келді. 
_ Ақбай деген кісінің баласымын . Былтыр күзде нағашыма көмектескелі Қабаға жолаушылап кетіп 
жақында оралсам ауылым Өр Алтайға көшіп кетіпті . Әкем өлген . Шешем мен жалғыз қарындасым 
бар  еді.  Соларды  іздеп  келемін.  Жолдан  естісем  оларды  Жақай  деген  туысымыз  Бәйтікке  көшіріп 
кетіпті,_ деп Бекбай өзін қысқаша таныстырды . 
 
_  Е,_  деп  ыңыранып  отырған  қаба  сақал  оң  жағындағы  түлкі  мұрт  қызыл  сары  адамға 
бұрылып,_ ел-жұртынан айрылып жүрген біреу болды ғой,_ деді. 
 
_ Сонда Бәйтікке кетіп бара жатқаның ба?_ деп қызыл сары адам Бекбайға таң қалды . 
 
_ Иә, Алла, жол берсе ауылымды іздеймін ғой,_ деді Бекбай . 
 
Түнгі  әңгіме  ұзаққа  созылған  жоқ.  Оттағы  қазан  түсіріліп,  қонақтар  мен  үй  иелеріне  бір-бір 
аяқ сұйытқыл сок көже құйылды. Бекбайдың қарны қатты ашқан еді. Сұйық болса да ыстық сок көже 
аузына балдай татыды. Тамақтан соң, төрге екі қонаққа , оң жаққа есік жақта отырған ақ тонды жігіт 
пен Бекбайға төсек салынды. Бұл үйде ыңғай  ескі сеңсең теріден жасалған үлкен-үлкен тері тон көп 
екен . Бекбайға да бір тон тиді . 
 
Жаяу  жүріп  діңкелеп  келген  Бекбай  басы  жастыққа  тиісімен    «қор»  етіп  ұйқыға  кетіп  , 
таңертең сылдырлаған әлдене нәрсенің дыбысымен оянды. Басын көтеріп еді, таң әбден атыпты. Үй 
иесі әйел отты маздатып жағып, шәй қайнатып отыр. Үй иесі мен екі қонақ төр алдында тоңқаңдап 
намаз оқып жатыр екен. Кешегідей емес, денесі едәуір  ширап жеңілдеп қалыпты. Қасында жатқан ақ 
тонды жігіт те тұрып кетіпті. Бекбай асығыс тұрып тысқа шықты. Күн шайдай ашық екен. Әлі күн 

шықпапты. Ақ тонды жігіт қой қамаған шарбақ қораның аузында ескі жаман ағаш ергеншекті жіппен 
шанып таңып жатыр. Бекбай аяңдап қасына келді. Жігіт Бекбайға басын көтеріп қарап : 
 
_  Бүгін  көктеулікке  көшпекшіміз.  Басқа  үйлер  он  күннің  алдында  көшіп  кеткен.  Олар  әнеу 
таудың ішінде,_ деп Бекбайға тау жақты нұсқады.  
 
_ Бәйтікке қай жолмен кетеді?_ деді Бекбай.  
 
_ Өзеннен өтіп алып өрлей  берсең, оң қол жағыңнан үлкен көш жолы кезігеді. Сол жолмен 
жөнеліп кезеңіне шықсаң , шығыс оңтүстік жағыңнан биік қара тау көрінеді. Бәйтік деген сол,_ деп 
ақ тонды жігіт қолымен нұсқап Бәйтік тауы жақты көрсетті,_ өзеннің мұзы әлі босаған жоқ. 
 
 Бекбай  іштей  қатты  қуанды  .  Шәйға  қарамай  ,  жердің  жібімей  қатқақ  тұрған  кезінде  кетіп 
алғысы келді. Аяңдап үйге кірді . 
 
Төрдегілерге дастарқан жайылып, шәй құйылғалы жатыр екен. Бекбай оң жақ босағада тұрған 
қоржынын алып есікке бұрылды . 
 
_ Ой, азамат, шәйға кел,_ деді қаба сақал қара.  
 
_  Жер  езілмей  тұрғанда  жолымды  мандытып  алайын,_  деп  Бекбай  шайға  қарамай  тысқа 
шықты. Ақ тонды жігіт есік алдында тұр екен.  
 
_ Ренжімнсең, маған өзеннің ел өтіп жүрген өткел жерін көрсетіп жіберші,_ деді Бекбай.  
 
Бекбай үшін осы жылы ұйықтап шыққанының өзі үлкен  олжа еді . Ақ тонды жігіт аз іркілген 
соң : 
 
_  Өткел  осы  тұста  ғой,  жүр,  үнемі  мал  шұбырып  өтіп  жолға  айналған  мұз  бетіндегі  жолға 
келді. Ақ тонды жігіт: 
_ Ар жаққа өткен соң, өзен жағаламай қырдаңмен кет. Өзен жағасы күн жылынған соң езіліп батбақ 
болып кетеді,_ деді.  
Бекбай  өзеннен  өткен  соң  қырдаңға  шығып  алып  ,  өзенді  өрледі  де  отырды.  Бес-алты  күннің 
алдындағы  өзен  бойындағы  елден  ешкім  жоқ.  Баяғыда  көшіп  жоқ  болыпты.  Бұл  елді  көктеулікке 
кеткен  шығар  деп  Бекбай  іштей  межеледі.  Күн  көтерілген  соң  Бекбайдың  қарны  ашты.  Жол 
шетіндегі құрғақ тақыршақ жерге отырып, қоржынындағы аттың пысқан етінген кішкене бір кесегін 
алып  оразасын  ашты,  азырақ  қар  жеп  шөлін  қандырды.  «Мұнда  көп  айналмайын  ,  ертерек  жер 
езілмей тұрғанда жолды ұтып алайын» деп өзіне өзі күбірледі . Сөйтті де орнынан тұрды.Қоржынын 
мойнына  асып  тағы  жолға  түсті.  Қыстай  жоғары-төмен  ел  шұбырған  сығырдаң  жол  бірде  өзен 
қабағына  шығып  адыр  шетін  кенерлесе,  енді  бірде  өзен  жағасына  түсіп  тал-теректер  жиі  өскен 
саздауытқа қатқан мұзды жағалайды. Тіпті кейбір өзен жағасындағы тақыр дөңдерде әлде кімдердің 
үш  тасты  ошақ  етіп  от  жаққан  жерлері  жатыр.  Бұлардың  бірнеше  күннің  алдында  ғана  бір  түнеп 
өткен елдің жұрты екенін Бекбай анық білді. «Тағы да қыстаулықтан көктеулікке көшкен елдің жол-
жөнекей қонған жұрты ғой » деп ойлады . Күн түске таяғанда қар еріп , жыра-жыралардан сыздықтап 
аз-аздан  су  аға  басталы  .  Көн  етігі  мойнына  дейін  шылқылдаған  су  болды  .  Бір  тәуірі  түс  ауғанға 
дейін  етігі  қанша  су  болса  да  аяғына  су  өтпеді.  «Сол  күні  Суайттың  тілін  алғаным  қандай  жақсы 
болған»  деді  күбірлей  сөйлеп  .  Аяғына  қарады  ,  екі  етігінің  желкесі  де  әппақ  сор  болып,  басы 
былбырап кеткен екен. Құлағына абақтыдан шығардағы Суайттың сөзі қайта естілгендей болды. Ол 
қоштасын тұрып : 
 
_ Абақтыға жатқалы ауылыңнан хабар алып па едің?_ деп Суайт бетіне қадала қараған.  
 
_ Жоқ,_ деген Бекбай.  
 
_  Онда  басыңа  алда  әлі  қандай  күндер  туатынын  сен  білмеген  екенсің.  Қазір  ел  өрлі-қырлы 
ауып былығып кетті деп естігем. Ауылыңды таба алмай қалсаң, далада қаласың. Киім деген жалғыз 
адам үшін өте керек. Мә, мына етікті аяғыңа киіп ал,_ деп Суайт бас жағынан бір пар көне тоз көне 
етікті алып Бекбайға берген . 

 
Осы  бір  пар  етікті  Бекбай  ауырсына  да  ішігіне  орап  ала  кеткен  еді.  Бірақ  ол  шақта  Бекбай 
мұндай  қаңғып  қалармын  деп  ойламаған.  Абақтыдан  шыға  салып  ауылыма  жетіп  барамын  деп 
ойлаған.  Ақыры  Суайттың  айтқаны  келді.  Енді  міне  Суайттың  берген  етігі  ат  мінгізгеннен  артық, 
сылбыраң  жолда  аяғына  су  өткізбей  келеді.  Осы  ойдан  соң  Бекбайдың  денесі  ширап,  екі  аяғы 
жеңілдеп,  мойнын  басқан  қоржынның  салмағы  да  жеңілдеп  қалғандай  сезілді  .  Бағанағыдай  емес, 
жүрісі  тездеп  кетті.  Лезде  алдыңғы  жағынан  көрінген  қара  тұмсықты  айналды.  Әр  тұмсықты 
айналған сайын, алдынан ауыл шықса екен деп дәмеленді. Жетіп келгенде, көшіп кеткелі екі не үш 
күн болған иен жұртқа кез келеді. Осындай иен қаңырап жатқан жұрттан оншақтысын кезіктірді. 
 
Күн түс ауып кіші бесінге таяғанда, тағы бір қыстау жұртқа келді. Қатарынан үш киіз үйдің 
жұрты  жатыр.  Жұртта  аздап  отын  қалыпты.Оның  үстіне  жұрттардың  айналасы  қары  кетіп  құрғап 
қалыпты  .  «Осында  дем  алып,  су  қайнатып  ішіп  жолға  шығайын»  деп  ойлады.  Қоржынын 
тақыршаққа  қойып,  құрғақ  отындарды  жинастырды.    Кішкене  ақ  шәугіммен  су  әкеліп,  үш  тастан 
ошақ  жасап,  шәугімді  отқа  қойды.  Шәугім  қайнағанша  қоржындағы  аттың  пысқан  етінен  азырақ 
алып, қоржынның аузына турады . От жанған соң, қаңырап құлазып жатқан ескі жұртқа да көңілділік 
орнай  бастады.  Кенет  Бекбайдың  құлағына  жылаған  әйелдің  дауысы  ма,  жоқ  ән  айтқан  әйелдің 
дауысы ма, әйтеуір бір әйел дауысы естілгендей болды. Бекбай дереу орнынан тұрып айналасына көз 
тастады.  Ештеңе  көрінбейді.  Адам  көрінбеген  сайын  Бекбайдың  көңіліне  аздап  қорқыныш  ұялай 
бастады  .  Ол  айналасына  жалтақтап  тұрып  оттағы  кішкене  шәугімдегі  судың  қайнап  кеткенін 
байқамай қалды. Тасыған шәйдің « бор » етіп отқа төгілген дауысымен дереу шәугімді жеңімен ұстап 
жерге түсірді.  Бір тостаған ыстық  суға бірнеше жапырақ етті айналасына жалтақтай отырып салып 
жей  бастады.  Дәл  осы  кезде  жоғарғы  жақтағы  бір  топ  талдың  арасынан  бері  қарай  келе  жатқан  ақ 
шылауышты әйелді көрді. Арқасына көтерген бір нәрсесі бар сияқты. Бекбай қуанып кетті.«Жақын 
маңда  ел  бар  екен  ғой,  шіркін-ау,  мына  кемпірден    жол  сұрап  алатын  болғанымды  қара»  деп 
саңғырлай сөйледі. Кемпір  тұп-тура Бекбайға қарай түзу жүрді.  Әлгіндегі  дауыстың осы кемпірдің 
дауысы екенін Бекбай ол келмей жатып-ақ межеледі. Кемпір  қасына таяғанша екі  жапырақ ғана ет 
жеп, судың жартысын ішіп , оны тосып отырды. Кемпір қасына келгенде : 
_Амансыз ба, шеше?_ деп Бекбай орнынан тұрды. Кемпір : 
_ Отыр балам, отыра ғой, тамағыңды іше бер, бар болса маған азырақ су берсең болды,_ деді.  
 
Бекбай  дереу  тостағанына  кішкене  шәугімнің  түбіндегі  суды  құйып  кемпірге  ұсынды  . 
Кемпірдің  тостағанға  созған  қолы  қап-қара  күс  болып  тілініп-тілініп  тұр  екен  .Тілінген  жерлері 
қызарып қанталап кетіпті . Кемпір тостағанды лып еткізіп алып , ыстық суды үш-ақ ұрттап тауысты . 
«Ойпыр-ай,  мына  кісі  аштан  өлгелі  қалған  екенғой»  деп  ойлады  Бекбай  .  Сөйтті  де  қоржынының 
аузын  ашып,  етті  алып  жатқанда  кемпірдің  жүзіне  қарап  еді,  оның  екі  көзі  қып-қызыл  болып 
қанталап тұр екен, әжім айғыздаған жүзі қап-қара көмірдей тотығып кетпті. Бекбайдың бүкіл назары 
енді  мынау  сырлы  кемпірге  ауды.    «Жалғыз  кемпір  далада  неге  қаңғып  жүр.  Әлгі  ертегілерде 
айтылатын жалмауыз осы болмасын» деген ой жүйкесін тырнай бастады. Алғашында қайыршы ғой 
деп  ойлаған  еді,  кемпірдің  кескіні  мен  қимылы  Бекбайды  тіксіндіріп  тастады.  Ештеңе  сезбеген 
адамның кейпіне келіп: 
 
- Шеше, ауылыңыз қайда? -  деді Бекбай. 
    - Е, балам-ау, ауылым болса бүйтіп қаңғып жүремін бе, ауылды жау бір-ақ қырып кетті-ғой, ешкім 
тірі қалған жоқ. Неше күннің алдында осы арада Қойшыбайдың ауылы бар еді, көшіп кете қалыпты 
ғой. Сол ауылға қыдырғалы келгем. 
 
- Енді қалай кетесіз? 
 
- Енді ме, енді Шіңгілді өрлеп елге барам. Ал, өзің қайдан қаңғып жүрген баласың? 
 
-  Бәйтікке  кетіп  барам.  Нағашыма  жолаушылап  барып  ем,  жолда  атымнан  айрылып  қалып 
жаяу кетіп барамын. 

 
- Е, -  деді кемпір басын изеп, - мен отын әкелейін, сен су алып кел, шөліңді қандырып алып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет