Үйде оқытылатын балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін, төменде көрсетілген нұсқаулықты ұстану қажет: Қадам Сыныпта оқу топтарын құру үшін: «Мектепке әкімшілік ету»



Дата07.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#20259
Байланысты:
Үйде оқытылатын балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін НҰСҚАУЛЫҚ




Үйде оқытылатын балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін, төменде көрсетілген нұсқаулықты ұстану қажет:

Қадам 1. Сыныпта оқу топтарын құру

Сыныпта оқу топтарын құру үшін:



  • «Мектепке әкімшілік ету» бетінде сыныптар тізіміне өтіп, негізгі сыныпты таңдау;

  • «Оқу топтары» қойындысын ашу;

  • сыныпта оқу топтарын құру:

1 топ - оған үйде оқытылатындарды қосу («Ү/O» тобы);
2-топ - оған қалған барлық сынып оқушыларын қосу («Негізгі» топ).

Жаңа топтарды қосқаннан кейін, негізгі сыныптың кестесіне өзгерістер осылай енгізу қажет.



Сабақтың негізгі кестесіне пәндер бойынша «Негізгі» тобын қосу қажет, ал үйде оқыту үшін, сабақтарға «Ү/О» тобын тағайындай отырып, сабақ жоспарына сәйкес сабақ кестесін енгізу қажет.
Бұл нұсқа неғұрлым қолайлы, өйткені ол білім беру ұйымының (бұдан әрі - ББҰ) есебіне әсер етпейді. Кестені өзгерту үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • «Кесте» қойындысын ашу;

  • негізгі сыныпты таңдау;

  • «Толық кезең бойынша кесте» басу;

  • апта бойынша ашылатын терезеде барлық тақырыптар бойынша қарындашты басу арқылы «Кім қатысады» - «Негізгіге» өзгерту;



  • барлық тоқсанға өзгеріс енгізу қажет.

Ескерту: егер Негізгі кесте жарияланған болсаСабақтарды түрлендіргіш өзгерістерді енгізу мүмкін емес. Сабақтарды түрлендіргіш функциясын кесте торы бос болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Әрі қарай, біз кестеге үйде оқытатын пәндерді қосамыз. Осыған:



  • (+) батырманы пайдалану арқылы, пәнді қосады;

  • «Кім қатысады» ретінде «Ү/O» таңдау;



  • әрі қарай, бүкіл тоқсанға барлық пәндер енгізіледі.

Ескерту: егер үйде оқытылатын оқушы басқа пәндерді оқыса, оларды жүйеге жаңа пән ретінде қосу қажет. Ол үшін «Мектепке әкімшілік ету» бетіне өтіп, «Пәндер» қойындысын ашып, экранның оң жақ бұрышында Пәнді қосу батырмасын басу қажет. Пәндер туралы толыққанды ақпаратпен танысу үшін «Пәнді қалай құруға және қосуға болады? Пәнді қалай өңдеуге немесе жоюға болады?» нұсқаулықты ашуға болады.

Қадам 2. КТЖ

Бүкіл сынып үшін жарияланған КТЖ-ны өндеу қажет.



Жарияланған KTЖ-ны өндеу үшін, оны жариялаудан алып тастау қажет.

  • KTЖ модулін енгізу («Мектеп» - «КТЖ»);

  • KTЖ жарияланған сыныпты таңдау;

  • өңделуі қажет KTЖ таңдау;

  • осы КТЖ тақырыптары бар бетте «Жариялаудан алып тастау» батырмасын басу;

  • «Параметрлер» бөлімін ашып, «Кіші топ» өрісіндегі «Бүкіл класс» мәнін «Негізгіге» өзгерту қажет.

Қажетті өзгерістер енгізілгеннен кейін, КТЖ-ны қайта жариялап, кестеге тарату керек.



Сонымен, осы сыныптағы барлық КТЖ-да өзгерістерді енгізу қажет.

Егер үйде оқытылатын оқушының КТЖ мектептегі оқушылармен бірдей болса, онда оның оқу тобын көрсете отырып, КТЖ көшіріп алу қажет. Ол үшін:



  • көк жолағындағы «Мектеп» - «KTЖ» басып, сыныпты таңдап, басқа сыныпқа көшіргіңіз келетін сабақты басу;



  • «Сақтау» батырмасына басу;





  • ашылатын бетте оны жай ғана «Жариялау» батырмасын басу арқылы жариялау керек.



Егер үйде оқытылатын оқушының КТЖ-сі мектептегі оқушылардың КТЖ-ден өзгеше болса, жаңа КТЖ жасау керек. Жаңа КТЖ құру үшін:

  • KTЖ модуліне кіру(«Мектеп» - «КТЖ»);

  • KTЖ құру қажет сыныпты таңдау;

  • ашылған терезеде «KTЖ құру» батырмасын басу;

  • құру кезінде үйде оқытылатын оқушының кіші тобын көрсету қажет.

KTЖ модулі туралы толық сипаттаманы мына сілтеме бойынша біле аласыз.-
Егер сізде осы нұсқаулық бойынша сұрақтарыңыз немесе қиыншылықтарыңыз пайда болса, Техникалық қолдау қызметіне мына телефон бойынша қоңырау шалыңыз: 8 (727) 313-18-32 немесе кез-келген уақытта осы электронды поштаға жаза аласыз: team@kundelik.kz. Жауап кезек тәртібі бойынша беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет