3 - тарау. «Түзету ырғағы» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
16. «Түзету ырғағы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 0 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 32 сағатты;
2) 1 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты;
3) 2 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
4) 3 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
5) 4 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
17. Бағдарлама мазмұны келесідей бөлімдерді қамтиды:
1) «Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар» бөлімі;
2) «Музыкалық-ырғақтық жаттығулар» бөлімі;
3) «Сөйлеу тілі ырғағы» бөлімі.
18. «Ырғақты-гимнастикалық жаттығулар» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) кеңістікте бағдарлау жаттығулары;
2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар.
19. «Музыкалық-ырғақтық жаттығулар» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:
1) балалар музыкалық аспаптарымен жаттығулар;
2) музыкалық ойындар;
3) би жаттығулары.
20. «Сөйлеу тілі ырғағы» бөлімі келесідей бөлімшені қарастырады.
1) сөйлеу тілінің дағдылары.
21. 0 - сыныпқа арналған «Түзету ырғағы» пәнінің базалық мазмұны: 1) кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар: кең адым мен қолдардың еркін қимылдарымен жүру; бірінен кейін бірі, сыңарымен, шашыраңқы; заттар арасымен колоннамен, шеңбер бойымен, қолдарынан ұстап жүру және жүгіру; аяқтың ұшымен және табанымен жүру; педагогтың белгісі бойынша жүру кезінде оңға, солға, алға, артқа бұрылу; түрлі адыммен колоннамен шеңбер бойымен жүру (ақырын, биік, сергек, спортты-салтанатты, серіппелі); музыкалық сүйемелдеу сипатының ауысуына қарай адыммен қимылдарды өзгерту, қимылдарды шапалақ, сылдырмақ, дабыл бойынша ауыстыру; жүру кезіндегі қол қимылдары (заттпен және заттсыз); оң және сол жаққа бұрыла отырып, қатардан сапқа қайта тұру; кеңістікте бағдарлау, мұғалімнің көрсеткен қимыл бағыты мен темпін сақтау; бір орында, жүрі және жүгіру кезінде қатарға
4
тұру және қайта тұру, сапта, қатарда, шеңбер ішінде бой түзеу, дұрыс бастапқы қалыпқа тұру;
2) заттарды пайдалана отырып ырғақты гимнастикалық жаттығулар – жалауша, таяқша, бет орамал, сылдырмақ, жасанды гүлдер, обручтар, доптар; қолдың қимылдарын аяқ және дене қимылдарымен үйлестіру; иық белдеу бұлшықеті үшін жаттығулар: алға, артқа, жоғары қарай, затпен және затсыз қол қимылдары; тік тұрған қалыптағы, еденде және орындықта отырған жаттығулар; таяқшаны жоғары көтеру, иыққа қою, қолымен алға, артқа сермеу,
өз алдында және артында шапалақтау; кеуде алдындағы қолды жан-жаққа жазу және бүгу; айландырған қимылдарды қолдарымен кезектесіп және бірдей жасау; бір уақытта аяқ ұшына тұрып қолды көтеру; аяқ бұлшықеттері үшін жаттығулар: кезекпен аяқ ұшын алға немесе қапталға созып қою; тізеден бүгілген оң және сол аяқты кезекпен көтеру, тізе астынан шапалақ ұру; тізені қолымен, таяқпен, обручпен құшақтау; аяқ ұшына тұру; орындық арқасына сүйеніп, сүйенбей отыру; затпен отыру жаттығуларын орындау; дене бұлшық етері үшін жаттығулар: оңға және солға, аяқты бірге, еденде отырып бұрылу; аяқтың иық деңгейіндегі қалыпынан денені алға, төмен және жан-жаққа еңкейту, қолымен аяқ ұшына тию; заттарды алдына және қапталына қою, оларды алу; шалқасынан жату қалпынан аяқты кезекпен көтеру және түсіру; келбетті қалыптастыру, босаңсу жаттығулары;
3) балалар музыкалық аспаптарымен жаттығулары - барабан, дабыл; дабылды, барабанды, сылдырмақты музыкалық шығарманың қатты және әлсіз бөлігін жеткізу үшін пайдалану; дабылда, барабанда берілген ырғақты қайталау;
4) музыкалық ойындар: ырғақты музыкаға қимылдау, түрлі ырғақтарды түрлі темппен, ырғақпен орындау; музыкалық сүйемелдеуімен музыканың баяу және жылдам темпін қимылдармен, шапалақпен жеткізу; музыканың түрлі сипатына, динамикасына сәйкес (дыбыстың күшейюі, ақырындауы) қимылдар, қимылдағы акценттерді, қиын емес ырғақтарды белгілеу; музыкалық ойындар, заттармен эстафекталық ойындар, әндету ойындары;
5) би элементтері мен қарапайым би қимылдары бар би жаттығулары: жай адым – жұмсақ, сырғымалы, мықынын жоғары көтеру, аяқ ұшымен, табанын тұтас басу, саусақтарды иіп жүгіру, шапалақ ұрып бір аяқты басу; оң иық арқылы айлану, жұппен айлану; қыздар үшін – қолдарына бет орамалын ұстап бір қалыпты би қимылдарын жасау; қайталанатын қимылдары бар биді үйрену.
6) сөйлеу тілінің дағдылары: заттардың атауын дұрыс айту; зат есімді сын есіммен үйлестіру.
22. 1-сыныпқа арналған «Түзету ырғағы» пәнінің базалық мазмұны:
1) кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар: тізені жоғары көтере отырып, түзу аяқты алға қарай сермеу және аяқ ұшын соза отырып жүру, жүгіру; саптан, тізбектен шеңбер құрып қайта тұру; алға, оңға, солға, шеңбер
5
ішіне, шеңберден шығу сияқты қимылдар бағытында бағдарлай алу; жүру кезінде заттарды ұстап қарапайым қимылдарды орындау;
2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар: еңкею, тік тұру және басты бұру, иықтарды айландыра қимылдату; затпен және затсыз әртүрлі бағытта қол қимылдарын жасау (жалауша, сылдырмақ, ленталар); оңға, солға денені бұру және еңкейю (заттарды алдына, қапталына қою, алу); сүйену және сүйеусіз, заттармен (обруч, таяқша, жалауша, доп) жүрелеп отыру; аяқты көтере тұрып бүгу, жазу, табандысыртқа қарай қисайту және ішке келтіру, табанды айландыра қимылдату, аяқтың ұшын алға қарай және қапталға созу, саусақтарды бүгіп тұру; келбетті қалыптастыруға арналған жаттығулар; қолдарын айқастыра көтеру және түсіру (оң қол жоғары – сол қол төмен), бір мезгілде оң қолын-жоғары, сол қолын – шетке қимылдату, оң қолын алға, сол қолын – жоғары; сол аяқты алға қарай созу, оң қолын алға; оң аяғын шетке, сол қолын шетке; қолдың қалыптары, қолдың қалыптарын әр қайсысын жеке және екеуін бір мезгілде ауыстыру; қол қимылдарын басымен, көз қарауымен қостай отырып орындау; қарапайым ырғақтарды соғу, шапалақтау, аяқпен басу; бұлшықеттерді босаңту жаттығулары;
3) балалар музыкалық аспаптарымен жаттығулары: қол білектерін әртүрлі бағытта қимылдату, музыка қарқындығының өзгеруіне қарай қол саусақтарын кезекпен және бір мезгілде жұдырыққа жұму және ашу, музыкадағы әр акцентке бармақты қалған саусақтарға қарсы қою, бір қолдың және екі қолдың саусақтарын алшақтату және жақындату, қол саусақтарын ерекшелеу; балалар пианиносында қол саусақтарын жаттықтыру: бір актаваның бес нотасының аясында оң және сол қолдарымен бөлек орташа қарқынмен өсіңкі және бәсендеу гаммаларын орындау, барабанда екі таяқшамен бір мезгілде және кезектеп мұғалімнің санауымен, тақпақ айтумен қарапайым ырғақтарды соғу;
4) музыкалық ойындар: музыканың, динамиканың (қатты, ақырын), регистрдің (жоғары, төмен) түрлі сипатына сәйкес ырғақ қимылдарын орындау; музыкадағы өзгерістерге сәйкес жүру, жүгіру, секіру, би қимылдары бағыттарын, формасын өзгерту (жеңіл, би жүгірісі спорттық шапшаң жүгіріске; жеңіл, ойнақы секіру – ауыр, күлкілі секіруге ауысады), балаларға жақсы таныс, нақты еліктеу бейнесіне құрылған еліктеу жаттығулары мен ойындарын орындау (аңдардың, құстардың қылықтары, көліктердің жүрісі, адамның іс әрекеті), музыканың нақты эмоциональді және динамикалық сипатына сәйкес; музыкадағы күрт акценттерді аяқпен жерді басып, шапалақтап және басқа қимылдармен жеткізу; заттармен музыкалық ойындар, әндетуді немесе сөйлеу тілімен қостауды қарастыратын ойындар;
5) би жаттығулары: сергек, байыпты, тыпырлаған адым, жеңіл иілген саусақпен жүгіріс; екіаяқтап секіру, түзу шоқырақ, қолдың сермеу қимылдары; орыс биінің элементтері: қарапайым қол ұстасып адымдау, екі қолымен бүйірін таянып тұтас табанмен адымдау (қыздар үшін – бет орамалды ұстап қимылдау); бір аяқпен және кезектеп басу, аяқты ұшымен және өкшемен созып қою;
6
жұптық қимылдар: жүгіру, жүру, бір орында айлану; қол ұстасып шеңбермен жүру, аяқпен басып, шапалақтап, айланып билеу.
6) сөйлеу тілінің дағдылары: заттардың атауын дұрыс айту; зат есімді сын есіммен, етістікпен үйлестіру; қойылған сұраққа жауап беру. 23. 2- сыныпқа арналған «Түзету ырғағы» пәнінің базалық мазмұны: 1) кеңістікте бағдарлау жаттығулары: зал бұрышында ширақ бұрыла келе, қабырға бойымен жүру, сапқа, қатарға, тізбекке, шеңберге, жұппен тұру; қатарға екеуден тұру, жұптық қатардан бір адамдық қатарға қайта тұру; саптағы қалыптан және шашырау қозғалысынан қатарға қайта тұру; жүру кезінде затпен қиын емес тапсырмаларды орындау: оларды айлана жүгіру, жинау, бір біріне беру, бір жерден басқа жерге қою;
2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар: жалпы даму жаттығулары, қолдарды шетке сермеу, оларды өз алдында тербету, айландыра қимылдау, лентамен жаттығулар; басты алға, артқа қарай, жан-жаққа еңкейту және бұру, айландыра қимылдау; тізені бүгіп және бүкпей денені еңкейту; қолдарын жоғары, жан-жаққа, желкеге, белге қоя отырып, денені еңкейту және бұру; затты бере отырып (жалауша, доп), денені бұру; затты өз алдына, қапталына тізені бүкпей түсіружәне көтеру; оң және ол аяқты кезекпен алға, артқа, шетке, бастапқы қалыпқа қою. Маршпен жүрген сияқты тізеден бүгілген аяқты күрт көтеру, тұрған және отырған күйде табанды бүгу, жазу; келбетті қалыптастыру жаттығулары; қозғалыс үйлесіміне жаттығулар, бір мезгілде оң қолмен жоғары төмен, ал сол қолымен кеуде алдында өзінен алшақ– өзіне қарай қимылдар жасау (қолдарын ауыстыру); оң аяқпен сол қолдың айқастырылған түрлі қимылдары (бір мезгілде оң аяқты қапталға қою және бастапқы қалыпқа келтіру және сол қолды иыққа бүгу және жазу; бір мезгілде тізеден бүгілген сол аяқты жоғары көтеру және оң қолды көтеру, түсіру); музыка қарқынының өзгеруіне сәйкес қимылдарды жылдамдату және баяулату, музыка аяқталған соң берілген сол қарқында қимылдарды орындау; бұлшықетті босаңту жаттығулары;
3) балалар музыкалық аспабымен жаттығулар: білекті айландыру қимылдары (күштеніп және и еркін), баяу қарқынмен ақырын жылдамдата отырып, бір мезгілде бір қолдың саусақтарын жұдырыққа жұму, ал екінші қолдың саусақтарын жазу, бірінші саусақты қалғандарына қарсы қою, бір мезгілде және кезектесіп бір қолдың саусақтарын екіншіге қарсы қою; балалар музыкалық аспаптарында жаттығу: екі қолмен бірдей орташа қарқынмен бес нота аясында өсіңкі және бәсендеу гаммаларын орындау, аккордеонда және үрмелі гармоникада бір актава аясында гаммаларды үйрену; дабыл мен барабанда қиын емес ырғақтарды екі таяқшамен бір мезгілде және кезектесіп түрлі вариацияда орындау;
4) музыкалық ойындар: музыканың түрлі сипатына, динамикасына (қатты, орташа, ақырын), регистріне (жоғары, орташа, төмен) сәйкес қимылдарды орындау; музыкадағы түрлі қарқынды, динамикалық, әуендік өзгерістерді өздігінен ажырата білуге және оларды қимылмен көрсету
7
жаттығулары; екі бөлімді музыканың айырмашылығын қимылмен жеткізу, таныс қимылдарды еркін биде мәнерлеп орындау, ойын бейнелері мен әннің мазмұнын қимыл арқылы мәнерлеп және эмоциональді жеткізу; өздігінен музыкалық-қозғалыс бейнені құру; заттармен музыкалық ойындар, әндетумен және сөйлеу тілімен қостайтын музыкалық ойындар, қолжетімді әндерді сахналау, ойналған әуеннің ырғағын шапалақтап шығу;
5) би жаттығулары: ақырын, сақ жүріс, биік адым, жұмсақ серіппелі адым, жайбарақат бт жүгірісі, шапшаң жүгіріс, бір аяқтан екіншісіне секіру, жеңіл секіру, ауыспалы жүріс, аяқты алға қарай сермеп секіру; би элементері: бір орында және жылжып адымдау, қарғып жүру, ауыспалы адым; қолдарын денеге түйісіп төмен түсіру, кеуде деңгейінді айқастыру; бір қолымен бүйірін таянып, екіншісі бет орамалды жоғары көтеріп, шынтақта сәл бүгілген (қыздар үшін).
6) сөйлеу тілінің дағдылары: сұрақтың сөздерін қолдана отырып, қойылған сұраққа толық жауап беру; жайтаратылмаған сөйлемдерді құрастыру; таныс сөздердің формаларын дұрыс қолдана отырып, сұрақтар бойынша сөйлемді тарату.
24. 3- сыныпқа арналған «Түзету ырғағы» пәнінің базалық мазмұны: 1) кеңістікте бағдарлауға жаттығу: метрикалық лүпілге сәйкес жүріс; отырысты тізені бүгіп, аяқ үшымен, кең және майда адымдармен, өкшелеп, арқаны түзу ұстап жүрумен ауыстыру; үш-үштен қатарға тұру, бір шеңберден екі шеңбер құрып тұру, бірінші топ балаларының алға бір адым және екінші топ балаларының артқа бір адым жасау арқылы үш жеке кішкентай шеңберлер мен концентрлік шеңберлер құру; жалпы шеңберден екі, үш, төрт адамдық кіші шеңбер құру және керісінше жалпы шеңберге тұру; алдынғы сыныптарға қарағанда заттармен күрделі қимылдар орындау;
2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар: басты еңкейту, бұру және айландыру; әртүрлі бағыттағы қол қимылдары: қолдарын шетке сермеу және иықтарын құшақтай келе қолдарын алдынан айқастыру; кштеніп тұрып қолдарын шетке сермеу (резеңкені созу); еңкейюмен үйлестіре денені бұру; қол қимылдарымен бірге денені алға, жан-жаққа бұру; тізелерін күштеп, жан
жаққа ашып асықпай отыру, ақырын бастапқы қалыпқа келу; аяқ ұшымен тұру және жүрелей отыру, табанды айландыра қимылдату; бір мезгілде аяқты алға, шетке созып отыру; қысып ұстаған қолдардан, таяқ үстінен аттап өту; келбетті қалыптастыру жаттығулары; қозғалыстың үйлесімдігіне арналған жаттығулар: сілтей отырып оң аяқты шетке қою және қолды қапталдан жоғары көтеру, алақан соғу, аяқты сілтеу жағына қарсы басын бұру; сол аяқтың айландырған қимылдарын оң қолдың айландырған қимылдарымен үйлестіру; затпен жасалатын қимылдардың күрделі үйлесімдігіне арналған жаттығулар (жалауша, доп, обручтар, секіртпе жіп); музыканың қиын емес ырғағын барабанның, дабылдың сүйемелдеуімен орташа, тез қарқынмен бір мезгілде шапалақтау және аяқпен басу; қарапайым ырғақтарды өздігінен құрастыру;
8
мұғалім шапалақтаған ырғақты аяқпен басып келтіру және керісінше; бұлшықетті босаңту жаттығулары;
3) балалар музыкалық аспаптарымен жаттығу: қол білегін бүгу және жазу, сілку, бұру, саусақтарды жұдырыққа жұму және ашу; бараан таяқшаларымен қол білектеріне арналған жаттығулар; балалар пианиносында, аккордеонда, үрмелі гармоникада бір актава аясында тез қарқынмен гамманы орындау, қиын емес әуенді орындау; барабан мен дабылда түрлі ырғақтарды орындау;
4) музыкалық ойындар: музыкалық шығарманың бөліктерін қимылдар арқылыжеткізу, музыкалық фразаларды кезекпен ауыстыру; музыкадағы динамикалық үдеуді, тактың күшті үлесін қимылмен жеткізу; түрлі қимылдардың қарқынын өздігінен жылдамдату және баяулату; бидің таныс элементтерін қолдана отырып, серпіле, бірсарынды, бірқалыпты, құлаштап қимылдарды орындау; әндерді сахналау барысында ойын бейнелерін жеткізуге жаттығу; музыкалық әңгіменің сюжетін қимылдар арқылы ашып жеткізу, импровизациядағы рөлдерді ауыстыру; ойын мен билердің басқа нұсқасын ойлап табу; заттарды елестете отырып қимылдау; әнмен және сөйлеу тілімен қосталған қимыл-қозғалыс ойындары;
5) би жаттығулары: аяқ ұшымен адымдау, полька адымы; кең, биік жүгіріс; қатты секіру, қырымен шоқырақтап жүгіру; би элементтері: жанама адымдап отыру, аяқты өкшемен қойып жүрелей отыру, бір орында және жылжу кезінде отыру, жүрелей отыру; жұппен қимылдау: қырымен шоқырақтап жүгіру, секіру; халық билерінің негізгі қимылдары.
6) сөйлеу тілінің дағдылары: әңгімеге қатысу, қойылған сұраққа толық және дұрыс жауап беру; таныс сөздердің формаларын дұрыс қолдана отырып, жай таратылған сөйлемдер құрастыру; көмекші сөздерді және үстеуді қолдану.
25. 4- сыныпқа арналған «Түзету ырғағы» пәнінің базалық мазмұны: 1) кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар: бір адамды қатардан төрт адамды қатарға қайта тұру, шахмат ретімен тұру; бірнеше қатардан бірнеше шеңберге қайта тұру, оларды тарылту және кеңейту; қарапайым және концентрлік шеңберден «жұлдызша» және «әткеншек» қайта құру; зал ортасымен жүру, бір бұрыштан екінші бұрышқа қарай диаганаль сызығын жүргізе білу; лента, обруч, секіртпе жіпті қолдана отырып, сапқа тұру кезінде дұрыс ара қашықтықты сақтай білу; алдынғы сыныптарға қарағанда заттармен күрделі қимылдар орындау;
2) ырғақты-гимнастикалық жаттығулар: басты еңкейту, бұру және айландыру; иықтағы қол қалпынан қолды алға, қапталға, жоғары сермеу; иықты баяу айландыра қозғалту және ақырын жылдамдату, қимылдың қарқынын күрт өзгерту; қол білектерінің бірсарынды, күрт, жылдам, баяу қимылдары; тұрған және отырған қалпында заттарды беру үшін денені бұру; жан-жаққа созылған, желкеге, белге қойылған қолдарымен денені айландыра қимылдау; аяқ қимылдарын әртүрлі қылып үйлестіру: аяқты алға, артқа, қапталға қою, түзе буынын бүгу, айландырған қимылдар, табанның ішкі жағымен жүру; келбетті
9
қалыптастыру жаттығулары; қимылдардың үйлесіміне арналған жаттығулар: аяқтың, қолдың дененің, білектің бір мезгілдегі қимылдарының әртүрлі үйлесімі; музыкалық сүйемелдеумен біртіндеп жылдамдата, қимыл қарқынын күрт өзгерте отырып жаттығуларды орындау; қолды көтеріп, кеуде алдында, оң жақта, сол жақта, сирақ үстінде кезектеп шапалақтау; шапалақ пен аяқты басуды, заттарды (сылдырмақ, дабыл, барабан) үйлестіре отырып, қиын емес ырғақтарды өздігінен құрастыру; бұлшықетті басаңту жаттығулары;
3) балалар музыкалық аспаптарымен жаттығулар: білекті айландыра қимылдату (саусақтарды жұдырыққа жұму), бір саусақты басқаларға қарсы қою, түрлі қарқында білек пен қол саусақтарын қимылдату: баяу, орташа, жылдам, біртіндеп жылдамдату, қарқынды күрт өзгерте отырып, бірсарынды қимылдар; балалар пианиносында, аккардионда, үрмеді гармоникада қиын емес жаттығуларды, әндерді орындау; таныс әннің негізгі ырғағын музыкалық аспаптарда ойнауға жаттығу, берілген әуеннің ырғағы бойынша таныс әнді анықтау;
4) музыкалық ойындар: музыкадағы метрді, ырғақты, акцентті, қарқынды және динамикалық өзгерістерді қимыл арқылы өздігінен жеткізуге жаттығу; музыкалық фразалардың, бөліктер контрастылығының өзгеруіне сәйкес өздігінен қимылдарды өзгерту; әуеннің кіріспесінен кейін қимылды бастап үйрену; ойынның, би элементтерінің жаңа нұсқасын орындау және ойлап табу, оларды араластыру, қиын емес би композицияларын, әндетуді, сөйлеуді қажет ететін ойындарын; музыкалық ертегілерді, әндерді сахналау;
5) би жаттығулары: 3-сыныпта үйренген би элементтерін орындау; қыздарға «Қамажай» қазақ биінің элементтерін, ұлдарға «Қара жорға» қазақ биінің элементтерін үйрету; әртүрлі халықтардың би элементтерін ажыратуға жаттығу; кадриль адымы: үш жай адым және бір сырғымалы адым, аяқтың ұшын созу; серіппе жүгіріс, артқа қарай секіру (арқасымен), тұтас табанды басып жәнесаусақтарын бүгіп тез майда адымдар жасау; халық билерін орындау.
6) сөйлеу тілінің дағдылары: әңгімеге қатысу, сыныптастарының айтқанын толықтыра отырып, қойылған сұраққа жауап беружай таратылған сөйлемдерді қолдана отырып, жоспар бойынша байланыстыра сөйлеу; таныс сөздердің формаларын дұрыс қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |