Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру денгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


- тарау. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі151,66 Kb.
#20503
түріБағдарламасы
1   2   3   4
2 - тарау. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

4. Бағдарлама ақыл-ойы кем білім алушылардың дене дамуының, моторикасының, соматикалық күйінің, жүйке-психикалық мәртебесі мен танымдық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған.

5. Оқытудың компенсаторлық-дамыту бағыттылығы қағидасы арнайы әдістермен және оқу-әдістемелік тәсілдерімен қамтамасыз етіледі: үздіксіз қайталау, жаңа материалды менгеру үшін арнайы жағдай жасау, балалардың заттық-тәжирибелік іс-әрекетін кеңінен пайдалану, орындаған жұмыстарын баяндап отыруды талап ету, оқу әрекетінің әр қадамына басшылық ету, бақылау.

6. Оқытудың әлеуметтік-бейімдеу бағыты тұлғаның әлеуметтік бейімсізденуін жоюды немесе азайтуды көздейді; қимыл-қозғалыс нормаларын, өмірлік қарым-қатынастық және тұрмыстық дағдыларының қалыптасуына ықпал жасайды.

7. Жеке және саралап оқыту тәсілі қағидасы оқу материалын меңгеру кезінде байқалатын білім алушылардың вариативті типологиялық ерекшеліктерімен байланысты болады және олардың білім, білік, дағдылардың менгеруінің сапасына әсер етеді.

8. Саралап оқыту барысында мұғалім білім алушылардың түрлі типологиялық топтары үшін оқу материалының әр түрлі көлемі мен күрделілігін, білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындау дербестік дәрежесін, көрнекі-дидактикалық материалдардың түрлерін қолданады.

9. Бағдарлама материалы білім алушылардың қарапайым қозғалыстарындағы түрлі бұзылыстарына таңдамалы ықпал етуге, олардың неғұрлым күрделі, әсіресе адамның еңбек қызметіне қажетті қозғалыстарды ұйымдастыру қабілетін дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

10. Заттармен және затсыз, музыкамен және музыкасыз орындалатын түрлі жаттығулар ырғақ біліктілігін қалыптастыру құралы болып табылады, ол ырғақ әрекеттерін, кеңістік түсініктерін, сенсорлық процестерін, жоғары психикалық қызметтерін, вербалды және вербалсыз қарым-қатынас дағдыларын, өзін өзі қадағалауын түзетуге себеп болады.

11. Деңгейлік мақсаттарға сәйкес әзірленген тапсырмалар мен жаттығулар бағалаудың құралы болып есептеледі.

12. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ бойынша), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде іске асырылады.

13. Ағымдық бақылау оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс таңдау мақсатында жүргізіледі; педагог сабақта білім алушылардың қызметін бақылауды, практикалық және дербес жұмыстарды, ұжымдық қызмет түрлерін талдауды пайдаланады.

3

14. Кезеңдік (тақырыптық) бақылау әр типологиялық топтағы білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі түрлі мүмкіндіктері ескере отырып, тақырыптың, тараудың аяғында жүргізіледі.



15. Әр білім алушының оқу жетістіктері мен даму динамикасын талдау мақсатында тоқсанның, жылдың аяғында қорытынды бақылау жүргізіліп, жетістіктері оқу картасына еңгізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет