Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру денгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/4
Дата07.01.2022
өлшемі151,66 Kb.
#20503
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Түзету ырғағы


1

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы «5» ақпандағы

№ 51 бұйрығына 18-қосымша

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 563 -қосымша

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру денгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1 - тарау. Жалпы ережелер

1. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім бері денгейінің 0-4 сыныптары үшін «Түзету ырғағы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы

6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Бағдарлама мақсаты – дене дамуының, жалпы және сөйлеу моторикасының, эмоционалді-ерік аясының кемістігін түзету; тұлғалық жағымды қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру. 3. Бағдарлама міндеттері:

1) қимыл-қозғалыс аясын дамыту: жинақылығын, мақсатты бағыттылығын, қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі мен айқындығын дамыту; 2) ырғақ сезімін қалыптастыру;

3) білім алушыларда әуенге сәйкес ырғақты және айқын қозғалу қабілетін, әуеннің ырғағы мен жылдамдығына қимылдарын үйлестіру қабілетін дамыту;

4) би қимылдарын үйрету, қимыл-қозғалыс мәнерлігі мен кейіптің бейнесін жеткізе білуін қалыптастыру;

5) музыкаға деген эмоционалды ілтипатын тәрбиелеу;

6) әуенді күші, ұзақтығы, тембрі, сипаты бойынша ажыратуға үйрету; 7) қимыл-қозғалыс жадысын дамыту;

8) қимыл-қозғалыс аясындағы жетіспеушіліктерін түзете отырып, ептілік, тепе-теңдік сезімін, кеңістікте бағдарлау, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру.

2



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет