Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі


Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтары



бет11/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
18. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері, жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылықтары
Қазақ тілінің жазу үлгісі бүгінгі күнге дейін бірнеше мәрте өзгеріске ұшыраған. Оған елімізде болған түрлі тарихи оқиғалар себеп бола алады. Қазақ графикасының ерекше бір түрі ретінде араб жазуымен жазылған қазақ тілін айтсақ болады. Араб тілі әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі. Бұл тілдің жазу әдісі біздің қазақ тілімен ұштасып,«төте жазу» деген ұғымды қалыптастырды. Негізінде, араб тілі солдан оңға қарай жазылатыны бәрімізге мәлім. Ал қазақ тіліндегі араб графикасы әдеттегідей солдан оңға қарай жазылады. Осы секілді араб жазуымен ұштасқан қазақ тілінің түрлі ерекшеліктері бар. Қазақтың ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы араб тілінде жазу әдісін егжей-тегжейлі зерттеп, халыққа қолайлы етіп шығаруды қолға алды. Ахмет атамыздың бұл еңбегі арқасында Иран, Ауғанстан мен Қытайда тұратын отандастарымыз әлі күнге дейін араб жазуын қолданады. Қазақ даласында 10 ғасырға жуық уақытты қамтыған араб жазбасы ішінара екі тәсілге бөлінеді. Олар қадим және жәдид деп аталған. Қадим жазу тәсілімен жазу барысында дауысты дыбыстар таңбаланып жазылмаған. Оның орнына көмекші белгі ретінде араб тілінің харакаттары қолданылған. Мысалы, фәтха арқылы: а, ә әріптері, кәсра арқылы: ы, і, е, және дамма арқылы ү, ұ, о, ө дыбыстарын бейнелеген. Сонымен қатар, аталмыш жазу жүйесінде «зәл, зо, сә, дод» сынды қазақ тіліне таңсық әріптер қолданыла берген. Ал жәдид жазу тәсілінде керісінше, барлық дауысты дыбыстар таңбаланып отырылған. Яғни, барлық дыбыстар араб тілінің фәтха, кәсра, дамма сынды харакаттарымен қағазға түсірілген. Жалпы, қазақ тілінің араб тілінде жазылуының ұтымды тұстарымен қатар, кемшіліктері де болған. Мәселен, араб графикасымен жазу барысында «-ды,-ді» сынды жалғаулар «-ны,-ні» жалғауларына айналып кетеді. Мысалы, қаламызны, дүниемізні секілді сөздер үндестік заңдарына қайшы келіп тұр. Сонымен қатар, ы, і дыбыстары сөз ортасында ұ, ү дыбыстарымен таңбаланғаны да араб графикасының кезекті кемшілігіне айналды. Мұндай олқылықтардың алдын алу мақсатында «Айқап»,«Дала уәлаяты» сынды газеттерде өзекті мәселелер көтерілді. Кейіннен, араб графикасы қазақ даласында қолданыстан шығып, оның орнына латын әліпбиі келген болатын. Жоғарыда атап өткен кемшіліктерге қарамастан арабша жазу үлгісі қазақ халқының жадында жақсы сақталып қалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет