Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі


 Жазба тілмен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері



бет18/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Аяулым 2 уровнь 16,21 (1)

28. Жазба тілмен ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері
Тіл өз кезегінде ойлаудың нәтижесі абстракті ұғым . Дәл осы ойланымның жарыққа шығуы тіл арқылы. Бұл негізгі ережеге сай жазбаша және ауызша деп қарастырылады .Себебі екеуін бір бірінен төмендетіп болмаса ажыратып қарау қиын .Тілдік көрінісін осы екі негізде шығарады . Бірақ екеуі де индивидуальды ұғымдар .Екеуі қолданылу аясына ,орнына қарай ерекшеленеді .Жазбаша тіл бұл тарихы терең ерте заманнан басталады.Ерекшелігі сол айна қатесіз сол заманның естелігін алып келеді . Сол арқылы тарихта жазылады .6-7 ғасырларда жазылған Күлтегін,Тоныкөк бұлар қазір сол кездің еселігін нақ фактімен жеткізеді .Жазбаша тіл негізін таңбаланған дыбыстар құрайды .Ал ауызша қолданылуы дыбыс ,үннің шығуы арқылы болады . Екеуінің айырмашылығы жазба тіл ге қарағанда ауызша тез өзгеріске ұшырайды. Орфоэпия да айтылу едәуір басқаша сөздер көп ақ.Ал жазбаша бұрыннан сақтау құралы ретінде ,көркем әдебиетте,ресми қағаздарда пайдаланылды .Жазба тілінде жарыққа шығарушы- таңба немесе әріп болса ,ауызша да дыбыс ,үн арқылы шығады. Екеуінің айырмасы тек материялдық ерекшелік емес . Тілдік көріністе де анық байқалады . Себебі сөз жарыққа шыққанда шығару құрлысы ерекше болады .Жазба тіл - адамзаттың ,өркениеттің дамуына ерекше әсер береді.Ал ауызша күнделікті ауызша қарым- қатынаста қолданылады.Адам бір бірімен сөйлесу бұл алабөтен құбылыс емес .Әу баста ақ сөйлесу қадыптасқан. Күрделі сөздер егжей тегжейлі сараланып жазбаша болып шығады . Себебі адам баласы сөйлеген сөзін дәл сол қалпында есте сақтау қиын. Ауызша тілде мағынасы тура сондай синоним сөздермен ,қысқа сөйлем немесе тиянақсыз ойлар арқылы жеткізе алады . Екеуінің бір-біріне кереғарлығы айтылған дыбыстың басқаша жазылуы немесе жазылған сөздің айтылуы орфоэпиялық өзгеріске ұшырауы болар.

29. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Қазақ жазуы 1940 жылы латын графикасынан орыс графикасына негізделген жазуға көшуіне бірнеше себеп болды. Олар:
1. Идеологиясы мен саясаты өзгеше Түркия мемлекеті мен Кеңес одағының қол астында болған түркі тілдес халықтарының араласуына кедергілер мен жасалған бөгеттердің көбеюі;
2. Бір мемлекет пен оған ортақ астанасына бағынған халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керек деген қағиданың негіз болуы;
3. Араб пен латын графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалаушы қайраткерлердің, атап айтсақ, О.Жандосов, Е.Омаров, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанұлы сынды т.б ел ардақтыларына «халық жауы» деген айып тағылуы;
4. Тілдегі барлық термин сөздердің тек орыс тілі арқылы игерілуі;
5. Жазу емлесіндегі бірізділіктің болмауы.
Әліпби мәселесі. 1939 жылдың 10-тамызында жасалған орыс графикасына негізделген жазудың алғашқы әдеби жобасында жалпы саны 40 әріп болды. Мұндағы әріп тізбегенің ең басты ерекшелігі – әріптер ретттілігі жуан дауыстылар жуан дауыссыздармен, ы дыбысының әріптік таңбасы жуандық белгісімен қатар келіп отырған. Ал қазақ тіліндегі «қ», «ғ» фонемаларының таңбалануы «х» әрпінен кейін орналасқан. Ал графикасынан мыныдай ерекшелік көрінді: дауысты дыбыстардың таңбасы ретінде жалпы саны 14 әріп көрсетілді. Олар: а,о,у,е,и,і,ә,ө,ү,я,ю,э, ŷ.
Тура бір жыл уақыт өткеннен кейін 1940 жылдың 30-тамызында жаңа әліпби жөніндегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жап-жаңа әліпби туралы жоба ұсынады. Мұнда «һ» әрпі әліпбиге енгізілді және фонемасы «э» таңбасымен берілгендігі хабарланған болатын. Бұл жобаны кеңінен талдап, біраз өзгерістерді енгізіп, жаңашылдық енгізудің көш басында – С. Аманжолов болған еді. Артынша, орыс графикасына негізделген әліпби туралы өз жаңашыл көзқарастары мен тың ұсыныстарын Ш.Сарыбаев, А.Ысқақов пен М. Балақаев білдіре бастады. Сонымен, нәтижесінде түрлі ортаға түскен талқылаулардың нәтижесінен орыс графикасына жаңа әліпби 1940жылдың 11- желтоқсанында түбегейлі бекіді. Әліпбидегі әріптердің ретті тізбегі қазақ тілінің төл дыбыстарының жұмсалу жиілігіне сәйкес, і, қ, ң, ғ, у, ө, ә, һ болып реттелді де, бірақ бәрібір де бірінші орыс алфавитінің әріптері, соңынан қазақ әріптері тіркелді.
Емле мәселесі. Осы орыс графикасына негізделген әліпби жобасының негізінде 1941 жылы С. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Бұзырбаев, С. Баишев, Н. Сауранбаевтардың ұжымдаса отырып жасауымен алғашқы емле сөздігі жарық көрді. Ол емле сөздегінде мынадай өзгешеліктер болды:
а) ы, і әріптері түсіріліп жазылды: бұйрық, жыйлыс, ұрлық, құрлыс, топрақ, көкрек, жапрақ, т.б;
ә) жалқы есімдерде кездесетін [йы] тіркесі үшін (Баир, Раис), жалпы есімдерде йы болып жазылды: айыл, кейін т.б;
б) кірме сөздерде я дыбысының таңбасы яғни әрпінің алдынан (пияла, пияз, зияш), ал қазақ сөздерінде ы жазылды: қыялы, сыяқты, тыянақты т.б;
в) йы, йі-ге аяқталған сөзге көсемшенің -й жұрнағы жалғанса, и әрпі жазылды (байыйды емес, баиды).
Емле сөздігінде:
а) жер-су аттары яғни жалқы есімдердің жазылу емлесі;
б) біріккен, қысқарған, кірме сөздердің емлесі;
в) терминдердің дұрыс жазылу мен қолдану емлесі;
г) кісі есімдері (жалқы есімдер)
д) жазылуы қиын сөздер тобы кірді.
30.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет