Жеңіл уровень Жіктік жалғауларының даму ерекшелігі


Жазудың маңызы мен бүгінгі күн тұрғысынан қызметі



бет9/18
Дата26.12.2023
өлшемі54,99 Kb.
#143464
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Аяулым 2 уровнь 16,21 (1)

14.Жазудың маңызы мен бүгінгі күн тұрғысынан қызметі
Жазу адам өміріне маңызды өте зор дер едім.Олай деуімнің себебі адамдардың қашықтықта тұрып өзара қарым-қатынас жасауынына септігін тигізеді.Адамдар арасында жазу қоғамдық қажеттілігті керек етеді. Жазу-тілді жаңғыртудың және де бекітудің айқын құралы.Жалпы сол кезеңде адамдар күрделі қоғамдық істердің дамып жетілуінің арқасында ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмаған. Сол себеті болар жазудың шығу тегі ең алдымен қарым-қатынастың маңыздылығы болып табылады. Ең алдымен аса маңызды құрал ол бізде тіл ауызша түрде өмір сүру болды.Барлығымызға белгілі ауызша сөйлеудің негізгі кемшіліктері болды. Олар 2 кешілік еді атап айтқанда таралу жағынан және уақыт жағынан. Жазу негізінен ауызша сөйлемге қарағанда әлде қайда есте қалады,ауыздан ауызға тараған сөз әртүрлі болып жеткізілген мен жазу нақты дәлел дәйекпен жазылып қалады. Әрине ауызша тараған сөйлем жадта қалғанмен ұзақ сақталмайды. Мысалы көне заманымыздағы жазудың түрлері алдымен тасқа қашалып жазылғаны бәрімізге аян. Ондағы жазулар әлі күнге дейін сақтаулы.Ал енді жазуға байланысты тілдің даму тарихы тұрғынан айта кетсем,тіл адам санасындағы ойды негізге шығарып,жазу ауызша айтылған ойды негізгі құралдарды көзге елестету арқылы дүниеге айналдырады. Сондағана жазу тек қосалқы қызмет атқаратын құрал болып табылады. Осы жазуға байланысты ауызша коммуникацияның жетілген технологиялы бүгінгі кезеңінде жазудың адамзат өркениеті үшін атқарар қызметін парықтаудың қажеттілігі бар. Осы жазуға байланысты А.Байтұрсынұлы «Біздің заман — жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген.
Түсінгенім жазу адам өз ойын жазу арқылы жеткізе алу мүмкіндігі мен қатар ойының дамуынада септігін тигізедіАдам өмірінде жазудың орыныда ерекше және маңызды болып қала бермек.


15.
16. Көне түркі жазуының әліпбиі, графикасы, орфографиялық ерекшеліктері, кейбір дыбыстардың таңбалану жүйесі
Көне түкі жазбалары үш ескерткіштің негізінде табылған: Талас,Орхон және Енесей өзендерінің маңындағы ескерткіштер.Жалпы олардың табылу аймағы өте кең болған: Алтай,Тараз, Қарақорым, Есік, Ертіс, Моңғолия және т.б. жерлерді қамтиды. Ал енді осы ескерткіштерді Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанова, А.Аманжолов ғалымдар зерттеген. Осы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып көне түркі жазуларының графикасын қарастырып көрсем.Орхон-Енесей ескерткіштерінде бас аяғы 35 графема болса,соның 4 дауысты дыбыс болса қалғаны, яғни 31 дауыссыз дыбыс. Жаңағы 4 дауысты дыбыстың 9 инвариантты дыбысы болады.Оларды атап өтсем: а-е-ә,ы-і,о-ұ,ө-ү дауысты дыбыстарының бір-бірімен жұп құрып келеді. Дауыссыздар негізгі 10 инвариант бар болса,жаңағы дауысты дыбыстармен тіркесіп жиырмадан астам формасын жасай отыра,үндестік заңын сақтап отырады.Сол себепті дауысты дыбыстардың кейбірі не сөздің басында немесе ортасында кездеспеуі мүмкін. Осы мәселеге байланысты көбінесе сауал а және ә әріптерін белгілейтін фонемасы мен о мен ө әрпін белгілейтін фонемаға қатысты қойылып жатады. Демек а-ә дыбыстары инлауттық және ауслауттық позицияда кездесе бермейтінінде және о-ө дыбыстары керісінше осы екі позицияда жиі ұшырасып жатады.Бұл а әрпінің басқа түрлеріне қарағанда көбірек түсіп қалып жатуында.Мәселен:айғучы сөзін алсақ,сөз басында а түсіп қалып йғучы қолданылады.Ал анлауыттық позицияда сол қалпында сақталып қала береді. Таңбалануына байланысты туындайтын тағы бір мәселе: көне түркі тілдерінің буын жазуы ма әлде әріп жазуыма деген сауалға көптеген ғалымдар жауап іздей бастайды.Бұның жауабын В.Г.Гузеев пен В.Томпсеннің еңбектерін зерттей отырып не әріпке салмай, не буынға салмай,тұтас көре отырып оқу керек деген жауап ұсынады.Өйткені буын жазуы сәйкес үндестікті дауысты дыбыстар берсе,бұл жерде бір графиканың инварианттары болғандықтан, үндестік заңын дауыссыз дыбыстар беріп отырады.Сөйтіп көне түркі жазуы тіл үндестігінің негізінде құралған,ерін үндестік таңбаларын алмаған болып келеді. Сингормонизм заңы дауыссыз дыбыстар негізінде құралған болса, дауысты дыбыстар соның жетегінде жүріп қосымша реңк беріп отырған.Ал дауыссыз дыбыстар сөйлеген кезде ерін,езу,тіл мүшелерінің шығаратын әуені арқылы дыбысталып отырған.Бағана жоғарыда айтып өткен дауыссыз он таңбаның жиырмадан астам фонемасын бар деп кеткен болатынбыз.Енді солардың ішінде әлдебіреулерінің үштен астам дыбысталуы кездеседі. Мәселен қ мен қ-нің жуан еріндік және жіңішке еріндік түрлері бар.Ал б,д таңбалары кейде т және н дыбыстарын таңбалып жатуы мүмкін.Ал енді не себепті қалғандары бір ғана фонемасы бар деген сұрақ туындауы мүмкін.Оған басқаларының біріншілерінен қарағанда кеш пайда болуында деп түсіндіреді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет