Жеңімпазды анықтайық қанекей, Əділқазы сайысты əділ бағалар



бет3/4
Дата28.04.2023
өлшемі30,94 Kb.
#88007
1   2   3   4
Өтілетін орны: спорт зал
Қажетті құралдары: арқан, кеглийлер, теңге, кубиктар,доптар.
Өтілу барысы: Құрметті оқушылар, спортшылар! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топтарды ортаға шақырайық. (Қаражорға əуенімен балалар ортаға шығады.)
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
«Ура» деген ұранды біз тастаймыз Жарысымызды ал енді бастаймыз Бүгінгі жарысқа қатысуға келген топтар: 1 - топ «Тұлпар»,
2 - топ «Қыран»,
3-топ «Барыс»,
4-топ «Жүйріктер», 5-топ «Мықтылар»,
Осы топтардың жарысына əділ баға беретін əділ-қазылары бар.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз Əділ қазы алқасы
Əділбаға беріңдер
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...
Сайыс шарттары: 1. Ойын: «Бəйге»
Ойын шарты: Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады.
Эстафеталық таяқшамен жүгіріп кеглийді айналып келесі балаға тапсыру. Сөйтіп белгі бойынша əр топтан бір баладан жарысады.Қай топ тез келсе сол жеңіске жетеді. (1-5ұпай)

  1. Ойын: «Теңге алу»

Ойын шарты: Жердегі шашылып жатқан теңгелерді себетке жинап алу керек. Қай команда тез бітсе, сол жеңіске жетеді.(1-5 ұпай)

  1. Ойын: «Қол күрес»

Ойын шарты: Ортаға əр команданың капитандары шығып қол күреседі. Қарсыластың қолын жерге тигізген ойыншы жеңіске жетеді. (1-5ұпай)

  1. Ойын: «Қыз қуу»

Ойын шарты: Спорт залдың бір жағында қыздар, екінші жағында ұлдар тұрады. Белгі бойынша бір ұл жүгіріп келіп бір қызды алып өз жағына əкелу керек. Сөйтіп жалғаса береді. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді. (1-5ұпай)

  1. Ойын: «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына арқанды тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. (1-5ұпай) Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз Думанға қызық келіңіз Əділ қазы ел сенген Өнерге баға беріңіз.
Қорытынды:
Жүргізуші: Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» эстафеталық жарысты қорытындыласақ. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет