№ 13 ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЛҚАНША БЕЗІНІҢ ГОРМОНДАРЫ Тиреоидты гормондар: тироксин, трииодтиронин, кальцитонин - ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
- 1.Қалқанша безінің гормондары: Т3,Т4, олардың биосинтезі, құрылысы, заттар алмасуына әсері.
- 2.Гипо-, гипертиреоздың биохимиялық көріністері.
- 3.Кальцитонин, құрылысы, кальций алмасуына әсері.
- Қалқанша безі дәнекер тінінің жұқа қабаттарымен қоршалған фолликулалардан тұрады.
-
- Фолликула жанындағы жасушаларда кальцитонин түзiледi.
- Фолликуланың iшiндегi коллоидта екi гормон – трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин синтезделедi .
- Йодтың тәуліктік қажеттілігі 150-200 мкг
- Химиялық табиғаты. тирозиннен синтезделедi. Тирозин бос күйiнде немесе 10 полипептидтік тізбектен тұратын тиреоглобулин деген белоктың құрамында кездеседi.Гормондардың биосинтезі тироцитте немесе фолликула ішіндегі коллоидта өтеді,
- Тирозиннің йодталуы С-3 және С-5 орында өтедi.
- Тироксин (Т4) Т3-ке қарағанда көп түзiледi, бауырда тироксин йодсызданып Т3-ке айналуы мүмкiн.
- Т3 екi түрi бар:
- 3, 5, 3’ –Т3- бұл активті,
- 3,5,5’ - Т3 активсiз, ол О-Т3немесе кері түрі деп те аталады.
-
- 3,5,3‘,5'–тетрайодтиронин,
- Әсер ету механизмі: Т3 екіншілік ; Т4 үшіншілік механизм бойынша
- Нысана жасушалары: организмнiң көптеген ағзалары мен тіндерi, тек мида ,көк бауырда және гонадаларда бұл гормондардың рецепторы жоқ.
- Физиологиялық әсерi. Т3-тiң әсерiнен оксидоредуктаза ферменттерінің синтезi күшейедi. Сондықтан организмдегi барлық тотығу-тотықсыздану (ТТ) процестерi артады. Тіндердің оттегiне деген қажеттілігі күшейедi, липидтер, көмiрсулар ыдырауы артады. Т4 әсерiнен митохондрия мембранасының өткiзгiштiгi артып (аминқышқылдары, органикалық қышқылдар – ПЖҚ, лимон және т.б.) оксидоредуктазалардың субстраттарының митохондрияға түсуi күшейедi. АТФ көп түзiлетіндіктен дамып келе жатқан организмде белоктардың синтезi жоғарылайды.
- Т3 пен Т4 секрециялануын тиреотропты гормон (ТТГ) бақылайды.
- Гипер-, гипотиреоздың биохимиялық көріністері
- ТТГ артық мөлшерде болғанда қалқанша безінің гиперфункциясы байқалады. Гиперфункциясы гипертиреоз немесе тиреотоксикоздың (Грейвс ауруы немесе Базедов ауруы) дамуын туғызады.
- Базедов ауруының клиникалық белгiлерi:
- Зоб, қалқанша безiнiң массасының артуы;
- Тахикардия (жүректiң соғуының жиіленуі);
- Экзофтальмия (көздің шарасынан шығуы);
- Дене ТºС
- Аурулар ашуланшақ , арық болады.
- Ауруда зоб дамиды – гипертрофия (жасуша көлемінің үлкеюі) және гиперплазия (жасуша санның артуы) есесбінен қалқанша безiнiң массасының артуы. Йод қанмен түседі, қаннан көп мөлшерде йодты ұстап қалу үшін компенсаторлы бездің салмағы артады. Науқас белоктар мен липидтердің ыдырауының артуынан салмағын жоғалтады (арықтайды) ( кахексияға дейін) ..
- БТ мен ТФ қабысуы бұзылады.Нәтижесінде АТФ синтезі (Р/О коэффициентті төмендейді) және тотығу энергиясы азайады , ТФ реакциясына пайдаланылмаған энергия жылу түрінде бөлінеді. Сол себепті мұндай аурулардың дене температурасы 0,5-1°С жоғары болады, ыстықтау сезімі және терлегіштік байқалады.
- Базедов ауруында тахикардия және тыныс алу жиілігі байқалады, оның себебін шеткі тіндердің оттекке деген қажеттілігінің артуынан ( БТ артады) жүрек пен өкпе қызметі артады деп түсіндіруге болады . Экзофтальмия (бадырақ көз) ретробульбарлы торлы қабаттың ісінуінен және көзді қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің функциясының бұзылуынан пайда болады.
- Аурулар ашуланшаќ болады, ұйқысыздық байқалады, саусақтары дiрiлдейдi.
- Бос Т3 немесе Т4 жетіспеуінен гипотиреоз байқалады. Гипотиреоз қалқанша безінің қызметінің жеткіліксіздігінен, гипофиз немесе гипоталамус ауруларының нәтижесінде де болуы мүмкін. Гипотиреоз белгiлерi жас шамасына байланысты. Ересек адамдарда кездесетiн гипотиреоз “микседема“ деген ауруға шалдықтырады (микседема – грек сөзі, mуха – шырыш;oedemo- ісік).
- Ауруларда теріде протеогликандар мен судың жиналуынан шырышты ісік (терісі, кілегей қабаттары iсiнедi, тiлдері де iсiнiп ауыз қуысына симай, үстiнде тiстiң iздерi қалады), патологиялық семіру, жүрiс-тұрысының азаюы, жалқаулық, дене температурасының төмендеуі, әлсiздік және тез шаршау байқалады, есте сақтау қабiлетi нашарлайды.
- Қалқанша безінің гипофункциясы балаларда байқалса, “кретинизм“ ауруының дамуына әкеледі. Балалардың басын ұстауы, отыруы, жүруі , тісінің шығуы кешігеді.Еңбегі кеш бітеді. Кретинизм кезінде ақыл-ой және дененің дамуы күрт төмендеп, психикалық реакциялар баяулайды.
- Тироидты гормондардың синтезі
- 3,5,3'–Т3 активті,
- 3,3',5'–Т3 активсіз (Т3–0),
Достарыңызбен бөлісу: |