Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық – дидактикалық бірлестігі



бет33/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
V. Ақпараттық – дидактикалық бірлестігі.


Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.

Гемодинамика қан тамырлар арқылы қанның үздіксіз ағуын зерттейді. Негізгі гемодинамикалық көрсеткіштерге ( параметрлерге ) жатады: 1.Қан қысымы 2.Қан ағысының жылдамдығы 3. Шеткі кедергі (тамырлар тонусы).




1-жұмыс. Адамның артериялық қан қысымын Коротков әдісімен өлшеу

Артериядағы қан белгілі бір қысыммен ағады. И.П. Павлов көрсеткендей, артериялық қан қысымының шамасы қалыпты физиологиялық жағдайларда тек шамалы ғана ауытқиды. Адамның артериялық қан қысымын қансыз әдіспен анықтайды. Жалпы қан қысымының 2 шамасын өлшейді:


1) максимальды немесе систолалық қысым - бұл жүректің систоласы кезінде артериялардағы қан қысымы, 2) ал жүректің диастоласы кезінде артериялардағы қан қысымы төмендегенде пайда болатын шамасын минимальды немесе диастолалық қысым деп атайды.
Қалыпты жағдайларда адамның артерияларындағы максимальды қысым сынап бағанасы бойынша 105 – 125 мм – ге дейін, ал минимальді қысым 60 – 80 мм шамасында болады. Ал артерия тамырында максимальды және минимальді қысымдардың айырмашылығы жүректің жиырылу күшін сипаттайтын пульстік қысымды немесе қан қысымының амплитудасын көрсетеді. Пульстік қысымның орташа мәні сынап бағанасы бойынша 35 – 40 мм болады. Сфигмоманометр 3 бөліктен тұрады :
А) қапталған қуысты резенке манжеткадан ;
Ә) ауаны тек бір бағытта өткізетін клапаны бар резенке грушадан;
Б) манжетканың ішіндегі қысымды өлшеуге арналған сынапты манометрден. Осы бөліктердің барлығы бір - бірімен резенке түтікшілер арқылы герметикалы жалғасқан.
Жалпы қан қысымын көпшілікке танымал Коротковтың аускультациялық әдісімен өлшейді. Бұл әдіске сүйене отырып , максимальды және минимальды қан қысымын анықтауға болады. Бұл әдіс қантамырдың қабырғасына қан соғылғанда пайда болатын дыбыстарды ( Коротков тондары ) тыңдауға негізделген.


Жұмысты орындау: Зерттелуші қырымен отырып, бір қолын үстелге қояды. Қолдың қарына манжетканы орап ( қатты тартпай ) бекітеді. Жүйеден ауаның шығуына жол бермеу үшін грушаның винтті клапанның қатты жауып тастайды Шынтақ буынындағы шынтақ артериясын табады. Содан кейін фонендоскоптың мембранасын соның тұсына қойып тыңдайды. Бұл мезетте еш дыбыс естілмейді. Манжеткаға қысымның шамасы с.б. бойынша 150 – 160 мм - ге дейін жеткенше ауаны жібереміз. Одан кейін ақырын ғана винтті клапанды ашып, манжеткадағы қысымды бірте - бірте азайтады. Манжеткадағы қысым тамырдағы қысыммен теңдескенде « тук - тук » деген тамырдың соғу дыбысы айқын естіледі. Осы кезде міндетті түрде манометрдің цифрын қарап алу керек. Бұл қысым қан тамырының максимальді қысымы. Қысымды одан әрі төмендеткен сайын, манжеткадағы дыбыс күшейе түсіп, бірер уақыттан соң жойылып кетеді. Осы кезде манометрдің көрсеткіші минимальді қысымның шамасына сәйкес келеді. Ал пульстік қысымның мөлшері максимальді қысымнан минимальдік қысымның шамасын алып тастап, табуға болады.
Манжетканы манометрден босатады. Зерттелуші 20 - 30 рет отырып тұрады. Содан кейін тағы да қан қысымын өлшеп алады. Дене еңбегінен кейін қан қысым шамасының және пульстік қысымның өзгергені байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет