Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-сурет. Коротков әдісімен артериялық қан қысымын анықтау



бет34/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102
1-сурет. Коротков әдісімен артериялық қан қысымын анықтау



2-жұмыс. Людвиг манометрі арқылы жануар артерия қысымының мөлшерін анықтау , қисық сызығын тіркеу

Людвиг манометрі шкаласы бар штативке бекітілген сынапқа толы U - тәрізді шыны түтік. Манометрдің жабық бөлігі қанды ұйытпайтын ерітіндімен толтырылып ұшында канюлясы бар резенке түтікшенің көмегімен жануардың артериясына қосылады. Артерия қаны сұйықтыққа қысым жасап, ашық бөліктегі сынапты қозғайды. Сынаппен жалғасқан жазғыш қозғалады да кимографқа артериялық қысымның қисық сызығы жазылады. Осылай артериялық қысымның шамасын анықтауға болады.



2-сурет. Жануар артерия қысымының қисық сызығын тіркеу.


3-жұмыс . Вальдман флеботонометрі арқылы адамның шынтақ венасында қысымды анықтау
Вальдман флеботонометрі адамның веналық қан қысымын анықтауға арналған. Аспап шкаласы бар тік сулы манометрден жалғаушы түтікшелер жүйесінен, шынтақ венасына енгізілетін иньекциялық инеден тұрады. Манометр үш жолды кран арқылы ерітінділерді тамызушы жүйемен байланысқан. Кранды бұрай отырып , ерітіндіні венаға жіберуге және де венадағы қысымды өлшеуге болады. Өлшеу алдында нивелирдің жәрдемімен шкаланың нольдік көрсеткішін оң жақ жүрекшені деңгейімен теңестіру керек.
Анықтау әдісі: Венадағы қысымды анықтағанда асептика және антисептика талаптарын мұқият орындау керек. Түтікшелер жүйесін алдын - ала стерильдеп, оны физиологиялық ерітінділермен толтырады. Қолдың қарына бұрау салып , шынтақ венасының ісіп ұлғайғандығын байқаған соң, тез қимылмен инені қантамырына енгізіп, қолды бұраудан босатады. Манометрдегі сұйықтықты вена қысымының шамасына сай деңгейге келтіреді.

3 сурет.
Шынтақ венасындағы қысымды анықтау
Шынтақ венасындағы қысым 60 - 120 мм су бағанасы шамасында болады .


4-жұмыс. Реография

Реография дегеніміз жүрек - қантамырлар жүйесінің атқаратын қызметін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адам денесі арқылы өтетін өте жиі электр тоғына тіндердің электрлік кедергілері өзгерісін тіркеуге негізделген. Бұл өзгерістер жүрек систоласы кезінде тіндер мен мүшелердің қанға толуынан электр кедергісінің азаюына байланысты. Қан плазмасы тұздардың ерітіндісі болғандықтан электр тогын жақсы өткізеді де, мүшенің электрлік кедергісі азаяды. Ал диастола кезінде мүшенің қанға толуы азайғаннан, электрлік кедергісі керісінше ұлғаяды.


Электродтардың орналасқан жеріне байланысты мидың
( реоэнцефалография) , аяқ - қолдардың (реовазография), бауырдың
( реогепатография) реограммасын жазуға болады.
Жұмысты орындау: Реографты жазғыш ретінде пайдаланатын электрокардиографпен (басқа жазғыш аспаптарды да пайдалануға болады) жалғастырады. Міндетті түрде бір ұшын жерге қосады, содан кейін торапқа қасып, жұмысқа дайындайды. Студенттердің қолдарының реограммасын тіркейді. Бұл үшін бірінші электродты қолдың қарынның терісінің ішкі бетіне (медиальді), ал екіншісін білек терісіне орналастырады. Электродтар мен терінің арасына NaCl - дың 10 % - тік ерітіндісіне малынған салфеткаларды қояды. Реограмманы жазу үшін қағаздың жылжу жылжамдығын 25 мм/сек қою керек. Реограммадағы систолалық және диастолалық толқындар жүректің қызметі кезіндегі артериялардың қанға толу дәрежесіне байланысты. Реограмма тік жоғары қарай көтерілген сызықтан, оның үшкір шыңынан және инцизурасы мен дикротикалық тісі бар төмен түсетін сызықтардан тұрады. Реовазограмманы талдағанда сызықтардың симметриялығына, қайталау жиілігіне, сызықтың көтерілу және түсу ерекшелігіне көңіл аудару қажет. Төмен түсетін бөліміндегі қосымша толқындармен, дикротикалық тістің айқындығына және орналасуына назар аудару қажет, өзгерген шыңдардың пайда болуы («қораздың айдары» немесе тегіс болуы) қантамырларының тонусының күшейгенін көрсетеді. Ал диастолалық толқында пайда болған қосымша толқындар тамырлардың тонусының тұрақсыздығын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет