Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті.
IІ. Тақырыптың маңыздылығы: Ішек-қарынның қимыл әрекеті, олардың реттелуі, ішектің әр түрлі бөлімдерінде өтетін ас қорыту түрлері, астың сіңу үрдістерін түсінуге толық мәліметтер береді. Алынған мәліметтер болашақ дәрігерлердің білімін тереңдетіп, ішектің, бауырдың дерттерінің дамуын түсінуінде олардың алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік тудырады.Педиатрия факультетіндебалалардың аш ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктері мен астың сіңу ерекшеліктеріне көңіл аударылады.