Жұмыстың мақсаты: Тер бездерінің теріде орналасу орнын және тер шығару жылдамдығын байқау.
Қажетті заттар: Минор сұйығы (спиртте езілген йод пен касторка майы), крахмал, мақта, жылытқыш.
Жұмысты орындау:Зерттелетін тері бетіне Минор сұйығы жағылады да, кепкен соң оның үстіне крахмал сеуіп жылытады, құрғақ крахмалға йод әсер етпейді. Тер шыққан соң крахмал ылғалданып, йодқа қосылады да көк түске боялады. Минор тәжірибесі тер шығуын 3 кезеңге бөледі: 1. көкнәр дәндері кезеңі (тердің тамшылап шығуы); 2. көк дақтар кезеңі (шып-шып терлеу нәтижесінде тер аралшаларының пайда болуы); 3. қара терге түсу нәтижесінде көк дақтар бір-біріне қосылады.
Бірінші кезеңде тер бездерінің орналасу тәртібін көруге болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу жылдамдығын қадағалап отырып, денеден қанша тер шыққанын анықтауға болады.
Минор тәжірибесінде крахмал боялмаса, тер шығу процесінің бұзылғаны. Минор әдісімен шыққан тер көлемін анықтауға болмайды.
Сурет 1. Минор тәжірибесіндегі тер шығуын кезеңдері
1) көкнәр дәндері кезеңі; 2) көк дақтар кезеңі, 3) қара терге түсу
2-жұмыс. П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын микроскоппен зерттеу
Жұмыстың мақсаты: П.Г.Снякин әдісі бойынша тер шығуын микроскоппен зерттеп жүргізуді үйрену.
Жұмысқа қажетті заттар: капилляроскоп, бал қарағай майы.
Жұмысты орындау: Тері бездерінің тер шығару қабілеті, олардың саны денедегі зат алмасуына, сырттағы температураға, адам денесінің температурасына, атқарылатын жұмыс түріне, оның қарқыны мен ауыр – жеңілдігіне, адамның көңіл күйіне (эмоцияға) байланысты.
Тәжірибе адамға жасалады. Ауа температурасы 180С – 200С градус болуы керек. Зерттелуші адам екі қолын сабындап жуып, тазартады да, сүлгімен содан соң, сорғыш қағазбен сүртіп, әбден құрғатады: сол қолының 4-ші саусағының ішкі жағын бал қарағай майымен сылайды. Май кеуіп қабыршақ пайда болған соң тері құрылымы айқын көрінетіндей етіп саусақты капилляроскоптың астына қояды. Енді қаз қатар жатқан жұмыр төмпешіктерді, олардың үстіндегі маржан тәрізді тер тамшыларын көруге болады.
Зерттелуші адамға есеп шығартса, немесе қиын бір сұрақ берсе, тер шығаратын бездердің саны көбейе бастайды.