Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар



бет78/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

1. И.П.Павловтың талдағыштар туралы ілімі. Талдағыштардың бөлімдері және олардың функциялары.


2. Талдағыштардың жалпы қасиеттері.
3. Көру талдағышы және оның бөлімдерінің сипаттамалары.
4. Көздің торлы қабығының рецепторларында өтетін фотохимиялық реакциялар.
5. Көздің торлы қабығының құрылымы мен функциялық маңызы (соқыр және сары дақтар). Мариотт тәжірибесі.
6. Көздің көру аймағы және оны анықтау әдісі.
7. Көздің көру өткірлігін анықтау әдісі және оның қалыпты жағдайдағы көрсеткіші.
8. Аккомодацияның көлемі туралы түсінік, оны анықтау әдісі.
9. Сфералық аберрация кұбылысы және оны дәлелдеу.
10. Бинокулярлық көру механизмі. Бинокулярлық көруді дәлелдейтін тәжірибе.
11. Түсті сезудің үш компонентті теориясы. Түрлі түстерді араластыру тәжірибесі. Рабкиннің полихроматтық кестесі.
12. Көру адаптациясының физиологиялық механизмдері.
13. Тері қабылдағыштарының түрлері.
14. Соматосенсорлық және тері талдағыштарының өткізгіш және орталық бөлімдері.
15. Жанасу (тактильдік) сезімталдығының табалдырығын эстезиометрмен анықтау.
16. Ауырғанды сезіну (ноцицепция). Ауырғанды сезінудің биологиялық маңызы. Ауырғанды сезіну және оның орталық механизмі туралы қазіргі кездегі ұғым. Организмнің ноцицепцияға қарсы (антиноцицепция) жүйесі.


VI. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі.

И.П. Павлов бойынша талдағыш дегеніміз - қабылдағыш (рецепторлық), өткізгіш және ми қыртысы бөлімдерінен тұратын, қызметі тығыз байланысқан организмнің сезім жүйесі. Оның рефлекстік жауабы аталған үш бөлімнің саулығына байланысты. Талдағыштардың қызметі шартты рефлекстік, электрофизиологиялық, хирургиялық, сондай-ақ әрбір талдағыш үшін арнайы әдістермен зерттеледі.




КӨРУ ТАЛДАҒЫШЫ

Көру талдағышының шеткі бөліміне көздің торлы қабығы жатады, онда таяқшалар мен құтылар бар. Таяқшалар жарық сәулесін, ал құтылар түстерді қабылдайды. Бұл ақпараттар көру жүйкесі арқылы мидың алдыңғы төрт төмпешігі мен көру төмпешігінің бүгілмелі латеральды денесінен өтіп, көру талдағышының орталық бөліміне , яғни ми сыңарлары қыртысының шүйде бөліміндегі тепкі сайының (f. calсarina) тұсына барады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет