Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет69/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
1. Гомеостазды сақтаудағы бүйрек пен тері бездерінің маңызы.
2.Тері бездері мен бүйректің қызметін зерттеу әдістері.
3. Нефронның құрылысы.
4. Несеп түзілу механизмі.
5. Жылу реттелу механизмдері.


Студент орындауы қажет:
1. Тер бездерінің тер шығару дәрежесін Минор әдісімен зерттеу.
2. Тер бездерінің тер шығару дәрежесін Снякин әдісімен зерттеу.
3. Адам терісінің температурасын электротермометр көмегімен өлшеу
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Гомеостазды сақтаудағы бүйректің маңызы.
2. Нефронның құрылысы
3. Тер бездерінің құрылысы
4. Несеп түзілу механизмі
5. Несеп түзілудің жүйкелік-гуморальдық реттелуі
6. Химиялық және физикалық жылу реттелу.
7. Тер бөлу. Тердің мөлшері және құрамы
8. Тер бөлудің жүйкелік-гуморальдық реттелуі
9. Гипотермия және гипертермия
10. Тер бөлінуін зерттеудегі Минор және Снякин әдістерімен танысу
11. Адам терісінің температурасын электротермометрдің көмегімен анықтау әдістемесі


Педиатрия факультетінің студенттері үшін:
1 . Жаңа туған нәрестедегі жылу реттелудің ерекшеліктері
2. Жаңа туған нәрестедегі несептің құрамы мен мөлшері және бүйрек қызметінің ерекшелігі.
3. Балалардағы шумақтық сүзілудің ерекшеліктері.
4. Балалардағы қайта сіңіру және секреция үрдісінің ерекшеліктері


V. Ақпараттық дидактикалық бірлестігі


Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістері мен аннотациясы


1-жұмыс. Минор тәжірибесі

Тер бездері тер шығару арқылы түрлі қызмет атқарады:

  1. зат алмасу барысында пайда болған артық заттарды денеден шығарады;

  2. тер шығару арқылы дене қызуын басып, жылу реттеу үрдісіне қатысады;

  3. термен бөлініп шығатын тұздар мен су денеде осмостық қысымды бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді, оның деңгейін реттеп отырады.

Тер бездері шел ішінде орналасады. Олар әсіресе алақан мен табанда, қолтықта көп. Адам тәулігіне орта есеппен 500 мл тер шығарады. Тер бездерінің шырын (тер) шығару қызметін симпатикалық жүйкелер реттеп отырады. Тер шығару қарқынын, ондағы ауытқуларды Минор әдісімен анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет